Дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы VIII сессиясының № 168 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 сәуірде № 4207 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қарағанды облысының мәслихаты, ШЕШТІ:

      1. Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар тегін берілетін азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша: диагнозы бар азаматтарға дәрілік заттар (рецепт бойынша) беріледі:

      "Ревматоидты артрит" - "Адалимумаб" дәрілік құралы;

      "Қаптайтын тромбоангиит. Бюргер ауруы" - "Метотрексат", "Метилпреднизолон" дәрілік заттары;

      "Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қоса алғанда, гематологиялық аурулар" - "Азацитидин" дәрілік заттары.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың халықты әлеуметтік-мәдени дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Адекенов).

      3. Шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Түкбаева
      Облыстық мәслихат
хатшысы
Р. Әбдікеров