Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 567 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 10 қазанда № 15869 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:

      1 "Ағымдағы шығындар" санатында:

      01 "Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар" сыныбында:

      130 "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жалақы төлеу және жарналар аудару" ішкі сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "130 Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына және шетелдік жұмыскерлерге жалақы төлеу, сондай-ақ жарналар аудару";

      мынадай мазмұндағы 139-ерекшелікпен толықтырылсын:

      "139 Мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:

      130 "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жалақы төлеу және жарналар аудару" кіші сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "130 Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына және шетелдік жұмыскерлерге жалақы төлеу, сондай-ақ жарналар аудару";

      мынадай мазмұндағы 139-ерекшелікпен толықтырылсын:

      "139 Мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу";

      мынадай мазмұндағы анықтамамен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне ақшалай төлемдер.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекақыдан ұсталымдар осы ерекшелік бойынша аударылады.";

      2. "Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында:

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелерін қарастыру жөніндегі уәкілетті комиссияның шешімі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына тартылған шетелдік жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттары;";

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. 01-139-нысаны (25-1-қосымша)мемлекеттік органға қабылданған шетелдік жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды есептеуге арналған. Есепті жасау кезінде еңбек шартын басшылыққа алған жөн.

      25-1-қосымшада "Лауазым атауы" деген 1-бағанда жасалған еңбек шартына сәйкес мемлекеттік органға қабылданған шетелдік жұмыскердің лауазымы көрсетіледі; "Бiр айдағы лауазымдық жалақы сомасы" деген 2-бағанда жасалған еңбек шартына сәйкес бір айдағы лауазымдық жалақы сомасы көрсетіледі; "Мемлекеттік органға шетелдік жұмыскерді тарту мерзімі" деген 3-бағанда еңбек шартына сәйкес мемлекеттік органға шетелдік жұмыскер тартылған айлар саны көрсетіледі; "Бiр жылдағы негізгі еңбекақы жиыны 2х3-баған" деген 4-бағанда қорытынды сома көрсетіледі.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 25-1-қосымшамен толықтырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 567 бұйрығына қосымша
  Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және
ұсыну қағидаларына
25-1-қосымша
  01-139-нысан

Мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне еңбекақы төлеуге арналған шығыстар есебі

                                                                        Кодтары
Жылы                                                       |_______________________|

      Деректер түрi (болжам, жоспар, есеп)                         |_______________________|

      Функционалдық топ                                           |_______________________|

      Бағдарламалардың әкiмшiсi                               |_______________________|

      Мемлекеттiк мекеме                                           |_______________________|

      Бағдарлама                                                 |_______________________|

      Ерекшелiк                                                 |_______________________|

Лауазым атауы

Бiр айдағы лауазымдық жалақы сомасы

Мемлекеттік органға шетелдік жұмыскерді тарту мерзімі

Бiр жылдағы негізгі еңбекақы жиыны 2х3-баған

1

2

3

4


мың теңге

ай

мың теңге

      Орталық атқарушы органның

      жауапты хатшысы/ мемлекеттiк

      мекеме басшысы                   ___________ _______________________________________

                                     (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бюджеттік бағдарлама басшысы ___________ _______________________________________

                                     (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жайдайда)

      Бас бухгалтер (қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы бастығы)

                                    ___________ _______________________________________

                                     (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)