Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 маусымдағы № 30/6 "Теміртау қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешімінің күшін жою туралы

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 20/5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 4491 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 маусымдағы № 30/6 "Теміртау қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2692 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 30 шілдеде №26 "Вести Темиртау" газетінде жарияланған, 2014 жылғы 31 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы А. Ломакин