Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 505 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 31 тамызда № 15597 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 92-1-бабының 7-тармағына және 93-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      ______________Ж. Асанов

      2017 жылғы 9 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      _________ Қ. Әбдірахманов

      2017 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      __________ К. Мәсімов

      2017 жылғы "___"______

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ____________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы "___" _________

  Қазақстан Респуликасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 505 бұйрығымен бекітілді

Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 92-1-бабының 7-тармағына және 93-бабының 3-тармағына, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) стандарттары мен және ұсынылған тәжірибелеріне сәйкес әзірленді, азаматтық және эксперименттік авиациядағы оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу тәртібін, сонымен қатар авиациялық оқиғалар туралы деректерді ұсыну жүйесіне қойылған талаптарды анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Авиациялық оқиғаны немесе оқиғаны тергеудің жалғыз мақсаты-болашақта авиациялық оқиғалар мен оқиғалардың алдын алу. Бұл қызметтің мақсаты ешкімнің кінәсінің немесе жауапкершілігінің үлесін белгілеу емес.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген азаматтық және эксперименттік авиация әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органы құратын авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) тексереді.

      Осы Қағидалармен белгіленген тізбедегі жекелеген оқыс оқиғалардың түрлерін пайдаланушылар (азаматтық авиация ұйымдары) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйелері шеңберінде дербес тергеп-тексереді. Мұндай тексерулер азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін пайдаланушылар (азаматтық авиация ұйымдары) түпкілікті есепті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органына және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға ұсынады.

      Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі Комиссия жүргізілетін тергеп-тексеру кезінде объективтілік пен бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алады. Тергеп-тексерудің тәуелсіздігі мақсатында авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүдделер қақтығысын болғызбауды ескере отырып қалыптастырылады.

      Комиссияға Халықаралық азаматтық авиация ұйымы туралы конвенцияға 13-қосымшада (бұдан әрі – ИКАО Конвенциясына 13-қосымша) баяндалған стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес тергеп-тексеру жүргізуде тәуелсіздік беріледі.

      Тергеп-тексерулерді ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, басқа да мемлекеттік органдар тарапынан авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның қызметіне араласуға жол берілмейді. Комиссияға авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру кезінде кідіріссіз барлық заттай дәлелдемелерге қол жеткізу ұсынылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Егер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік реестрінде тіркелген азаматтық авиация әуе кемесімен, немесе әуе кемесін пайдаланушы Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасымен болған авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға шет мемлекеттің аумағында болған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарына және ұсыным тәжірибелеріне сәйкес және осы Қағидаларға сай әрекеттерді жүзеге асырады.

      5. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) авиакомпания – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;

      2) ықпал ететін факторлар – іс-қимыл, әрекетсіздік, мән-жайлар, жағдайлар, немесе олардың үйлесуі, жою, алдын алу немесе олардың болмауы, олардың авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың болу ықтималдылығын азайту немесе осы авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның салдарының ауыртпалығын жеңілдету. Ықпал ететін факторларды анықтау, кінә тағайындау немесе әкімшілік, азаматтық немесе қылмыстық жауапкершілікті айқындауды болжамайды.

      3) адамдар өлімі болған авиациялық оқиға (апат) – жолаушылардың немесе экипаж мүшелерінің біреуінің өліміне немесе хабарсыз жоғалып кетуіне әкеп соқтырған авиациялық оқиға.

      Сондай-ақ, әуе кемесінен адамдарды авариялық эвакуациялау кезінде оның бортында болған адамдардың біреуінің қаза болуы да апатқа жатады;

      4) адам шығынынсыз болған авиациялық оқиға (авария) – адам шығынынсыз болған немесе жолаушылардың немесе экипаж мүшелерінің біреуінің жоғалуына әкеп соқтырмаған авиациялық оқиға;

      5) азаматтық (эксперименттік) авиациядағы авиациялық оқиға – азаматтық әуе кемесін ұшу мақсатында пайдаланумен байланысты, ұшқыш басқаратын әуе кемесі жағдайында қандай да бір адам ұшу ниетімен бортқа кірген кезден бастап ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдар әуе кемесін тастап шыққан кезге дейін орын алған немесе ұшқышсыз әуе кемесінде әуе кемесі ұшу мақсатында қозғалуға дайын болған кезден бастап ұшуды аяқтап тоқтағанға және негізгі күш қондырғысын ажыратқанға дейін орын алған және оның барысында:

      дене жарақатын табиғи себептер нәтижесінде алған, өзін-өзі жарақаттаған не басқа адамдар жарақаттаған немесе әдетте жолаушылар мен экипаж мүшелерінің кіруіне болатын аймақтан тыс жерде жасырынып қалған билетсіз жолаушы дене жарақатын салған жағдайларды қоспағанда, қандай да бір адамның осы әуе кемесінде болуы нәтижесінде өлімге әкеп соқтырған дене жарақатын алғанда

      әуе кемесінің құрастырылымы бұзылған немесе бүлінген болса, оның нәтижесінде құрастырылым беріктігі бұзылады, әуе кемесінің техникалық немесе ұшу сипаттамалары нашарласа, әуе кемесінің зардап шеккен элементі күрделі жөндеуді немесе ауыстыруды талап етеді, мына жағдайларды қоспағанда:

      бір ғана қозғалтқыш, оның капоттары немесе оның қосалқы агрегаттары бүлінген кездегі қозғалтқыштың істен шыққан немесе зақымданған;

      тек қана әуе бұрандалары, күш түсетін бұрандалардың қалақтары, соңғы жағындағы бұранданың қалақтары, планердің күш түспейтін элементтері, ағыстатқыштар, қанатының ұштары, антенналар, датчиктер, қалақтар, пневматикалар, тежегіш құрылғылар, алдыңғы әйнектері, доңғалақтары зақымданған немесе шассилері, шассилердің ашылатын панельдері болымсыз зақымданған не қаптамада аздаған майысқан жерлер немесе ойықтар болған, оның ішінде бұршақтың немесе құстармен соқтығысудың салдарынан (радиолакатор антеннасының ағыстатқышындағы ойықтарды қоса алғанда) аздаған зақымданған;

      әуе кемесі хабарсыз жоғалып кеткен немесе оған бару мүлдем мүмкін болмайтын жерде болған авиациялық оқиға;

      6) азаматтық авиация ұйымы – азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7-1) авиациялық оқиға – әуе кемесін пайдалануға, кез келген кезеңде ұшуды қамтамасыз етуге және орындауға, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуге немесе оны сақтауға байланысты кез келген оқиға;

      8) ауыр дене жарақаты – оқиға кезінде адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықта зиян келтірілуі, сондай-ақ салдары бойынша адам өмірі үшін қауіпті емес денсаулыққа ауыр болып табылатын зиян келтіріледі, және ол:

      жарақат алған сәттен бастап жеті күн ішінде 48 сағаттан асатын уақытқа госпитальге жатқызу қажеттілігін талап ететін;

      кез келген сүйегінің сынуына (қол, аяқ саусақтарының немесе мұрнының сынуын есептемегенде), ірі буын және омыртқа шеттерінің сынуына және жұмсақ еттерінің езіліп кетуіне әкелген;

      қатты қан кетуіне, биологиялық тамырының үзіліп кетуіне, жүйке тамырының, бұлшық еттері мен сіңірінің үзілуіне байланысты;

      кез келген ішкі органының бұзылуына;

      денесінің немесе сыртқы тыныс алу жолдары терісінің 5%-дан аса күйіп кеткен кез келген жері термиялық, химиялық және басқа да екінші және үшінші дәрежелі күйік алуымен;

      инфекциялық, уландыру заттарының немесе радиацияның әсер ету фактілерінің расталуымен байланысты;

      9) әзірлеушінің мемлекеті – әуе кемесі үлгісінің конструкциясы үшін жауапты ұйымға қатысты заңды құзыры бар мемлекет;

      10) әуе кемесі – жер (су) бетінен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын аппарат;

      11) әуе кемесiнiң ұшуы – әуе кемесінің ұшып көтерiлу кезіндегі екпін алудан (тiк ұшып көтерiлген кезде жер немесе су бетiнен ажыраудан) бастап жүру аяқталғанға (ұшу-қону жолағын аялдамай босатқанға дейін) немесе тiк қонған кезде жер (су) бетiне жанасқанға дейiн әуе кемесiнiң жер (су) бетiмен және әуе кеңiстiгiнде қозғалуы;

      12) әуе кемесінің ең жоғары сертификатталған ұшып көтерілу массасы – азаматтық әуе кемесін ұшуға пайдалану бойынша нұсқаулықта немесе сертификатта көрсетілген әуе кемесінің ең жоғары рұқсат берілген ұшып көтерілу массасы;

      13) борттық өзін-өзі жазғыш (FDR, CVR) – авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тергеп-тексеруді жүргізу үшін қосымша дереккөз, мәліметтер ретінде әуе кемесінің бортында орнатылатын кез келген өзін-өзі жазатын аспап;

      14) елеулі авиациялық оқыс оқиға – әуе кемесінің пайдалану барысында авиациялық оқиғаның жоғары ықтималмен болуы, ұшқыш басқаратын әуе кемесі жағдайында қандай да бір адам ұшу ниетімен бортқа кірген кезден бастап ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдар әуе кемесін тастап шыққан кезге дейін орын алған немесе ұшқышсыз әуе кемесінде әуе кемесі ұшу мақсатында қозғалуға дайын болған кезден бастап ұшуды аяқтап тоқтағанға және негізгі күш қондырғысын ажыратқанға дейін орын алған және оның барысында болған жағдай;

      15) жасаушы мемлекет – әуе кемесін түпкілікті жинау үшін жауапты ұйымға қатысты заңды құзыры бар мемлекет;

      16) оқыс оқиға - ұшу кемесін пайдалануға байланысты және оның қауіпсіздік пайдалануына әсерін тигізетін авиациалық оқиғаға қатысы жоқ оқиға;

      17) қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыным - тергеп-тексеру барысында алынған ақпарат негізінде авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды алдын алу мақсаттында жасалған тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органның ұсынымы, ол ешқандай жағдайда авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға үшін кінәсін немесе жауапкершілігін анықтауды мақсат етпейді;

      18) кеңесші – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы мемлекеттің уәкілетті өкіліне көмек көрсету үшін онда тиісті біліктіліктің болуына байланысты тағайындайтын адам;

      19) оқиға орнының мемлекеті – аумағында авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға болған мемлекет;

      20) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерiн пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерiн ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

      21) пайдаланушының мемлекеті – пайдаланушының негізгі қызмет орны орналасқан мемлекет немесе егер пайдаланушының ондай қызмет орны болмаса, оның тұрақты болатын орны;

      22) себептері – авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға әкелетін іс-қимылдар, әрекетсіздік, мән-жайлар, жағдайлар немесе олардың үйлесуі. Себептерді анықтау кінә тағайындау немесе әкімшілік, азаматтық және қылмыстық жауапкершілікті белгілеуді болжамайды;

      23) тергеп-тексеру – авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында жүргізілетін процес, ол авиациялық оқиғалардың немесе оқыс оқиғалардың болу себептерін және/немесе ілеспе факторларын анықтауды қоса алғанда, ақпарат жинауды және талдауды, қорытынды дайындауды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеуді қамтиды;

      23-1) ADREP (Accident/Incident data reporting) таксономиясы – авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді ұсыну бойынша ИКАО жүйесінің бөлігі болып табылатын авиациялық оқиғаларды жіктеу жүйесі, осы оқиғалар бойынша ұшу қауіпсіздігі саласындағы үрдістерді талдауға мүмкіндік беретін атрибуттар мен олармен байланысты мәндер жиынтығы;

      24) тергеп-тексерудің қырдағы кезеңі – Комиссияның авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға орнында жұмысты бастаған сәттен бастап оқиға немсе оқыс оқиға орнында жұмыстарды тоқтатқанға дейінгі уақыт кезеңі;

      25) тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу сұрақтары бойынша қызметтерін атқаратын құрылымдық бөлімше;

      26) тіркеу мемлекеті – тізіліміне әуе кемесі кіргізілген мемлекет;

      27) тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті тұлға – тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органның авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамындағы азаматтық авиация саласындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және өткізу тапсырылатын бастапқы дайындықтан өткен лауазымды тұлға;

      28) уәкілетті өкіл – өзге мемлекет жүргізетін тергеп-тексеруге қатысу үшін тиісті біліктілігінің болуына байланысты тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган тағайындаған тұлға;

      29) фактологиялық хаттама – тергеу барысында анықталған фактілер, шарттар мен мән-жайлар баяндалған растайтын құжаттар мен хаттамалардың жиынтығы.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-бөлім. Азаматтық және экспериментальдық авиациядағы авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі

1-параграф. Авиациялық оқиға туралы хабар беру

      6. Әуе қозғалысына қызмет көрсететін органдар, экипажбен радиобайланыс үзілген немесе радиолокатор экранында әуе кемесі белгісі жоғалған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы хабар беру схемасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация Комитетіне (бұдан әрі - Комитет) болған жағдай жөнінде хабарлайды.

      7. Авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесін пайдаланушы 24 сағаттан кешіктірмей авиациялық оқиғалар туралы деректерді міндетті түрде ұсыну жүйесі арқылы Комитетке және тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға хабарлама жібереді.

      Хабарламада:

      1) авиациялық оқиғаның түрі туралы;

      2) авиациялық оқиғаның жіктелуі (ИКАО adrep таксономиясына сәйкес);

      3) әуе кемесін жасаушысы, моделі, мақсаты, ұлттық және тіркеу белгілері және сериялық нөмірі туралы;

      4) әуе кемесінің ең жоғары ұшу салмағы туралы;

      5) авиациялық оқиға кезіндегі метеожағдай туралы;

      6) әуе кемесі иесінің, пайдаланушының және/немесе жалға алушының атауы туралы;

      7) әуе кемесі командирінің және экипаж мүшелерінің тегі;

      8) әуе кемесі командирінің біліктілігі және экипаж мүшелері мен жолаушылардың азаматтығы туралы;

      9) авиациялық оқиға болған күні мен уақыты (жергілікті уақыт немесе дүниежүзілік үйлестірілген уақыт (бұдан әрі – UTC) туралы;

      10) әуе кемесінің жөнелтілген соңғы нүктесі мен белгіленген қону нүктесі;

      11) әуе кемесінің кандай да бір тез анықтауға болатын географиялық пунктідегі, ендіктегі және бойлықтағы тұрған жері;

      12) экипаж мүшелері мен жолаушылар саны – бортта қаза тапқандардың және ауыр жарақат алғандардың саны;

      13) жерде ауыр дене жарақатын алған экипаж мүшелері мен жолаушылар саны;

      14) авиациялық оқиға сипаттамасы және қаншалықты белгілі екеніне байланысты әуе кемесінің зақымдану белгілері;

      15) авиациялық оқиға болған ауданның физикалық сипаттамалары, сондай-ақ оқиға болған жерге жету қиындықтар немесе оқиға орнына жетуге қатысты арнайы талаптар туралы ақпарат;

      16) әуе кемесінің бортындағы қауіпті заттардың болуы және олардың сипаттамасы туралы ақпарат қамтылған.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган авиациялық оқиға туралы аз уақыттың ішінде ең ыңғайлы және жылдам байланыс түрі арқылы:

      1) тіркеу мемлекетіне;

      2) пайдаланушының мемлекетіне;

      3) әзірлеушінің мемлекетіне;

      4) жасаушының мемлекетіне;

      5) халықаралық азаматтық авиация ұйымына, егер әуе кемесінің ең жоғары салмағы 2250 кг-нан асатын болса немесе әуе кеме турбореактивті ұшақ болып табылса;

      6) мемлекетаралық авиациялық комитетке, егер Қазақстан Республикасы оқиға орны болған мемлекет ретінде оқиға туралы ақпараттан хабардар болмаса, сәйкесінше тіркеу мемлекеті немесе пайдаланушының мемлекеті болған оқиға туралы әзірлеушінің мемекетіне, жасаушының мемлекетіне және оқиға болған мемлекетке хабарлама жолдайды.

      9. Қазақстан Республикасының аумағында шет ел мемлекетінің әуе кемесімен болған авиациялық оқиға кезінде, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесін пайдаланушының өкілділігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігіне (бұдан әрі – СІМ) хабарлайды, ол тіркеу мемлекеті мен пайдаланушы мемлекетіне дипломатиялық жолдар арқылы хабарлайды.

      10. Шет мемлекеттің аумағында орын алған Қазақстан Республикасының әуе кемесімен болған авиациялық оқиға туралы хабарламаны ИКАО Конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес оқиға болған мемлекеттің авиациялық билігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетел мекемелері арқылы әуе кемесін пайдаланушының өкілділігі (иесі) хабардар етеді.

      11. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қаза тапқандар немесе ауыр дене жарақатын алғандар арасында сол мемлекеттің азаматтарының бар екендігіне ерекше қызығушылық танытқан мемлекеттерге хабарлайды, сондай-ақ осы мемлекеттерге тергеп-тексеруге қатысуға және көмек көрсетуге құқығы бола алатын сараптаушыларды тағайындауға рұқсат береді.

      Егер ақпаратты біршама кешіктіруге әкеп соқпайтын болса, хабарлама қабылдаушы (лар) пайдаланатын тілді ескере отырып, ИКАО жұмыс тілдерінің бірінде жасалады.

2-параграф. Авиациялық оқиғаларға тергеп-тексеруді ұйымдастыру

      12. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру Комиссияға жүктеледі;

      13. Комиссия құрамын қалыптастыру үшін тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган азаматтық авиацияның ұйымдарына және мемлекеттік органдарға сұрау салады, олар сұрауды алған сәттен бастап, үш тәулік ішінде Комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатураларды ұсынады.

      14. Тергеп-тексерудің қырдағы кезеңінде жұмыстардың басталуынан оның аяқталу сәтіне дейін және нақты ақпараттарды жинау кезінде Комиссия өзінің әрекеттерін Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігімен ( бұдан әрі - ҚР ІІМ ) өкілдерімен үйлестіреді.

      15. Комиссия мүшелері:

      1) әуе кемесінің авиациялық оқиға болған жеріне және оның сынықтарына (фрагменттеріне) кедергісіз кіруге және оларды бақылауға;

      2) авиациялық оқиғадан кейін әуе кемесін, оның құрамды бөліктерін, мүліктің тиесілігіне қарамастан, апатқа ұшыраған әуе кемесінің бортындағы мүлікті, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшуларын қамтамасыз ететін құралдар мен объектілерді тергеп-тексеруге;

      3) ғылым және техника салаларында тиісті білімді талап ететін міндеттерді шешу үшін олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйым қызметкерлерін тартуға;

      4) авиациялық оқиғаны көрген, авиациялық оқиғаға қатысы бар немесе қатысы болуы мүмкін адамдардан жауап алуға, құқық қорғау органдарынан қажетті ақпаратты алуға;

      5) авиациялық оқиға болған әуе кемесін әзірлеуге, сынақтан өткізуге, өндіруге, пайдалануға және жөндеуге, сондай-ақ авиациялық персонал қатарынан адамдарды дайындауға, әуе қозғалысын ұйымдастыруға, әуе кемелерінің ұшуларын орындауға және қамтамасыз етуге қатысты барлық мәселелерді зерттеуге;

      6) ұшу деректерін борттық тіркеу құрылғысының (бұдан әрі – БТҚ) жазуын оқуға және мағынасын ашуға қатысуға;

      7) авиациялық оқиғаға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

      8) әуе кемесімен авиациялық оқиға болғаннан кейін әуе кемесі экипажы мүшелерінің, сондай-ақ авиациялық персонал қатарынан тиісті адамдардың психофизиологиялық жай-күйіне зерттеу жүргізуге құқығы бар.

      Тергеп-тексеру процесін орындаумен байланысы жоқ тұлғаларға БТҚ жазбасын оқуға және мағынасын ашуға жіберілмейді, сондай-ақ БТҚ жазбасындағы ақпаратты авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге қатысты емес мақсатта пайдалануға жол берілмейді.

      Комиссия мүшелерінің өкілеттіктері осы Қағиданың 1-қосымшасында баяндалған.

      16. Шет мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесімен болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруді оқиға болған мемлекеттің тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органы сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізеді. ИКАО конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы тергеп-тексеруге қатысу үшін өзінің уәкілетті өкілін тағайындайды. Уәкілетті өкілге көмекші ретінде кеңесші (кеңесшілер) тағайындалуы мүмкін.

      17. Тергеп-тексеруге тартылатын мамандар тобының дербес құрамы туралы шешім қабылдау үшін ҚР СІМ арқылы авиациялық оқиға болған мемлекетке тиісті хабарлама жіберіледі.

      18. Оқиға болған мемлекеттегі әуе кемесін пайдаланушы (иесі) тергеп-тексеру жөніндегі мамандар тобына жан-жақты, оның ішінде көлікпен, байланыспен, жұмыс істеу және демалу бөлмелерімен, тамақтандырумен қамтамасыз етуге көмек көрсетеді.

      19. Уәкілетті өкілдер мен кеңесшілер оқиға болған мемлекеттің Комиссия төрағасының келісімі бойынша:

      1) авиациялық оқиға болған жерге барады;

      2) әуе кемесін немесе оның бөлшектерін тексеріп қарайды;

      3) куәгерлерден жауаптары қамтылған ақпаратты алады және оларға сұрақ қою тақырыптарын ұсынады;

      4) іске қатысты заттай айғақтарға қол жеткізеді;

      5) іске қатысты құжаттарды алады;

      6) ұшу ақпаратының жазбаларын оқуға қатысады;

      7) тергеп-тексеру мақсатында агрегаттарды тергеп-тексеру және зерттеу, техникалық консультацияларды, сынақтарды жүргізу және модель үлгілерін жасау сияқты авиациялық оқиға болған жерден тыс жерлерде болатын тергеп-тексеру іс-шараларына қатысады;

      8) тергеп-тексеру барысы, соның ішінде ақпаратты талдаумен, қорытындылар мен себептерді қалыптастырумен әсер ететін факторлармен және қауіпсіздік жөніндегі ұсынымдармен байланысты талқылаулар туралы кеңестерге қатысады;

      9) тергеп-тексерудің әртүрлі аспектілеріне қатысты өтініштер жасайды.

      20. Уәкілетті өкіл және оның кеңесшілері тергеп-тексеруді жүргізіп отырған мемлекетке өздеріндегі барлық тиісті ақпаратты береді және тергеп-тексеру барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты тергеп-тексеруді жүргізіп жатқан мемлекеттің келісімінсіз тарата алмайды.

      21. Егер әуе хабарламасы туралы үкіметаралық келісімде авиациялық оқиғаны тергеп-тексерудің басқа ережелері белгіленсе, онда келісімде көрсетілген ережелер қолданылады.

      22. Уағдаласушы мемлекет болып табылмайтын шет мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасының әуе кемесімен авиациялық оқиға болған жағдайда, ондай мемлекет өзара келісім бойынша тергеп-тексеру жүргізуді Қазақстан Республикасына толық немесе жартылай тапсыруы мүмкін. Қазақстан Республикасы өзінің тергеп-тексеруге қатысатыны жөнінде аталған мемлекетке растау құжатын жібереді. Тергеп-тексеру осы Қағидаға сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте оқиға болған мемлекет тергеп-тексеру жүргізуге көмек көрсету үшін барлық құралдарды пайдаланады.

      23. Егер Қазақстан Республикасының әуе кемесімен болған авиациялық оқиғаның қай мемлекеттің аумағында екенін нақты анықтау мүмкін болмаса, мұндай жағдайда Қазақстан Республикасы авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруді өзі жүргізеді немесе өзара уағдаластық бойынша тергеп-тексеру жүргізуді толық немесе жартылай басқа мемлекетке тапсыруы мүмкін.

      24. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттің азаматтық әуе кемесімен болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруді осы Қағидаға сәйкес Қазақстан Республикасының тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органы немесе екеуаралық келісіммен әуе кемені тіркеуші мемлекетпен ( пайдаланушы) бірге жүргізеді.

      25. Әуе кемесін тіркеген, пайдаланған, әзірлеген, жасаған мемлекеттер тергеп-тексеруге қатысу үшін өздерінің уәкілетті өкілдерін және кеңесшілерін тағайындай алады.

      Басқа мүдделі мемлекеттер тергеп-тексеруге қатысу үшін сарапшыларды тағайындай алады. Шет мемлекеттердің уәкілетті өкілдері, олардың кеңесшілері және сарапшылар, әдетте, комиссияның құрамына кірмейді.

      26. Қазақстан Республикасы авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруді әуе кемесін пайдаланушы мемлекетке немесе әуе кемесін тіркеуші мемлекетке тапсыра алады. Осындай жағдайда, Қазақстан Республикасы тергеп-тексеруге қатысатын өзінің уәкілетті өкілін тағайындайды.

      27. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган қажет болған жағдайда тергеуге қатысу үшін мамандарды жіберуді, сондай-ақ объективті бақылау құралдарын (FDR, CVR) қолдануды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қоса алғанда, тергеп-тексеруге көмек көрсету өтінішімен Мемлекетаралық авиациялық комитетке (МАК) немесе кез келген мемлекетке жүгінеді.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27-1. Адам құрбандарымен болған авиациялық оқиғаларды тергеу кезінде тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган тергеу жүргізуді толық немесе ішінара МАК-қа тапсырады. Бұл ретте МАК ұлттық заңнама негізінде адам құрбандарымен болған авиациялық оқиғаға тергеу жүргізеді, ал тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган тергеуге қатысу үшін өзінің уәкілетті өкілін тағайындайды.

      Ескерту. Қағида 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Егер тіркеуші, пайдаланушы, әзірлеуші немесе жасаушы мемлекеттерден мемлекеттің уәкілетті өкілі тексеріп, қарағанға дейін әуе кемесіне тиіспеу туралы өтініш келіп түссе, онда осы өтінішті орындау үшін мүмкіндігінше барлық ықтимал шаралар қабылданады.

      29. Қосымша мәліметтерді, жабдықты алу немесе сарапшыларды тарту қажеттілігі кезінде тергеп-тексеруді тағайындаған орган тергеп-тексеруді қамтамасыз ету үшін кез келген мемлекетке осындай мәліметтерді, жабдықты немесе сарапшыларды жіберу туралы тиісті сұрау жібереді.

      Сұрау бойынша мәліметтерді, жабдықты немесе сарапшыларды жіберетін мемлекет авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге қатысу үшін өзінің уәкілетті өкілін тағайындай алады. Егер мемлекет тіркеуші, пайдаланушы, әзірлеуші, жасаушы мемлекет болып табылмаса, ондай мемлекеттің уәкілетті өкілінің немесе сарапшыларының тергеп-тексеруге қатысу дәрежесі олар тергеп-тексеруге тартылған мәселелермен ғана шектеледі. Әрбір жеке оқиға бойынша өкілдердің қатысу дәрежесін Комиссия төрағасы белгілейді.

      30. Егер шет мемлекет аумағында болған авиациялық оқиға кезінде қаза болғандардың немесе ауыр дене жарақаттарын алғандардың ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге қатысу үшін Комиссия төрағасының рұқсатымен уәкілетті болатын сарапшыны тағайындайды, ол:

      1) авиациялық оқиға болған жерге баруға;

      2) тергеп-тексеру жүргізіп отырған мемлекеттің жариялауы үшін бекітілген тиісті ақпаратқа және тергеп-тексеру барысы туралы ақпаратқа қол жеткізуге;

      3) түпкілікті есептің данасын алуға өкілетті.

      31. Авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесін пайдаланушы (иесі) және оқиға болған жердің азаматтық авиация ұйымы авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге қатысады және Комиссияның жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті (әкімдер) атқарушы органдармен іс-қимылды үйлестіруді жүзеге асырады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, жеке және заңды тұлғалар Комиссияға жан-жақты көмек көрсетеді.

      32. Комиссия құрылған сәттен бастап авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті есепті бекіту күніне дейінгі адам құрбанысыз болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ұзақтығы, әдетте, егер қосымша зерттеулер қажет болмаса, 12 айдан аспайды, егер қосымша зерттеулер қажет болмаса, адам құрбаны болған авиациялық оқиға 36 айдан аспайды.

      Егер авиациялық техниканы зерттеуді және сынақтан өткізуді жүргізу тергеп-тексеру үшін белгіленген мерзімі ішінде мүмкін болмаса, Комиссия төрағасының өтініші бойынша тергеп-тексеру мерзімі мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен зерттеу жүргізуді аяқталғанға дейін ұзартылады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге, сондай-ақ тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның сұрау салуы бойынша мамандарды іссапарға жіберуге байланысты барлық жұмыстарды әуе кемесінің пайдаланушысы (иесі) қаржыландырады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Әуе кемесін пайдаланушы (иесі) тергеп-тексеруге тартылған Комиссия мүшелеріне авиациялық оқиға болған жерде жұмыс жүргізу үшін барлық қажетті жағдайларды өтеусіз жасайды.

      Ғылыми зерттеу, конструкторлық, жөндеу және өнеркәсіптік ұйымдар жүргізетін авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге байланысты зерттеулер мен сынақтарды осы ұйымдар қаржыландырады, кейіннен олардың шығындарын әуе кемесін пайдаланушы (иесі) өтейді.

      35. Комиссия мүшелері, қазақстандық авиакомпаниялардың әуе кемелерін пайдалану кезінде, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, авиациялық оқиғалар немесе инцеденттерді тергеп-тексеру жүргізуге бұйрықтың көшірмесін және іссапар куәлігін ұсынғаннан кейін, не ерекше жағдайларда тергеп-тексеруге уәкілеттінің қызметтік куәлігін немесе сервистік билет көрсеткеннен кейін әуе кемесінің кабинасында немесе салонында болу құқығы беріліп, ұшуға тапсырмаға енгізіледі.

3-параграф. Авиациялық оқиға кезіндегі лауазымды адамдардың іс-қимыл жасау тәртібі

      36. Авиациялық оқиға болған сәттен бастап және Комиссия келгенге дейін авиациялық оқиға болған аумақта және ауданда азаматтық авиация ұйымының басшысы, ал ол келгенге дейін әуе кемесі командирі авиациялық оқиға орнында алғашқы әрекеттерді жүргізеді.

      37. Апатқа ұшыраған әуе кемесі экипажының мүшелері, жергілікті атқарушы органдар (әкім), жеке және заңды тұлғалар Комиссия келгенге дейін әуе кемесінің, оның құрамдас бөлшектері мен сынықтарының, объективті бақылаудың борттық және жер үсті құралдарының, осы әуе кемесінің бортындағы заттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық ықтимал шараларды қабылдайды.

      38. Авиациялық оқиға болған жағдайда әуе кемесінің командирі экипаж мүшелерімен бірлесіп әуе кемесін ұшуға пайдалану, жолаушыларды эвакуациялау және өртті сөндіру жөніндегі нұсқауда қарастырылған іс-әрекеттерді орындайды. Әуе кемесінде жанудың болмауына көзі жеткізгеннен кейін авиациялық оқиға болған аумаққа жауапты өкіл келгенге дейін әуе кемесінің командирі:

      1) әуе кемесiн дереу толық тоқсыздандыруға (егер бұл эвакуация жүргiзуге кедергi келтiрмесе) және ұшу деректерi мен борттық өздігінен жазатын құралдардың сөндiрiлгенiне көзiн жеткiзуге; 

      2) экипаж және борттық өздігінен жазатын құралдардың кабинасындағы басқару пульттерiне тиіспеуді қамтамасыз етуге;

      3) әуе кемесiнiң бортындағы коммерциялық тиеуге және басқа да заттарға тиіспеуін қамтамасыз етуге;

      4) отын, май мен басқа да сұйықтықтарды төгіп тастауға тыйым салуға;

      5) есiктердi, люктерді, капоттарды жабуға және мүмкiндiгiнше, пломбалап қоюға;

      6) әуе кемесi мен оқиға болған жерге күзет ұйымдастыруға;

      7) болған жағдай туралы жақын маңдағы азаматтық авиация ұйымын мүмкiндігінше тезiрек хабардар ету үшiн барлық мүмкін шараларды қолдануға мiндеттi.

      Егер әуе кемесінің командирі денсаулық жағдайына байланысты өз міндеттерін орындай алмаса осы іс-әрекеттерді экипаж мүшесі болып табылатын екінші пилот жүзеге асырады.

      39. Азаматтық авиация ұйымының басшысы авиациялық оқиға болған жерге келгеннен кейін әуе кемесінің, оның ішіндегі заттар мен оқиға болған жердегі заттай айғақтардың одан әрі сақталуын ҚР ІІМ және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен өзара іс-әрекетте қамтамасыз етеді:

      1) жолаушыларды және экипаж мүшелерін құтқару, өрт сөндіру (немесе оны болдырмау), заттай айғақтарды сақтау жөнінде қосымша шараларды қабылдау қажеттілігін белгілейді;

      2) қажет болған жағдайда өзара іс-қимыл жасайтын ведомстволарды тартып, іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастырады;

      3) ҚР ІІМ өкілдерімен, қажет болған жағдайда осы ауданда орналасқан әскери бөлімдермен бірлесіп, авиациялық оқиға болған орынды күзетуді ұйымдастырады, әуе кемесіне және оның ішіндегі заттарға тиіспеуді (сынықтар астынан зардап шеккендерді алып шығу қажет болған жағдайларды есептемегенде) қамтамасыз етіп, авиациялық оқиға болған жерге бөтен адамдардың қол жеткізуін болдырмау үшін шаралар қабылдайды;

      4) қаза болғандардың сүйектерін фотосуретке түсіргеннен кейін және әуе кемесінің негізгі бөліктеріне қатысты сызба жасалғаннан кейін, сонымен қатар сынықтардың бөлшектенуін және зақымдануын мүмкіндігінше болдырмай, қажеттілігіне қарай эвакуациялау туралы нұсқау береді;

      5) экипаж және қажет болған жағдайда әуе қозғалысы қызметі диспетчерлері және авиация персоналының басқа да адамдары денсаулығының жай-күйіне медициналық бақылау жүргізуді ұйымдастырады;

      6) экипаж мүшелерінен және ұшуды дайындауға және қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардан түсініктеме жазбаларды алады;

      7) оқиға болған жердің аумағынан борттық өздігінен жазатын құралдарды және әуе кемесінің сынықтарын іздеуді ұйымдастырады және табылған жағдайда олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      8) оқиға болған жерден табылған әуе кемесінің құжаттарын және борттық өздігінен жазатын құралдарды сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдайды. Егер борттық өздігінен жазатын құралдар ащы сұйықтың немесе жанып жатқан оттың ішінде жатса, оларды жедел алып шығып, ақпаратты сақтап қалу шараларын қабылдап, алып шыққаны жөнінде және оның сыртқы жай-күйі туралы акт жасалады. Басқа жағдайларда өздігінен жазатын құралдарды алып шығуға тыйым салынады;

      9) авиациялық оқиғаның куәгерлерлін табуды, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыратын адамдарды, Комиссияға және құқық қорғау органдарына ұсыну үшін олардың тізімдерін дайындауды қамтамасыз етеді;

      10) ұшу, техникалық және диспетчерлік құжаттарды алуды ұйымдастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      11) сыртқы ортаның әсерінен (әуе кемесінің капотында мұздың қатып қалуы, әуе кемесінің үстіндегі күйе, әуе кемесінің жүруіне тән іздері, ұшу-қону жолағы іздер және т.б.) жоғалып кетуі мүмкін белгілерді құжат ретінде (фотосуретке түсіру, бейнежазба немесе сызба жасау жолымен) белгілеуі ұйымдастырады;

      12) авиациялық оқиға болған жердің жоспарын алдын ала жасайды;

      13) ауа райын кезектен тыс бақылауды ұйымдастырады, ал егер авиациялық оқиға әуеайлақтан тыс жерде болса жақын орналасқан метеостанциялардан метеодеректер жинауды қамтамасыз етеді;

      14) қажет болған жағдайда, авиациялық оқиға болған жерде радиологиялық, химиялық және бактериологиялық бақылауды жүргізуді үйлестіреді;

      15) авиациялық оқиға болған әуе кемесінің отын құятын ыдысына (отын құйғыш) отын құюды тоқтату және ыдысты белгі қойып, жауып тастау туралы нұсқау береді;

      16) құпия белгісі бар арнайы жабдықтың және әуе кемесінің бортындағы ұшу құжатының сақталуын қамтамасыз етеді;

      17) радиотехникалық құралдардың, ұшу кітапшаларының, экипаж мүшелерінің ұшу кезіндегі істері және медициналық кітапшаларының, әуе кемелері формулярларының, қозғалтқыштар мен агрегаттардың, ақаулық ведомостарының және техникалық қызмет көрсету аспаптардың, әуе кемесін ұшуға дайындаған кезде немесе ұшу алдында кемшіліктерді жою үшін пайдаланылған бақылау аппаратурасының, ұшу алаңын сипаттайтын құжаттардың жұмыс уақытын, құйылған жанар-жағар материалдардың саны мен сапасын, оқиға болған ауданның, әуеайлақтың және ұшу бағытының метеожағдайын сипаттайтын метеорологиялық құжаттарды объективті бақылау және есепке алу жазбаларын алуды және белгілеуді ұйымдастырады;

      18) оқиға болған кезге жақын, оқиға болар алдында авиациялық оқиға болған ауданда ұшуды орындаған әуе кемелерінің борттық нөмірлерін белгілейді және тергеп-тексеру барысында одан әрі пайдалану үшін осы әуе кемелерінің бақылауын өздігінен жазатын борттық құралдардағы ақпаратты сақтау үшін шаралар қабылдайды;

      19) қажет болған жағдайда, құқық қорғау органдарының және тергеп-тексеру бойынша уәкілетті органның келісімі бойынша бұзылған әуе кемесінің орнын ауыстырады. Егер әуе кемесі темір жолға, тас жолға, су магистральына немесе әуеайлаққа құласа және көлік немесе ұшу қозғалысына кедергі келтірсе ғана Комиссия келгенге дейін орнын ауыстыруға рұқсат етіледі. Ауыстыру барысында әуе кемесін (оның сынықтарын) оқиға болған жердегі қалпында сақтау үшін шаралар қолданылады. Мұндай жағдайларда ауыстырғанға дейін әуе кемесінің немесе оның сынықтарының орналасуы мен жағдайы болжамды және деректі фотосуретке немесе бейнежазбаға жердегі қалпын түсіру, қажет болса аспаннан жан-жақты түсіру жолымен белгіленеді, әуе кемесінің немесе оның сынықтарының жалпы жағдайы және орналасу қалпы, жермен соқтығысу (жер үстіндегі кедергілермен) бұрышы көрсетілген оқиға болған жерді тергеп-тексеру актісі жасалады, экипаж кабинасында аспаптардың көрсеткіштері, жағып-сөндіргіштердің, басқару тұтқаларының қалпы видеожазба көмегімен суретке түсіріледі немесе тіркеледі, кабинаны тергеп-тексеру актісі жасалады;

      20) әуе кемесін ұшуға дайындайтын, ұшуды қамтамасыз ететін және әуе қозғалысын басқаратын жердегі қызметтің қызметкерлерін, әуе кемесінің экипажын өз міндеттерін орындаудан босату бойынша шаралар қолданады. Аталған тұлғаларға Комиссия төрағасының келісімі бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімімен міндеттерін орындауға рұқсат етіледі;

      21) әуе қозғалысын басқару органы, әуе кемесі соңғы рет ұшып шыққан жердегі әуеайлақ қызметі әуе кемесінің ұшуын орындау және қамтамасыз ету бойынша авиациялық оқиға болар алдындағы ақпараттардың және тиесілі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, авиациялық оқиғаның фактілері туралы әуе кемесінің иесіне (пайдаланушыға) әуе кемесінің ұшу бағыты жөнінде ақпарат береді;

      22) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, зардап шеккендерге және олардың туысқандарына көмек көрсететін топ және Комиссия жұмысын қамтамасыз ететін топ құрады.

      Авиациялық оқиға барысындағы лауазымды адамдардың бастапқы әрекеттері нәтижесінде алынған барлық материалдар Комиссияға тапсырылады.

      40. Жердегі және борттағы магнитофондарды ашу және тыңдау, сондай-ақ борттық өздігінен жазатын құралдардың жазуын ашу және тергеп-тексеру Комиссия төрағасының шешімі бойынша жүргізіледі.

      41. Әуе кемесін пайдаланушылардың (иесінің), апатқа ұшыраған әуе кемесін әзірлеуші, жасаушы ұйымдардың, жөндеуді орындаған ұйымның, әуе қозғалысын басқаруды жүзеге асырған, техникалық және әуеайлақтық қызмет көрсекен ұйымдар басшылары авиациялық оқиға туралы ақпарат алғаннан кейін аталған әуе кемесін әзірлеуге, сынақтан өткізуге, жасауға, жөндеуге, пайдалануға және ұшуын қамтамасыз етуге қатысты құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

      42. Комиссияның жұмысын қамтамасыз ету үшін тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп отырған азаматтық авиация ұйымының басшысы бұйрықпен материалдық – техникалық қамтамасыз ету тобын тағайындайды, оған:

      1) Комиссияны және тергеп-тексеру бойынша жұмысқа тартылған мамандарды материалдық-техникалық, тұрмыстық және медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      2) жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен Комиссия жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс – қимыл жасау;

      3) жүк алушымен және жүк жіберушімен өзара іс – қимыл жасау;

      4) тергеп-тексеру мақсатында оқиға болған жерден әуе кемесін және оның құрамды бөліктерін эвакуациялау, сондай-ақ Комиссияның тапсырмасы бойынша тиісті ұйымдарға зерттеу үшін авариялық техниканы (құрамды бөліктерін) жөнелту;

      5) Комиссия жұмысын қамтамасыз ету және тергеп-тексеруге байланысты шығындарды өтеу мәселелері бойынша әуе кемесі тиесілі болатын әуе кемесін пайдланушымен (иесімен) өзара іс – қимыл жасау;

      6) әуе кемесін тарату және тергеп-тексерудің даладағы кезеңі аяқталғаннан кейін сақтау үшін техникалық жайларды ұсыну;

      7) азаматтық оқиғаны тергеп-тексеру мүддесінде басқа да жұмыстарды орындау жүктеледі.

4-параграф. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия жұмысының тәртібі

      43. Авиациялық оқиға болған жерге Комиссия келгеннен кейін Комиссия төрағасы – Тексеріс жүргізу бойынша уәкілетті тұлға (бұдан әрі – Төраға) ұйымдастыру отырысын өткізеді, онда комиссия тағайындау туралы бұйрықты оқиды, авиациялық оқиға болған жерде бастапқы әрекет жасайтын лауазымды адамдарды тыңдайды, тергеп-тексерудің бастапқы кезеңіндегі жұмыстардың негізгі бағыттарын белгілейді және қажетті жедел нұсқаулар береді. Комиссия төрағасы тергеп-тексерудің барлық кезеңдерін ұйымдастырады, жүргізеді және бақылайды, барлық тергеп-тексеруге қатысушылардың әрекеттерін үйлестіреді.

      Тексеріс жүргізу бойынша уәкілетті тұлға өзімен бірге осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес төл құжат болуы қажет.

      44. Комиссия төрағасының авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге байланысты мәселелер бойынша нұсқаулары авиациялық тергеп-тексеруге және Комиссия жұмысын қамтамасыз етуге байланысты барлық лауазымдық адамдар үшін орындауға міндетті болып табылады.

      45. Комиссия төрағасының шешімі бойынша жұмыстың негізгі бағыттары бойынша Комиссияның ішінде ұшу, инженерлік-техникалық және штаб құрылады.

      Кіші комиссияларда жұмыс топтары құрылады.

      46. Оқиға болған жердің схемасын (сұлба) жасайтын топ және Комиссия төрағасының шешімі бойынша сұрау жүргізу тобы Комиссия төрағасының шешімі бойынша ұшу және инженерлік – техникалық кіші топтардың құрамдарына кіреді немесе Комиссия төрағасының немесе оның орынбасарының басшылық етуімен жеке жұмыс істейді.

      Авиациялық оқиға болған жердің схемасын (сұлба) құратын топ функциялары осы Қағиданың 3-қосымшасында белгіленген.

      Жүргізу тобының сұрау функциялары және шешімдері осы Қағиданың 4-қосымшасында белгіленген.

      Жүргізу тобының сұрау хаттамасының нысаны осы Қағиданың 5-қосымшасында белгіленген.

      47. Іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарының тобы Комиссия төрағасына тікелей бағынады. Адамдардың қаза болуына байланысты емес жағдайларда, бұл топ әкімшілік кіші комиссияның құрамына енгізілуі мүмкін.

      Іздестіру және авариялық – құтқару жұмыстары тобының функциялары осы Қағиданың 6-қосымшасында белгіленген.

      48. Комиссияда есептеу және талдау тобы құрылады, ол кіші комиссиялардың құрамына кірмейді және Комиссия төрағасына тікелей бағынады.

      Есептеу және талдау тобының функциялары осы Қағидада 7-қосымшада белгіленген.

      49. Тергеп-тексеруге тартылатын мамандар олардың мамандандырылуына қарай кіші комиссиялардың немесе жұмыс топтарының құрамына кіреді немесе жекелеген мәселелер бойынша сарапшылар ретінде пайдаланылады.

      Кіші комиссиялардың құрамын, олардың жұмыс жоспарларын, сондай-ақ жұмыс топтарының құрамын Комиссия төрағасы бекітеді.

      50. Комиссия жұмысы жоспар бойынша жүзеге асырылады, оның жобасы төраға бекіткенге дейін Комиссия отырысында қаралады және талқыланады. Жоспарда Комиссия қызметінің негізгі бағыттары, жұмысты орындау кезегі, зерттеулер, сондай-ақ жұмысты аяқтау мерзімдері көрсетілген жұмыс жүргізуге жауаптылар қарастырылады.

      Бір күннен бірнеше күнге дейінгі кезеңге жасалатын және кіші комиссиялардың төрағалары бекітетін Комиссия жұмысының жоспары кіші комиссиялардың және жұмыс топтарының жедел жоспарларында нақтыланады.

      51. Комиссия жұмысының жоспары бекітілгенге дейін оқиға болған жерде, сырттай тергеп-тексеруді, жоғалып кетуі мүмкін іздерді белгілеуді (мұздардың, күйенің және тағы сол сияқтының болуы, әуе кемесі қозғалысының іздері), жаралыларды және қаза болғандарды эвакуациялауды және борттық өздігінен жазатын құралдарды алуды есептемегенде, қандай да бір жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

      Комиссия және кіші комиссиялар жұмысының жоспары алынған нақты деректерге байланысты тергеп-тексеру барысында түзетіледі және толықтырылады.

      52. Авиациялық техниканың объектілерін зерттеу (олардың жұмыс істеу қалпын тергеп-тексеру), Комиссияның жұмыс орнында эксперимент жасау жұмыстары алдын ала жасалған жоспар (бағдарлама) бойынша жүргізіледі, бұл жоспарларға (бағдарламаларға) тергеп-тексеруге қатысатын тараптардың өкілдері қол қояды, Комиссия төрағасы бекітеді және тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркеледі.

      53. Комиссия отырыстарына пайдаланушының (иесінің), әзірлеушінің, жасаушының, Мемлекетаралық авиациялық комитеттің (МАК), Көлік прокуратурасының, ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК өкілдері қатыса алады.

      Комиссия мүшелері Комиссия төрағасының келісімі бойынша тергеп-тексеруге қатысатын басқа да мамандарды Комиссия отырысына шақыра алады.

      54. Авиациялық оқиға болған жерге келген сәттен бастап үш тәулік ішінде, Комиссия төрағасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға қажет жағдайда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келесі хабарламаны жібереді, онда мынадай ақпарат қамтылуы тиіс:

      1) күні, уақыты (жергілікті және дүниежүзілік үйлестірілген уақыт UTC), оқиғаның орны, түрі, әуе кемесінің үлгісі, оның мемлекеттік және тіркеу айыратын белгілері, тиесілігі, иесі (пайдаланушы) туралы мәліметтер, әуе кемесінің (қозғалтқыштардың) зауыттық нөмірі, әуе кемесін (қозғалтқыштарын) пайдаланудың басынан бастап ұшуы, жөндеулер саны, соңғы рет жөнделген күні мен орны, одан кейінгі ұшулар;

      2) авиациялық оқиға болған сәтке жақын уақыттағы метеожағдайлар (ауа райы, жердегі желдің жылдамдығы мен бағыты, бұлттардың саны, нысаны және биіктігі, қауіпті метеожағдайлардың болуы);

      3) экипаждың құрамы (лауазымдары, тектері, аттары мен әкелерінің аттары), минимум ауа райы, жалпы ұшу сағаты, сонымен қатар осы типтегі әуе кемесіндегі ұшу сағаты (оның ішінде командир ретінде);

      4) ұшу және жеткізу пункті бойынша соңғы әуежайы көрсетілген тапсырмалар сипаты, ұшу бағыты;

      5) борттағы жолаушылар саны және олардың азаматтығы;

      6) оқиғаның салдары (қаза болғандардың саны, олардың азаматтығы, ауыр дене жарақаттарын алған адамдардың саны);

      7) жүктің сипаты мен салмағы;

      8) авиациялық оқиға жағдайларының қысқаша сипаттамасы;

      9) әуе кемесінің бүліну дәрежесі;

      10) тергеп-тексеру барысында белгілі болған қызығушылық тудыратын фактілер;

      11) жедел профилактикалық шаралар жүргізу бойынша ұсыныстар.

      55. Негізгі әдістемелік және ұйымдық мәселелер бойынша шешімдерді Комиссия қабылдайды, бұл ретте Комиссия төрағасы түпкілікті шешім шығарады. Қабылданған шешіммен келіспеген Комиссия мүшелері өзінің ойын жазбаша түрде білдіре алады.

      56. Комиссияның және кіші комиссиялардың отырыстары хаттамалармен ресімделеді, оларда талқыланатын мәселелер, қабылданған шешімдер, төрағаның нұсқаулары толық көрсетіледі. Талқыланатын мәселелер бойынша келіспеушіліктер болған жағдайда тараптардың ұстанымдары міндетті түрде хаттамада көрсетіледі. Хаттамаларға Комиссия төрағасы мен Комиссия штабының (кіші комиссия) бастығы қол қояды.

      Қажет болған жағдайда Комиссия отырысы видео, аудиожазбаларға жазылады, ол туралы хаттамаға тиісті жазбалар енгізіледі.

      57. Ұшу жөніндегі кіші комиссия жүргізген жұмыстардың нәтижелері есептермен ресімделуі осы Қағиданың 8-қосымшасы бойынша жасалады және ол Комиссия отырыстарында талқыланады.

      Ұшу жөніндегі кіші комиссиялардың негізгі міндеттері мен жүргізу тобының нысандары осы Қағидада 9-қосымшада белгіленген.

      58. Инженерлік – техникалық кіші комиссиясы жүргізген жұмыс нәтижелері есептермен ресімделеді,осы Қағиданың 10-қосымшасы бойынша, және ол Комиссия отырыстарында талқыланады.

      Инженерлік – техникалық кіші комиссиясы негізгі міндеттері мен жүргізу тобының нысандары осы Қағидада 11-қосымшада белгіленген.

      Борттық өздігінен жазатын құралды (магнитофонды) табу және алу бойынша осы Қағиданың 12-қосымшасында қарастырылған.

      59. Әкімшілік кіші комиссия жүргізген жұмыс нәтижелері осы Қағиданың 13-қосымшасында көрсетілген есептермен ресімделеді, олар Комиссия отырыстарында талқыланады.

      Әкімшілік кіші комиссиялардың негізгі міндеттері мен жүргізу тобының нысандары осы Қағиданың 14-қосымшасында белгіленген.

      Ұшаққа (тікұшаққа) байланысты авиациялық оқиғада қаза тапқан жолаушылар немесе басқа кісілер тізімі, осы Қағиданың 15-қосымшасындағы нысана бойынша белгіленеді.

      Ұшаққа (тікұшаққа) байланысты авиациялық оқиғада жарақат алған жолаушылар немесе басқа кісілер тізімі, осы Қағиданың 16-қосымшасындағы нысана бойынша белгіленеді.

      Авиациялық оқиға болған жерде табылған құжаттар, бағалы заттар және ақша тізімінің актісі, осы Қағиданың 17-қосымшасындағы нысана бойынша белгіленеді.

      Әуе кемесінде жолаушылардың орналасқанын, осы Қағиданың 18-қосымшасындағы нысана бойынша белгіленеді.

      Әуе кемесіндегі коммерциялық тиеудің массасы мен жағдайы туралы акт осы Қағиданың 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      Зақымдалған багаж бөліктерін, қол жүгі, поштаны және жүкті ашу және тексеру актісі осы Қағиданың 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      Коммерциялық жүк қалдықтарының жойылу актісі осы Қағиданың 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      Авиациялық апат орын алған жерде жұмыс аяқталғаны туралы акт осы Қағиданың 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      60. Комиссия мүшелері кіші комиссиялардың жасаған жұмыстарымен және олардың нәтижелерінде алынған нақты деректермен келіскен жағдайда, есептер назарға қабылданады және тергеп-тексеру материалдарымен қоса тігіледі. Керісінше жағдайда кіші комиссияға (жұмыс тобына) пысықтауға қайтарылады.

5-параграф. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде зерттеулер жүргізу

      61. Арнайы зерттеулер жүргізу қажеттілігін Комиссия белгілейді.

      Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге байланысты зерттеулерді Комиссия белгілейтін зерттеулерді орындаушы ұйым жүргізеді және қажет болған жағдайда бірлесіп орындаушы мүдделі ұйымдардың қатысуымен жүргізеді.

      Ғылыми-зерттеу ұйымдары, авиациялық техниканы әзірлеуші, жасаушы және пайдаланушы, жөндеу ұйымдары және басқа да мүдделі ұйымдар зерттеулерді орындаушы ұйым, сондай-ақ бірлесіп орындаушы ұйым болуы мүмкін.

      62. Егер тергеп-тексеруге мүдделі әуе кемелері және оның агрегаттары басқа мемлекетте жасалған болса және сол мемлекетте зерттеулер жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда, мұндай зерттеулерді жүргізу туралы шешімді әуе кемесін мемлекеттердің уәкілетті өкілдерімен: пайдаланушы, тіркеуші, жасаушы, әзірлеушімен келісе отырып, Комиссия қабылдайды.

      63. Басқа мемлекеттердің аумағында орналасқан орындаушы ұйымдардағы авиациялық техниканың объектілерін зерттеуді Комиссияның өкілетті өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен орындалады. Мұндай зерттеулерді ұйымдастыру тиісті мемлекеттің тергеп-тексеру саласындағы уәкілетті органының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      64. Комиссияның техникалық тапсырмасы зерттеу жүргізуге негіз болып табылады, мұнда зерттеу жүргізудің мақсаты толық көрсетіледі, қажет болған жағдайда бірлесіп орындаушы ұйымдардың қатысуымен зерттеу жүргізілуі мүмкін.

      Техникалық тапсырмаға авиациялық оқиғаның мән-жайлары қысқаша баяндалған анықтама, әуе кемесі және зерттеу объектісі, оларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету туралы деректер қоса беріледі.

      65. Зерттеуге жататын объектілер зерттеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап он бес күннен кешіктірілмей орындаушы ұйымның мекенжайына жіберіледі.

      Орындаушы ұйым зерттеу жүргізу үшін объектіні алғаннан кейін зерттеу басталатын күнді белгілейді және зерттеуге қатысуға шақырып, ол туралы бірлесіп орындаушы ұйымдарға хабарлама жібереді.

      66. Зерттеуді бастау мерзімі бірлесіп орындаушы ұйымдардың өкілдерінің келу мүмкіндігі ескеріп белгілеуге және объектіні алған сәттен бастап бес тәуліктен аспауға тиіс.

      Бірлесіп орындаушы ұйым өкілдері көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда орындаушы ұйым зерттеуді дербес жүргізеді.

      Зерттеулер бірлесіп орындаушы ұйымдардың өкілдерімен келісіліп, Комиссия мүшесінің бақылауымен Комиссияға мәлімет үшін ұсынылатын жоспарлар (бағдарламалар) және әдістемелер бойынша жүргізіледі.

      67. Зерттеуге қатысатын бірлесіп орындаушы ұйымдардың мамандары:

      1) зерттеу жүргізу тәртібі, әдістемесі және көлемі бойынша өздерінің ұсыныстарын айтады;

      2) зерттеу жүргізуге қатысады және оларға қатысты барлық материалдармен танысады;

      3) зерттеу барысын және олардың нәтижелерін талдауға қатысады;

      4) есепке қол қояды немесе қорытындының ажырамас бөлігі болып табылатын өзінің дәлелді пікірін оған қоса береді.

      68. Орындаушы ұйым қажет болған жағдайда, қажетті материалдарды, құжаттарды немесе консультацияларды алу үшін зерттеуге ғылыми-зерттеу ұйымдарының, өнеркәсіптің, жөндеу және пайдалану ұйымдарының мамандарын қосымша тартады.

      69. Егер орындаушы ұйымның зерттеу бағдарламасының жекелеген тармақтары бойынша жұмыстарды орындау үшін техникалық мүмкіндіктер болмаса, аталған жұмыстарды оның өтінімі бойынша зерттеуді орындаушы ұйым өкілдерінің қатысуымен олардың базасында басқа ұйымдар жүргізе алады.

      Зерттеу жүргізу көлемін, орны мен мерзімін келісу бұл жағдайда зерттеуді орындаушы ұйымға жүктеледі.

      70. Қазақстан Республикасының аумағында авиациялық оқиғаға ұшыраған Қазақстан Республикасының әуе кемелерімен және шетелдік әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде авиациялық техника объектілерін зерттеуді және объективтік бақылау құралдарының мағынасын ашуды аталған жұмыстарды жүргізуге рұқсаты бар тиісті азаматтық авиация ұйымдары жүргізеді. Қазақстан Республикасында осындай жұмыстарды жүргізуге техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда, объективтік бақылау құралдарының мағынасын ашу азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша МАК-ке жүргізілуі мүмкін.

      71. Объективтік бақылау құралдарының мағынасын ашу Комиссияның өкілетті өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен аталған әуе кемесі әуе кемесін тіркеу мемлекетінде немесе пайдаланушы мемлекетінде жүргізілуі мүмкін.

      Мағынасын ашу бойынша жұмыстар тиісті мемлекеттің авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру саласындағы уәкілетті органымен келісіліп, жүзеге асырылады.

      72. Зерттеу нәтижелері бойынша есеп жасалады, осы Қағидаға 23-қосымшада белгіленген.

      Зерттеу нәтижелері бойынша есеп жасалады, оған зерттеуге қатысушылар қол қояды, оны орындаушы ұйымның басшысы бекітеді және Комиссияға жіберіледі. Есеп зерттеу материалдарының ажырамас бөлігі болып табылады. Зерттеу нәтижелері бойынша Түпкілікті есеп зерттеу нәтижелері аяқталғаннан кейін, алынған нәтижелер ескеріліп, жасалады. Түпкілікті есепті зерттеу нәтижелері бойынша есепті алғанға дейін бекітуге және жариялауға рұқсат етілмейді.

      73. Комиссияның техникалық тапсырмасына енетін, зерттеулердің барлық материалдарын, жүргізу бағдарламасын, арнайы әзірленген әдістемелерді және барлық жұмыс материалдарын (сынаулар, өлшемдер, зертханалық талдаулардың хаттамалары және т.б.) қамтылған барлық зерттеу материалдары зерттеуді орындаушы – ұйымда сақталатын есепке қоса беріледі.

      Ұйым зерттеуді сапалы және объективті жүргізеді.

      74. Зерттеуден өткен авиациялық техника объектілері, борттық өздігінен жазғыш құралдардың ұшу ақпаратын таратушылар Қорытынды есеп бекітілгеннен кейін үш ай ішінде зерттеулерді орындаушы – ұйымда сақталады.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін авиациялық оқиғаға қатысы бар объектілер бойынша әуе кемесінің иесіне объектілерді жою туралы сұраныс жіберіледі.

      75. Әуе кемесін пайдаланушы (иесі) сотқа дейінгі алдын ала тергеп-тексеруді жүзеге асыратын құқық қорғау органдарымен объектіні жою мәселесін келіседі, және қабылданған шешім туралы зерттеуді орындаушы ұйымға хабарлайды.

      76. Авиациялық оқиғаға қатысы бар және зерттеуден өткен объектілерді жоюды әуе кемесі иесінің рұқсатынсыз жүзеге асыруға тыйым салынады.

      Таратушылардағы борттық өздігінен жазғыш құралдардағы ұшу ақпараты тұрақты түрде зерттеулерді орындаушы-ұйымда сақталады.

6-параграф. Авиациялық оқиғалар туралы алдын-ала есепті ұсыну

      77. Алдын ала есепті Комиссия орыс тілінде әзірлейді және авиациялық оқиға болған сәттен бастап отыз күн ішінде ИКАО, қажет болған жағдайда егер әуе кемесінің ең жоғарғы массасы 2250 кг асса немесе ол турбореактивті ұшақ болып табылса мүдделі мемлекеттерге жіберіледі.

      Егер оны мерзімі өтіп кеткен сәтте берген кезде тергеп-тексеру аяқталса алдын ала есепті ИКАО тапсырмауға болады және ақпараттық есеп дайындау және жіберу мүмкіндігі болады.

      78. Авиациялық оқиға туралы ақпараттық есеп тергеп-тексеру нәтижелері туралы ИКАО жедел түрде хабарлау мақсатында жасалады. Алдын ала және ақпараттық есепті жасау бойынша нұсқаушы материал авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді ұсыну бойынша ИКАО басшылығында (Dос 9156-АN/900) қамтылған.

      79. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган басқа мемлекеттің сұранымы бойынша авиациялық оқиға туралы ақпараттық есепке қосымша ақпаратты ұсына алады.

      80. Егер тергеп-тексеру барысында авиациялық оқиғаларды болдырмау бойынша жедел шараларды қабылдау үшін пайдалы болуы мүмкін ақпарат алынған болса, аталған ақпаратты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттерге жібереді.

      81. Егер тергеп-тексеру барысында заңсыз араласу актісі орын алғаны белгілі болса немесе күдік туғызса, ондай ақпаратты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттің (мемлекеттердің) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету органдарына береді.

7-параграф. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларды қайта қарау немесе өзгерту

      82. Аяқталған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру авиациялық оқиға жағдайларына қатысты жаңа мәліметтер анықталған (немесе ұсынылған) жағдайда қайта басталуы мүмкін. Тергеп-тексеруді қайта бастау туралы шешім Комиссияның және Комиссия қорытындысының қате екенін куәландыратын жаңа дәлелдер ұсынған тергеп-тексеру нәтижелеріне тікелей қатысы бар пайдаланушының немесе жеке тұлғалардың өтініші бойынша тергеп-тексеруге қатысқан басқа да ұйымдардың бірлесіп шешуімен қабылданады. Тергеп-тексеру нәтижелерін қайта қарау туралы өтініш жазбаша түрде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      83. Өтініште бұған дейін қаралмаған жаңа мәселе, сондай-ақ тергеп-тексеру жөніндегі комиссия жұмысының барысында мәселенің қаралмау себептері көрсетіледі.

      Егер бар болса, өтінішке аталған мәселені шешуге және тергеп-тексеруді қайта бастауға негіз болып табылатын құжаттар мен есептердің немесе зерттеулердің нәтижелері қоса беріледі.

8-параграф. Түпкілікті есеп дайындау және шығару

      84. Азаматтық және эксперименттік авиацияда авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру нәтижесі бойынша Түпкілікті есеп тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның қорытынды құжаты болып табылады, бұл есеп кіші комиссиялардың, жұмыс топтарының материалдарын, тергеп-тексеру және сараптама нәтижелерін, сондай-ақ Комиссияның иелігіндегі басқа да ақпарат ескеріліп жасалады. Түпкілікті есептің нысаны осы Қағидаларға 24-қосымшада белгіленген.

      85. Қосымша материалдар, олар авиациялық оқиғанының талдауына қатысы болса ғана Түпкілікті есепке немесе оның қосымшасына енгізіледі. Мұндай талдауға қатысы жоқ жазбалардың бір бөлігі жарияланбайды.

      86. Түпкілікті есептің жобасын Комиссия төрағасы комиссия мүшелеріне талдауға ұсынады.

      Егер олар Түпкілікті есептің мазмұнымен келісетін болса, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды және тергеп-тексеруді тағайындаған тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғасы қол қояды.

