Анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынған іздестірудегі адамдарды, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарған, хабарсыз кеткен іздестірудегі адамдарды, туыстарымен байланысын жоғалтқан, өзі туралы анықтамалық деректерд

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 15639 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Тақырып жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 21.11.2022 № 467 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.02.2021 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) және 8) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРAМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.04.2022 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 21.11.2022 № 467 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидалары және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары қозғалыстар, сондай-ақ зейнетақы төлемін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.02.2021 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін мерзімді баспа басылымдарына және "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін
атқарушы
С. Жақыпова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі ________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 9 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2017 жылғы 3 тамыздағы
№ 232 бұйрығына
1-қосымша

Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидалары және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі

      Ескерту. Бірыңғай тізім жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.03.2019 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидалары және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін, салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын (бұдан әрі - дерекқор) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.04.2022 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ААЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі (бұдан әрі – ЖТБТ) – МЗЖ (МКЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалар бойынша "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ААЖ-дағы мәліметтер;

      5) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген cол мәліметтер;

      6) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға Заңға сәйкес салынатын ақша;

      7) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін БЖЗҚ-ға агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;

      8) орталық атқарушы орган (бұдан әрі – ОАО) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      9) "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ААЖ (бұдан әрі – "ТӨҰ" ААЖ) – МЗЖ, МКЗЖ бойынша төлемдерді қабылдауға, өңдеуге, қалыптастыруға арналған ААЖ.

      3. ОАО, БЖЗҚ, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация алынған ақпаратты өздеріне берілген, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек, сондай-ақ ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамада айқындалған өкілеттіктер шеңберінде өзара іс-қимыл және интеграциялау мақсатында пайдаланады.

2-тарау. МЗЖ, МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру тәртібі

      4. ЖТБТ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес БЖЗҚ-дан алынған МЗЖ (МКЗЖ) есепке алу бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарындағы мәліметтер (бұдан әрі – ЖЗШ) негізінде қалыптастырылады.

      5. ЖТБТ әрбір салымшы (алушы) бойынша мынадай:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы, жеке сәйкестендіру нөмірі, азаматтығы;

      2) жеке басты куәландыратын құжаттың сериясы және нөмірі, көрсетілген құжаттардың берілген күні және оларды берген органның атауы;

      4) МЗЖ, МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашылғаны немесе жабылғаны туралы;

      5) салымшының (алушының) деректемелері, азаматтығы, мәртебесі өзгергені туралы дербестендірілген деректерді қамтиды.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.02.2021 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. "ТӨҰ" ААЖ күнделікті негізде дерекқорды жаңарта отырып, ЖТБТ қалыптастырады.

      7. "ТӨҰ" ААЖ күн сайын салымшылардың (алушылардың) ЖТБТ-дағы дербес деректерін "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді, айырмашылықтар анықталған жағдайда оларды "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорындағы деректермен сәйкестікке келтіреді.

      8. Мемлекеттік корпорацияға МЗЖ, МКЗЖ төлеу бойынша агенттерден, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардан, сондай-ақ Заңның 39-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардан МЗЖ, МКЗЖ, өсімпұл түскен кезде "ТӨҰ" ААЖ күн сайын салымшылардың (алушылардың) дербес деректерін "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді.

      Салымшылардың (алушылардың) дербес деректері "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорының деректеріне сәйкес келген, оның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басты куәландыратын қолданыстағы құжат (құжаттар) болған, Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаты (құжаттары) жоқ салымшылар (алушылар) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына тиесілі болған жағдайда, Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) агенттері аударған, өсімақыларда.

      Салымшылардың (алушылардың) дербес деректері "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорының деректеріне сәйкес келмеген, оның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттар болмаған, Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаты (құжаттары) жоқ салымшылардың (алушылардың) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына тиесілілігі болмаған, қайтыс болуы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасындағы мәліметтерге сәйкес МЗЖ, МКЗЖ, өсімпұл төленетін кезеңнен бұрын басталған салымшының (алушының) қайтыс болғаны туралы мәліметтер болған кезде, Мемлекеттік корпорация қайтару себебін көрсете отырып, агентке МЗЖ, МКЗЖ, өсімпұл сомаларын "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде қайтаруды жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.02.2021 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Салымшылардың (алушылардың) МЗЖ, МКЗЖ бойынша дерекқорын қалыптастыру тәртібі

      9. Салымшылардың (алушылардың) МЗЖ, МКЗЖ бойынша дерекқоры ЖТБТ негізінде қалыптастырылады және әрбір салымшы (алушы) бойынша мынадай деректерді қамтиды:

      1) жеке сәйкестендіру нөмірі;

      2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы, азаматтығы;

      3) жеке басты куәландыратын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі, берілген күні және берген орган;

      4) ЖЗШ ашылған күнін көрсете отырып, МЗЖ, МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ-ның жабылғаны туралы ақпарат;

      5) МЗЖ, МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ-ның жабылу себебі мен күнін көрсете отырып, ЖЗШ-ның жабылуы туралы ақпарат;

      6) аударылған МЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес оларды қайтару туралы ақпарат;

      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес агенттің атауы мен деректемелерін қоса алғанда, МЗЖ, МКЗЖ төлеу жөніндегі агенттер туралы ақпарат;

      8) салымшының (алушының) дербес деректерінің өзгергені туралы ақпарат;

      9) салымшының (алушының) азаматтығының, мәртебесі өзгергені туралы ақпарат;

      10) салымшының (алушының) туған жері, тұрғылықты жерінің мекенжайы, азаматтығы.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.02.2021 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Салымшының (алушының) дербес деректері өзгергені туралы мәліметтерді БЖЗҚ-ға беру ЖТБТ-ға өзгерістерді енгізген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында жасалатын ОАО мен БЖЗҚ-ның ААЖ-ларының өзара іс-қимылы туралы келісімде айқындалған электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.

      11. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-мен бірлесіп бір салымшыда (алушыда) МЗЖ-ны есепке алу бойынша бір ЖЗШ-ның және (немесе) МКЗЖ-ны есепке алу бойынша бір ЖЗШ-ның болуын қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 3 тамыздағы
№ 232 бұйрығына
2-қосымша

Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.03.2019 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.02.2021 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 8) тармақшасына, 34-бабы 9-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыс туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпаратпен алмасу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.04.2022 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген cол мәліметтер;

      5) жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі (бұдан әрі – ЖТБТ) – Мемлекеттік корпорация МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастыратын зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі;

      6) Келісім – ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында жасалатын орталық атқарушы орган мен БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы туралы келісім;

      7) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға Заңға сәйкес салынатын ақша;

      8) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін БЖЗҚ-ға агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;

      9) орталық атқарушы орган (бұдан әрі – ОАО) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.04.2022 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. ОАО, БЖЗҚ, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация алынған ақпаратты өздеріне берілген, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек, сондай-ақ ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамада айқындалған өкілеттіктер шеңберінде өзара іс-қимыл және интеграциялау мақсатында пайдаланады.

2-тарау. Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпаратпен алмасу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.02.2021 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. ОАО мен БЖЗҚ-ның ААЖ-лары арасында ақпарат алмасу Келісімнің негізінде еркін нысанда жүзеге асырылады.

      5. ОАО мен БЖЗҚ-ның ААЖ-лары арасында алмасуға мынадай:

      1) МЗЖ, МКЗЖ есепке алу бойынша ашылған және жабылған жеке зейнетақы шоттары;

      2) түскен (қайтарылған) МЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұл сомасы туралы;

      3) салымшылардың (алушылардың) дербес деректері өзгергені туралы;

      4) МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомалары туралы және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін есептеу кезінде қажет БЖЗҚ-дан алушыға жүргізілген бірінші зейнетақы төлемінің күні туралы (сұрау бойынша беріледі);

      5) сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдық сомасы туралы және сақтандыру ұйымына аударылған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі зейнетақы жинақтарының сомасы туралы;

      6) салымшының (алушының) мүгедектік тобын, белгіленген күнін және мерзімін мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқорында растау туралы.

      7) МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомалары, есепті күнге есептелген инвестициялық табыс сомалары туралы;

      8) БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аударылған зейнетақы төлемдерінің және (немесе) аударымдардың мөлшерлері туралы мәліметтерді қамтиды.

      9) ОАО-ның салымшыларға (алушыларға) жәрдемақыларды тағайындау негіздері туралы (салымшыда (алушыда) зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде стандартты салық шегерімдерін қолдану құқығы болған кезде);

      10) Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті Мемлекеттік корпорацияда тіркеген зейнетақы жинақтары бар зейнетақы төлемдерін алушылар туралы ақпарат жатады.

      11) Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, Заңның 32-бабының 1-1-тармағында көрсетілген адамдарға біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомалары туралы, Заңның 35-1-бабына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтарының сомалары туралы;

      12) Заңның 11-бабының 1-3-тармақтарында көрсетілген адамдарға жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы, сондай-ақ оларды тағайындау күніне белгіленген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы;

      13) алушының жасына байланысты зейнетақы алушыларға, еңбек сіңірген жылдары үшін, отставкадағы судьяларға тиесілігі туралы;

      14) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында жүзеге асырылған, уәкілетті оператор қайтарған біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомалары және инвестициялық портфельді басқарушыны сенімгерлік басқарудан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына зейнетақы жинақтарының қайтарылған сомалары туралы.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.02.2021 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 12.08.2022 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      6. Осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған мәліметтерді беру Келісімге сәйкес электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.02.2021 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. ОАО мен БЖЗҚ-ның ААЖ-лары арасында осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған мәліметтермен алмасу күнделікті негізде жүзеге асырылады.

      8. БЖЗҚ күн сайын ағымдағы Нұр-Сұлтан қаласының ағымдағы күнгі уақыты бойынша 23 сағат 30 минуттан кешіктірмей ОАО ААЖ-ға осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді Келісімде белгіленген форматта жібереді.

      ОАО ААЖ мәліметтер түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ-ға мәліметтерді алғаны туралы электрондық хабарламаны және жіберілген (алынған) мәліметтер бойынша салыстырып тексеру хаттамасын (бұдан әрі – Хаттама) жолдайды.

      ЖТБТ-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жөніндегі мәліметтерді толықтырудан бас тартылған жағдайда Хаттамада бас тарту себебі көрсетіле отырып зейнетақымен қамсыздандыру туралы өзектендірілмеген шарттар бойынша ақпарат қамтылуға тиіс.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.02.2021 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Осы Қағидалардың 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді беру ЖТБТ-ға өзгерістер енгізілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Келісімге сәйкес ОАО ААЖ-дан БЖЗҚ-ға жүзеге асырылады.

      БЖЗҚ салымшының (алушының) дербес деректерінің өзгергені туралы мәліметтерді алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ ААЖ-ға өзгерістер енгізеді.

      Жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ОАО мен БЖЗҚ-ның ААЖ-лары арасында Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнетақы жасына жеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын төлеу үшін өтініш жасамаған адамдар бойынша ОСО ААЖ-да көрсетілген адамдарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдері және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға проактивті қызмет көрсету үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері болуға тиіс.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.02.2021 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді ұсынады.

      11. Осы Қағидалардың 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді ОАО ААЖ-ға беруді БЖЗҚ әр тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен (он бесі) кешіктірмей Келісімде белгіленген форматта жүзеге асырады.

      12. Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес ұсынылған ақпарат негізінде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніне инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасы мен БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма туралы мәліметтерді, соның ішінде ағымдағы жылы Заңның 11-бабы 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толатын және БЖЗҚ-да МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар бойынша ақпаратты қалыптастырады және ОАО-ға ұсынады.

      13. Осы Қағидалардың 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді БЖЗҚ ОАО ААЖ-ға күн сайын Келісімде белгіленген нысанда береді.

      14. Осы Қағидалардың 5-тармағының 6), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларымен белгіленген ОАО ААЖ-мен БЖЗҚ арасындағы мәліметтер алмасу Келісімде белгіленген форматта және мерзімде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.02.2021 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 3 тамыздағы
№ 232 бұйрығына
3-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 202 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 24 қарашада № 9896 болып тіркелген).

      2. "Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 12-ө бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 19 ақпанда № 9167 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 24 ақпанда № 13218 болып тіркелген) 2-тармағы.