БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11026 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 40) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) басшылар – электр және жылу энергиясын өндіру, беру негізгі қызмет түрі болып табылатын ұйымдарда бірінші басшының (басқарма төрағасы, бас директор, директор), оның техникалық мәселелер жөніндегі, өндіріс жөніндегі орынбасарының (егер электр және жылу энергиясын өндіру, беру ұйымның негізгі қызмет түрі болып табылмаса – энергетикалық бөлім басшысының және оның орынбасарының лауазымын атқаратын адамдар); ұйымның бас инженерінің, ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі (бөлімі) басшысының лауазымын атқаратын адамдар.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) жауапты басшысы болмаған жағдайда ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға ішкі бақылауды қамтамасыз ету үшін жауапты адамы осы Қағидаларға сәйкес білімді біліктілік тексеруден өтеді;";
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мамандар – осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, жұмысты орындауы үшін электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес рұқсатты алу талап етілетін жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналына басшылықты жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың филиалдарының, цехтарының, қызметтерінің, бөлімдерінің басшылары;";
12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) нәтижесінде жабдықтың (электр қондырғыларының, ғимараттардың, құрылыстардың) бүлінуі, электр, жылу энергиясын өндіру, беру, тұтынудың белгіленген режимінің бұзылуы орын алған ұйым персоналының, соның ішінде автоматика, релелік немесе технологиялық қорғаныс құрылғыларын реттеу бойынша қате іс-әрекеттерінің фактісі;";
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) энергетикалық қондырғыларда жұмыс істеу кезінде комиссияның электр, жылу энергиясын өндіру, беру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымның персоналы тарапынан комиссияның қауіпсіздік нормаларында жіберілген бұзушылықтарды анықтауы;";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
"Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына 1-қосымша" |
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтуге жататын басшылардың тізімі";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
"Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына 2-қосымша" |
көрсетілген Қағидаларға 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
"Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына 9-қосымша" |
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. ____________ А. Әжібаев 2017 жылғы 26 қазан |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________ Т. Сүлейменов 2017 жылғы 30 қазан |
№ _______ Күні: 20____жылғы "___" ________
Өтініш
Сізден мені электр қауіпсіздігі бойынша ___________________________ рұқсат тобын
(рұқсат тобын көрсету)
___________________________ үшін электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және
(алу, арттыру немесе растау)
оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді
жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалану қағидалары мен
қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге _________________________ біліктілік тексеруден
(бастапқы, кезекті, кезектен тыс)
өтуіме рұқсат беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қосымша: Лауазымға тағайындау туралы 20___жылғы "___" ________ № ___ бұйрықтың көшірмесі.
Қолы _____________
Хабарлама
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау комитеті ______________________________________ қабылданған
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
өтінішіне сәйкес білімді біліктілік тексеру
тестілеу күні: _____________________________________
тестілеу уақыты: __________________________________
тестілеу мекенжайы: ________________________ бойынша өткізілетінін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау комитетінің автоматтандырылған тіркеу жүйесі электр
қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау
үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын
білуіне біліктілік тексерулерден "электрондық үкімет" порталы арқылы өту үшін берді.
Қолы____________
20 __ жылғы "____" _______________
Бұзушылық туралы акті
20 ___ ж. "____" __________ ____ сағ. ______ мин.
Комитеттің өкілі:_________________________ басшы __________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (тегі, аты, әкесінің аты)
ЖСН ________________________
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану
қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын
ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларының 27-тармағын
бұзу фактісін анықтады.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(бұзудың қысқаша сипаты)
Комитет өкілінің қолы: ________________________________
Актімен таныстым: ___________________________________
(басшының қолы,тегі, аты, әкесінің аты)
Жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген басшы осы актіге қол қоюдан бас
тартқан жағдайда тиісті жазба жасалады.
_______________________________________________________________________________
(осы актіге қол қоюдан жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген басшының бас
тарту фактісін растайтын өзге адамның (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі
Тестілеу күні | |
Тегі, аты, әкесінің аты: | |
ЖСН: | |
Тест сұрақтарының саны | |
Шекті мәні | |
Дұрыс жауап саны | |
Нәтиже | |
Тестілеу нәтижесі бойынша __________________________ электр энергетикасы саласындағы
(Тегі, аты, әкесінің аты)
техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне
____________________________ біліктілік тексеруден өтті және электр қауіпсіздігі бойынша
(бастапқы, мерзімді және кезектен тыс)
_________________________________________________________ рұқсаттама топ берілді.
(рұқсаттама тобын көрсету)
Өтініш
Техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге
біліктілік тексеру нәтижелері бойынша менің апелляциямды қарауыңызды сұраймын, атап айтқанда:
Р/с | Тестілеу сұрағының нөмірі мен мазмұны | Апелляция себебі |
Өтініш берушінің қолы: _______________
Өтініш берілген күні: 20__ жылғы "___" ____________
Ескертпелер:
"Апелляция себебі" бағанына, төменде аталған себептердің бірін көрсету қажет:
1) сұрақ қате қойылған
2) жауап қате қойылған
3) дұрыс жауап жоқ
4) Бағдарлама қателігі (екі бірдей жауап, екі дұрыс жауап, жауап жоқ, сұрақ жоқ, бағдарлама ақауы)
5) өзге себептер
Хаттама
Астана қ. | № ____________ | 20___ жылғы "___"________ |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау комитетінің мына құрамдағы техникалық пайдалану қағидаларын
және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жөніндегі апелляциялық
комиссиясы:
(комиссия құрамы)
электр қауіпсіздігі бойынша "_______________"______________________________ үшін
(рұқсат тобын) (беру, арттыру, растау)
20 __ жылғы "___"__________ білімді ___________________________________________
(бастапқы, мерзімді, кезектен тыс)
біліктілік тексеруден өткен _____________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
_____________________________________________________________________________
жұмыс орны (ұйымның толық атауы)
өтініші бойынша техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы
қағидаларын білуіне біліктілік тексеру нәтижелері бойынша материалдарды қарап, шешім қабылдады
апелляция __________________________________________________________________.
(қанағаттандырылсын/ қанағаттандырылмасын)
__________________ Қолы | _________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) |
__________________ Қолы | _________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) |