"Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 590 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 қыркүйекте № 15756 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6993 тіркелген, 2011 жылғы 24 қарашадағы "Заң газетінде" № 173 (1989) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы Қағиданың 7 және 9-тармақтарында көрсетілген барлық жұмыстарды өтінім бойынша жобалау, жасау, қайта жабдықтау, жаңғырту және кемелерді жөндеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ кеме жасау және кеме жөндеу үшін материалдар мен бұйымдарды дайындайтын ұйымдармен шарт негізінде Кеме қатынасы тіркелімі орындайды.";

      66-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "66. Кеме қатынасы тіркелімі ұйымға куәландыруды жүргізетін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне тапсырма жолдайды.

      Ұйымды куәландыру тікелей осы ұйымда жүргізіледі.

      Ұйым онымен мәлімделген жұмысты орындауды растайтын сынақ жүргізеді.

      Жұмыстар түрлерін тану туралы куәлігінде растау мақсатында ұйымды куәландыру мәлімделген ұйымдардың тікелей өткізу орнында жүргізілуі мүмкін.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Ұйым тану туралы куәлігін қолдану кезеңінде:

      1) тану туралы куәлікте көрсетілген өзінің қызмет саласындағы кез келген өзгерістер жөнінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерін хабардар етеді. Өзгерістерге байланысты қосымша куәландырулар жүргізіледі;

      2) Кеме қатынасының тіркелімі жұмыскеріне бақылау объектілеріне қол жетімділікті қамтамасыз етеді.";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық құжаттаманы әзірлеуге техникалық бақылау жүргізуі оның қарауында осы техникалық бақылау объектісіне қатысты әртүрлі сатыларда Қағиданың, ІСЖКЖҚ және ІСЖКСҚ талаптарының орындалуын тексеру мақсатында және кейіннен келісумен қорытындыланады.";

      116-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Келісу мерзімі өтіп кеткен жобалар Сыныптау қағидаларының 18 және 19-тармақтарына сәйкес жалпы тәртіпте қарастырылады.";

      122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "122. Жұмыс құжаттамасы осы Қағиданың, ІСЖКЖҚ және ІСЖКСҚ, Сыныптау қағидасының талаптарын және стандарттарды ескере отырып Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық жобаға сәйкес орындалады.";

      125-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "125. Техникалық жобаны қайта келіскеннен кейін осы Қағиданың 116-тармағына сәйкес жұмыс құжаттамасы түзетіледі.";

      138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "138. Ұлттық стандарттар Кеме қатынасының тіркеліміне ал ұйымның стандарттары және нормативтік-техникалық құжаттар – Кеме қатынасының тіркелімі қызметкеріне қарастыруға ұсынылады.";

      177-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жою сынау Бағдарламасында айтылған үзілістен көп уақытты талап етедітін бұзылғандық немесе ақау табылған жағдайда;";

      194-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "194. Жүрісте сынаудың аяқталуы бойынша немесе жүрістегі режимде имитациялық әдістемені қолданып, кемені қозғалтпай сынауда, ескертулерді жою және Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің талаптарын орындау үшін осы Қағиданың 193-тармағына сәйкес ұйым Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қатысуымен жұмыс көлемін көрсете отырып ревизияға жататын объектінің тізбесін жасайды.";

      204-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ІСЖКЖҚ 12 бөліміне сәйкес қисайту тәжірибесін жүргізу;";

      237-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "237. Корпустық конструкцияларды тексеру және сынаудың тәртібі және көлемі, технологиялық процестердің ерекшелігі, корпусты қалыптастыру әдісінің және қондырманың, дәнекерлеу тәсілдерінің осы кеме жасаушы ұйыммен қабылданған бақылау әдісі мен тәсілінің ерекшелігін есепке ала отырып, әзірленген осы Қағиданың 86-тармағына сәйкес Тізбемен айқындалады.";

      241-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "241. Дәнекерленген жұмыстың сапасын тексеру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері ІСЖКЖҚ 2-бөлімінің талаптарын басшылыққа алады.";

      295-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "295. Құюдың, шыңдауды және дәнекерленген конструкциялардың жоғарғы бет ақауларын жөндеу кезінде, Кеме қатынасы тіркелімімен және ІСЖКЖҚ 2 бөлімінің нұсқаулығымен келісілген техникалық құжаттама талаптарын басшылыққа алады.";

      584-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "584. Экологиялық қауіпсіздік жабдықтарын, бөлшектерін және бөліктерін дайындау, сондай-ақ монтажды орындау ПККҚ-ның 70-бөлімінде көрсетілген Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.";

      587-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "587. ІСЖКЖҚ 35-бөлімінің ережелеріне сәйкес экологиялық қауіпсіздіктің жабдық құрамына кіретін жүйелерінің элементтері, гидравликалық сынауға жатады.";

      594-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "594. Монтаждау және гидравликалық сынау бойынша жұмыстарды аяқтағаннан кейін, ПККҚ 31-қосымшасының ережелерін ескере отырып, Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағдарлама бойыншажасалған, әрікеттен кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықтарға тексеру жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек