"Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 ақпанда № 16303 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-6-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 20 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:

      3 және 4 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Субъект алдағы уақытта шекті бағаның өсетіні туралы хабарламаны (бұдан әрі – Хабарлама) шекті бағаның өсу себебін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, уәкілетті органның ведомствосына алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаның өсуіне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында ұсынады.

      Хабарлама Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау мақсатында, сондай-ақ Кодекстің 124-8-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда уәкілетті органның ведомствосы Субъектілердің бағаларын мониторингілеуді жүзеге асырады.

      Шекті бағаларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша, сондай-ақ Субъект Кодекстің 124-8-бабының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы Қағидаларға сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.

      Баға сараптамасының шеңберінде ұсынылатын құжаттарды не негіздеуші материалдар қоса берілген Хабарламаны Субъект қағаз тасығышта немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында нөмірлеп, мөрмен растап және Субъект басшысының не оны алмастыратын адамның немесе құзыретіне бухгалтерлік есеп пен қаржы мәселелері кіретін басшы орынбасарының қолын қойғызып ұсынады. Қаржы құжаттарына Субъектінің бірінші басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және Субъектінің мөрімен расталады.

      Субъект екі немесе одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында қызметтер көрсеткен жағдайда, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында ішкі рейстерде әуежайлардың қызметтерін көрсеткен жағдайда баға сараптамасының шеңберінде ұсынылатын құжаттар не Хабарлама уәкілетті органның ведомствосына беріледі.

      Субъект бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында қызметтер көрсеткен жағдайда, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардың аумағында ішкі рейстерде әуежайлардың қызметтерін көрсеткен жағдайда баға сараптамасының шеңберінде ұсынылатын құжаттар не Хабарлама Субъектінің тіркелген жері бойынша тиісті аумақтық уәкілетті органға беріледі.

      4. Субъект уәкілетті органның ведомствосына баға сараптамасының шеңберінде құжаттарды не шекті бағаның өсу себебін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, Хабарламаны, оның ішінде:

      1) "Жария мүдделі ұйымдардың жариялауы үшін (қаржы ұйымдарынан басқа) жылдық қаржылық есептіліктің тізбесін және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен (бұдан әрі – № 143 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша бухгалтерлік балансты;

      2) № 143 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша пайда мен зияндар туралы есепті;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16052 болып тіркелген) 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес статистикалық нысан бойынша еңбек жөніндегі есепті (коды 251112139, индексі 1-Т, кезеңділігі жылдық, тоқсандық);

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16038 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есепті (коды 271112130, индексі 1-ПФ, кезеңділігі жылдық);

      5) № 143 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ақшалай қаражаттың және материалдық емес активтердің қозғалысы туралы есепті;

      6) шығындар баптары бойынша толық жазылған жалпы кәсіпорын және әрбір түрі бойынша жекелеген, бағаларды есептеу үшін қолданылатын кірістер мен шығыстар туралы жиынтық деректерді;

      7) қолданылып отырған еңбекақы төлеу жүйесі туралы мәліметтерді;

      8) шикізат пен материалдар шығысының қолданылатын нормалары, жұмыскерлердің нормативтік саны туралы мәліметтерді;

      9) болған жағдайда есепке алу саясатын;

      10) болған жағдайда инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды);

      11) негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын;

      12) болған жағдайда негізгі құралдар құнының ұлғаюына әкелетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған шығындардың жылдық сметасын;

      13) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдері көрсетілген амортизациялық аударымдардың есептеулерін;

      14) тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізудің жоспарланатын және (немесе) нақты көлемін растайтын құжаттарды – ниет хаттамаларын, шарттарды, өндіру (жеткізу) көлемінің есептеулерін, жобалық қуат және оны іс жүзінде пайдалану туралы деректерді, сондай-ақ өндіру (жеткізу) көлемдері төмендеген кезде Субъектілер негіздемені ұсынады;

      15) электр энергетикасы саласындағы Субъект, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электр энергиясына шекті баға құрылымын ұсынады;