      Мазмұны бойынша келіспеушіліктер болса, Түпкілікті есеп Комиссия төрағасы ұсынатын редакцияда дайындалады Түпкілікті есептің мазмұнымен келіспеген комиссия мүшесі ерекше пікірін жазбаша түрде ұсынады.

      Ол ерекше пікірде келіспеуінің нақты себептері және олардың негіздемесі, сондай-ақ ұсынып отырған тұжырым көрсетіледі. Ерекше пікір міндетті түрде хаттамада ресімдеп, комиссия мүшелері қарайды.

      Түпкілікті есепке Комиссия төрағасы және оның барлық мүшелері қол қояды.

      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      87. Егер қарастыру нәтижесінде ерекше пікір Түпкілікті есепке енгізілмесе, оны ұсынған Комиссия мүшесі "Ерекше пікір" белгісімен есепке қол қояды.

      Мұндай тәртіп кіші комиссиялар мен жұмыс топтары есеп жасағанда және оған қол қойғанда да сақталады.

      Келіспеушілікті жою мүмкін болмаған кезде Түпкілікті есепті бекітетін тергеп-тексеруді тапсырған уәкілетті органның лауазымдық тұлғасы ерекше пікір мен бірлескен хаттама қоса берілген Түпкілікті есепті қарайды.

      Кез келген жағдайда ерекше пікір Комиссияның, кіші комиссияның, жұмыс тобының Түпкілікті есебіне қоса беріледі.

      Түпкілікті есеппен бір уақытта Комиссия төрағасы және комиссия штабының бастығы тергеп-тексеру материалдарына қоса берілетін құжаттар тізбесіне қол қояды.

      88. Түпкілікті есепті бекіту күні тергеп-тексерудің аяқталу күні болып есептеледі.

      89. Түпкілікті есепті бекіткеннен кейін тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган бес күн ішінде авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру материалдарын:

      1) Комитетке;

      2) әуе кемесін пайдаланушыға (иесіне);

      3) сотқа дейінгі алдын ала тергеп-тексеруді жүргізетін құқық қорғау органына (сұрау бойынша);

      4) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне (авиациялық оқиғаны бірлескен комиссия тексерген кезде);

      5) ҚР СІМ-ге (сұрау бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында шетел әуе кемесімен болған авиациялық оқиғаны тексерген жағдайда);

      6) МАК-ке;

      7) ИКАО – ға (егер авиациялық оқиға салмағы 5700 кг-нан асатын әуе кемесімен болса) жіберіледі.

      90. Егер авиациялық оқиға ең үлкен салмағы 2250 кг-нан асатын әуе кемесімен болса немесе ол турбореактивті ұшақ болып есептелсе, ақпараттық есеп ИКАО-ға жіберіледі. Авиациялық оқиғалар туралы ақпаратты кодпен хабарлау бойынша ақпараттық есепті жасау тәртібі мен ережелері ИКАО-ның қолданыстағы құжаттарымен айқындалады.

      91. Тергеп-тексерудің бекітілген материалдарын таратуды (жариялауды) авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруді жүргізген уәкілетті орган немесе оның тапсырысы бойынша пайдаланушы (иесі) жүзеге асырады.

      92. Қазақстан Республикасының аумағында шетел әуе кемесімен болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру барысында Түпкілікті есептің жобасы мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде өздерінің нақты және негізді ескертулері көрсетілген ұсыныстарымен тергеп-тексеруді бастаған мемлекетке, тіркеуші мемлекетке, пайдаланушы мемлекетке, әзірлеуші мемлекетке, жасаушы мемлекетке, тергеп-тексеруге қатысқан мемлекетке жіберіледі. Жобасы жіберілген сәттен бастап 60 күн ішінде мемлекеттердің келіп түскен барлық ескертулерін Комиссия қарайды.

      Есептің мәтініне енгізуге орынсыз болып танылған ескертулер, Түпкілікті есеп жария болған жағдайларды ескермегенде, Түпкілікті есепеке қоса беріледі. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган түпкілікті есептің жобасы жіберілген күннен бастап 60 күн ішінде ескертулер алмаған кезде, осы мерзімді ұзартуды тиісті мемлекеттер мақұлдаған жағдайларды қоспағанда, түпкілікті есеп жарияланады. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынылатын ұсынымдар түпкілікті есеп жобасына енгізілуге тиіс.

      Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      93. Тергеп-тексеруге қатысқан адамдар толық және сапалы тергеп-тексеру жүргізеді, негізді және объективті тұжырымдар жасайды, сондай-ақ материалдарды сапалы ресімдейді.

      94. Авиациялық оқиғаларды болдырмау мақсатында авиациялық оқиғаға тергеп-тексеру жүргізетін мемлекет, қысқа мерзімде және мүмкін болса он екі айдың ішінде Түпкілікті есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

      Егер Түпкілікті есепті он екі айдың ішінде жариялай алмайтын болса, тергеп-тексеруді жүргізетін мемлекет оқиғаның әр жылдығына орай тергеп-тексеру барысын толық көрсете отырып, оның ішінде ұшу қауіпсіздігіне қатысты кез келген мәселелер туралы ақпаратты қоса алғанда, аралық хабарламаны жариялап отырады.

      95. Тергеп-тексеру барысында авиациялық оқиға туралы ақпарат нақты деректермен ғана шектеледі.

      96. "Ақпаратқа қолжетімділік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мынадай ақпарат жария етілмейді:

      1) тергеп-тексеру барысында жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан алынған ақпарат;

      2) әуе кемесін пайдалануға қатысы бар адамдар арасындағы барлық жазысу;

      3) авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға қатысқан адамдарға қатысты медициналық және/немесе биометриялық, және/немесе құпиялы мәліметтер;

      4) борттық өздігінен жазатын құралдардың жазбалары және мұндай жазбалардың мағынасын ашу;

      5) әуе қозғалысын басқару органдарының жазбалары және олардың мағынасын ашу;

      6) экипаж кабинасындағы борттық тіркегіштердің жазбалары және ондай жазбалардың немесе кез келген бөлігінің мағынасын ашу;

      7) тергеуге қатысты ақпараттарды талдау кезінде, соның ішінде әуе кемелерін тіркеуді қоса алғанда, комиссия мүшелері немесе тартылған сарапшылар немесе шетелдік мемлекеттің уәкілетті өкілдері (пайдаланушы, әзірлеуші немесе өндіруші) тіркеу туралы пікір (нұсқалар, мәлімдемелер);

      Жоғарыда көрсетілген ақпарат Түпкілікті есепке енгізіледі немесе авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның талдауына қатысы болған жағдайда ғана оған толықтыруларға енгізіледі.

      97. Тергеп-тексеруге қатысушылар авиациялық оқиғаның мән-жайларына қатысты барлық ақпаратты ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған түзету шараларын немесе әрекеттерді өткізу мақсатында пайдалана алады. Тергеу аяқталғанға дейін тергеудің барысы туралы ақпарат рұқсат етілмеген тұлғаларға ашылмайды.

3-бөлім. Азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеру тәртібі

      98. Әрбір авиациялық оқыс оқиға авиациялық оқиғаны тергеп-тексерудегі дәл сондай қағидаттарға негізделген және сол мақсатта тергеп-тексеру жүргізілуі тиіс.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тергеуіне жататын азаматтық және эксперименттік авиациядағы, авиациялық оқыс оқиғалардың тізбесі осы Қағидалардың 25-қосымшасында келтірілген.

      99. Осы Қағидаларға 26-қосымшада келтірілген тізбедегі азаматтық және эксперименттік авиациядағы тергеп-тексеруге жататын оқыс оқиғалардың кейбір түрлерін ұшу қауіпсіздігін басқару жүйелері шеңберінде пайдаланушылар (азаматтық авиация ұйымдары) дербес тексереді.

      Осындай тергеп-тексерулер азаматтық авиациядағы осы Қағидалармен бекітілген тәртіпте және мерзімде тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша жүргізіледі. Комиссияны тағайындау туралы бұйрықты пайдаланушы (азаматтық авиация ұйымының басшысы) шығарады.

      Тергеп-тексеруді тергеушілердің тиісті біліктілігі бар және тиісті даярлықтан өткен тұлғалар жүргізеді.

      Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      100. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін пайдаланушылар (азаматтық авиация ұйымдары) Түпкілікті есепті тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.

      101. Егер тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган пайдаланушының (азаматтық авиация ұйымдарының түпкілікті есебінің қорытындыларымен толық немесе оның қандай да бір бөлігімен келіспеген жағдайда, осындай есеп пайдаланушыға (азаматтық авиация ұйымдарына) түзету үшін қайтарылады. Бұл ретте пайдаланушы (азаматтық авиация ұйымдары) күнтізбелік 30 күн ішінде тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органға өзгертілген түпкілікті есепті ұсынады.

      Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Авиациялық оқыс оқиға туралы хабарландыру

      102. Авиациялық оқыс оқиға туралы хабарландыру авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы хабарлау схемасына сәйкес жүзеге асырылады, ең жедел байланыс құралдарын (телефон, көшірме (факсимилді) байланыс немесе электронды пошта) қолдануды көздейді.

      103. Авиациялық оқыс оқиға болған әуе кемесін пайдаланушының (иесінің) басшысы тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органға және Комитетке хабарламаны 24 сағаттан кешіктірмей жеткізеді.

      104. Хабарламада мынадай ақпарат:

      1) оқиға түрі;

      2) авиациялық оқыс оқиғаның жіктелуі (ИКАО adrep таксономиясына сәйкес);

      3) авиациялық оқыс оқиғаның күні, уақыты (жергілікті және дүниежүзілік үйлестірілген уақыт UTC), орны;

      4) әуе кемесінің үлгісі, мемлекеттік және тіркеу танылым белгілері, мақсаты мен тиесілігі;

      5) әуе кемесінің ең жоғары ұшу салмағы туралы;

      6) авиациялық оқыс оқиға болған сәттегі метеожағдайлар;

      7) әуе кемесі командирінің және экипаж мүшелерінің тектері;

      8) тапсырманың сипаты, рейс нөмірі;

      9) хабарламаны берген кездегі авиациялық оқыс оқиғаның нақты анықталған мән-жайлары;

      10) әуе кемесінің зақымдану дәрежесі;

      11) дене жарақатын алған экипаж мүшелерінің және борттағы жолаушылардың саны;

      12) жерде дене жарақатын алған экипаж мүшелері мен жолаушылар саны қамтылады.

      Көрсетілген мәліметтердің ешқайсысының болмауы хабарламаны берудің кешігуіне негіз болып табылмайды. Хабарламада авиациялық оқиғаның мән жайлары мен себептері туралы болжамды мәліметтер жоқ.

      Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      105. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесімен шетел мемлекетінің аумағында, сондай-ақ шетел мемлекетінің азаматтық әуе кемесімен Қазақстан Республикасының аумағында болған авиациялық оқыс оқиға туралы хабарлау тәртібі, авиациялық оқиға үшін көзделген тәртіппен бірдей.

      106. Егер авиациялық оқыс оқиға авиациялық техниканың конструктивті-өндірістік кемшіліктеріне байланысты болса, тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган әуе кемесін (қозғалтқышты) әзірлеуші ұйымның немесе жасаушы ұйымның өкілдеріне хабарламаны жібереді, олар хабарламаны алған сәттен бастап он екі сағат ішінде Комиссияның жұмысына өздерінің қатысатындары туралы хабарлайды.

      107. Осы ұйымдар өкілдерінің тергеп-тексеруге қатысу туралы хабарлама екі тәулік ішінде алынбаған жағдайда немесе хабарламаны алған сәттен бастап үш тәулік ішінде көрсетілген өкілдер осы хабарламаны алып, бірақ келмеген жағдайда тергеп-тексеру олардың қатысуынсыз жүргізіледі.

      108. Егер авиациялық оқыс оқиға әуе кемесіне жерде техникалық, коммерциялық қызмет көрсету кезінде немесе оны сақтау кезінде орын алса немесе анықталса, хабарламаны осы жағдай анықталған кезде әуе кемесі оның басқаруында болған азаматтық авиация ұйымының басшысы жібереді.

2-параграф. Авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді ұйымдастыру

      109. Комиссия құруға авиациялық оқыс оқиға туралы хабарлама негіз болып табылады.

      110. Комиссия жұмысына әуе кемесін пайдаланушының (иесінің), азаматтық авиация ұйымдарының өкілдері, қажет болған кезде әуе кемесін әзірлеушінің, жасаушының және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері тартылады.

      Авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеру кезінде кіші комиссиялар мен жұмыс топтарын құрмауға болады.

      111. Егер авиациялық оқыс оқиға болған әуе кемесін пайдаланушыдан (иесінен) ақаулықты техникалық қызмет көрсету және авиациялық техниканы жөндеу бойынша сертификатталған ұйым күшімен жоюға болады деген ақпарат келіп түссе, тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган осындай жұмыстарды жүргізуге рұқсат береді. Әуе кемесін іске қосуды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынумен жүзеге асырады:

      1) әуе кемесін пайдалануға беруге арналған техникалық актіні;

      2) экипаж мүшелерінің түсіндірме хаттары (сұрау салу бойынша);

      3) егер әуе кемесін әзірлеуші немесе жасаушы құжаты бақылау-сынау және бақылаулық ұшу (ұшып шығуға) жүргізу қарастырылса, пайдаланушы есеп ұсынады (сұрау салу бойынша).

      Тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органның сұранымы бойынша оқыс оқиғаға байланысты басқа да құжаттар қоса берілуі мүмкін

      Әуе кемесінің ұшуына немесе техникалық ұшып келуге рұқсатты техникалық қызмет көрсету және авиациялық техниканы жөндеу бойынша сертификатталған ұйым берген әуе кемесіне ұшуға рұқсат ету туралы техникалық актінің негізінде тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым береді.

      Ескерту. 111-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      112. Авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеру кезінде Комиссия мүшелері:

      1) авиациялық оқыс оқиға мән-жайларын анықтау үшін әуе кемесінің бортына еш кедергісіз өтуге;

      2) әуе кемесін, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ететін құралдар мен объектілерді тексере алуға;

      3) ғылым мен техниканың тиісті салаларында білімді талап ететін тапсырмаларды шешу үшін олардың ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерін тартуға;

      4) жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан аталған оқыс оқиғаға қатысты мәселелер бойынша құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

      5) әуе кемесі экипажы мүшелерінің, сондай-ақ авиациялық персонал ішінен тиісті адамдардың психофизиологиялық жай-күйіне зерттеу жүргізуге құқылы.

      113. Комиссияны тағайындау туралы бұйрық шыққан сәттен бастап авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша есеп бекітілгенге дейін авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі, әдетте, бір айдан, егер қосымша зерттеулерді жүргізу қажет болмаса, елеулі авиациялық оқыс оқиға үш айдан аспайды.

      Тергеп-тексеру мерзімін ұзартуға Комиссия төрағасының сұрауы бойынша тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша комиссияны тағайындаған басшының рұқсатымен жол беріледі.

      Пайдаланушы (азаматтық авиация ұйымы) тергеп-тексеру мерзімін ұзартуды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, негізделген мән-жайлар жағдайында дербес жүзеге асырады.

      Ескерту. 113-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      113-1. Авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеруге байланысты барлық жұмыстарды, сондай-ақ тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның сұрау салуы бойынша мамандарды іссапарға жіберуді әуе кемесінің пайдаланушысы (иесі) қаржыландырады.

      Ескерту. Қағида 113-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      113-2. Әуе кемесін пайдаланушы (иесі) тексеруге тартылатын комиссия мүшелеріне авиациялық оқиға орнында жұмыстар жүргізу үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды, оның ішінде қажетті жарақтармен, көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен, сондай-ақ жұмыс пен демалуға арналған үй-жайлармен, тамақпен қамтамасыз етеді.

      Ескерту. Қағида 113-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      114. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесімен шетел мемлекетінің аумағында, немесе шетел мемлекетінің азаматтық әуе кемесімен Қазақстан Республикасының аумағында авиациялық оқыс оқиға болған жағдайда мамандардың тергеп-тексеруге қатысуы авиациялық оқиға үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      Авиациялық оқыс оқиға туралы хабарламаны алғаннан кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оқиға орын алған мемлекетке аталған оқыс оқиғаға қатыстырылған ұшу экипажы мен әуе кемесіне қатысты қолда бар ақпаратты жедел ұсынады, сондай-ақ тергеп-тексеру үшін уәкілетті өкілдің тағайындалғаны туралы, оның тегін, оқиға орын алған мемлекетке келу болжанып отырған күні мен уақытын хабарлайды.

      115. Уәкілетті өкілге көмекке, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімімен кеңесші (кеңесшілер) тағайындалуы мүмкін.

      Әуе кемесін қалпына келтіру бойынша жұмыстарға қатысу үшін әуе кемесін пайдаланушы (иесі) мамандар тобын құрайды.

      116. Оқиға орын алған мемлекеттегі Қазақстан Республикасының әуе кемесін пайдаланушының өкілдіктері тергеп-тексеруге қатысатын мамандар тобына барлық жағынан жәрдем етеді, оның ішінде көлікпен, байланыспен, жұмысқа және демалуға арналған үй-жайлармен, тамақпен және т.б. қамтамасыз етеді.

      117. Егер оқиға орын алған мемлекет авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді Қазақстан тарапына берген жағдайда, ондай тергеп-тексеру осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

      118. Комиссия жұмысының барысында пайдаланушы (иесі) Комиссияға барлық жағынан жәрдем етеді, оның ішінде қажетті күштер мен құралдарды бөледі, авиациялық оқыс оқиға болған орынды күзетуді қамтамасыз ету шараларын қабылдайды, тергеп-тексеру барысында тасымалдауды және қажетті жұмыстарды жүргізеді және авиациялық техниканы зерттеуді қамтамасыз етеді, Комиссия жұмысын қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдармен және азаматтық авиация ұйымдарымен әрекеттерді үйлестіруді жүзеге асырады.

      119. Әуе кемесін қалпына келтіру бойынша жұмыстарды өз мамандарын тарта отырып және оқиға орын алған мемлекет әуежайының инженерлік-авиациялық қызметімен келісім бойынша әуе кемесін пайдаланушы (иесі) жүргізеді.

      Оқиға орын алған мемлекет әуежайында әуе кемесін қалпына келтіргеннен кейін әуе кемесінің Қазақстан Республикасына ұшып келуі бойынша барлық мәселелерді оқиға орын алған мемлекеттің авиациялық әкімшілігімен бірлесе отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шешеді.

3-параграф. Авиациялық оқыс оқиға кезінде лауазымды адамдардың іс-қимыл жасау тәртібі

      120. Авиациялық оқыс оқиға орын алған сәттен бастап Комиссия келгенге дейін авиациялық оқыс оқиға болған орында бастапқы әрекеттерді авиациялық оқыс оқиға орын алған жауапкершілік ауданында және аумағында әуе кемесін пайдаланушы (иесіне), азаматтық авиация ұйымының басшысы, ал ол келгенге дейін әуе кемесінің командирі жүзеге асырады.

      121. Авиациялық оқыс оқиға орын алған жерге Комиссия келгеннен кейін тергеп-тексеруді одан әрі ұйымдастыру Комиссия төрағасына жүктеледі. Комиссия төрағасы қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдарға (әкім) хабарлайды, ұйымдық отырысты өткізеді, онда Комиссияны тағайындау туралы бұйрық оқылады, авиациялық оқыс оқиға орнында бастапқы әрекеттерді жүзеге асырған лауазымды тұлғалар тыңдалады, оқиғаның мән-жайлары және орындалған жұмыстар туралы айтылады.

      122. Комиссия төрағасы тергеп-тексерудің барлық кезеңдерін ұйымдастырады, жүргізеді және бақылайды, барлық тергеп-тексеруге қатысушылардың әрекеттерін үйлестіреді.

      Авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеруге байланысты мәселелер бойынша Комиссия төрағасының нұсқаулары тергеп-тексеруге қатысатын барлық лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

      123. Комиссияға авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді жүргізуде тәуелсіздік беріледі. Комиссияның жұмысы Комиссия төрағасы бекіткен жоспар бойынша жүзеге асырылады.

      124. Егер тергеп-тексеру барысында Комиссия ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қауіпті ауытқушылықтарды анықтаса, Комиссия төрағасы жедел түрде шараларды қабылдау үшін тиісті ақпарат пен ұсыныстар қамтылған ол туралы хабарлама жібереді. Хабарлама азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және азаматтық авиация ұйымына жіберіледі.

      125. Тергеп-тексеру кезінде авиациялық техника объектілерін зерттеу әуе кемесі иесінің ұйымы базасында жүргізіледі, ал арнайы зерттеулер аталған зерттеулерді орындау мүмкіндігі бар азаматтық авиация ұйымдарында жүргізіледі.

      Авиациялық техника объектілерін зерттеу (олардың жұмысқа қабілеттілігін тергеп-тексеру), Комиссия жұмысының орнында жүргізілетін сараптамалар алдын ала жасалған жоспарлар (бағдарламалар) бойынша жүргізіледі, оларға тергеп-тексеруге қатысатын тараптардың өкілдері қол қояды, Комиссия төрағасы бекітеді және тергеп-тексеру материалдарына тіркеледі.

      126. Комиссия төрағасы істен шыққан агрегатты (бөлшектерді) ауыстыруға және егер тергеп-тексеру барысында авиациялық оқыс оқиғаның орын алу себебі істен шыққан агрегатты (бөлшектерді) ауыстырғанда қалпына келуі мүмкін авиациялық техниканың істен шығуынан болып табылады деп анықталса, әуе кемесін әзірлеушінің және/немесе жасаушының, жөндеу ұйымының және әуе кемесі иесінің өкілдері келгенге дейін белгіленген тәртіпте іске қосуға рұқсат бере алады. Істен шыққан агрегат (бөлшектер) тергеп-тексеруге қатысатын мүдделі ұйымдардың өкілдері келгенге дейін қозғалмаған күйінде сақталады.

      127. Негізгі әдістемелік және ұйымдық мәселелер бойынша шешімді Комиссия қабылдайды, бұл ретте Комиссия төрағасы түпкілікті шешім қабылдайды. Қабылданған шешіммен келіспейтін Комиссия мүшелері өз пікірін жазбаша түрде білдіре алады.

      Объективті бақылау құралдарын алып қою және сақтауға беру бойынша Комиссия мүшелерінің әрекеттері, сотқа дейінгі алдын ала тергеп-тексеру жүргізетін құқық қорғау органының келісімімен жүзеге асырылады.

      128. Азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті есеп (бұдан әрі – Түпкілікті Есеп) Комиссия жұмысының қорытынды құжаты болып табылады, оның нысаны осы Қағидаларға 27-қосымшада белгіленген.

      Комиссия төрағасы Түпкілікті есеп жобасын талқылау үшін Комиссия мүшелеріне ұсынады. Түпкілікті есептің мазмұны бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда Түпкілікті есеп Комиссия төрағасы ұсынған редакцияда жасалады. Түпкілікті есеп мазмұнымен келіспейтін Комиссия мүшесі ерекше пікірін жазбаша түрде ұсынады.

      Ерекше пікірде келіспеушіліктің нақты себептері мен олардың негіздемесі, сондай-ақ ұсынатын тұжырымдары көрсетіледі. Ерекше пікірді міндетті түрде хаттама ресімдей отырып, Комиссия мүшелері қарайды.

      Есепке Комиссия төрағасы және оның барлық мүшелері қол қояды.

      129. Егер қарау нәтижесінде ерекше пікір Түпкілікті есепте ескерілмеген болса, оны ұсынған Комиссия мүшесі оған "Ерекше пікірмен" деген белгімен қол қояды.

      Ерекше пікір Комиссия Түпкілікті есебіне қосымша тіркеледі.

      Хаттамада ерекше пікірдің мәні бойынша Комиссияның әр мүшесінің пікірі көрсетіледі.

      130. Комиссия төрағасы Түпкілікті есепті тергеп-тексеруді тағайындаған адамға бекітуге береді.

      Түпкілікті есепке мына материалдар:

      1) ұшу параметрлерін, авиатехника жұмысының кемшіліктері анықталғанға дейін, оларды жойғанға дейін немесе ұшу аяқталғанға дейін 1 минут ішінде экипаждардың әрекеттерін сипаттайтын барлық тіркеуші арналар бойынша қажетті тарирлендірілген деректері бар борттық тіркеуші жазбаларының осциллограммалары;

      2) авиатехниканы зерттеу нәтижелері;

      3) борттағы және жердегі тіркегіш жазбаларынан үзінді;

      4) түсіндірме жазбалар және сұрау хаттамалары;

      5) ұшақты іске қосуға арналған техникалық акті.

      Комиссияның кез келген мүшесінің талабы бойынша есепке басқа да құжаттар қоса берілуі мүмкін.

      131. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган бекітілген Түпкілікті есепті:

      1) базасында тергеп-тексеру жүргізілген әуе кемесін пайдаланушыға (иесіне);

      2) Комитетке;

      3) егер авиациялық оқыс оқиға авиациялық техниканың істен шығуына байланысты болса, әуе кемесін әзірлеушіге/жасаушыға;

      4) көлік прокуратурасына (сұрау бойынша) жібереді.

      Осы Қағиданың 99-тармағында көзделген жағдайда пайдаланушы (азаматтық авиация ұйымы) осы тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, осы тармақта көрсетілген тұлғаларға ақпаратты жібереді.

      Ең жоғары ұшу салмаңы 5700 кг-дан артық әуе кемесімен болған елеулі оқыс оқиғаны тергеп-тексеру кезінде ақпараттық есеп ИКАО-ға жіберіледі.

      132. Тергеп-тексеруге қатысатын адамдар негізді және объективті тұжырымдарды жасайды, сондай-ақ материалдарды сапалы ресімдейді.

4-параграф. Авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеру кезінде зерттеулер жүргізу

      133. Авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеру кезінде авиациялық техника объектілерін зерттеуді Комиссия азаматтық авиация ұйымдарының базасында орындайды. Істен шығу себебі конструктивті – өндірістік кемшілік немесе қанағаттанарлықсыз жөндеу деп ұйғарылса, авиациялық техника объектілерін бөлшектеу және зерттеу тиісінше өнеркәсіптің немесе жөндеу ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жүргізілуге тиіс.

      Бұл ретте аталған өкілдерге зерттеулерді қажетті техникалық құжаттамамен, пайдаланатын бөлімшелерде жоқ арнайы құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету жүктеледі.

      134. Арнайы зерттеулерді жүргізу қажеттілігін Комиссия белгілейді.

      Зерттеулер жүргізу туралы Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.

      Зерттеулерді орындаушы ұйымды Комиссия анықтайды.

      Егер тергеп-тексеруге ұсынылған әуе кемесі және оның агрегаттары басқа мемлекетте жасалса және сол мемлекеттің ұйымдарында зерттеулер жүргізу қажет болса, онда мұндай зерттеулерді жүргізу туралы шешімді жасаушы, әзірлеуші, тіркеуші немесе пайдаланушы мемлекеттің уәкілетті өкілімен келісім бойынша Комиссия қабылдайды.

      135. Басқа мемлекеттердің аумағында орналасқан орындаушы ұйымдарда авиациялық техника объектілерін зерттеу авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның өкілетті өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен орындалады.

      Мұндай зерттеулерді ұйымдастыру тиісті мемлекеттің уәкілетті органымен келісім бойынша жүзеге асырылады.

      136. Зерттеу жүргізуге Комиссияның зерттеу жүргізу мақсаты, қажет болған жағдайда бірлесіп орындаушы ұйымдар толық көрсетілген техникалық тапсырмасы негіз болып табылады.

      Техникалық тапсырмаға авиациялық оқыс оқиға жағдайларының қажетті көлемі, әуе кемесі және зерттеу объектісі, оларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету туралы деректерді баяндай отырып, анықтама, сондай-ақ жүргізілген жұмыстар және олардың нәтижелерін көрсете отырып, Техникалық акті қоса беріледі.

      137. Зерттеуге жататын объектілер зерттеу туралы шешім қабылдаған сәттен бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей орындаушы ұйымның мекенжайына жіберіледі.

      Азаматтық авиация және авиациялық өнеркәсіп ұйымдарында авиациялық техниканың бас тартылған объектілеріне зерттеу жүргізу тәртібі осы Қағидалардың талаптары ескеріліп, анықталады.

      138. Орындаушы ұйым зерттеулерді жүргізу үшін объектіні алғаннан кейін зерттеуді бастау күнін белгілейді және қажет болған кезде зерттеулерге қатысуға шақырып, бірлесіп орындаушы ұйымдарға сол туралы хабарлама жібереді.

      Зерттеуді бастау мерзімі бірлесіп орындаушы ұйым өкілдерінің келу мүмкіндігі ескеріліп, анықталады. Аталған мерзім объектіні алған сәттен бастап бес тәуліктен аспайды.

      Көрсетілген мерзімде бірлесіп орындаушы ұйымның өкілдері келмеген жағдайда, орындаушы ұйым зерттеуді өзі жүргізеді.

      Зерттеулер мәлімет үшін комиссияға ұсынылатын бірлесіп орындаушы ұйымдардың өкілдерімен келісілген жоспарлар (бағдарламалар) және әдістемелер бойынша Комиссия өкілінің бақылауында жүргізіледі.

      139. Авиациялық техника объектілерінің ұшу туралы ақпаратын зерттеуді және объективтік бақылау құралдарының мағынасын ашуды, оның ішінде шетел мемлекетінің әуе кемелерімен болған авиациялық оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі зерттеу осы жұмыстарды жүргізуге рұқсаты бар азаматтық авиация ұйымдарының базасында жүргізіледі.

      Қазақстанда осындай жұмыстарды жүзеге асыруға техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда, олар Комиссияның өкілетті өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, келісім бойынша МАК-ке немесе басқа мемлекеттерде орындалуы мүмкін.

      140. Зерттеу нәтижелері бойынша есеп жасалады, оған зерттеуге қатысушылар қол қояды, орындаушы ұйымның басшысы бекітеді және Комиссияға жіберіледі.

      Зерттеу нәтижелері бойынша Есеп тергеп-тексеру материалдарының ажырамас бөлігі болып табылады. Тергеп-тексеру бойынша есеп тергеп-тексеру нәтижелері аяқталғаннан кейін, зерттеу нәтижелері ескеріліп, жасалады. Оқыс оқиғаны тергеп-тексеру бойынша Есепті зерттеу нәтижелері бойынша есепті алғанға дейін бекітуге және жариялауға рұқсат етілмейді.

      141. Зерттеуден өткен авиациялық техника объектілері, оның ішінде тарирленген (градуирленген) деректерімен бірге борттық өздігінен жазылатын ұшу ақпаратын таратушылар тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Есеп бекітілгеннен кейін үш ай зерттеуді орындаушының бас ұйымында сақталады.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін әуе кемесінің иесіне объектілерді жою туралы сұрау жіберіледі.

      142. Оқыс оқиға фактісі бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген жағдайда, әуе кемесін пайдаланушы (иесі) құқық қорғау органдарымен объектіні жою мәселесін келіседі және қабылданған шешім туралы зерттеуді орындаушы ұйымға хабарлайды.

      Зерттеуден өткен объектілерді жою әуе кемесі иесінің рұқсатымен ғана жүзеге асырады.

4-бөлім. Қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру

      143. Қауіпті жүктерді тасымалдауға байланысты әуе кемесімен болған авиациялық оқиға және оқыс оқиға туралы хабарлама Комитетке және тергеп-тексеру уәкілетті органына беріледі және онда төмендегі ақпарат:

      1) авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның күні және уақыты;

      2) әуе кемесін пайдаланушы авиакомпанияның атауы;

      3) қауіпті жүкті жөнелтушінің атауы;

      4) тиісті қауіпті жүктердің сипаттамасы;

      5) авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның қысқаша сипаттамасы;

      6) өлімге әкеп соқтырған немесе ауыр дене жарақаттарын алған азаматтардың саны және мүліктің бүліну дәрежесі;

      7) оқиғаның нәтижесінде қауіпсіздік, денсаулық немесе қоршаған орта үшін сақталатын кез келген қауіп туралы ақпарат;

      8) Қазақстан Республикасы тергеп-тексеруді қандай дәрежеде жүргізеді немесе басқа мемлекетке беруді жоспарлағаны туралы ақпарат;

      9) хабарлама шығарған органның атауы қамтылуға тиіс.

      144. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әуежайынан ұшып шыққан қауіпті жүктерді тасымалдауға байланысты Қазақстан Республикасының әуе кемесімен немесе шетел мемлекетінің әуе кемесімен болған авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға туралы хабарлама алған кезде, тез арада аталған әуе кемесі тасымалдайтын қауіпті жүктер туралы қолда бар кез келген ақпаратты оқиға орын алған мемлекетке хабарлайды.

      145. Егер Қазақстан Республикасының аумағында болған авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру кезінде, авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның себебі қауіпті жүктер екені анықталса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шешімімен Комиссия құрамына қауіпті жүктермен байланысты жағдайларды тергеп-тексерумен айналысуға тиіс маманды енгізіледі.

      146. Қажет болған кезде қауіпті жүктермен байланысты жағдайлар мен факторларды тергеп-тексеру үшін жұмыс тобы құрылады. Оның жұмысының нәтижелері бойынша еркін түрде есеп жасалады, ол авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексерудің құрамдас бөлігі болып табылады және тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Түпкілікті есепке қоса беріледі.

      147. Радиоактивті материалдарды тасымалдаған әуе кемесімен авиациялық оқиға орын алған жағдайда, тез арада оқиға орнына жақын орналасқан жерде жұмыс істейтін адамдарға зиян келтірілгенге дейін білікті мамандардың оларды жоюы бойынша шараларды қолдану керек. Оқиға орнын тергеп-тексеруге радиация деңгейін өлшеу жүргізілгеннен кейін және оқиға орны қауіпсіз деп жарияланғаннан кейін ғана кіріскен жөн.

      148. Қауіпті жүктермен байланысты авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидаларға 24-қосымшада белгіленген нысан бойынша Түпкілікті есеп жасайды.

      Авиациялық оқиғанының қауіпті жүктерді зерттеу нәтижелері бойынша, Комиссия осы Қағиданың 27-қосымшасында белгіленген нысан бойынша азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаны тергеу нәтижелері туралы Түпкілікті есеп дайындайды.

      149. Қауіпті жүктермен байланысты авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Түпкілікті есеп осы Қағидаларға белгіленген тәртіпке сәйкес таратылады, сондай-ақ қауіпті жүкті жөнелтуші мемлекеттің авиациялық әкімшілігінің мекенжайына қосымша жіберіледі.

      Егер тергеп-тексеру нәтижелері әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау бойынша Техникалық нұсқаулықтардың талаптары (Doc 9284 AN/985 ИКАО) бойынша кемшіліктер туралы куәландырса, аталған ақпарат Түпкілікті есепте көрсетіледі.

5-бөлім. Авиациялық оқиғалар немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру нәтижелері жөніндегі ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеу

      150. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі Комиссия тергеп-тексеру барысында алынған ақпаратты талдау негізінде, алдағы уақытта оларды болдырмау мақсатында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әзірлейді.

      151. Ұсынымдарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және авиациялық техниканы пайдалану жүйесін жетілдіру, ұшу және жердегі құрамның кәсіби дайындық деңгейін жақсарту, әуе қозғалысын басқаруды және ұшуларды жерде қамтамасыз етуді жетілдіру, және басқа да авиациялық қызметтің аспектілерін жетілдіру мәселелері енгізілуі мүмкін.

      152. Құзыретіне Комиссия ұсыныстарының қатысы бар азаматтық авиация ұйымдары Түпкілікті есепті алғаннан кейін азаматтық авиация ұйымының деңгейінде профилактикалық шараларды қабылдауды қарастыратын іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді. Бекітілген іс-шаралар жоспары үш тәулік ішінде Комитетке және тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.

      153. Іс-шаралар жоспарын жасаған кезде Комиссияның барлық ұсыныстары орындауға қабылдануға тиіс. Іс-шаралар жоспары немесе басқа да өкімдік құжаттар ұшу қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған профилактикалық шараларды қабылдауды қарастырады. Іс-шаралар жоспарына Комиссия ұсыныстарында көрсетілмеген, тергеп-тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған қосымша шаралар енгізілуі мүмкін.

      154. Ұшу қауіпсіздігі бойынша ұсынымдарды іске асыру бойынша бақылауды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады. Ұсыныстарды іске асыру бойынша ведомствоаралық іс-шаралардың жоспарын орындаушылар бірлесіп орындаушылармен бірге әзірлейді. Жұмыстарды бірлесіп орындаушылар қарауға іс-шаралар жоспарының жобасын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оны келісулері немесе өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын жазбаша түрде ұсынады. Даулы мәселелер бойынша шешімді іс-шаралар жоспарын бекітетін басшылар қабылдайды.

      Ескерту. 154-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      155. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі Комиссияның ұсыныстарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу мерзімі ішкі ведомстволық жоспарларға он бес тәулікті және ведомствоаралық жоспарларға отыз тәулікті құрайды.

      156. Авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі Комиссияның ұсыныстарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу мерзімі ішкі ведомстволық жоспарларға он тәулікті және ведомствоаралық жоспарларға жиырма тәулікті құрайды. Мерзім ұсынымдарды алған сәттен бастап есептеледі.

      157. Комиссия авиациялық оқиға мен оқыс оқиғаны тергеп-тексерудің кез келген кезеңінде Комитетке, сондай-ақ кез келген мүдделі органдар мен ұйымдарға ұшу қауіпсіздігін жақсарту үшін қажетті алдын алу шараларын жүзеге асыруға ұсыныс жасайды.

      Егер қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар ИКАО қолданыстағы құжаттарының ережелеріне қатысты болса, онда олар сол ұйымға жіберіледі.

      158. Тергеп-тексеру жүргізген мемлекеттен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы ұсыныс алған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оны алған сәттен бастап тоқсан тәулік ішінде сол мемлекетке қабылданған немесе қараудағы алдын алу шаралары туралы немесе қандай да бір шаралардың қабылданбау себептері туралы хабарлайды.

      159. Жеке жағдайларда Комиссия ұсыныстары бойынша жедел іс-шаралар тергеп-тексеру аяқталғанға дейін және Түпкілікті есеп бекітілгенге дейін әзірленеді және енгізіледі.Комиссия ұсынысын іске асыруды бақылау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жүктеледі.

      160. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін Комиссия төрағасы немесе оның орнындағы тұлға авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға болған азаматтық авиация ұйымында талқылау өткізеді. Талқылаудың мақсаты пайдаланушыға авиациялық оқиға немесе оқыс оқиғаның жағдайын, себептері мен әсер ететін факторларын, сондай-ақ алдағы уақытта олардың алдын алу бойынша ұсыныстарды жеткізу болып табылады. Ашық жариялауға арналмаған материалдар қаралған кезде талқылау жабық болуы мүмкін.

6-бөлім. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды жіктеу және есепке алу

      161. Туындаған салдардың ауырлығына қарай авиациялық оқиғалар төмендегідей бөлінеді:

      1) адам шығындары болған авиациялық оқиғалар (апаттар);

      2) адам шығындары болмаған авиациялық оқиғалар (авариялар).

      162. Авиациялық оқыс оқиғалар туындаған салдарының ауырлығына қарай төмендегідей бөлінеді:

      1) елеулі оқыс оқиға;

      2) оқыс оқиға.

      163. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерімен болған авиациялық оқиға есепке алуынуға тиіс. Есепке алуды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган, әуе кемелерін пайдаланушылар (иелері) және азаматтық авиация ұйымдары жүзеге асырады.

      164. Екі немесе бірнеше әуе кемесінің соқтығысуы (қауіпті жақындауы) бір оқиға ретінде тексеріледі және болған жағдайға сәйкес құжаттар әр әуе кемесіне бөлек-бөлек жинақталады. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша әр әуе кемесіне бөлек-бөлек Түпкілікті есеп ресімделеді.

      Бірнеше әуе кемелерімен болған оқиғаға қатыстыру кезінде, нәтижелері олардың әрқайсысы үшін бөлек-бөлек жинақталуы тиіс.

      165. Нақты авиациялық оқиғаны жіктеу бойынша түпкілікті шешімді тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды.

      166. Авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды есепке алу мыналарды қамтиды:

      1) орын алған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың саны, олардың жіктелуі мен себептері;

      2) ұшу қауіпсіздігін арттыру жөніндегі ұсынымдар кіреді.

7-бөлім. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді ұсыну тәртібі

      167. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты немесе потенциалды кемшіліктер туралы ақпаратты жинауға жәрдем ету мақсатында авиациялық оқыс оқиғалар туралы деректерді ұсыну жүйесін құрады.

      168. Пайдаланушылар (азаматтық авиация ұйымдары) Комитетке және тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органға ұшу қауіпсіздігі жөнінде талдау материалдарын тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 күніне, сондай-ақ өткен жылғы талдауды келесі жылдың 10 қаңтарына ұсынады.

      169. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      170. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, авиакомпаниялар (пайдаланушылар) ерікті хабарламаларды келешекте авиациялық оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында пайдаланады.

      171. Адамдар авиациялық оқыс оқиғалар туралы өз еркімен берген әрбір ақпарат тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органның, оның ішінде болжамды авиациялық оқиға болған орынға барып, тергеп-тексеруіне жатады.

      Барлық авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган қарайды және олардың қайсысы тергеп-тексеруді қажет ететіні, қайсысы қажет етпейтіні туралы шешім қабылдайды. Аталған шешімнің өлшемдері ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін авариялық факторларды айқындау мүмкіндігі болады.

      172. Авиациялық оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесі жаза қолдануға бағытталмаған және хабарламаның құпия болуын және ақпарат көздерін қорғауды көздейді, себебі авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеру мақсаты оқиға себебін анықтауға және келешекте оны болдырмау бойынша шаралар қабылдау болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматының ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келетін немесе оның заңды мүдделеріне зиян келтіретін авиациялық оқиғалар туралы ұсынылған деректерде түскен дербес деректері мен жеке өмірі жөніндегі мәліметтерді, осы азаматтың өз келісімінсіз, дерекқорға енгізілмейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады.

      Ескерту. 172-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      173. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органның барлық лауазымды тұлғаларына ұшу қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетін оқиғалар туралы өз еркімен берілген ақпаратты ынталандыру және көтермелеу ұсынылады.

      174. Авиациялық оқиғалар туралы ұсынылған деректерді қабылдау, оларды талдау және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін қауіпті факторларды жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органда және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласындағы кәсіпорындары мен ұйымдарында авиациялық оқиғалар туралы мәліметтерді жинауды, бағалауды, өңдеуді, талдауды және сақтауды қоса алғанда, авиациялық оқиғалар туралы деректерді ұсыну жүйесінің жұмыс істеуіне жауапты лауазымды адамдар тағайындалады.

      Азаматтық авиация ұйымдары тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидалардың 28-қосымшасындағы нысанға сәйкес міндетті және ерікті түрда оқиға туралы есеп береді.

      Ескерту. 174-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      175. Осы Қағиданың 174-тармағында көрсетілген кәсіпорындар мен ұйымдарда ЕХЖ талаптарының орындалу тәртібі олардың қауіпсіздік техникасы жөніндегі басшылықтарында реттеледі.

      176. Деректерді ерікті түрде ұсыну жүйесі арқылы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты немесе ықтимал кемшіліктер туралы ақпарат қабылданады.

      Ескерту. 176-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      176-1. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиациялық оқиғалар туралы деректерді міндетті түрде ұсыну жүйесі шеңберінде тіркелмейтін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты немесе ықтимал кемшіліктер туралы ақпарат жинау мақсатында деректерді ерікті түрде ұсыну жүйесі арқылы жіберілген деректерді пайдаланады.

      Ескерту. Қағида 176-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      177. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты немесе ықтимал кемшіліктер туралы деректерді ерікті түрде ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының кез келген жеке немесе заңды тұлғасы ұсынады.

      Ескерту. 177-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      178. Хабарлама жазбаша немесе ауызша түрде келесі каналдар бойынша:

      1) пошта арқылы;

      2) электронды пошта мекенжайына;

      3) арнайы пошталық жәшікке;

      4) телефон немесе факсимильді байланыс арқылы;

      5) тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органға өзі жүгіну арқылы берілуі мүмкін.

      179. Анонимді хабарламада қабылданады.

      180. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты немесе потенциалды кемшіліктер туралы хабарлама алған кезде тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган хабарламаны есепке алуды және бастапқы өңдеуді жүргізеді.

      Бастапқы өндеудің қорытындысы бойынша, ұшудың нақты немесе потенциалды қауіпсіздікті қамтамасыз ету кемшіліктері бойынша Көлік прокуратурасына, ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК заң шеңберіне сәйкес көрсетілген шараларды қабылдау және қарау үшін хабарлама ұсынылады.

      181. Алынған деректерді тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органның және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның лауазымдық тұлғасы қарайды және анықталған қауіпті факторды жою жөнінде шаралар әзірленеді.

      Ескерту. 181-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      182. ЕХЖ жұмысының нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті органның ресми сайттарында жарияланады, және ұшу қауіпсіздігі жағдайының жылдық және жарты жылдық талдауларына енгізіледі және Қазақстан Республикасының барлық жеке және заңды тұлғаларына қол жетімді болады.

      183. Авиациялық оқиғалар туралы деректерді біріздендіру мақсатында авиациялық оқиғаларды жіктеу және санаттау кезінде ИКАО ADREP таксономиясы пайдаланылады.

      Ескерту. Қағида 183-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      184. Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйелердің (ҚБАЖ) азаматтық әуе кемелерімен авиациялық оқиғалары (әртүрлі түрлерінің соқтығысуы) тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органның тексеруіне жатады.

      Ескерту. Қағида 184-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      185. Азаматтық авиация ұйымдарымен және басқа мемлекеттермен жүзеге асырылатын ұшу қауіпсіздігі жөніндегі ұсынымдардың орындалуын бақылау жөніндегі хат алмасулар шеңберінде кіріс және шығыс пошта жөнелтілімдерін тіркеуді авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалпрды тексеру файлдарында (электрондық жеткізгіштерде) тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Ескерту. Қағида 185-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      186. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органда ұшу қауіпсіздігі бойынша ұсынымдар алуға жауап ретінде қабылданған шаралардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу рәсімдері қолданылады.

      Ескерту. Қағида 186-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      187. Егер тергеу жабылғаннан кейін, түпкілікті есеп шыққаннан кейін де, жаңа және маңызды деректер пайда болса немесе бастапқы талдау кезінде жіберілген қате анықталса, тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган жаңа деректерді зерттеу немесе қате талдауларды тексеру мақсатында тергеуді қайта бастайды. Егер жаңартылған тергеп-тексеру нәтижелері мұны талап етсе, тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган тергеп-тексерудің фактологиялық хаттамасына түзетулер енгізеді және қайта қаралған түпкілікті есепті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды.

      Ескерту. Қағида 187-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      188. Адам құрбандарымен болған авиациялық оқиғаға тергеу жүргізетін мемлекет, оқиғаларды тергеуде тәжірибесі бар патологоанатомның қаза тапқан ұшу экипажының мүшелерін және ерекше жағдайларда қаза тапқан жолаушылар мен бортсеріктерді толық зерттеп-қарау аутопсиясы арқылы жүргізуін ұйымдастырады. Мұндай тексеру жедел және толық көлемде жүргізіледі.

      Ескертпе: аутопсияға қатысты нұсқаулық материал авиациялық медицина жөніндегі нұсқаулықта (Doc 8984) және авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу жөніндегі нұсқаулықта (doc 9756) егжей-тегжейлі берілген, олардың біріншісінде токсикологиялық тексеру жүргізу бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар бар.

      Ескерту. Қағида 188-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Азаматтық және экперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның уәкілеттілігі

      1. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы лауазымды тұлға болып табылады, оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруге байланысты барлық тұлғалар оның өкімдері мен нұсқауларын міндетті түрде орындауы тиіс.

      2. Комиссия төрағасы:

      1) оқиғаның немесе оқыс оқиғаның орын алған жеріне келген кезде:

      жергілікті атқарушы органдарына (әкімге) хабарлайды;

      оқиға немесе оқыс оқиға туралы комиссия мүшелерін таныстыру үшін комиссияның ұйымдастырушылық отырысын жүргізеді, авиациялық оқиға орнында алғашқы әрекеттерін жүзеге асыратын тұлғаларды тыңдайды, кіші комиссияларды, жұмыс топтарын құрады және төрағаларын тағайындайды, комиссия жұмысына қосымша мамандарды тарту қажеттілігін анықтайды, жұмыс тәртібін және алдағы тәуліктің негізгі міндеттерін белгілейді;

      авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның орнын қарайды, қажеттілігі болған жағдайда оны қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдайды және дәлелді материалдарды сақтайды;

      ІІМ органдарымен осы ұшуға қатысы бар объективті бақылайтын борт құралдарының ақпарат тасығыштарын, сурет тіркегіштерді, жердегі магнитофондарды, ұшу, техникалық және метеорологиялық құжаттаманы алып қояды және жауапты сақтауға беруді қамтамасыз етеді;

      авиациялық оқиға орын алған жағдайда, тексерудің барлық қатысушыларын қауіпсіздік және еңбекті қорғау техникасымен, комиссия отырысы хаттамасының жазуымен таныстырады;

      Комиссияның және кіші комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді;

      2) Комиссия жұмысының барысында:

      комиссия жұмысының негізгі бағыттарын айқындайды және оның жұмысын үйлестіреді;

      авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруге қатысатын барлық тұлғалардың бірлескен әрекеттерінің келісімі мен үйлесімін қамтамасыз етеді;

      авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексерудің ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық мәселелерін шешу мақсатында жүйелі түрде Комиссия отырысын жүргізеді;

      кіші комиссияның жұмысын үйлестіреді және бақылайды, алынған нәтижелерді жинақтайды және талдайды;

      авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның себептерін анықтау үшін қажетті зерттеулер мен сынақтарды жүргізу туралы уақытылы шешім қабылдайды, авиациялық техника объектілерін, басқа материалдарды зерттеу жүргізу үшін тиісті ұйымдарға жіберу туралы тапсырмалар береді;

      комиссияның қорытынды есептерін белгіленген мерзімде жасауды қамтамасыз етеді;

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жұмыс барысы туралы тікелей өзі хабарлап отырады;

      тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның жағдайлары мен себебін талқылайды, тергеп-тексеру материалдарының рәсімделуін, көбейтілуін және таратылуын бақылайды.

      авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексерудің барлық ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық мәселелер бойынша қорытынды шешім қабылдайды;

      авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруге байланысты мәселелер бойынша Комиссияның барлық мүшелеріне және тергеп-тексеруге тартылған мамандар мен сарапшыларға, авиациялық ұйымдардың лауазымды тұлғаларына орындалуы тиіс өкімдер мен нұсқаулар береді;

      авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру барысында қажетті деп белгіленген ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жедел іс-шараларды жүргізу туралы ұсыныстар береді;

      авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның себептерін анықтау үшін қажетті сынақтар мен зерттеулер жүргізуді белгілейді;

      азаматтық авиацияның тиісті министрліктерінің, ведомстволары мен ұйымдарының басшылары арқылы Комиссияның жұмысына қажетті мамандар мен техникалық құралдарды тартады;

      әрекеттері Комиссияның жұмысына кері әсер ететін тұлғаларды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге ұсынады;

      Комиссияның шешіміне сәйкес, арнайы зерттеу жүргізу үшін әуе кемесінің материалдарын, жекелеген бөлшектерін, агрегаттарын және элементтерін, сондай-ақ олардың құжаттарын жолдайды;

      ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан жергілікті атқарушы органдарынын, авиакомпаниялар мен ұйымдардан авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізуге байланысы бар, қажетті материалдар мен құжаттарды талап етеді;

      авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны көргендерден, авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға қатысы болуы мүмкін тұлғалардан сұрайды, қажетті ақпаратты алады;

      апатқа ұшыраған әуе кемесін әзірлеудің, сынақтан өткізудің, жасаудың, пайдаланудың және жөндеудің, авиациялық персоналдың ішінен тұлғаларды дайындаудың, әуе қозғалысын ұйымдастырудың, әуе кемелерін орындау мен қамтамасыз етудің барлық мәселелерін зерттейді;

      заттық дәлелдерді бүлдіруге немесе жоғалтуға, құжаттаманы әдейі бұрмалауға әкеп соққан әрекеттерге жол берген немесе комиссия төрағасының өкімдерін жүйелі түрде орындамайтын (комиссия мүшелерінен басқа) тұлғаларды авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруден шеттетеді, бұл туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органдарға және атқарушы биліктің тиісті органының басшысына тез арада хабарлайды;

      авиакомпаниялардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың лауазымды тұлғаларына комиссия жұмысының барысында анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқау береді;

      комиссия төрағасының орынбасарын тағайындайды және оның жұмыс тәртібін анықтайды.

      Комиссияның төрағасы авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексерудің объективтілігін, сапасы мен мерзімдерін, құжаттардың дұрыс рәсімделуін, авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру мәселелері бойынша қабылданған шешімдердің және берілген ұсыныстардың негізділігін қамтамасыз етеді.

      Комиссия төрағасының орынбасары оған Комиссия төрағасы тапсырған жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді, ал Комиссия төрағасы болмаған кезде төрағаның функцияларын орындайды.

      3. Комиссия штабының бастығы:

      кіші комиссиялардың, жұмыс топтарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады, комиссияның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады;

      комиссия отырыстарын ұйымдастырады және хаттама жүргізеді, ал Комиссия төрағасы хаттамаға қол қояр алдында – онымен комиссия мүшелерін таныстырады;

      құжаттар мен материалдарды дұрыс рәсімдеуге қатысты кіші комиссиялардың төрағаларына нұсқау береді;

      құжаттарды дайындауда Комиссия, кіші комиссия мүшелеріне және сарапшыларға көмек көрсетеді;

      кіші комиссиялар сапалы тергеп-тексеру материалдарын уақытылы ұсынуын бақылайды;

      тарату үшін авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру материалдарын жинақтайды және рәсімдейді;

      түпкілікті есептің жобасын дайындайды;

      кіші комиссиялар мен жұмыс топтарына дұрыс рәсімделмеген материалдарды толықтырып жасауға қайтарады.

      комиссия штабы бастығы авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру материалдарын таратуды жүзеге асырады.

      Комиссия штабының бастығы авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру материалдарының таратылуын жүзеге асырады.

      4. Кіші комиссияның төрағасы:

      авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру бойынша кіші комиссиялар мен жұмыс топтары жұмысының негізгі бағыттарын анықтауға;

      кіші комиссия мен жұмыс топтарының құрамы бойынша ұсыныстар дайындауға, кіші комиссияның жұмыс жоспарын жасауға, оны Комиссия төрағасына бекітуге ұсынуға және жұмыс топтарының жұмыс жоспарларын бекітуге;

      комиссияның, кіші комиссияның және жұмыс топтарының жұмыс жоспарларына сәйкес, жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруін қамтамасыз етуге;

      үнемі кіші комиссияның отырыстарын өткізуге;

      авиациялық оқиғаны тергеп-тексерудің толықтығы мен объективтілігін, кіші комиссияның есептерін ұсынуды, жұмыс тобының есептерін және басқа құжаттарды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның штабына белгіленген мерзімде ұсынуды қамтамасыз етуге;

      авиациялық техниканың объектілері мен басқа да элементтердің зерттеуге бағытталғаны туралы Комиссияға ұсыныс енгізуге;

      авиациялық оқиға орнында жұмыс істейтін мамандардың қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау жүргізуге міндетті.

      кіші комиссияның және оның жұмыс топтарының құрамына кіретін барлық мамандарға, сарапшыларға кіші комиссияның құзыретіне қатысты тергеп-тексеру мәселелері бойынша нұсқаулар береді;

      комиссия төрағасы арқылы лауазымды тұлғалар мен ұйымдардан қажетті материалдарды сұратады;

      басқа кіші комиссиялар төрағаларының келісімі бойынша осы кіші комиссиялардың мамандарын сараптама жүргізуге және кіші комиссиялардың, жұмыс топтарының мәжілістеріне қатысу үшін тартады;

      авиациялық оқиғаны тергеп-тексерудің барлық материалдарымен танысады.

      5. Комиссияның мүшелері:

      кіші комиссиялардың немесе жұмыс топтарының бірінің жұмысына қатысады;

      комиссия, кіші комиссия (жұмыс топтары) басшылығының өкімдері мен нұсқауларын орындайды;

      өзінің барлық іс-қимылдарын кіші комиссияның төрағасымен (жұмыс тобының басшысымен) келісе отырып, авиациялық оқиғаға толық және жан-жақты тергеп-тексеру жүргізеді;

      авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі құжаттарды жасауға қатысады, кіші комиссияның (жұмыс тобының) есептеріне қол қояды.

      авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруге қатысы бар барлық материалдармен танысады;

      Комиссия жұмысын жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізеді;

      тергеп-тексеруге мамандар мен сарапшылардың қатысуы, қажетті материалдардың талап етуі, зерттеудің мақсаттарын көрсете отырып, әуе кемесінің қосалқы бөлшектерін зерттеу туралы, сондай-ақ авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге байланысты өзге де мәселелер бойынша ұсыныс енгізеді;

      комиссия (кіші комиссия) отырысының хаттамаларында өз пікірін білдіруге, қорытындылар мен шешімдердің нақтылап келтірілуін талап етеді;

      авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру актісінің мазмұнымен келіспеген жағдайда ерекше пікірін жазбаша түрде қоса береді;

      қосымша материалдар мен құжаттарды қорытынды есепке қосуды талап етеді.

      6. Кіші комиссияның (жұмыс тобының) мүшелері:

      комиссия, кіші комиссия (жұмыс тобы басшысы) төрағасының авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеруге байланысты нұсқауларын орындайды;

      қажетті зерттеулер жүргізеді, зерттеуге (сынақ жасауға) жіберу үшін заттай дәлелдерді алады, сынақтардың (зерттеулердің) бағдарламаларын жасайды және оларды өткізуге қатысады;

      тергеп-тексеру бойынша құжаттарды жасауға қатысады, кіші комиссияның есебіне қол қояды.

      кіші комиссияның төрағасы арқылы тергеп-тексеруге байланысты материалдармен танысады;

      кіші комиссияның төрағасы (жұмыс тобының басшысы) арқылы жұмысқа қажетті қосымша материалдардың ұсынылуын талап етеді;

      жұмыс жоспары және оларды өткізу тәртібі, арнайы зерттеулер мен сынақтар жүргізу, мамандарды тарту қажеттілігі бойынша өз ұсыныстарын береді;

      кіші комиссияның (жұмыс тобының) шешімімен келіспеген жағдайда кіші комиссия отырысының хаттамасында немесе кіші комиссияның (жұмыс тобының) есебіне ерекше пікірінде өз ерекше пікірін білдіреді;

      кіші комиссияның (жұмыс тобының) есебіне қосымша құжаттардың қосылуын талап етеді.

  Азаматтық және эксперименттік
авиацияда деректерді ұсыну
және авиациялық оқиғалар мен
оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
2-қосымша

Тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті тұлғаның куәлігі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Алдыңғы жағы (өлшемі 85 х 55 мм)

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті

Мемлекеттік рәміз

Азаматық авиация саласында тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті тұлғаның рұқсаты

Куәлік иесінің суреті

Тегі:

Аты:

Жынысы:

Ұлты:

Туған күні:

Жұмыс орны:

Лауазымы:

Куәліктің №


Жарамдылық мерзімі:

Иесінің қолы:

      Ескертпе: ағылшын тілінде толтыруға рұқсат етіледі

      Артқы жағы

Қазақстан Республикасы
Машина арқылы оқылатын аймақ
(егер куәлік машинада оқуға арналмаған болса, толтырылмайды)

 
Осы рұқсаттаманың иесі "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 93 және 93-1-баптарына сәйкес қызметтік міндеттерді жүзеге асыру үшін ангарларды, отын қоймаларын, пайдаланушылардың қызметтік үй-жайларын және авиациялық оқу орталықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы әуежайларының барлық бақыланатын аймақтарына, әуе кемелеріне және азаматтық авиация ұйымдарының объектілеріне кедергісіз кіреді".

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы

Қолы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Берілген орны мен күні

      Ескертпе: ағылшын тілінде толтыруға рұқсат етіледі

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Авиациялық оқиға орнының схемасын (сұлбаларын) жасау бойынша жұмыс тобының функциялары мен нәтижелері

      Жұмыс тобы мынадай функцияларды орындайды:

      авиациялық оқиға орнының координатын, оның географиялық пункттерге қатысты түрде жақын орналасуын, теңіз деңгейінен биіктігін, жергілікті жердің сипаттамасын анықтайды;

      әуе кемесінің жердің үстіне алғашқы тиген жерін және кедергілерді, конструкция элементтерінің лақтырылу аймағын анықтайды;

      конструкция элементтеріне таңбалау жасайды және олардың жергілікті жерлерде орналасуын байлайды;

      әуе кемесі құлаған кезде жергілікті жерлерде қалдырылған іздерді қарау, бекіту және талдау жасайды;

      авиациялық оқиға орнын және жергілікті жерлердегі сипатты іздерді суретке түсіреді;

      қажеттілігі болған жағдайда әуе кемесі ұшуының бағыты бойынша жергілікті жердің пішін қимасын жасайды;

      әуе кемесінің кеңістіктегі жағдайын және жермен (кедергілермен) соқтығысқан кездегі оның қозғалыс (магнитті бағыт, крен, траекторияның бүгіліс ұшы) бағытын анықтайды.

      2. Жұмыс тобы жұмысының нәтижелері авиациялық оқиға орнының сызбасы түрінде ресімделеді, онда мына мәліметтер келтіріледі:

      авиациялық оқиға орнының координаттары, оның географиялық пункттерге қатысты түрде жақын орналасуы, теңіз деңгейінен биіктігі;

      әуе кемесінің жермен (кедергілермен) соқтығысуы және одан әрі жүруі кезінде әуе кемесі қалдырған сипатты іздері;

      әуе кемесі сынықтарының орналасуы, координаттың таңдалған жүйесінде координаттары көрсетілген тізбесі;

      жердегі өрт іздерінің, отын, май және т.б. іздерінің орналасуы;

      кеңістікте әуе кемесінің жағдайын анықтайтын параметрлер және оның жермен (кедергілермен) соқтығысу сәтіндегі қозғалыс бағыты;

      олардың конфигурациясы мен биіктігін көрсете отырып, оқиға болған аудандағы жасанды және табиғи кедергілер;

      егер оқиға әуеайлақта орын алса, ұшу алаңының құрылысы (ұшу-қону жолағы, бұру-жылжу жолы, оттар);

      (қажеттілігі болған жағдайда) әуе кемесі қозғалысының бағыты бойынша жергілікті жердің пішіні мен сипаты;

      авиациялық оқиғаның нақты жағдайларына байланысты әуе кемесінің жермен (кедергілермен) соқтығысу және оның бұзылуы сипатын куәландыратын басқа сипатты белгілері.

      Схемаға суретке түсіру нүктелері мен бағыттарын көрсете отырып, авиациялық оқиға орнының жалпы суреттері қоса беріледі.

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Сұрау жүргізу жұмыс тобының функциялары мен нәтижелері

      1. Сұрау жүргізу жұмыс тобы мынадай функцияларды орындайды:

      ішкі істер және Көлік прокуратурасы органдарымен бірлесе отырып, авиациялық оқиғаның куәгерлері мен көрген адамдарын анықтайды;

      Көлік прокуратурасы органдарының келісімі бойынша немесе олармен бірлесе отырып, лауазымды тұлғаларды, авиациялық оқиғаның куәгерлері мен көрген адамдарын сұрайды, қажеттілігі болған жағдайда магнитофондық жазба қолданады, онда сұрау уақыты, орны, сұраған тұлғаның лауазымы, сұралған адамның сауалнамалық мәліметтері рәсімделеді;

      сұрау нәтижелерін жинақтайды және талдайды;

      куәгерлер мен көрген адамдардың орналасу сызбасын жасайды, қажеттілігі болған жағдайда, куәгерлердің айтқан сөздері негізінде сызбада ұшу троекториясын көрсетеді.

      2. Сұрау жүргізу жұмыс тобы жұмысының нәтижелері бойынша есеп жасалады, онда:

      1) анықталған және сұралған тұлғалардың тізімі;

      2) сұрау жүргізілген адамдардың сөздерін талдау және олардың айтқандарын жинақтаудан шығатын мәліметтер көрсетіледі.

      3. Есепке:

      1) лауазымды тұлғаларды, куәгерлерді және көрген адамдарды сұрау хаттамасы;

      2) авиациялық оқиғаны көрген адамдардың орналасу сызбасы қоса беріледі.

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Сұрау жүргізу жұмыс тобының хаттамасы

      ____________________                                           ______________

      (сұрау жүргізу орны)                                                 (күні)

      Біз, төменде қол қойғандар,

      ________________________________________________________________________________

      (сұрау жүргізу тобы мүшелерінің тегі, аты-жөні)

      ІІМ өкілдерінің қатысуымен

      ________________________________________________________________________________

                              (лауазымы, тегі, аты-жөні)

      ________________________________________________________________________________

      сұрады:

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)_____________________________________

      2. Туған жыл _______________________________________________________________

      3. Жұмыс орны, лауазымы, (жұмыс/үй) телефон _________________________________

      4. Тұрғылықты жері _________________________________________________________

      5. Сұрау сағат _______ ____________ минутта басталды.

      6. Аудио-бейне жазбаларды қолдану туралы

      мәлімет ___________________________________________________________________

      Сұрақ:

      Жауап:

      Сұрақ:

      Жауап:

      Сұрау жүргізу сағат ____ ____ минутта аяқталды

      Менің сөздерім дұрыс жазылды, маған оқып берді (мен оқыдым)

      ________________________________________________________________________________

      (сұралған адамның қолы)

      Сұрау жүргізу жұмыс тобының жетекшісі_______________________________________

                                                      (қолы, аты-жөні, тегі)

      Сұрау жүргізуге қатысқандар _________________________________________________

                                                (қолы, аты-жөні, тегі)

  Азаматтық және эксперименттік
авиацияда деректерді ұсыну
және авиациялық оқиғалар мен
оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Іздестіру және авариялық-құтқару жұмыс топтарының функциялары мен нәтижелері

      1. Іздестіру және авариялық-құтқару жұмыс топтары тергеп-тексеру барысында төмендегілерді анықтайды:

      апат туралы хабарлама алынған уақыт, дабылдама жариялау уақыты мен тәртібі, іздестіру экипаждарына, авариялық-құтқару командаларына және басқа министрліктердің (ведомстволар) өзара әрекет ететін күштеріне хабарлау;

      іздестіру экипаждарының ұшып шығу және іздестіру және авариялық-құтқару командаларының шығу уақыты, олардың құрамы, іздестіруді жүргізу тәртібі;

      іздеуді бастау уақыты, оқиға орнын анықтау, оқиға орнына авариялық-құтқару командаларының келуі, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді және аяқтауды бастау;

      оқиға орнын қоршау және күзету уақыты;

      жеке құрам саны, іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылған техникалық құралдардың саны;

      авариялық-құтқару жұмыстарын орындау кезіндегі экипаж мүшелері және апаттан құтқару командалары әрекеттерінің тиімділігі және дұрыстығы;

      азаматтық авиация ұйымындағы іздестіру-құтқару қызметінің жалпы жағдайы.

      2. Жұмыс нәтижелері бойынша іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарының тобы есеп жасайды, онда:

      іздестіру экипаждары, іздестіру және авариялық-құтқару командалары мүшелерінің, лауазымды тұлғалардың апат туралы хабарламаны алған сәттен бастап авариялық-құтқару жұмыстары аяқталғанға дейінгі әрекеттерінің толық сипаттамасы;

      іздестіру жұмыстарын ұйымдастырудың және жүргізудің басшылық құжаттардың талаптарына сай келуін, тергеу барысында анықталған тиісті талаптардан барлық ауытқушылықтарды, аталған ауытқушылықтардың себептерін бағалау;

      келу уақыты мен әрекеттердің тиімділігін көрсете отырып, авариялық-құтқару жұмыстарына тартылған күштер мен құралдарды есептеу;

      экипаж мүшелері мен жолаушылар эвакуацияланған уақыт, өрт сөндірудің тиімділігі (шектен шығармау және жою уақыты);

      құтқару жұмыстарының тиімділігі (құтқарылған, әуе кемесінен өздігінен шыққан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің саны);

      оқиға орнын қоршау және күзету туралы деректер;

      авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуде қолданыстағы норма талаптарынан барлық ауытқушылықтар;

      іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша басшылық құжаттарда тергеу кезінде анықталған кемшіліктер келтіріледі.

      3. Есепке мына материалдар қоса беріледі:

      авариялық-құтқару есебінің, қажет болған кезде авариялық-құтқару командаларының басқа да есептерінің тізімдегі құрамы мен дайындығы туралы анықтама;

      іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде тартылған күштер мен құралдар туралы анықтама;

      кәсіпорында іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарының ұйымдастырылуын тергеп-тексеру туралы анықтама;

      авариялық-құтқару қызметіне қатысты ақпаратпен жердегі магнитофондар жазбаларынан үзінді көшірме;

      Әскери күзет жасағының өрт байланыс диспетчерінің жұмыс журналынан үзінді көшірме.

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Есепке алу және талдау жұмыс тобының функциялары мен нәтижелері

      1. Есепке алу және талдау жұмыс тобы келесі функцияларды атқарады:

      борттық параметрлік және сөздерді өздігінен жазғыш құралдарда жиналған ұшу ақпаратын жинау, өңдеу, қалпына келтіру және талдауды жүргізеді;

      комиссия жұмысының барысында кіші комиссиялардың жұмыс топтарынан алынатын ақпаратты жинақтайды, комиссия жұмысының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      қажет болған жағдайда, эксперименттерді, ұшуларды жүргізу бағдарламаларын әзірлейді (жұмыс топтарының және кіші комиссиялардың мамандарын тарта отырып);

      қажет болған жағдайда, ұшып сынаулардың материалдарын және әуе кемесінің аталған үлгісін пайдалану тәжірибесін зерделейді;

      ерекше жағдай дамуының кеңейтілген талдауын жасайды, соның негізінде тергеп-тексеру жөніндегі комиссия актісінің жобасы, қорытынды және ұсыныстар әзірленеді.

      уақыты бойынша үйлестіріп, тіркеу сапасын көрсете отырып ұшу ақпараты, борттық және жердегі (ӘҚҚ тобымен бірлесе отырып) магнитофондар, фототіркегіштер параметрлерінің борттық өздігінен жазғыш құралдарының талдамасын және талдауын жасайды;

      жетіспейтін параметрлердің қажетті есебін орындайды;

      ұшу сипаттамаларын, беріктілік және басқару сипаттамаларын бағалай отырып, қажетті аэродинамикалық есептерді орындайды;

      авиациялық оқиға кезінде әуе кемесінің массасы мен орталықтандыруын есептеу жолымен анықтайды;

      оған жүргізілген сөйлесулер мен тіркелген сигналдарды енгізе отырып, ерекше жағдай туындаған және өрбіген учаскедегі ұшу траекториясын жасайды;

      объективті бақылау құралдарының жазбалары бойынша авиациялық техниканы жүргізуде және жұмыстарында ауытқушылықтарды анықтайды.

      2. Жұмыс нәтижелері бойынша есепке алу және талдау жұмыс тобы есеп жасайды, онда:

      борттық өздігінен жазғыш құралдар жазбаларының барлық учаскелеріне талдау жасай отырып, ерекше жағдай алдында және аталған жағдай туындап, өрбіген кезде, сондай-ақ қажет болған жағдайда ұшудың басқа да кезеңдерінде және бұған дейінгі ұшулардағы ұшу параметрлерінің толық сипаттамасы;

      навигацияда және әуе кемесін жүргізуде, борттық өздігінен жазғыш құралдардың жазбалары бойынша анықталған оның жүйелері мен жабдықтарының жұмыстарында нормадан барлық ауытқулар, сондай-ақ осы ауытқушылықтардың себептерін талдау;

      ұшу сынамасынан өту кезінде тіркелген әуе кемесі үлгісінің сипаттамаларынан аталған әуе кемесі үлгісінің сипаттамаларының ұшу ақпаратын талдау кезінде анықталған барлық ауытқушылықтары келтіріледі;

      3. Есепке:

      ұшу парметрлерінің борттық өздігінен жазғыш құралдар жазбаларының кестелері;

      оған экипаждың радиоалмасуымен жазылған ұшу параметрлерінің борттық өздігінен жазғыш құралдары жазбаларын талдамалау;

      қажет болған жағдайда, жоспарда және жерге "бекітілген", экипаж мүшелері арасында және әуе қозғалысына қызмет көрсету органымен жүргізген сөйлесулері жазылған, сондай-ақ анықталған істен шығулардың немесе бір жолғы командалардың туындау сәттері белгіленген тура жылдамдықта әуе кемесі ұшуының траекториясын жасау;

      хронометражы бар борттық және жердегі магнитофондардың жазбаларынан үзінді көшірме;

      есептердің, әуе кемесінің қозғалыс динамикасын модельдеу нәтижелері;

      бақылау жүйелерінің автоматты жазбалары қоса беріледі.

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
8-қосымша

      Ескерту. 8-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

      Комиссия отырысында қаралды

      20__ жылғы "___" _________

      № ____ хаттама

Ұшу жөніндегі кіші комиссияның есебі

      ________________________________________________________________________________

                                    (авиациялық оқиғаның түрі)

      Ұшақпен (тікұшақпен) ____________________________________________________________

                        (үлгісі, мемлекеттік есептегі және зауыттық нөмірлері, тиесілігі)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (авиациялық оқиғаның күні мен орны)

      1. Кіші комиссия жасаған негізгі жұмыстар

      Қоса беріліп отырған есептік құжаттаманы көрсете отырып, кіші комиссия орындайтын негізгі жұмыстардың толық тізбесі келтіріледі. Мысалы: экипаждың осы ұшуға дайындығы және бөлімшедегі ұшу жұмысын ұйымдастыру деңгейі зерделенді (ұшу тобының есебі қоса беріледі); объективті бақылайтын борт құралдарының жазбаларына шифрлеу жүргізілді) және т.б.

      2. Талдау

      Кіші комиссия есебінің негізгісі болып табылатын осы бөлімде экипаж, ұшуды қамтамасыз ету қызметтерінің мамандары әрекеттерінің дұрыстығы, орын алған ауытқулар мен бұзушылықтар туралы қорытындылардың барынша толық негіздемесі баяндалады, (егер қажетті болса) кіші комиссияның жұмыс топтары және басқа да кіші комиссиялары алған нәтижелерді жинақтайды.

      Бөлімде мынадай ақпарат қамтылады:

      экипаждың құрамы, орындалатын тапсырманың сипаттамасы, экипаж мүшелерінің кәсіби дайындығы деңгейінің қысқаша сипаттамасы, оның ұшу кезіндегі іс-қимылдардың дұрыстығына әсер еткен барлық ауытқулар көрсетілген белгіленген талаптарға сәйкестігі, авиациялық қызметтің осы түрін орындауға берілген рұқсаттың болуы және негіздемесі (егер авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру кезінде ұшуды қамтамасыз ету қызметінің жұмысында оның нәтижесіне әсер еткен кемшіліктер анықталса, онда баламалы мәліметтер осы қызметтердің персоналына келтіріледі);

      экипаж, ұшуды қамтамасыз ету қызметінің персоналы жол берген, ерекше жағдайдың туындауына және өрбуіне әсер еткен өзге де лауазымды тұлғалардың белгіленген талаптардан барлық ауытқуларын көрсетілген ұшуға дайындықтың сипаттамасы;

      метеорологиялық (қарапайым, қиын) жағдайдың бағасы, әуеайлақтың жағдайы, ұшу және қону туралы шешім қабылдаудың негіздемесі;

      оның ерекшеліктерін (ауытқуларын) көрсете отырып, ерекше жағдай басталғанға дейін ұшудың қысқаша сипаттамасы;

      ерекше жағдайдың пайда болуы мен дамуының жан-жақты хронологиялық сипаттамасы, экипаж бен қамтамасыз ету қызметі персоналының іс-әрекеттерінің, осы іс-әрекеттердің дұрыстығын бағалаумен бірге сипаттамасы, ұшудың нәтижесіне әсер ететін барлық ауытқуарды көрсету;

      экипаж бен қамтамасыз ету қызметі персоналының қате әрекеттері себептерінің талдауы және негіздемесі.

      Талдау барысында авиациялық оқиғаның себептерін түсінуге және негіздеуге қажетті барлық ақпарат келтіріледі.

      3. Бөлімде қысқаша түрде мына мәліметтер келтіріледі:

      экипаж мүшелерінің кәсіби дайындық деңгейі, орындайтын тапсырмаға олардың біліктілігінің сәйкес келуі, экипажды дайындаудағы және оны ұшуға жіберу тәртібіндегі кемшіліктер;

      әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және ұшуларды қамтамасыз ету қызметтері персоналының кәсіби дайындық деңгейі, оның белгіленген талаптарға сәйкестігі;

      ұшудың нәтижесіне әсер еткен барлық жол берілген ауытқушылықтарды көрсете отырып, ұшуды орындау кезінде, оның ішінде ерекше жағдайлардың туындауы және дамуы барысында экипаж әрекеттерінің бағасы;

      экипаждың бұрыс әрекет етуінің себептері туралы кіші комиссияның қорытындылары;

      ұшудың нәтижесіне әсер еткен барлық жол берілген ауытқушылықтарды көрсете отырып, әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшуларды қамтамасыз ету персоналы іс-қимылдарының бағасы;

      әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшуларды қамтамасыз ету органдарының персоналы іс-қимылдарының себептері туралы кіші комиссияның қорытындылары;

      ұшу жұмыстарын ұйымдастырудың және әуе қозғалысына қызмет көрсету органының ұйымдастырылуы мен жабдықталуының, метеорологиялық, әуеайлақтық және өзге де қамтамасыз ету түрлерінің жалпы бағасы.

      4. Тергеп-тексеру кезінде анықталған басқа да кемшіліктер

      Тергеп-тексеру барысында экипаждың дайындығы мен әрекеттерінде, ұшуды қамтамасыз ету және басқару қызметтерінде, ұйымдастырушылық және пайдаланушы құжаттарда анықталған ұшудың нәтижесіне әсер етпеген, алайда жалпы ұшу қауіпсіздігіне кері әсер еткен кемшіліктерді жоюға бағытталған барлық кемшіліктер көрсетіледі.

      5. Ұсынымдар

      Анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған ұшу жөніндегі кіші комиссияның (орындаушыларды және орындау мерзімдерін көрсетпей) ұсыныстары келтіріледі, оның ішінде:

      ұшудың нәтижесіне әсер еткен кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар;

      ұшудың нәтижесіне әсер етпеген, алайда жалпы ұшу қауіпсіздігіне кері әсер еткен кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар.

      Кіші комиссияның төрағасы __________________________________________________

                              (қолдары, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      Кіші комиссияның мүшелері: _________________________________________________

                              (қолдары, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
9-қосымша

      Ескерту. 9-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ұшу жөніндегі кіші комиссия құратын жұмыс тобының негізгі міндеттері мен түрлері

      1. Ұшу жөніндегі кіші комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      экипаждың кәсіби деңгейін, ұшуды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және барлық қолданыстағы факторлардың әсер етуін есепке алғанда әуе қозғалысына қызмет көрсету сапасын белгілеу;

      объективті бақылау құралдарының деректерін есепке алғанда ерекше жағдайдың туындау және өрбуі кезіндегі экипаж және лауазымды тұлғалар әрекеттерінің дұрыстығын бағалау;

      қолданыстағы дайындау нормаларынан ауытқушылықтардың анықталуы, ұшуларды қамтамасыз ету және орындау.

      2. Ұшу жөніндегі кіші комиссия төмендегі жұмыс топтарынан:

      ұшқыштар жұмыс тобынан;

      әуе қозғалысына қызмет көрсету, радиожарықтехникалық, метеорологиялық және әуеайлақтық қамтамасыз ету топтарынан

      авиациялық медицина тобынан тұрады.

      Оқиға жағдайына қарай басқа да жұмыс топтары құрылуы мүмкін.

      3. Ұшқыштар жұмыс тобы мыналарды анықтайды:

      экипаж мүшелері кәсіби дайындығының деңгейі, жалпы және арнайы дайындықта, ұшуға жіберуде, экипаж жасауда кемшіліктің болуы;

      бұған дейінгі жұмыс барысындағы экипаж дайындығының деңгейін бақылау жүйелігі және сапасы, бұған дейін экипаж мүшелері жіберген қателер мен ауытқушылықтар, ұшыру және авиатехниканы пайдалану техникасындағы экипаж мүшелерінің жеке ерекшеліктері;

      экипажды аталған ұшуға дайындау сапасы;

      экипаж мүшелері тәртіптерінің жағдайы, бұған дейін орын алған тәртіп бұзушылық жағдайлары;

      аталған ұшуға дайындық кезінде және оның орындалуы кезінде экипаж әрекеттеріндегі нормативтік құжаттардан ауытқушылықтар;

      экипаж мүшелерінің дұрыс әрекет етпеуіне әсер еткен факторлардың болуы;

      экипаждың дайындығын, ұшулардың ұйымдастырылуын және орындалуын регламенттейтін құжаттамада кемшіліктердің болуы.

      4. Ұшқыштар жұмыс тобы мыналарды зерделейді және талдайды:

      экипаж мүшелерінің ұшуға қатысты және жеке істері;

      ұшқыштық-штабтық және ұшу жөніндегі құжаттама;

      объективті бақылау құралдары жазбалары талдамаларының нәтижелері (борттық өзі жазғыштар, жердегі магнитофондар, фототіркегіштер, бақылау жүйелері және т.б.);

      экипаж мүшелерінің және оқиғаны көзімен көргендердің көрсетілімдері;

      экипажды ұшуға, оның ішінде осы ұшуға дайындаған лауазымды тұлғалардың көрсетілімдері;

      экипаждың бұған дейін орындаған ұшуларының сапасын сипаттайтын құжаттама (объективті бақылау құралдары жазбалары талдамаларының нәтижелері, талдама журналдары және т.б.);

      авиациялық оқиға болған ұйымдардағы ұшу жұмыстарының ұйымдастырылу жағдайлары;

      осы ұшу түрінің ұйымдастырылуын, дайындалуын және орындалуын регламенттейтін құжаттама;

      ұшуда экипаж жұмысына кері әсерін тигізген факторлар;

      арнайы зерттеулер нәтижелері (егер олар жүргізілген болса);

      ұшудың ұйымдастырылуын, дайындығын және орындалуын анықтайтын басқа құжаттама.

      5. Ұшқыштар жұмыс тобы жұмыс нәтижелері бойынша есеп жасайды, онда мыналар қамтылуға тиіс:

      орындалатын тапсырманың сипаты туралы мәлімет;

      ұшу массасы және ұшу алдында әуе кемесінің орталықтандырылуы туралы деректер (ұшу құжаттамасында көрсетілген, сондай-ақ объективті бақылау құралдарының деректері, экипаж, оқиғаны көргендердің көрсетілімдері және басқа ақпарат бойынша анықталған мәліметтер бойынша);

      экипаждың әрбір мүшесі туралы мәлімет;

      экипажды ұшуға дайындау және жіберу, ұшуды ұйымдастыру барысында командалық басқарушылық құрам тарапынан анықталған ауытқушылықтар;

      ұшуға дайындалу барысында экипаж жіберген, анықталған ауытқушылықтар;

      барлық ауытқушылықтарды көрсете отырып, ерекше жағдай туындап және өрбіген кездегі экипаж әрекетінің сипаты (объективті бақылау құралдары деректерінің, экипаж, оқиғаны көргендердің көрсетілімдері және басқа ақпарат негізінде);

      экипаждың дұрыс емес әрекеттерінің мүмкін болатын себептерінің талдауы;

      анықталған кемшіліктерді көрсете отырып, экипаждың дайындалуын, ұшулардың ұйымдастырылуын және орындалуын регламенттейтін құжаттаманы бағалау;

      олардың орын алған жағдайдағы әрекеттерін есепке ала отырып, экипаж мүшелерінің кәсіби дайындықтарын бағалау.

      Ұшқыштар жүмыс тобы үнемі есеп айырысу және талдау тобымен және сұрау тобымен өзара әрекет етеді, өз жұмысында тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның басқа жұмыс топтарының ақпараттарын пайдаланады. Қажет болған жағдайда ұшқыштар жұмыс тобы ұшу құжаттамасының анықталуы және оны алып қою туралы акті жасайды.

      6. Ұшқыштар жұмыс тобының есебіне мына құжаттар қоса беріледі:

      мұшуға арналған тапсырма және штурмандық борт журналы;

      экипаж мүшелеріне арналған қызметтік мінездемелер;

      ұшу құжаттамасын алып қою және оны беру туралы актілер;

      авиациялық оқиға болған авиакомпаниядағы ұшу жұмысының ұйымдастырылуын тергеп-тексеру туралы анықтама (қажет болған жағдайда);

      ұшқыштар тобы жүргізетін эксперименттер, зерттеулер және ұшулар туралы есептер;

      экипаж мүшелерінің түсіндірме жазбалары.

