"Ақпараттық жүйені, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 229/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 ақпанда № 16363 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 374/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 05.10.2020 № 374/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығы.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Ақпараттық жүйені, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. "Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11350 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 476 бұйрығының 1-тармағының 5) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
Б. Атамқұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "____" _______

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық

      қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      _______________ К. Мәсімов

      2017 жылғы "____" _______

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 10 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық

      қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      _______________ К. Мәсімов

      2018 жылғы 19 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 229/НҚ бұйрығымен бекітілген

"Ақпараттық жүйені, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақпараттық жүйені, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көсету нәтижесін беру Министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 51 (елу бір) жұмыс күні;

      қосымша аттестаттық зерттеп-қарау жағдайында 48 (қырық сегіз) жұмыс күніне дейін ұзартылады.

      2) қоса берілген құжаттармен өтінімді беру кезінде рұқсат етілетін максималды күту уақыты – 15 минут;

      3) қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін максималды уақыты – 15 минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Ақпараттық жүйені, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты (бұдан әрі – Аттестат) немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      7. Мемлекеттік қызмет "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдары белгілейтін бағалар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен аттестаттық зерттеп-қарау бойынша қызметтер көрсету шарты негізінде ақылы түрде көрсетіледі.

      Белгіленген тарифтердің құны мен көлемдері Министрліктің www.mdai.gov.kz. интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде орналастырылған.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушылардың Көрсетілетін қызметті берушілерге (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) өтініші кезінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет қазіргі стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестация жүргізуге арналған өтініш;

      2) техникалық тапсырма көшірмесі, техникалық тапсырма жоқ болған жағдайда интернет-ресурсқа техникалық сипаттама жолданады.

      3) әкімші серверлерінің пайдаланылатын бірегей желілік мекенжайлары мен жұмыс станциялары көрсетіліп, меншік иесі (иеленуші) бекіткен және өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған аттестаттау объектісінің жалпы функционалдық схемасы және жалпы функционалдық схемаға түсіндірме жазба;

      4) осы көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес меншік иесі (иеленуші) бекіткен және өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған аттестаттау объектісінің Ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттар көшірмелері;

      5) аттестаттау объектісімен интеграцияланған ақпараттандыру объектілерінің осы көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншік иесі бекіткен және өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған тізбесі (аттестаттау объектісімен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері болған кезде);

      6) аттестаттау объектісінің құрамына кіретін техникалық және бағдарламалық құралдардың осы көрсетілетін қызмет стандартына 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша меншік иесі (иеленуші) бекіткен және өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған көшірмелері (аттестаттау объектісі ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді пайдаланбайтын жағдайда);

      7) техникалық сипаттама мен ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету шарты қоса берілген ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді пайдалануға арналған шарттың көшірмесі (аттестаттау объектісі ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді пайдаланатын жағдайда).

      Құрылтай құжаттары және заңды тұлғаны (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік , жеке басын куәландыратын (жеке тұлғалар үшін) құжаттар туралы мәліметті Көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушымен барлық қажетті құжаттарды Көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру кезінде қағаз тасымалдағышта өтінішті қабылдауды растау оның көшірмесінде құжаттар пакетін алған мерзімі, тегі, аты, әкесінің аты мен қабылдау уақытын көрсету арқылы белгілеу болып табылады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздерде қызмет көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 298 қаулысымен бекітілген Ақпараттық жүйені, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру: шағым осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Көрсетілетін қызметті берушілер басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша немесе электрондық түрде немесе Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімін және орнын көрсете отырып, Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушілердің мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mdai.gov.kz интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының www.sts.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      13. Қызмет алушы Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәртебесі мен тәртібі туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие.

      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы, Министрліктің www.mdai.gov.kz интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының www.sts.kz интернет-ресурсында көрсетілген Көрсетілетін қызметті берушілердің телефондары немесе Министрліктің 8 (7172) 74-99-80, 74-94-64 телефондары арқылы алуға болады.

  "Ақпараттық жүйені,
"электрондық үкіметтің"
ақпараттық-коммуникациялық
платформасын және
мемлекеттік органның
интернет-ресурсын ақпараттық
қауіпсіздік талаптарына
сәйкестікке аттестаттау"
мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
1-қосымша
  нысан
  Кімге_______________________
(аттестаттау жөніндегі органның
атауы)

ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізуге ӨТІНІШ

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы, өтініш берушінің БСН/ЖСН*, өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)

      ____________________________________________________________ ақпараттық қауіпсіздік

      (аттестаттау объектісінің атауы)

      талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізуді сұрайды.

      1. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттауға ұсынылған

      аттестаттау объектісінің бастапқы деректері ____ парақта қоса беріледі.

      2. ________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы, өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)

      аттестаттау объектісін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу

      үшін қажетті құжаттарды ұсынуға және жағдай жасауға міндеттенеді.

      ____________________________ (қолы)

      М.О.

      20___ жылғы "_____" _________________

      * бизнес сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі

  "Ақпараттық жүйені,
"электрондық үкіметтің"
ақпараттық-коммуникациялық
платформасын және
мемлекеттік органның
интернет-ресурсын ақпараттық
қауіпсіздік талаптарына
сәйкестікке аттестаттау"
мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
2-қосымша

Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың тізбесі

      1. Ақпараттық қауіпсіздік саясаты.

      2. Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесі.

      3. Ақпаратты өңдеу құралдарымен байланысты активтерді сәйкестендіру, жіктеу және таңбалау қағидалары.

      4. Ақпаратты өңдеу құралдарымен байланысты активтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қағидалары.

      5. Есептеу техникасы құралдарын, телекоммуникация жабдығын және бағдарламалық қамтамасыз етуді түгендеу мен паспорттандыру қағидалары.

      6. Ішкі ақпараттық қауіпсіздік аудитін өткізу қағидалары.

      7. Аттестаттау объектісінде ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалану тәртібі (бұл құжат ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдаланатын аттестаттау объектілері үшін міндетті болып табылады).

      8. Аттестаттау объектісінің ақпараттық ресурстарына қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату қағидалары.

      9. Интернет желісі мен электрондық поштаны пайдалану қағидалары.

      10. Аутентификация рәсімін ұйымдастыру қағидалары.

      11. Вирусқа қарсы бақылауды ұйымдастыру қағидалары.

      12. Мобильдік құрылғыларды және ақпарат тасығыштарды пайдалану қағидалары.

      13. Аттестаттау объектісінің ақпаратты өндеу құралдарын физикалық қорғауды және ақпараттық ресурстардың қауіпсіз жұмыс істеу ортасын ұйымдастыру қағидалары.

      14. Әкімшінің аттестаттау объектісін сүйемелдеу жөніндегі нұсқаулығы.

      15. Аттестаттау объектісінің ақпаратын резервтік көшіру және қалпына келтіру регламенті.

      16. Пайдаланушылардың ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне және штаттан тыс (дағдарысты) жағдайларда іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулық.

  "Ақпараттық жүйені,
"электрондық үкіметтің"
ақпараттық-коммуникациялық
платформасын және
мемлекеттік органның
интернет-ресурсын ақпараттық
қауіпсіздік талаптарына
сәйкестікке аттестаттау"
мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
3-қосымша
  нысан

Аттестаттау объектісімен интеграцияланған ақпараттандыру объектілерінің тізбесі

Р/с

Ақпараттандыру объектісінің атауы

Меншік иесі (иеленуші)

Өзара іс-қимыл сипаты

1

2

3

4









  "Ақпараттық жүйені,
"электрондық үкіметтің"
ақпараттық-коммуникациялық
платформасын және
мемлекеттік органның
интернет-ресурсын ақпараттық
қауіпсіздік талаптарына
сәйкестікке аттестаттау"
мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
4-қосымша
  нысан

Техникалық құралдардың тізбесі

Р/с

Өндіруші, моделі

Сериялық/түгендеу нөмірі

Ақпараттық қауіпсіздік сертификатының нөмірі (бар болса)

Физикалық орналасқан жері

Типі (техникалық құжаттамаға сәйкес)

Негізгі функционалдық мақсаты (аттестаттау объектісіне бағдарламалық құжаттамаға сәйкес)

Ақпаратты қорғаудың пайдаланылатын әдістері

Әзірлеуші, атауы, нұсқасы (кіріктірілген бағдарламалық қамтылым)

