"Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 12 мамырдағы № 273 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 829 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 16130 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 12 мамырдағы № 273 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6982 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде № 6, 2012 ж. 80-құжат; № 7, 2012 ж. 465-құжат; № 8, 2012 ж. 469-құжат; № 9, 2012 ж. 472-құжат; № 10, 2012 ж. 477-құжат; № 12, 2012 ж. 483-құжат; № 1, 2013 ж. 4-құжат; № 2, 2013 ж. 10-құжат; № 8, 2013 ж. 49-құжатта жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Осы Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы "Теңізде сауда мақсатында жүзу туралы" Заңына сәйкес әзірленген және теңіз кемелерін жасау кезінде элементтерге, құрылғыларға және жабдықтауға қойылатын талаптарды қоса алғанда, теңіз кемелерін жасау және куәландыру тәртібін белгілейді.";

      2659-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2659. Тұтану температурасы 43оС төмен отынды пайдалану осы Қағидалардың 3588-1 тармағының талаптарын орындағанда және Кеме қатынасы тіркелімімен арнайы қаралған жағдайда жол беріледі.

      Бұл ретте отын машиналық үй-жайларда сақталмайды.";

      3588-1-тармағымен толықтырылсын:

      "3588-1. Вентиляторлар оңай жанғыш газ және ауа қосындылардың жануының мүмкіндіген алыс болуы қажет. Қабылдағыш және босататын вентялатор қуыстары сым сеткаларымен қорғалуы қажет. Сорыпалғыш каналдар қауіпті орындарға шығарылуы қажет. Ондай үй-жайлардың кіреберісінде "Темекі шегуге болмайды" деген жазу болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек