1. Қобда ауданы Жарық ауыл округі әкімінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 7 "Жарық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-127 тіркелген, 2011 жылғы 18 тамызда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі шешімнің деректемелеріндегі "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жарық ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жарық ауылдық округі әкімі | Е. Имангазин |