Ақсу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 қазандағы № 19-95 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 17 қазанда № 4345 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақсу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Усенов Нурбол Каметкалиевичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы М. Естибаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Сулейменов

  Ақсу аудандық мәслихатының 2017 жылғы "2" қазан № 19-95 шешіміне қосымша

Ақсу аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Ақсу ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 47-289 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3640 тіркелген, 2016 жылдың 8 қаңтарында аудандық "Ақсу өңірі" газетінде жарияланған);

      2. "Ақсу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Ақсу ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 47-289 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 5 ақпандағы № 50-301 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3719 тіркелген, 2016 жылдың 26 ақпанында аудандық "Ақсу өңірі" газетінде жарияланған);

      3. "Ақсу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Ақсу ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 47-289 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 24 наурыздағы № 1-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3764 тіркелген, 2016 жылдың 15 сәуірінде аудандық "Ақсу өңірі" газетінде жарияланған);

      4. "Ақсу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Ақсу ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 47-289 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 19 мамырдағы № 4-18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3867 тіркелген, 2016 жылдың 17 маусымында аудандық "Ақсу өңірі" газетінде жарияланған);

      5. "Ақсу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Ақсу ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 47-289 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 21 шілдедегі № 6-23 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3928 тіркелген, 2016 жылдың 12 тамызында аудандық "Ақсу өңірі" газетінде жарияланған);

      6. "Ақсу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Ақсу ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 47-289 шешіміне өзгерістер енгізу туарлы" 2016 жылғы 28 қазандағы № 8-34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4001 тіркелген, 2016 жылдың 18 қарашасында аудандық "Ақсу өңірі" газетінде жарияланған).