Талдықорған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 8 тамыздағы № 107 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 16 тамызда № 4295 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Бигужанов Тимур Капасовичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б. Онғарбаев
      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы Қ. Бұлдыбаев

  Талдықорған қалалық мәслихатының 2017 жылғы "8" тамыздағы № 107 шешіміне қосымша

Талдықорған қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Талдықорған қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 372 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3652 тіркелген, 2016 жылдың 15 қаңтарында "Талдықорған" газетінде жарияланған);

      2. "Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Талдықорған қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 372 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 5 ақпандағы № 389 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3722 тіркелген, 2016 жылдың 26 ақпанында "Талдықорған" газетінде жарияланған);

      3. "Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Талдықорған қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 372 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 24 наурыздағы № 6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3767 тіркелген, 2016 жылдың 15 сәуірінде "Талдықорған" газетінде жарияланған);

      4. "Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Талдықорған қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 372 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 20 мамырдағы № 23 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3877 тіркелген, 2016 жылдың 17 маусымында "Талдықорған" газетінде жарияланған);

      5. "Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Талдықорған қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 372 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 21 шілдедегі № 38 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3919 тіркелген, 2016 жылдың 5 тамызында "Талдықорған" газетінде жарияланған);

      6. "Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Талдықорған қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 372 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 27 қазандағы № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3994 тіркелген, 2016 жылдың 18 қарашасында "Талдықорған" газетінде жарияланған).