IP адрестері

1

2

3

4

5

6

7

8

9






















  "Ақпараттық жүйені,
"электрондық үкіметтің"
ақпараттық-коммуникациялық
платформасын және
мемлекеттік органның
интернет-ресурсын ақпараттық
қауіпсіздік талаптарына
сәйкестікке аттестаттау"
мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
5-қосымша
  нысан

Бағдарламалық құралдардың тізбесі

Р/с

Әзірлеуші

Атауы

Нұсқасы

Орнатылған жері (техникалық құралдардың тізбесінен)

Типі (бағдарламалық құжаттамаға сәйкес)

Негізгі функционалдық мақсаты (бағдарламалық құжаттамаға сәйкес)

Ақпаратты қорғаудың пайдаланылатын әдістері

1

2

3

4

5

6

7

8

















  "Ақпараттық жүйені,
"электрондық үкіметтің"
ақпараттық-коммуникациялық
платформасын және
мемлекеттік органның
интернет-ресурсын ақпараттық
қауіпсіздік талаптарына
сәйкестікке аттестаттау"
мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
6-қосымша
  нысан

Аттестаттау объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігінің № _______АТТЕСТАТЫ

      ________________________________________________________________________________

      (аттестаттау объектісінің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      №____ 20____жылғы " "_________ дейін жарамды

      Осы аттестат:

      ________________________________________________________________________________

      (аттестаттау объектісінің атауы)

      ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттарға

      сәйкестігін куәландырады. Ақпараттық жүйенің/ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-

      коммуникациялық платформасының/ мемлекеттік органның интернет-ресурсының

      бағдарламалық және техникалық құралдар кешенiнің құрамы аттестатқа қоса берiледі.

      Аттестаттау объектілерінде аттестаттық зерттеп-қарау нәтижелерін ескере отырып,

      _________________________________________ ақпаратты өңдеуге рұқсат беріледі.

      (қызметтiк, жалпыға қол жетімді және т.б.)

      Атестаттау объектілерін пайдалану кезінде тыйым салынады:

      ________________________________________________________________________________

      (ақпаратты қорғау шаралары мен құралдары тиiмдiлiгiне әсер етуi мүмкін шектеулер көрсетiледi)

      Iске асырылған шаралардың және қорғау құралдарының тиiмдiлiгiн бақылау Өтініш

      берушінің тиісті бөлімшелеріне жүктеледi.

      Аттестаттық зерттеп-қараудың толық нәтижелерi аттестаттық зерттеп-қарау актiсiнде

      (20___ жылғы "___" ____________ № __ ) келтiрiледі.

      Осы аттестаттау объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты

      ________________________________ берiлдi,

      (аттестаттың жарамдылық мерзімі)

      осы уақыт ішінде аттестаттау объектісінің жұмыс істеу жағдайы мен

      функционалдығының өзгермеуі қамтамасыз етілуге тиіс.

      Мемлекеттік техникалық қызметке мiндеттi түрде хабарлануы тиіс өзгерiстер

      сипаттамаларының тiзбесi:

      1) ____________________________________ ;

      2) ____________________________________ .

      Төраға                                                      ______________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)

      М.О. 20__жылғы "____"_____________

жылғы № аттестатқа қосымша

      № 1-кесте

P/с

Өндіруші, моделі

Сериялық/түгендеу нөмірі

Ақпараттық қауіпсіздік сертификатының нөмірі (бар болса)

Физикалық орналасқан жері

Типі (техникалық құжаттамаға сәйкес)

Негізгі функционалдық мақсаты (аттестаттау объектісіне бағдарламалық құжаттамаға сәйкес)

Ақпаратты қорғаудың пайдаланылатын әдістері

Әзірлеуші, атауы, нұсқасы (кіріктірілген бағдарламалық қамтылымның)

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















      № 2-кесте

Р/с

Әзірлеуші

Атауы

Нұсқасы

Орнатылған жері (техникалық құралдардың тізбесінен)

Типі (бағдарламалық құжаттамаға сәйкес)

Негізгі функционалдық мақсаты (бағдарламалық құжаттамаға сәйкес)

Ақпаратты қорғаудың пайдаланылатын әдістері

1

2

3

4

5

6

7

8