"Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 432 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 16136 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10558 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларында:

      2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) технологиялық бұзушылық – электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну процесінің бұзылуына алып келген жабдықтың, электр және (немесе) жылу желілерінің істен шығуы немесе зақымдануы, оның ішінде жану немесе жарылыс, белгіленген режимдерден ауытқу, жабдықты рұқсатсыз өшіру немесе оның жұмыс істеу қабілетін шектеу немесе оның бүлінуі салдарынан істен шығуы немесе зақымдануы.

      Технологиялық бұзушылықтар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінде келтірілген өлшемшарттарға сәйкес жіктеледі.

      Технологиялық бұзушылық белгілері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Технологиялық бұзушылық себептерін жіктеу белгілерінде келтірілген.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      Министрі

      ____________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 11 желтоқсан