Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 823 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 ақпанда № 16333 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастан күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция полковнигі Ж.Қ. Сүлейменовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция
генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _______________Е. Сағадиев

      2017 жылғы 25 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      _______________Е. Біртанов

      2018 жылғы 16 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 28 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      _____________К. Мәсімов

      2018 жылғы 27 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 823 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған деп танылатын
кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресте Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 690 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7558 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2012 жылғы 24 шілдеде жарияланған).

      2. "Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресте Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 690 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 330 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11693 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған).

      3. "Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресте Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 690 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 526 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13912 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 шілдеде жарияланған).