Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 07-1 "Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата

Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 107-2154 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қазанда № 1136 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасысының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 3-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 107-1 "Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1089 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 қаңтардағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы";

      жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы мен 1-қосымшасындағы "жан басына шаққандағы қаржыландыруды және" деген сөздер алынып тасталсын;

      жоғарыда көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы 4-бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнының бір айдағы мөлшері (теңге)";

      жоғарыда көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 35-1 жолмен толықтырылсын:

      "

35-1.

Астана қаласы әкімдігінің
"№ 93 "Айгөлек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

240

30441

3 жасқа дейін – 14700;
3-6 жастан – 16800

      ".

      2. "Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындарын өтеуді 2017 жылғы 1 қазаннан бастап жүргізсін.

      3. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев