Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 25 қазандағы № 631 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 қарашада № 15971 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:

      2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында:

      06 "Басқа да салықтық емес түсiмдер" сыныбында:

      1 "Басқа да салықтық емес түсiмдер" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 17-ерекшелікпен толықтырылсын:

      "17 Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражат қалдықтарының түсімдері".

      2. "Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 қазанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бөлу кестесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бөлу кестесі";

      1 "Салықтық түсімдер" санатында:

      04 "Меншiкке салынатын салықтар" сыныбында:

      3 "Жер салығы" кіші сыныбында:

      09 ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Елдi мекендердің жерлерiне алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы

1

04

3

09



100

100



      ";

      2 "Салықтық емес түсімдер" санатында:

      01 "Мемлекеттік меншiктен түсетін кірістер" сыныбында:

      5 "Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" кіші сыныбында:

      04 ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Облыстың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

2

01

5

04


100





      ";

      2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында:

      06 "Басқа да салықтық емес түсiмдер" сыныбында:

      1 "Басқа да салықтық емес түсiмдер" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 17-ерекшелікпен толықтырылсын:

      "

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражат қалдықтарының түсімдері

2

06

1

17





100


      ";

      5 "Бюджеттік кредиттерді өтеу" санатында:

      01 "Бюджеттік кредиттерді өтеу" сыныбында:

      2 "Бюджеттік кредиттердің сомаларын қайтару" кіші сыныбында:

      02, 06 және 08 ерекшеліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Жергілікті бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару

5

01

2

02


100

100

100



Облыстық бюджеттен берілген, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқару органдарының қайтаруы

5

01

2

06


100





Жергілікті бюджеттен берілген, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді жеке және заңды тұлғалардың қайтаруы

5

01

2

08


100

100

100



      ".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов