"Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 қазанда № 15885 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10801 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларында:

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аудандық уәкілетті орган - аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

      2) бұйрық - тізілімде тіркелетін және есепке алу объектілері бойынша деректерді өзгертуге бағытталған іс-қимыл;

      3) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқығын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті және стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылықты өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі);

      4) облыстық уәкілетті орган - облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

      5) орындаушы-тиісті саланың уәкілетті органының (республикалық меншік бойынша) немесе облыстық (аудандық) уәкілетті органның және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ (коммуналдық меншік бойынша) әкім аппаратының мүлікті теңгерімге қою жөніндегі бұйрықтарды қоспағанда, тізілімдегі бұйрықтардың орындалуын жүзеге асыратын қызметкері;

      6) тізілімнің веб-порталы - www.gosreestr.kz мекенжай бойынша Интернет желісінде орналасқан, тізілім деректеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;

      7) тіркеуші - мемлекеттік заңды тұлғаның тізілімде бұйрықтарды тіркеу құқығы берілген уәкілетті тұлғасы;

      8) ұйымдар - жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер;

      9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      5. Тізілімде мемлекеттік мүліктің түрлері бойынша республикалық және коммуналдық мүліктің бөлек есебі, ал жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару деңгейлері бойынша - облыстық және аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудағы коммуналдық мүліктің бөлек есебі жүзеге асырылады.

      6. Тізілімнің есепке алу объектілері (бұдан әрі - есепке алу объектілері) мыналар:

      1) мемлекеттік заңды тұлғалар мен оларға бекітіліп берілген мүлік;

      2) жер пайдаланудағы жер учаскелері;

      3) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері;

      4) мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілері;

      5) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілері;

      6) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген шағын өлшемді және өзен кемелері;

      7) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген көлік құралдары және ауыл шаруашылығындағы көлік құралдары;

      8) мемлекеттік заңды тұлғалар мен ұйымдарға берілген лицензиялар мен рұқсаттар.";

      8-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бекітілетін есепке алу объектілерін тізілімде есепке алуды:

      1) республикалық мүлік бойынша - мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;

      2) облыстық коммуналдық мүлік бойынша - облыстық уәкілетті орган;

      3) аудандық коммуналдық мүлік бойынша - аудандық уәкілетті орган;

      4) жергілікті өзін-өзі басқару мүлкі бойынша-аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ұйымдастырады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қосымша кіші бөлімде мемлекеттік міндеттерді шешу үшін қажетті әр түрлі серпінді көрсеткіштер қамтылады:

      1) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлік туралы мәліметтер;

      2) бекітіліп берілмейтін есепке алу объектілері туралы мәліметтер;

      3) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау және олардың орындалуы туралы есептер;

      4) квазимелекеттік сектор субъектілері және олардың кеңістіктік (географиялық) деректері туралы мәліметтер;

      5) мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды басқару тиімділігінің мониторинг нәтижелері;

      6) мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау бойынша, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы, мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың аландары, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен қамтамасыз ету бойынша ақпарат;

      7) мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру үшін ұсынылатын есепке алынатын объектілер туралы мәліметтер;

      8) жасалған мүліктік жалдау (жалға алу) және сенімгерлік басқару шарттары бойынша, атап айтқанда шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтер;

      9) мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар;

      10) жасалған концессия шарттары және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мәліметтер;

      11) республикалық және коммуналдық мүлікке жататын мүлікке құқықты мемлекеттің алуы бойынша жасалған сыйға тарту шарттары жөнінде мәліметтер;

      12) мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерін жасалған жалға алу шарттары жөнінде мәліметтер;

      13) Ресей Федерациясына мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген "Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасының мүлкі бойынша мәліметтер;

      14) жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүлік құрамына түскен мүлік бойынша мәліметтер (дереу жоюға немесе сатуға жататын мүлікті қоспағанда);

      15) кәсіпкерлік ортада мемлекеттің қатысуы орындылығын анықтау мақсатында ұйымдар және мемлекеттік кәсіпорындар бойынша тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері туралы мәліметтер;

