"Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 1568 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 желтоқсанда № 16088 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14992 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесінде:

      реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Сараптама түрі

Сарапшылық мамандық

Мамандық шифрі

21.

Сот дінтанушылық сараптамасы

Сот-сараптамалық дінтанушылық зерттеу

21.1

Діни сипаттағы объектілерді сот-сараптамалық дінтанушылық саясаттанушылық зерттеу

21.2

      ".

      2. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев