Жарық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауыл округі әкімінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 7 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 тамызда № 3-7-127 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 18.02.2015 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 06.04.2017 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жарық ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 06.04.2017 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қанай ауылының көшелеріне төмендегі атау берілсін:
      1) Қуаныш Бекеев көшесі;
      2) Қобыланды батыр көшесі.
      2. Ащығара ауылының көшесіне төмендегі атау берілсін:
      1) Басығара Баядилов көшесі.
      3. Ортақ ауылының көшелеріне төмендегі атау берілсін:
      1) Достық көшесі;
      2) Жақан Мұқатов көшесі.
      4. Жаманкөл ауылының көшесіне төмендегі атау берілсін:
      1) Шәріп Иржанов көшесі
      5. Жарық ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
      1) Степная көшесіне – Абдолла Жанзақов көшесі;
      2) Тоқтар Аубакиров көшесіне – Астана көшесі;
      3) Строительная көшесіне – Алия Молдағұлова көшесі;
      4) Октябрь көшесіне – Желтоқсан көшесі;
      5) Комсомольская көшесіне – Қайрат Рысқұлбеков көшесі;
      6) Зеленая көшесіне – Әжіғали Орынбаев көшесі;
      7) Новая көшесіне – Балдай Танабаев көшесі;
      8) Мира көшесіне – Мұқан Тәжіғұлов көшесі.
      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауыл округінің әкімі Е.Мухамедгалиев