      16) мемлекеттік заңды тұлғалар мен ұйымдардың жылдық қаржылық есептілігі.";

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Кәсіпкерлік ортада мемлекеттің қатысуы орындылығын анықтау мақсатында бәсекелестіктің тауар нарықтарындағы жай-күйін талдау нәтижелері бойынша тізілім мәліметтерін өзектендіруді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ұйымдар, мемлекеттік кәсіпорындар бойынша мәліметтерді тізілімінде жаңарту жолымен, оларға мынадай:

      1) мемлекеттік меншікте тұрақты/уақытша сақтау;

      2) тарату;

      3) қайта ұйымдастыру;

      4) жекешелендіру;

      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі мәртебелерін бере отырып жүргізеді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздармен мәмілелерін бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде тіркеу үшін мемлекеттік мүлікті басқару бойынша уәкілетті органның, облыстық уәкілетті органның, аудандық уәкілетті органның бағалы қағаздарымен мәмілесін тіркеу үшін бұйрығы бірыңғай оператордың белгісімен беріледі.

      Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай оператор болып айқындалған, өзгерістер мен толықтыруларды тізілімге енгізу үшін, келесі мәліметтерін:

      бағалы қағаздар эмитентінің атауы мен бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);

      бағалы қағаздың ұлттық сәйкестендіру нөмірі;

      бағалы қағаздарды ұстаушылардың атауы мен БСН;

      мәмілені тіркеу күні мен уақыты;

      мәмілені тіркеуге дейін және соң бағалы қағаздардың саны көрсетумен, мемлекетке тиесілі бағалы қағаздармен мәмілелерін тіркеуден бас тарту не тіркеудің қорытындылары туралы бірыңғай операторды екі жұмыс ішінде хабарландырылады.";

      34-тармақтың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) облыстық уәкілетті орган және облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;

      8) аудандық уәкілетті орган және аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;";

      35-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тиісті саланың уәкілетті органы, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган, облыстық (аудандық) уәкілетті орган және облыстық (аудандық) бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жыл сайын бірыңғай операторға тізілімге қолжетімділік беру үшін өз қызметкерлерінің өзекті етілген тізімін жолдайды.";

      36-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: 

      "4-1) кәсіпкерлік ортада мемлекеттің қатысуы орындылығын анықтау мақсатында ұйымдар және мемлекеттік кәсіпорындар бойынша тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері туралы мәліметтерді қарау;";

      мынадай мазмұндағы 44-1 және 44-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "44-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты үшін тізілімде мынадай функциялар қолжетімді:

      1) басқаруды аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жүзеге асыратын ұйымдар мен мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбелерін және олар бойынша тізілімнің қосымша кіші бөліміне енгізілген ақпаратты қарау;

      2) басқаруды аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі бойынша тізілімде сақталған және орындалған бұйрықтарды қарау;

      3) басқаруды аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жүзеге асыратын ұйымдар мен мемлекеттік заңды тұлғалар бойынша есептілікті қалыптастыру.

      44-2. Облыстық немесе аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган үшін тізілімде мынадай функциялар қолжетімді:

      1) облыстық немесе аудандық коммуналдық меншіктегі ұйымдар мен мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбелері мен олар бойынша мәліметтерді қарау;

      2) облыстық немесе аудандық деңгейдегі коммуналдық мүлік бойынша талдамалық және статистикалық есептілікті қалыптастыру.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Тиісті салалардың уәкілетті органдары, жергілікті атқарушы органдар және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бірыңғай оператордың жазбаша сұрау салуы бойынша тізілімнің негізгі және қосымша кіші бөлімдерінің көрсеткіштерін өзекті ету және нақтылау үшін сұрау салынған деректерді өтеусіз береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Ғ.У. Ыбырайымов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық халық саны екі мыңнан астам адаммен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, халық саны екі мың және одан аз адаммен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының тоғызыншы, оң төртінші, жиырма тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші және жетпіс үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "___"________