Мамандандырылған емдеу өнімдерін, медициналық бұйымдарды, дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 маусымдағы IX сессиясының № 200 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 шілдеде № 4295 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қарағанды облысының мәслихаты, ШЕШТІ:

      1. Амбулаториялық емдеу кезінде мамандандырылған емдік өнімдер тегін босатылатын азаматтардың жеке санаттарына қосымша берілсін: "Буллезды эпидермолиз" диагнозымен азаматтарға мамандандырылған емдік өнімдер (рецепт бойынша).

      2. Амбулаториялық емдеу кезінде медициналық бұйымдар тегін берілетін азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша: "Буллезді эпидермолиз" диагнозы бар азаматтарға медициналық бұйымдар (рецепт бойынша) берілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Алынып тасталды - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың халықты әлеуметтік-мәдени дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Адекенов).

      5. Шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Таласпеков
      Облыстық мәслихат
      хатшысының міндетін атқарушы С. Әдекенов