"Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 ақпанда № 16302 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9950 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамаларға арналған лимиттерін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының, республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер, жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындалады.

      Кодекстің 65-1-бабына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен айқындалады.";

      5-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінiң шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.";

      10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуын талдаудың және аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:";

      11-тармақта:

      бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін;";

      бірінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      6) нысаналы даму трансферттері бойынша бюджеттік бағдарламалардың жобаларында көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізілуін талдауды нысаналы даму трансферттері бойынша ескереді.";

      20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiмдердi толық көлемде, жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.";

      25-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуын талдаудың және аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:";

      26-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) нысаналы даму трансферттері бойынша бюджеттік бағдарламалардың жобаларында көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізілуін талдауды нысаналы даму трансферттері бойынша ескереді.";

      40-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті қаржы жылында аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетiнің атқарылуын талдаудың және аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы ____________