      16) Субъект Хабарлама ұсынған жағдайда көтеру себептерін растайтын құжаттармен (шикізат, материалдар, көрсетілетін қызметтер құнының өсуін растайтын тиісті шарттардың (жасалған) көшірмелерін) қоса, шекті бағаны көтерудің орындылығын негіздейтін түсіндірме жазбаны;

      17) Субъект Хабарлама ұсынған жағдайда әрбір қызмет түрі бойынша жоспарланатын шекті бағаның жобасын ұсынады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Шекті бағаны келісуге (қолдануға):

      1) тауарлық газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар топтары бойынша;

      2) жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тасымалданатын жүктердің түріне, жылжымалы құрамның типіне байланысты;

      3) энергиямен жабдықтау ұйымдарының электр энергиясын бөлшек саудада өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар тобы бойынша және тұтыну көлемі бойынша саралауымен жол беріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Электр энергетикасы саласындағы субъектінің бұрын келісілген шекті бағасында ескерілген электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру жөніндегі шығыстар орындалмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы келісілген шекті бағаға енгізілген шығыстардың және электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру жөніндегі нақты шығыстардың арасында айырманың пайда болу нәтижесінде алынған кірістің сомасына келісілген шекті бағаны төмендетеді.

      Жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты тұтынушылардың электр энергиясына сараланған тарифтерді қолдануына байланысты, сондай-ақ тұтынушылар топтары бойынша тұтынушылардың сараланған тарифтерді қолдануы негізінде жеке және заңды тұлғалардың жалпы тұтыну көлемінің үлес салмағының өзгеруіне байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйым кірісті толық алмаған немесе негізсіз кіріс алған жағдайларда толық алынбаған кіріс сомасы немесе негізсіз алынған кіріс сомасы бағаны кезекті қайта қарау кезінде ескеріледі.

      Уәкілетті органның ведомствосы Электр энергетикасы саласындағы субъектінің Хабарламасын қарау барысында жобаланатын шекті бағаны келісілген шекті бағаға енгізілген шығыстардың және электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру жөніндегі нақты шығыстардың арасында айырманың пайда болу нәтижесінде алынған кірістің сомасына төмендетеді.

      Егер Электр энергетикасы саласындағы субъектіде келісілген шекті бағада ескерілген электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру жөніндегі шығыстардың және электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру жөніндегі нақты шығыстардың арасындағы айырманың ұлғаюы нәтижесінде шығын пайда болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы Электр энергетикасы саласындағы субъектінің Хабарламасын қарау кезінде туындаған айырмаға шекті бағаны ұлғайтады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Инвестициялық бағдарлама (жоба) Субъект тауарының (жұмысының, көрсетілетін қызметінің) шекті бағасында ескеріледі.

      Субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары ескеріле отырып, әзірленеді және түзетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2, 20-3 және 20-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "20-1. Субъект ағымдағы жылғы 1 қарашадан кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына келісілген шекті бағаны көтерместен, келісілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету туралы ұсыныспен жүгіне алады.

      20-2. Келісілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету туралы ұсынысқа:

      инвестициялық бағдарламаға (жобаға) түзетулер енгізуді негіздейтін материалдарды (бизнес-жоспарды, прайс-парақтарды, шарттардың көшірмелерін, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы) қоса бере отырып, түзетулер ескерілген инвестициялық бағдарламаның жобасы;

      негіздейтін материалдарды қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаға (жобаға) түзетулер енгізу қажеттілігі туралы субъектінің бағалауы;

      қаржыландыру мен қарыз қаражатын қайтарудың ықтимал шарттары;

      егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінсе немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер тартылса, онда қаржыландырудың мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Қоса берілетін құжаттар нөмірленеді, субъектінің мөрімен және басшының не оны алмастыратын адамның немесе құзыретіне бухгалтерлік есеп пен қаржы мәселелері кіретін басшы орынбасарының қолымен расталады. Қаржылық құжаттарға субъектінің бірінші басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және Субъектінің мөрімен расталады.

      20-3. Уәкілетті органның ведомствосы инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету туралы ұсыныс берілген кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оны қарайды.

      Инвестициялық бағдарламаның келісілген сомасы төмендеген кезде уәкілетті органның ведомствосы Субъектінің шекті бағасын төмендетеді.

      20-4. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзетуден бас тартылған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы Субъектіге инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзетуден бас тарту туралы дәлелді қорытынды жібереді.

      Қағидалардың 20-2-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау және/немесе толық көлемде ұсынбау және 20-2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес келмеу бас тарту үшін негіз болып табылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаны есептеу Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес жүргізілетін Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу саласындағы субъектіні қоспағанда, Субъектінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаны есептеу Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      Электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бойынша шекті бағаны саралау кезінде есептеу Қағидаларға 12-1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 12-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
С. Жұманғарин

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________ Ж. Қасымбек

      2018 жылғы 10 қаңтар

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ________________ Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы 18 қаңтар Республикасының

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 8 қаңтардағы
№ 7 бұйрығына
1-қосымша
Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда
баға белгілеу қағидаларына
2-қосымша

Баға құрылымы

      ____________________________________________________________________

      (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетуге____________________________________________________________қолданысқа енгізе отырып

Атауы

Жоспарланатын көлем (кВтс)

1 кВт/с бағасы (ҚҚС-сыз)

Құны (теңге)

Станциялардың атауы




1-станция




2-станция




3-станция




Электр энергиясын сатып алу үшін орташа өлшенген баға жиыны




Өңірлік электр желісі компаниясының және энергия беруші ұйымдардың атауы




Өңірлік электр желісі компаниясы 1




Энергия өндіруші ұйым 1




Энергия өндіруші ұйым 2




Электр энергиясын берудің орташа өлшенген бағасының жиыны




"KEGOC" акционерлік қоғамының ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі жүйелі көрсетілетін қызметтерінің құны (болған жағдайда)




"KEGOC" акционерлік қоғамының техникалық диспетчерлендіру жөніндегі жүйелі көрсетілетін қызметтерінің құны (болған жағдайда)




"KEGOC" АҚ акционерлік қоғамының электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі жүйелі көрсетілетін қызметтерінің құны (болған жағдайда)




Электр қуатын реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны (болған жағдайда)
Өнім берушінің атауы
1-өнім беруші
2-өнім беруші
3-өнім беруші




"КОРЭМ" акционерлік қоғамының электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторының көрсетілетін қызметтерінің құны (болған жағдайда)




Жабдықтау үстемеақысы




Босату бағасының барлығы (қосылған құн салығын есепке алмағанда), оның ішінде:




тұтынушылардың 1-тобы үшін босату бағасы (тұрмыстық тұтынушылар үшін)




тұтынушылардың 2-тобы үшін босату бағасы (болған жағдайда) (электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушылар)




тұтынушылардың 3-тобы үшін босату бағасы (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар)




  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 8 қаңтардағы
№ 7 бұйрығына
2-қосымша
Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда
баға белгілеу қағидаларына
12-1-қосымша

Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын (электрмен жабдықтау) бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу

      1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу электр энергиясын тұтынушылар топтары бойынша бөлшек саудада өткізу бағаларын саралауды ескере отырып жүзеге асырылады.

      Жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралауы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген) Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын қалыптастыру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Тұтынушылар топтарын айқындау

      3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің сараланған шекті бағасын белгілеу мақсатында тұтынушылардың мынадай топтары бөлінді:

      тұтынушылардың 1-тобы – электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар;

      тұтынушылардың 2-тобы – электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждар үшін пайдаланбайтын тұтынушылар;

      тұтынушылардың 3-тобы – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар.

Электр энергиясын тұтынушылар топтары бойынша бөлшек саудада өткізудің
сараланған шекті бағаларын есептеу

      4. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына сараланған шекті бағаны есептеу Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды индексінің негізінде уәкілетті органның ведомствосы және/немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі айқындайтын тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаның өзгеру коэффициенті ескеріле отырып, жүзеге асырылады және мына формула бойынша айқындалады:

      Цсар1 = Zәрекет. * k , теңге/кВт.с (ҚҚС-сыз), мұндағы:

      Zәрекет. – бірінші топ үшін қолданыстағы баға, теңге/кВтс (ҚҚС-сыз);

      K – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды индексінің негізінде уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомстволарының аумақтық бөлімшесі айқындайтын тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаның өзгеру коэффициенті.

      ЦсарI тұтыну көлеміне қарай сараланды. Бұл ретте, тұтынушы ЦсарI бойынша немесе оны тұтыну көлеміне қарай ақы төлеуді жүргізуге құқылы.

      5. Тұтынушылардың екінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу (бар болған жағдайда) мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Цсар2 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Цсар1 *V1) – (Цсар3 * V3)/V2, теңге/кВт.с (ҚҚС-сыз), мұндағы:

      Vжалпы жыл. – энергиямен жабдықтау ұйымының электр энергиясын өткізудің жоспарланып отырған жылдық көлемі, кВт.с.;

      V1 – тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясының жоспарланып отырған көлемі, кВт.с.;

      V2 – тұтынушылардың екінші тобы үшін электр энергиясының жоспарланып отырған көлемі, кВт.с.;

      V3 – тұтынушылардың үшінші тобы үшін электр энергиясының жоспарланып отырған көлемі, кВт.с.;

      6. Тұтынушылардың екінші тобы болмаған жағдайда тұтынушылардың үшінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Цсар 3 = ((Zi * Vжалпы жыл) – (Цсар1 *V1))/V3 теңге/кВт.с (ҚҚС-сыз).

      7. Тұтынушылардың екінші тобы бар болған жағдайда тұтынушылардың үшінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Цсар3 = ((Zi * Vжалпы жыл) – (Цсар1 * V1) – (Цсар2 * V2)) / V3, теңге/кВт.с. (ҚҚС-сыз).

Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын тұтынушылар
топтары бойынша бөлшек саудада өткізуінің шекті бағаларын есептеудің
бақылау үлгісі

      Мысал:

      Бастапқы деректер:

      Zi = 16,50 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз)

      Zәрекет = 14,00 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз)

      K = 1,07 Vжалпы жыл = 2 377,8 млн.кВтс, оның ішінде:

      VI = 750,8 млн.кВтс.

      VIII = 1 627,0 млн.кВтс.

      тұтынушылардың екінші тобы үшін (бар болған жағдайда) электр энергиясына шекті бағаны есептеу үшін қосымша деректер:

      VII = 800,0 млн.кВтс.

      VIII = 827,0 млн.кВтс.

      Цсар III = 15,28 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз).

      1. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      ЦсарI = Zәрекет. * k , теңге/кВтс. (ҚҚС-сыз) 

      ЦсарI = 14,0 * 1,07 = 14,98

      2. Тұтынушылардың екінші тобы болмаған жағдайда тұтынушылардың үшінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады: Цсар III = ((Zi * Vжалпы жыл) – (ЦсарI *VI))/VIII теңге/кВт.с (ҚҚС-сыз)

      Цсар III = ((16,50 * 2 377,8) – (14,98 * 750,8))/1 627 = 17,20 теңге/кВт.с (ҚҚС-сыз).

      3. Тұтынушылардың екінші тобы (бар болған жағдайда) үшін электр энергиясының шекті бағасын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:ЦсарII = ((Zi * Vжалпы жыл ) – (ЦсарI * VI) – (ЦсарIII * VIII))/VII , теңге/кВт.с (ҚҚС-сыз);

      ЦсарII = ((16,50 * 2 377,8) – (14,98 * 750,8) – (15,28 * 827,0))/800,0 = 19,19 теңге/кВт.с (ҚҚС-сыз).

      Ескертпе:

      Жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралауы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген) Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.