"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік ұйымдарының және оның ведомстволарының қызметкерлері, азаматтық қызметшілері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен ш

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қазанда № 15915 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік ұйымдарының және оның ведомстволарының қызметкерлері, азаматтық қызметшілері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14723 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілері, ұйымдардың жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілері, ұйымдардың жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары бекітілсін.";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік ұйымдарының және оның ведомстволарының жұмыскерлері, азаматтық қызметшілері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілері, ұйымдардың жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілері, ұйымдардың жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілері, жұмыскерлері, соның ішінде (бұдан әрі жұмыскерлер) мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібін анықтайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілері, ұйымдардың жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі мен шарттары";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жұмыскердің мамандық бойынша жұмыс өтілі мамандық бойынша еңбек қызметінің басынан бастап мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылған ұйыммен құрылатын, соның ішінде (бұдан әрі - мемлекеттік ұйым) мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу жөніндегі комиссияның хаттамаға қол қойғанға дейін есептеледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "7. Мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу туралы комиссия ай сайын жұмыскерлердің мамандығы бойынша жұмыс өтілін осы Қағидаларға және Кодекске сәйкес анықтайды.";

      9-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мамандығы бойынша жұмыс өтіліне жұмыскердің білімі туралы құжатында көрсетілген мамандығы бойынша мемлекеттік ұйымда еңбек міндеттерін атқаруға жұмсаған уақыты кіреді, сондай-ақ:";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жұмыстан қол үзіп оқитын кадрларды қайта даярлау және біліктілікті көтеретін кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орындарында, білім беру ұйымдарында оқыту;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жұмыс берушінің жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде, егер екі ай ішінде шет елден қайтып келгеннен кейін жолға кеткен уақытын есептемегенде, бұрынғы жұмыс орнына оралса;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "7) білім беру және (немесе) ғылым ұйымдарында келесі: мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану; тілдерді дамыту; архив ісі және құжаттама; дене шынықтыру және спорт салаларының бірі (мемлекеттік ұйым қызметіне байланысты) бойынша ғылыми, педагогикалық немесе ғылыми-педагогикалық қызмет бойынша еңбек міндеттерін орындау;".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Персоналды басқару қызметіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрінің
міндетін атқарушы
А. Райымқұлова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      ______________ Т.Дүйсенова

      2017 жылғы 26 қыркүйек