"Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 511 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте № 15721 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қаңтарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргізу нұсқаулығында:

      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттік мониторингті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі орталық, жергілікті уәкілетті органдар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бюджет кірістерінің атқарылуын талдау субъектілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, өндіріп алуға жауапты және олардың түсуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар болып табылады.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша талдау жүргізеді.

      Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары облыстың, атап айтқанда облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің, аудандар бюджеттерінің, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы бойынша талдауды, сондай-ақ бюджеттің төмен тұрған деңгейіне бөлінген нысаналы трансферттердің талдауын жүзеге асырады.

      Бюджеттік мониторинг бюджеттің атқарылуына талдау жүргізу функциясына кіретін бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелері алған ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      8-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті бюджет кіріс бөлігінің артығымен атқарылу немесе атқарылмау себептерін талдауды бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 25-і күніне дейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.";

      21-тармақ алып тасталсын;

      24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Бюджет шығыстары атқарылуының бюджеттік мониторингін республикалық және тиісті жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есептілік және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері беретін ақпарат негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.";

      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Талдамалы есепті жасау үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары есептіден кейінгі айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде, сыртқы қарыздарды есептемегенде бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісінде қаржыландыру жоспарлары мен төленген міндеттемелер бойынша деректерді ақпараттық жүйеде (бұдан әрі – АЖ) жүктейдi. Сыртқы қарыздарды ескере отырып, есепті деректердің қалыптастырылуына қарай бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар көрсетілген ақпаратты АЖ-ға қайталап жүктейдi.

      26. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті айдан кейінгі айдың алғашқы жеті күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға АЖ-да қалыптастырылған осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес 1-МББӘ нысаны бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті ұсынады. Аталған есепте әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша төлемдер бойынша жоспарлардың орындалмау себептері және қаржыландыру жоспарларының орындалмауына әкеп соқтырған факторларды көрсете отырып, міндеттемелер бойынша жоспарға сәйкес міндеттемелерді уақтылы қабылдамау себептері егжей-тегжей толтырылады.

      Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 7-нен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес 1-МУО нысаны бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын есептіден кейінгі 10-ы күнінен кешіктірмей облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына осы Нұсқауға 9-қосымшаға сәйкес 1-МУО нысаны бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі 15-і күнінен кешіктірмей және қаржы жылының қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес 1-МУО нысаны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджетінің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. 1-МББӘ нысаны бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есеп АЖ-ды қолдана отырып жасалады.

      1-МББӘ және 1-МУО нысандары мынадай түрде толтырылады:

      1) 1-11, 13, 14-бағандарды толтырылмайды (осы бағандардың мазмұны АЖ-дан автоматты түрде алынатын болады) және түзету құқығынсыз оқу режимінде пайдаланылатын болады;

      2) 12-бағанда бюджет шығыстары жөніндегі бір жылдағы күтілетін атқарылуды әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша 1 қазандағы жағдай бойынша және ағымдағы жылдың соңына дейін бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептен бастап көрсетіледі;

      3) 15-бағанда төлемдер бойынша жоспардың орындалмауы көрсетіледі;

      4) 17-19-бағандарда қалыптасқан бюджет қаражатын жалпы үнемдеу сомасы 16-бағанда көрсетіледі;

      5) 17-бағанда мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша бюджет қаражатын үнемдеу көрсетіледі;

      6) 18-бағанда ЕТҚ бойынша үнемдеу көрсетіледі;

      7) 19-бағанда өзге де бюджет қаражатын үнемдеу көрсетіледі;

      8) 20-бағанда Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган резервінің бөлінбеген қалдығы көрсетіледі;

      9) 21-бағанда есепті кезеңде бюджет қаражатының игерілмеу көлемі көрсетіледі;

      10) 22-25-бағандарда Нұсқаулықтың 29-тармағында жазылған жеке, себептер бойынша қалыптасқан сомалар көрсетіледі;

      11) 26-27-бағандарда ай сайын есепті кезеңде игерілмеу және есепті кезеңде міндеттемелердің уақтылы қабылданбау не қабылданбау себептерінің негіздемелері көрсетіледі.";

      38-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына:";

      мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:

      "38-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына:

      1) ағымдағы нысаналы трансферттердің, нысаналы даму трансферттері мен аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен бөлінген және республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен іске асырылатын кредиттердің іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептерді:

      есепті айға – есепті айдан кейінгі айдың 4-нен кешіктірмей;

      есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулыққа 15-1-қосымшаға сәйкес 2-НТАО нысаны бойынша;

      2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратының өткен қаржы жылында бөлінген және жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы жылы түгел пайдалануға рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерінің түгел пайдаланылуы мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты:

      есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулыққа 15-2-қосымшаға сәйкес 3-ТПАО нысаны бойынша ұсынады.";

      41, 42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің Үкіметіне, тиісті жергілікті атқарушы органдарға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-і күніне және қаржы жылының қорытындылары бойынша есепті қаржы жылынан кейінгі екінші айдың 25-і күніне осы Нұсқаулыққа 20-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынады.

      42. 2-НТО нысаны бойынша облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің, нысаналы даму трансферттері мен кредиттердің іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есеп пен осы Нұсқаулыққа 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттердің іске асырылуы туралы талдамалық есеп АЖ пайдалана отырып жасалады.

      2-НТББӘ, 2-НТАО, 2-НТА, 2-НТО нысандары былайша толтырылады:

      1) 1-бағанда республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды көрсетіледі;

      2) 2-бағанда бюджет бағдарламаның коды көрсетіледі;

      3) 3-бағанда инвестициялық жобалардың атауы көрсетіледі;

      4) 4-бағанда 1-2-бағандардағы кодтарына сәйкес келетін бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес бюджет шығыстары кодтарының атауы көрсетіледі;

      5) 5-7-бағандарда бекітілген, нақтыланған және түзетілген республикалық бюджеттің сомалары көрсетіледі;

      6) 8-бағанда Республикалық бюджеттен есепті кезеңде бөлінген нысаналы трансфертер мен кредиттердің сомасы көрсетіледі;

      7) 9-бағанда жергілікті бюджеттің есепті кезеңдегі төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары көрсетіледі;

      8) 10-бағанда қазынашылық органдарында қабылданған міндеттемелер көрсетіледі;

      9) 11-бағанда төленген міндеттемелердің сомасы көрсетіледі;

      10) 12-бағанда республикалық бюджеттен есепті кезеңде бөлінген соманың атқарылу пайызы көрсетіледі;

      11) 13-бағанда 9-айдың қорытындыларынан бастап және қаржы жылының аяғына дейін бір жылдық қаржыландыру жоспарының күтілетін орындалуы көрсетіледі;

      12) 14-бағанда 9-айдың қорытындыларынан бастап және қаржы жылының аяғына дейін бір жылдық қаржыландыру жоспарының күтілетін орындалмауы көрсетіледі;

      13) 15-бағанда төленген міндеттемелер мен республикалық бюджеттен есепті кезеңде бөлінген сомалардың арасындағы айырма ретінде жылдың аяғында республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың қалдығы көрсетіледі;

      14) 16-бағанда есепті кезеңдегі бюджет қаражатын үнемдеудің жалпы сомасы көрсетіледі;

      15) 17-бағанда мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қалыптасқан қаражаттың үнемделген сомасы көрсетіледі;

      16) 18-бағанда ЕТҚ бойынша үнемдеу сомасы көрсетіледі;

      17) 19-бағанда бюджет қаражатын басқа да үнемдеу көрсетіледі;

      18) 20-бағанда есепті кезеңдегі бюджет қаражатының игерілмеу көлемі;

      19) 21-24-бағандарда Нұсқаулықтың 26-тармағында жазылған жеке, себептер бойынша қалыптасқан сомалар көрсетіледі;

      20) 25-бағанда есепті кезеңде республикалық бюджеттен бөлінген сомалардың игерілмеу себептері толық сипатталады;

      21) 26-бағанда бір жылға арналған қаржыландыру жоспарының күтілетін орындалмауының себептері сипатталады.

      43. 3-ТПББӘ, 3-ТПАО, 3-ТПА, 3-ТПО нысандары былайша толтырылады:

      1) 1-бағанда республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды көрсетіледі;

      2) 2-бағанда бюджет бағдарламаның коды көрсетіледі;      

      3) 3-бағанда бюджет кіші бағдарламаның коды көрсетіледі;

      4) инвестициялық жобалардың атауы көрсетіледі;

      5) 5-бағанда 1-2-бағандардағы кодтарына сәйкес келетін бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес бюджет шығыстары кодтарының атауы көрсетіледі;

      6) 6-бағанда ағымдағы жылдың басында дергілікті бюджет қалдықтары есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген сома көрсетіледі.

      7) 7-бағанда қазынашылық органдарында қабылданған міндеттемелер көрсетіледі;

      8) 8-бағанда төленген міндеттемелер сомасы көрсетіледі;

      9) 9-бағанда бюджет қаражатының игерілмеген көлемі көрсетіледі;

      10) 10-бағанда есепті қаржы жылының соңына дейін игерілмеген нысаналы даму трансферттерін оларды бөлген жоғары тұрған бюджеттің кірісіне қайтару сомасы көрсетіледі;

      11) 11-бағанда есепті кезеңге бөлінген сомалардың игерілмеу себептері толық сипатталады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржы жылының қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепті осы Нұсқаулыққа 21-қосымшаға сәйкес 4-ББІА нысан бойынша жасайды.

      Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есеп есептiден кейiнгi қаржы жылдың 15 ақпанына дейін мерзімде әрбір бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) бөлінісінде оған түсіндірме жазба мен қағаз және электрондық тасығыштарда бюджетті атқару

      жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына) беріледі.";

      49-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Осы Нұсқаулыққа 21-қосымшаға сәйкес 4-ББІА нысан бойынша өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру туралы есеп былайша толтырылады:";

      50-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      51 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған ақпараттың, ішкі бақылау қызметтерінің материалдары, сондай-ақ ішкі және сыртқы факторлардың әсерін анықтау негізінде бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу жөнінде талдау жүргізеді.

      52. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бюджеттік бағдарламалардың нәтиже көрсеткішіне қол жеткізудің талдауын оның негізінде алынған ақпаратты Түсімдер бойынша тиісті бюджетті атқару туралы, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есепке енгізу үшін жүзеге асырады.";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 2, 9, 10, 15, 17, 19 және 21-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 8 және 9-қосымшаларға сәйкес 15-1 және 15-2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық халық саны екі мың адамнан асатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараты үшін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, халық саны екі мың және одан аз адам болатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараты үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті төрағасының

      міндетін атқарушы

      _______________ Г. Керімханова

      2017 жылғы 23 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 22 тамыздағы
№ 511 бұйрығына
1-қосымша
  Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулығына
2-қосымша

Республикалық және жергілікті (облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеті, облыстық бюджет, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті, аудандық бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті) бюджеттері түсімдерінің түрлері бойынша жыл басынан жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерін талдау

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде республикалық және жергілікті (облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеті, облыстық бюджет, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті, аудандық бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті) бюджеттері түсімдерінің бөлінісінде түсімдер жоспарларының асыра орындалу себептері

      мың теңге

Түсімдердің
БСК

БСК атауы

Есепті күнге арналған түсімдер жоспары

Есепті күнгі нақты түсуі

Ауытқу (5- бағ.-4- бағ.)

жоспардыорындау %- ы (5-бағ./4- бағ.) х100)

Ауытқудың себептері

1

2

3

4

5

6

7

8

1








2








....


және т. б.






Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде республикалық және жергілікті (облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеті, облыстық бюджет, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті, аудандық бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті) бюджеттері түсімдерінің бөлінісінде түсімдер жоспарларының орындалмау себептері

      мың теңге

Түсімдердің БСК

БСК атауы

Есепті күнге арналған түсімдер жоспары

Есепті күнгі түсу фактісі

Ауытқу (5-бағ.-4-бағ.)

жоспардыорындау %- ы (5-бағ./4- бағ.х100)

Ауытқу себептері

1

2

3

4

5

6

7

8

1








2








....


және т. б.














      Ескерту: бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдар мен және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары осы нысанды облыс бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері, аудандық және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті бөлігінде толтырады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 22 тамыздағы
№ 511 бұйрығына
2-қосымша
  Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулығына
9-қосымша

      Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

200 ____ жылғы _________________ жағдай бойынша
_______________ бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есеп

      Индекс: 1-МУО нысаны

      Білдіретін тұлғалар тобы: бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аппараттары

      Қайда ұсынылады: жоғарғы тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға

      Мерзімділігі: ай сайын, тоқсан сайын*

      Ұсыну мерзімі:

      - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары үшін есепті айдан кейінгі айдың 7-нен кешіктірмей;

      - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары үшін есепті айдан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей;

      - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдары үшін есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей.

      Бюджеттің түрі_________________

      мың. теңге

Код

Атауы

Бір жылға арналған жиынтық қаржыландыру жоспары

Есепті кезеңге жиынтық қаржыландыру жоспары

Қабылданғанған міндеттемелер

Қабылданбаған міндеттемелер сомасы (8-бағ. - 6-бағ.)

Төленген міндеттемелер

Атқарылу % (10 -бағ./7-бағ.х100)

Бір жылға арналған күтілетін атқарылу**

Күтілетін атқарылу % (12-бағ./5 - бағ.х100)

Бір жылға күтілетін атқарылмау сомасы (12-бағ. - 5-бағ.)

Төлемдер бойынша жоспарды орындамау (10-бағ. -7-бағ.)

Есепті кезеңге бюджет қаражатын үнемдеу, барлығы (17-бағ. +18- бағ.+19-бағ.)

оның ішінде

Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе ЖАО резервтерінің бөлінбеген қалдығы

Есепті кезеңгеигерілмеу (15- бағ.-16- бағ.-20-бағ.)

ББӘ

Бағдарлама

Кішібағдарлама

мемлекеттік сатып алу нәтижлері бойынша қаражатты үнемдеу

ЕТҚ бойынша үнемдеу

өзге де үнемдеу

міндеттемелер бойынша

Төлемдер бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21




Барлығы





















оның ішінде:





















Ағымдағыбағдарламалар





















...





















Даму бағдарламалары





















...


















      кестенің жалғасы

оның ішінде игерілмеу себептері

Ескерту (ББӘ есепті кезең үшін игерілмеу себептеріне негіздемесі)

Ескерту (ББӘ міндеттемелерді уақтылы қабылдамауының не қабылдамауы себептерінің негіздемесі)

тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілердің орындалмаған шарттық міндеттемелері

мемлекеттік сатып алу бойынша өтпеген конкурстар

ББӘ бюджеттік бағдарламаны басқаруы

өзге де себептер

22

23

24

25

26

27



















      Бюджетті атқару жөнінде уәкілетті органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент,

      ауылдық округ әкімі аппаратының басшысы _________ _____________________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

      Ескертпе:

      * осы Нұсқаулықтың 26-тармағына сәйкес есепті ай сайын ұсыну үшін,

      осы Нұсқаулықтың 28-тармағына сәйкес есепті тоқсан сайын ұсыну үшін;

      ** 12-баған ағымдағы жылдың 9 айдың қорытындысынан бастап және ағымдағы жылдың соңына дейін толтырылады;

      осы Нұсқаулықтың 30-тармағына сәйкес нысанға толтыру бойынша түсіндірме

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 22 тамыздағы
№ 511 бұйрығына
3-қосымша
  Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулығына
10-қосымша

___________ жылғы жағдай бойынша өткен қаржы жылында бөлінген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы жылы түгел пайдалануға рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерін түгел пайдалану туралы талдамалық есеп

      Атауы: ___________________________

      Мерзімділігі: жылдық

      мың теңге

ББӘ

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Оның ішінде инвестжоба

Атауы

____ж ЖБ қалдығы есебінен ҚР ЖАО-ның шешімі бойынша түгел пайдалануға рұқсат етілген

Қабылданған міндеттемелер

Төленген міндеттемелер

Есептікезеңдегіигерілмеу (8-бағ. -6 –бағ.)

Жоғары тұрған бюджет кірісіне қайтарылды

Игерілмеу себептері (төлем тапсырмасының нөмірі мен игерілмеген қаражаттың аударылған күнін көрсете отырып)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11























      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысы _________________ _________________

      (қолы) ( қолды таратып жазу)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 22 тамыздағы
№ 511 бұйрығына
4-қосымша
  Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулығына
15-қосымша

____________ жылғы жағдай бойынша өткен қаржы жылында бөлінген және ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша түгел пайдалануға рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерін ББӘ-нің түгел пайдалану туралы ақпараты _________ қаржы жылындағы

      есепті кезең

      Индекс: нысан3-ТПББӘ

      Білдіретін тұлғалар тобы:

      Бюджеттік бағдарлама әкімшісі

      Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға

      Мерзімділігі: жылдық

      Ұсыну мерзімі: есептiден кейiнгi қаржы жылдың 15 қаңтарына дейін.

      Бюджеттің түрі: _________________________________________________

      мың теңге

ББӘ

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

оның ішінде инвест жоба

Атауы

____ж ЖБ қалдығы есебінен ҚР ЖАО-ның шешімі бойынша түгел пайдалануға рұқсат етілген

Қабылданған міндеттемелер

Төленген міндеттемелер

Есепті кезеңдегі игерілмеу (8-бағ.-6-бағ.)

Жоғары тұрған бюджет кірісіне қайтарылды

Игерілмеу себептері (төлем тапсырмасының нөмірі мен игерілмеген қаражаттың аударылған күнін көрсете отырып)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Жергілікті бюджеттік бағдарламасы

      әкімшісінің басшысы ________________ ________________________________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

      Қаржы қызметінің басшысы ______________ _____________________________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

      Ескертпе: Осы Нұсқаулықтың 43-тармағына сәйкес нысанға толтыру бойынша түсіндірме

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы22 тамыздағы
№ 511 бұйрығына
5-қосымша
  Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулығына
17-қосымша

      Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

____________ жылғы жағдай бойынша өткен қаржы жылына бөлінгенжәне ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдардың шешімібойынша түгел пайдалануға рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерін түгел пайдалану туралы аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органының ақпараты _________ қаржы жылындағы

      есепті кезең

      Индекс: нысан: 3-ТПА

      Аудан (облыстық маңызы бар қала) атауы: ___________________

      Білдіретін тұлғалар тобы:

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар

      Қайда ұсынылады:облыстың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органына

      Мерзімділігі: жылдық

      Ұсыну мерзімі: есептiден кейiнгi жылдың 20 қаңтарына дейін.

      Бюджеттің түрі: _____________________

      мың теңге

ББӘ

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

оның ішінде инвест жоба

Атауы

____ ж ЖБ қалдығы есебінен ҚР ЖАО-ның шешімі бойынша түгел пайдалануға рұқсат етілген

Қабылданған міндеттемелер

Төленген міндеттемелер

Есепті кезеңдегі игерілмеу (8-бағ.-6-бағ.)

Жоғары тұрған бюджет кірісіне қайтарылды

Игерілмеу себептері (төлем тапсырмасының нөмірі мен игерілмеген қаражаттың аударылған күнін көрсете отырып)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11























      Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың

      бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органының басшысы

      ___________ _____________________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

      Ескертпе: Осы Нұсқаулықтың 43-тармағына сәйкес нысанға толтыру бойынша түсіндірме

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 22 тамыздағы
№ 511 бұйрығына
6-қосымша
  Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулығына
19-қосымша

      Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

____________ жылғы жағдай бойынша өткен қаржы жылына бөлінгенжәне ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімібойынша түгел пайдалануға рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерін түгел пайдалану туралыоблыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органының ақпараты _________ қаржы жылындағы

      есепті кезең

      Индекс: нысан: 3-ТПО

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атауы: ___________________

      Білдіретін тұлғалар тобы:

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы

      Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға

      Мерзімділігі: жылдық

      Ұсыну мерзімі: есептiден кейiнгi жылдың 25 қаңтарына дейін

      Мерзімділігі: жылдық

      Бюджеттің түрі: _____________________

      мың теңге

ББӘ

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

оның ішінде инвест жоба

Атауы

____ ж ЖБ қалдығы есебінен ҚР Үкіметінің шешімі бойынша түгел пайдалануға рұқсат етілген

Қабылданған міндеттемелер

Төленген міндеттемелер

Есепті кезеңдегі игерілмеу (8 бағ.-6 бағ.)

Жоғары тұрған бюджет кірісіне қайтарылды

Игерілмеу себептері (төлем тапсырмасының нөмірі мен игерілмеген қаражаттың аударылған күнін көрсете отырып)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


































      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органының басшысы ___________ _______________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

      Ескертпе: Осы Нұсқаулықтың 43-тармағына сәйкес нысанға толтыру бойынша түсіндірме

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 22 тамыздағы
№ 511 бұйрығына
7-қосымша
  Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулығына
21-қосымша

      Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есеп _________ қаржы жылындағы

      есепті кезең

      Индекс: нысан:4-РББ

      Білдіретін тұлғалар тобы:

      Бюджеттік бағдарлама әкімшілері

      Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға

      Мерзімділігі: жылдық

      Ұсыну мерзімі: есептi қаржы жылынан кейiнгi жылдың 15 ақпанына дейін

      Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды мен атауы ____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бюджеттiк бағдарламаның түрi:

      мемлекеттiк басқару деңгейiне қарай_________________________________________________

      мазмұнына қарай _________________________________________________________________

      iске асыру тәсiлiне қарай __________________________________________________________

      ағымдағы/даму __________________________________________________________________

      Бюджеттік бағдарламалардың мақсаты ______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бюджеттік бағдарламалардың сипаты _______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________


Бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Жоспар

Іс жүзiнде

Ауытқуы (4-бағ. - 3-бағ.)

Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-бағ./ 3-бағ. х100)

Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері

1

2

3

4

5

6

7

мың теңге






Бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың жиыны

мың теңге






Бюджеттiк бағдарламаның түпкiлiктi нәтижесі







      Бюджеттiк кіші бағдарламалардың коды және атауы____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бюджеттiк кіші бағдарламалардың түрі:

      мазмұнына қарай: ___ ____________________________________________________

      ағымдағы/даму _________________________________________________________

      Бюджеттік кіші бағдарламалардың сипаты ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

Тікелей нәтиже көрсеткіші:

Өлшем бірлігі

Жоспар

Іс жүзiнде

Ауытқуы (4-бағ. - 3-бағ.)

Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-бағ. /3-бағ. х100)

Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама/кіші бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері

1

2

3

4

5

6

7













Бюджеттiк кіші бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Жоспар

Іс жүзiнде

Ауытқуы (4-бағ. - 3-бағ.)

Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-бағ. / 3-бағ. х100)

Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері

Мың теңге






Бюджеттiк кіші бағдарлама бойынша шығыстардың жиыны

Мың теңге







      Бюджеттiк кіші бағдарламалардың коды және атауы ______________________________

      ____________________________________________________________________________

      Бюджеттiк кіші бағдарламалардың түрі:

      мазмұнына қарай: __________________________________________

      ағымдағы/даму ___________________________________________

      Бюджеттік кіші бағдарламалардың сипаты ________________________________________

      _____________________________________________________________________________

Тікелей нәтиже көрсеткіші :

Өлшем бірлігі

Жоспар

Іс жүзiнде

Ауытқуы (4-бағ. - 3-бағ.)

Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-бағ./ 3-бағ. х100)

Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама/кіші бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері

1

2

3

4

5

6

7













Бюджеттiк кіші бағдарлама бойынша шығыстар

Өлшем бірлігі

Жоспар

Іс жүзiнде

Ауытқуы (4-бағ.- 3-бағ.)

Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-бағ./ 3-бағ. х100)

Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері

Мың теңге






Бюджеттiк кіші бағдарлама бойынша шығыстардың жиыны

Мың теңге






      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы немесе

      Мәслихат хатшысы немесе ревизиялық комиссияның төрағасы __________ _______________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

      Бас бухгалтер __________ _____________________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

      Ескертпе: Осы Нұсқаулықтың 49-тармағына сәйкес нысанды толтыру бойынша түсіндірме

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 22 тамыздағы
№ 511 бұйрығына
8-қосымша
  Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулығына
15-1-қосымша

      Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

Ағымдағы нысаналы трансферттерді, нысаналы даму трансферттері мен аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен бөлінген және республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен іске асырылатын кредиттердің іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының есебі

      Есепті кезең

      ____________________ жылдар

      Индекс: 2-НТАО нысан

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің атауы: ___________________

      Білдіретін тұлғалар тобы:

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараты

      Қайда ұсынылады: аудан (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органға

      Мерзімділігі: ай сайын

      Ұсыну мерзімі:

      есепті айдан кейінгі айдың 4-нен кешіктірмей және есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 28 қаңтарынан кешіктірмей.

      Бюджеттің түрі: _____________________

      мың теңге

ББӘ

Бағдарлама

оның ішіндеинвестжоба

Атауы

РБ ____ ж. бекітілген бюджет

РБ ____ ж. нақтыланған бюджет

РБ ____ж. түзетілген бюджет

ЖБ бөлінген және есепті кезеңде РБ трансферттері есебінен іске асырылатыны

Есепті кезеңге ЖБ төлемдері бойынша қаржыландыру жоспары

Қабылданған міндеттемелер

Төленген міндеттемелер

Атқарылу % (11-бағ./8- бағ. х100)

Бір жылға арналған жоспардың күтілетін орындалуы

Бір жылдық жоспардың күтілетін орындалмауы (13-бағ.-7-бағ.)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14




Нысаналы трансферттердің барлығы














оның ішінде:














Ағымдағы бағдарламалар














...














Даму бағдарламалары














...














Кредиттер











      кестенің жалғасы

Есепті кезеңнің аяғына орындалмау сомасы (11бағ-8бағ)

Есепті кезеңде бюджет қаражатын үнемдеу барлығы (17 бағ+18 бағ+19 бағ)

оның ішінде

есепті кезеңге игерілмеу (15-бағ.-16-бағ.)

оның ішінде игерілмеу себептері

Есепті кезеңде игерілмеу себептері

Бір жылға күтілетін игерілмеу себептері

мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу

ЕТҚ бойынша үнемдеу

өзге де үнемдеу

тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілердің орындалмаған шарттық міндеттемелері

мемлекеттік сатып алу бойынша өтпеген конкурстар

ББӘ бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) басқаруы

өзге де себептер

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

















































      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент,

      ауылдық округ әкімі ___________ _______________________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

      Ескертпе: Осы Нұсқаулықтың 42-тармағына сәйкес нысанды толтыру бойынша түсіндірме

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 22 тамыздағы
№ 511 бұйрығына
9-қосымша
  Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулығына
15-2-қосымша

      Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының өткен қаржы жылында бөлінген және ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша түгел пайдалануға рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерін түгел пайдалану туралы ақпараты

      _________ қаржы жылындағы

      есепті кезең

      Индекс: 3-ТПАО нысан

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің атауы

      Білдіретін тұлғалар тобы:

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараты

      Қайда ұсынылады: аудан (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органға

      Мерзімділігі: жылдық

      Ұсыну мерзімі: есептi қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін.

      Бюджеттің түрі: _________________________________________________

      мың теңге

ББӘ

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

оның ішінде инвест жоба

Атауы

____ж ЖБ қалдығы есебінен ҚР ЖАО-ның шешімі бойынша түгел пайдалануға рұқсат етілген

Қабылданған міндеттемелер

Төленген міндеттемелер

Есепті кезеңдегі игерілмеу (8-бағ.-6-бағ.)

Жоғары тұрған бюджет кірісіне қайтарылды

Игерілмеу себептері (төлем тапсырмасының нөмірі мен игерілмеген қаражаттың аударылған күнін көрсете отырып)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент,

      ауылдық округ әкімі________________ ________________________________

      (қолы) (қолды таратып жазу)

      Ескертпе: Осы Нұсқаулықтың 43-тармағына сәйкес осы нысан бойынша түсіндірме