      7. Әуе қозғалысына қызмет көрсету, радиожарықтехникалық, метеорологиялық және әуеайлақтық қамтамасыз ету жұмыс тобы мыналарды белгілейді:

      аталған ұшудың әуе қозғалысына қызмет көрсету сапасы;

      әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшуларды қамтамасыз ету қызметтерінің мамандары кәсіби дайындығының деңгейі;

      әуе қозғалысына қызмет көрсету басқарудың ұйымдастырылуын және жүзеге асырылуын анықтайтын құжаттаманың болуы және оның жағдайы;

      радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдарының болуы және оның жағдайы, олардың ұшуларды басқару барысында дұрыс пайдаланылуы;

      ұшу-қону жолағы, рулежді жолдар, тұрақ орындары, отырғызу алаңдары жағдайы, әуеайлақ қызметінің техникалық құралдармен жабдықталуы;

      әуеайлақта орнатылған радиожарықтехникалық жабдықтың осы әуеайлақтағы ұшуларды радижарықтехникалық қамтамасыз ету регламентіне (құрамы және орналасқан сызбасы бойынша) сәйкес келуі;

      әуе қозғалысына қызмет көрсету мамандарының жұмыс орындарындағы радиотехникалық жабдық, байланыс және жарықтехникалық жабдық құралдарының жұмысы туралы деректердің болуы (қоректендірудің резервтік көздеріне өту нормаларының кестелері, РТҚ және байланыс және т.б. құралдарының әрекет ету кестелері);

      радиобайланыс жүргізу және радиоалмасу фразеологиясы ережелерінің сақталуы;

      ұшу бағыты бойынша әуе кемесін қосалқы әуеайлақтармен қамтамасыз ету;

      әуе кемесінің белгіленген бағыттан ауытқуы;

      негізгі және қосалқы әуеайлақтардағы ұшу бағыты бойынша жалпы метеорологиялық жағдай;

      ерекше жағдай туындаған кездегі оқиға аумағындағы нақты ауа райы (қажет болған жағдайда – негізгі және қосалқы әуеайлақтардағы);

      экипажда және ӘҚҚ диспетчерлерінде метеорологиялық жағдай туралы ақпараттың болуы және оның нақтылығы;

      ұшудың метеорологиялық қамтамасыз етілуінің белгіленген талаптарға сәйкес келуі;

      авиациялық оқиға болған ауданда ұшуға арналмаған құралдарын пайдалану және ату жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ қажет болған жағдайда орнитологиялық жағдайдың орын алу деректері.

      8. Жұмыс нәтижелері бойынша әуе қозғалысына қызмет көрсету ұйымдастыру, радиожарықтехникалық, метеорологиялық және әуеайлақтық қамтамасыз ету тобы есеп ұсынады, есеп төмендегілерді қамтуы тиіс:

      әуе қозғалысына қызмет көрсету, ұшуларды метеорологиялық, радиожарықтехникалық және әуеайлақтық қамтамасыз ету қызметтерінің тұлғалары туралы мәліметтер, олардың әрекеттерінде нормативтік құжаттардың талаптарынан ауытқушылықтар белгіленеді;

      тергеп-тексеру кезінде ұшуды қамтамасыз ету персоналын дайындау, оларға дербес жұмысқа рұқсат ету бойынша анықталған кемшіліктер;

      белгіленген талаптардан ауытқушылықтарды көрсете отырып, әуе қозғалысына қызмет көрсету, ұшуларды метеорологиялық, радиожарықтехникалық және әуеайлақтық қамтамасыз ету, ӘҚҚ мамандарының жұмыс орындарын ұйымдастыру және олардың жағдайы бойынша жалпы сипаттама;

      ӘҚҚ және ұшуларды қамтамасыз ету тәртібін регламенттейтін құжаттарды зерттеу барысында анықталған кемшіліктер;

      ұшу нәтижесіне әсер еткен ӘҚҚ және ұшуларды қамтамасыз ету қызметтері лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттерінің сипаттамасы;

      ұшу нәтижесіне әсер етуін есепке алмағанда, зерттеу барысында анықталған ӘҚҚ және ұшуларды қамтамасыз ету қызметтерінің лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріндегі ауытқушылықтар;

      авиациялық оқиға болған аудандағы (қажет болса ұшу бағыты бойынша негізгі және қосалқы әуеайлақтардағы) оқиға кезіндегі болжамды және нақты ауа-райы;

      РТЖ, байланыс және ЖТЖ құралдарын пайдаланудағы кемшіліктер, олардың жұмысқа қабілеттілігі немесе олар ӘҚҚ және ұшуларды қамтамасыз ету сапасына әсер етсе техникалық сипаттамалардан ауытқушылығы;

      ӘҚҚ және ұшуларды қамтамасыз ету қызметтерінің лауазымды тұлғалары жасаған бұрыс әрекеттердің себебін талдау.

      9. Әуе қозғалысына қызмет көрсету, радиожарықтехникалық, метеорологиялық және әуеайлақтық қамтамасыз ету жұмыс тобының есебіне мына материалдар қоса беріледі:

      егер авиациялық оқиға әуеайлақ көлемінде болса:

      ұшу алаңының жағдайы туралы журналдан үзінді;

      авиациялық оқиғадан кейін ұшу алаңын тергеп-тексеру және ілінісу коэффициентін бақылап өлшеу туралы акті;

      ілінісу коэффициентін өлшейтін техникалық құралдардың болуы және жағдайы туралы анықтама, олардың техникалық құжаттамасының болуы;

      авиациялық оқиғадан кейін дереу ауа-райын кезектен тыс бақылау туралы акті;

      жақын жердегі метеостанциялардың және басқа да әуе кемелері экипаждарының хабарламалары бойынша нақты ауа-райы туралы мәліметтер;

      дайындық кезінде және экипаж консультациясында пайдаланылған метеорологиялық құжаттама;

      ауа райының күрт бұзылатыны жөнінде ескертулер мен хабарламалар (егер олар болса);

      әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшуларды қамтамасыз ету қызметтерін тергеп-тексеру туралы анықтама (қажет болса);

      әуе қозғалысына қызмет көрсету және қамтамасыз ету қызметтері мамандарының түсіндірме жазбалары, оларға қойылған сұрақтар бойынша хаттамалардың көшірмелері (қажет болса);

      радиозондтарды, ұшқышсыз құралдарды іске қосулардың, оқтарды пайдаланулардың және т.б. болуы немесе болмауы туралы анықтама (қажет болса.

      10. Авиациялық медицинаның жұмыс тобы жасайтын есепте мыналар қамтылуы тиіс (әрбір экипаж мүшесі және ұшуды қамтамасыз ету қызметінің мамандары үшін):

      экипаж мүшелерінің жеке психологиялық ерекшеліктерін, олардың жалпы дене қалпының дамуын, соңғы айдағы рухани-психологиялық жағдайын (отбасылық және қызметтік дау-жанжалдар, алкогольді, дәрілік және есірткі заттарын шектен тыс пайдалануы, темекі шегуі және т.б.);

      тоқсан сайынғы және жыл сайынғы медициналық куәландыруларда көрсетілген экипаж мүшелерінің оқиға болар алдында және ұшу күніндегі денсаулығы (психологиялық және дене), сондай-ақ медициналық мекемелердегі соңғы 3 жыл бойынша сырқаттану тарихы, ұшу алдындағы медициналық бақылау нәтижелері;

      авиациялық оқиға алдындағы 3 тәулік ішінде толық тынығуы, ұйықтауы және тамақтануы;

      демалыстардың, демалыс күндерінің уақытында пайдаланылуы, сондай-ақ, оқиға болатын күннің қарсаңында, оқиға болған күні, соңғы ай ішіндегі ұшу жүктемесі, олардың белгіленген нормаларға сәйкестігі;

      алкоголь, карбоксигемоглобин (карбоксимиоглобин) және қажет болса басқа да токсинді заттар мен дәрілік препараттардың пайдаланылуына жүргізілген токсикологиялық зерттеулердің нәтижелері;

      радиоалмасу және биологиялық материалды (биохимиялық, морфологиялық және т.б.) арнайы зерттеу деректері бойынша авариялық ұшу кезіндегі экипаж мүшелерінің эмоционалды жағдайы, стрестік жағдайдың болуы және экипаж мүшелерінің дұрыс және уақытында әрекет етуіне стрестік жағдайдың әсері;

      медико-трассологиялық зерттеулердің медициналық деректері (денедегі жарақаттардың сипаты және жайылмауы, қалпы мен жұмыс істеу әрекеттерінің белгілері, киімнің және аяқ киімнің бүлінулері және т.б.);

      әуе кемесі кабинасының конструктивтік ерекшеліктері, ұшу жағдайы, қорғау және құтқару құралдарының экипаж мүшелерінің денсаулық жағдайына және қызметіне әсер етуі.

      11. Авиациялық медицинаның жұмыс тобы жасайтын есепте мыналар қамтылуы тиіс (әрбір экипаж мүшесі және ұшуды қамтамасыз ету қызметінің мамандары үшін):

      басқа емдеу мекемелеріне қаралауын есепке ала отырып, соңғы 2 жылда жылдық және тоқсандық куәландырудан өту нәтижелері (ауытқушылықтардың, шектеулердің және т.б. болуы);

      алдын ала жүргізілген медициналық бақылау нәтижесінде ұшулардан шеттетілуі туралы мәліметтер;

      экипаж мүшелерінің жеке дене және психофизиологиялық ерекшеліктері, сонымен қатар алкогольді, дәрілік заттарды және темекіні қолдануы туралы деректер;

      болуы мүмкін аурулар мен жарақаттар туралы мәліметтер;

      тұрмыстық жағдайдың қысқаша сипаттамасы;

      еңбек демалыстары мен демалыс күндерінің уақытында қолданылуы, соңғы 3 тәулікте толық демалуы, ұйықтауы және тамақтануы туралы деректер;

      патологоанатомиялық, токсикологиялық, биохимиялық, морфологиялық, медико-трассологиялық және басқа да арнайы зерттеулердің нәтижелері;

      ұшу кезінде стрестік жағдай, кенеттен ауырып қалу оқиғаларының болуы туралы мәліметтер;

      ерекше жағдай туындау және өрбу кезінде экипаж мүшелерінің жұмыс қабілеттілігі мен іс-әрекетінің сипатына денсаулық жағдайының, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктердің әсер ету мүмкіндігін бағалау;

      қайтыс болған экипаж мүшелерінің денелерін орналастыру сызбасы;

      ұшуды медициналық қамтамасыз етуде анықталған кемшіліктер тізбесі;

      ұшуды медициналық қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттамада анықталған кемшіліктер тізбесі;

      экипаждың жұмыс қабілеттілігіне әсер еткен немесе жарақат алуға себеп болған әуе кемесінің құрылымы, арнайы киімдер, қорғау және құтқару құралдары бойынша кемшіліктердің тізбесі.

      Авиациялық медицинаның жұмыс тобы әкімшілік-штабтық кіші комиссияның медициналық тобымен тұрақты түрде өзара әрекет етеді.

      12. Авиациялық медицинаның жұмыс тобының есебіне мына материалдар қоса беріледі:

      қайтыс болған экипаж мүшелері денелерінің жағдайы туралы акті;

      экипаж мүшелерінің алкогольді немесе есірткіні пайдалану белгілерін куәландыру туралы анықтама;

      қайтыс болған экипаж мүшелерінің денелеріне сот-медициналық және басқа да зерттеулер жүргізу актілері;

      экипаж мүшелерінің жұмыс істеу және тынығу режимі туралы анықтама.

      Егер авиациялық оқиға экипаж мүшелерінің ұшу кезінде жұмыс қабілеттілігінің бұзылуына байланысты болса, есепке мыналар қоса беріледі:

      экипаж мүшелерінің медициналық кітапшалары және бақылау карталары;

      экипаж мүшелеріне берілген медициналық сипаттамалар;

      соңғы 3 ай (әр айға жеке-жеке) бойынша ұшу туралы деректер;

      ұшу алдындағы медициналық бақылау журналынан үзінді.

      13. Ұшу жөніндегі кіші комиссиясының жұмыс нәтижесі бойынша есеп жасалады, есепте жұмыс топтарының материалдарын жинақтау және талдау негізінде экипаждың және ұшуларды қамтамасыз ету қызметтері мамандарының іс-әрекеттерінің дұрыстығы бойынша қорытынды жасалады, ауытқушылықтар болса олардың себептері, сондай-ақ зерттеу барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізіледі.

      14. Ұшу жөніндегі кіші комиссияның есебіне:

      ұшу жөніндегі кіші комиссияның құрамына енгізілген жұмыс топтарының есептері, қосымшаларымен бірге;

      ұшу жөніндегі кіші комиссия және оның жұмыс тобы мүшелерінің тізімдері қоса беріледі.

      15. Ұшу жөніндегі кіші комиссияның есебінде көрсетілген әуе кемесінің экипаж мүшелері туралы міндетті мәліметтердің тізбесі:

      атқаратын лауазымы;

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      туған күні;

      класс;

      жалпы білімі;

      арнаулы білімі (қашан және қандай авиациялық оқу орнын бітірген);

      ұшу училищесін аяқтағаннан кейінгі, аталған әуе кемесінің үлгісінде (жалпы және жеке) ұшуы;

      ауа райының қандай минимумында ұшуға рүұсат етілген, берілген рұқсатқа сәйкес жағдайларда ұшақты жүргізу техникасының соңғы тексерілген күні;

      бұрынғы авиациялық оқиғалар (қашан, әуе кемесінің үлгісі, себебі, ұшатын жұмыстан шеттетілді ме);

      соңғы 3 ай ішіндегі ұшу, оқиға болған күнгі ұшу және ұшу саны, сол әуе кемесінің үлгісімен соңғы бір жыл ішінде ұшуда кідірістер болды ма, олардың себептері;

      ұшақты жүргізу техникасы мен навигацияны соңғы тергеп-тексеру күндері, кім тексерді, қандай метеожағдайларда, күндіз және түнде ұшқан кездегі сипатты қателер мен бағалар;

      қашан және қандай мөлшерде ұшуға дайындық жүргізілді;

      кім және қашан ұшуға дайындықты тексергені;

      тынығу (жағдайлар, ұзақтығы, демалыс күндері, ұшу алдындағы тынығу жағдайы мен ұзақтығы);

      ұшу алдында әуеайлақта болу уақыты;

      тоқсандық медициналық тексеру жүргізу жиілігі, соңғы жыл сайынғы медициналық тексеру күні және комиссия қорытындысы, ұшу алдында денсаулықтың жағдайын медициналық бақылауды кім және қашан жүзеге асырады;

      тұрақты орналасу жерінде немесе базада ұзақ уақыт болмаған кезде күнделікті тұрмыс жағдайы (тұратын жай, тамақтану, көлікпен қамтамасыз ету және т.б.).

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
10-қосымша

      Ескерту. 10-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

      Комиссияның

      20__ жылғы "_"_______

      отырысында қаралды

      № ___________ хаттама

Инженерлік-техникалық кіші комиссияның есебі

      ________________________________________________________________________________

      (авиациялық оқиғаның болған күні және орны) _______________________________________

      ұшағымен (тікұшағымен)__________________________________________________________

                              (үлгісі, мемлекеттік есептегі және зауыттық нөмірі, тиесілі)

      ________________________________________________________________________________

                                    (авиациялық оқиға түрі)

      1. Кіші комиссия жасаған негізгі жұмыстар     

      Кіші комиссия орындаған негізгі жұмыстардың толық тізбесі көрсетіледі (қоса берілетін есеп құжаттарын көрсете отырып). Мысалы:

      конструкция элементтерінің нақты есебі жүргізілді (есебі, сызбалары мен фотографиялары қоса беріледі);

      борттық тіркеу құрылғысындағы параметрлер жазбалары бар басқару сымдарын жасанды ажырату бойынша тәжірибе жүргізілді (осциллограммалары бар хаттама қоса беріледі);

      объективтік бақылау борт құралдарының жазбаларына талдау жүргізілді және т.б.

      2. Әуе кемесі туралы негізгі мәліметтер

      _________________________________________________________________________ тиесілі,

      (ұйымның – әуе кемесі иесінің атауы)

      ________________________________________________________________ ұшағы (тікұшағы)

      (үлгісі, мемлекеттік есептегі және зауыттық нөмірі)

      _______________________________________________________ ұйымында ұшуды орындады,

      (ұйымның атауы)

      _____________________________________________________________________ шығарылды

      (кәсіпорынның атауы, шығарылған күні)

      және пайдаланылғаннан бастап ______ сағат _____________ минут ұшты.

      Соңғы рет жөндеу жүргізілгеннен кейін ___ сағат ______минут ұшты,

      _____________________________________________________________ қонды. Соңғы жөндеу

      Жұмыстарын

      ________________________________________________________________________ жүргізді.

      (кәсіпорынның атауы, жөндеу жүргізілген күн)

      Мынадай белгіленген ресурстары мен қызмет ету мерзімдері бар: жалпы (есептен

      шығарылғанға дейін) ___ сағат, __ жыл ішінде __ қонды,

      бірінші жөндеу жүргізілгенге дейін ___ сағат, __ жыл ішінде __ қонды;

      жүргізілген жөндеу аралығында ___ сағат, ____ жыл ішінде _____ қонды.

      __________________________________________________________________________ берген

      (куәлік берілген күн және берген ұйымның атауы)

      мемлекеттік тіркеу туралы № _____________________ куәлік

      __________________________________________________________________ дейін жарамды.

      (куәліктің қолданылу мерзімінің аяқталу күні)

      (Қажет болған жағдайда істен шыққан әрбір қозғалтқыш (агрегат) бойынша ұқсас деректер

      келтіріледі.

      ________________________________________________________ ұйымы ұшаққа (тікұшаққа)

      мынадай

      техникалық қызметтер көрсетті (регламенттік жұмыстар) ______________________________,

      ________________________________________________________________________________

      (соңғы көрсетілген техникалық қызмет түрінің атауы, күні)

      содан кейін ұшақ (тікұшақ) __________ сағат ___________ мин. ұшты және ______________

      қонды.

      Соңғы ұшу алдында ___________________________________________ ұшақ (тікұшақ)

      _______________________________            (күні)

      __________________________________________________________ ұшу дайындығынан өтті.

      (ұйымның атауы)

      3. Авиациялық оқиға болған жердің сипаттамасы

      Авиациялық оқиға болған жердің сипаттамасы беріледі. Әуе кемесінің жермен ең бірінші жанасқан орны немесе кедергілері, әуе кемесінің бөліктері шашылған аймақтың көлемі мен бағыты, жердегі өрттің орналасу аймағы көрсетіледі. Құрылымның негізгі элементтерінің орналасуы бойынша қысқаша сипаттама беріледі.

      Әуе кемесінің жермен немесе кедергілермен соқтығысу сипаты, құрылымның жалпы бұзылу сипаты беріледі. Осы деректерді, сондай-ақ объективтік бақылаудың борт құралдары жазбасының талдауын пайдалана отырып, жермен немесе кедергілермен соғылу сәтіндегі әуе кемесінің кеңістіктегі орны анықталады. Оқиға болған сәттегі әуе кемесінің конфигурациясы көрсетіледі.

      4. Талдау

      Инженерлік-техникалық кіші комиссия есебінің негізгісі болып табылатын осы бөлімде авиациялық техниканың жұмыс қабілеттілігі, істен шығу жағдайлары және олардың себептері, әуе кемесінің техникалық пайдаланылу сапасы туралы қорытындылардың толық негіздемесі жазылады, кіші комиссияның жұмыс тобы (қажет болса басқа да кіші комиссияның деректері пайдаланылады) берген нәтижелер жинақталады.

      Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:

      авиациялық техниканың жұмыс қабілеттілігіне әсер еткен барлық кемшіліктер мен бұзушылықтарды көрсете отырып, әуе кемесінің ұшуға дайындығының қысқаша сипаттамасы (соңғы көрсетілген техникалық қызмет түрлерін және ұшу дайындықтарын қоса алғанда);

      барлық өзгешеліктері мен ауытқушылықтарын көрсете отырып, ұшу кезінен бастап ерекше жағдай басталғанға дейінгі авиациялық техника жұмысының қысқаша сипаттамасы;

      істен шығулардың жүйелілігін, өзара байланысын және себептерін (егер орны болса) талдай отырып, ерекше жағдайдың туындау және өрбу кезіндегі авиациялық техника жұмысының толық сипаттамасы;

      негізгі функционалды жүйелер бойынша (планер, басқару жүйесі, отын жүйесі, гидравликалық жүйе, ауаны баптау және тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесі, мұздануға қарсы жүйе, күш түсетін қондырғылар, авиациялық және радиоэлектрондық жабдық, еріксіз шығу жүйесі) авиациялық техниканың жұмыс қабілеттілігіне толық талдау.

      Істен шығулар болмаған жағдайда әрбір функционалды жүйенің жұмысқа қабілеттілігі дәлелденеді, ал істен шығулар анықталса олардың себептеріне толық талдау жасалады. Егер авиациялық оқиға өрттің шығуымен байланысты болса, оның шығу себептеріне, өрт шыққан жердің сипатына және негізгі белгілеріне талдау жүргізіледі.

      Егер кіші комиссия жұмыс барысында істен шығулар әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету (жөндеу) кезінде жіберілген кемшіліктерден болғанын анықтаса, осы кемшіліктердің сипаттамасы, қажет болса әуе кемесін жөндеген немесе қызмет көрсеткен және оны ұшуға дайындаған мамандар туралы мәліметтер беріледі.

      5. Қорытындылар

      Соңғы ұшу кезіндегі авиациялық техниканың жұмыс қабілеттілігіне қысқаша баға беріледі. Істен шығулар болған жағдайда олардың себептері, пайда болу жүйелілігі және өзара байланысы көрсетіледі.

      Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу сапасына қысқаша баға беріледі.

      6. Әуе кемесінің жағдайы

      Авиациялық оқиғадан кейін әуе кемесінің функционалды жүйелерінің жағдайына қысқаша сипаттама беріледі.

      7. Тергеп-тексеру кезінде табылған басқа да кемшіліктер

      Тергеп-тексеру барысында анықталған ұшу нәтижесіне тікелей әсер етпейтін, бірақ ұшу қауіпсіздігіне толығымен кері әсерін тигізетін әуе кемесін құрастыру, өндіру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, тиісті қызмет персоналын дайындау кезіндегі кемшіліктер көрсетіледі.

      8. Ұсыныстар

      Инженерлік-техникалық кіші комиссияның (орындаушыларын және орындау мерзімін көрсетпестен) анықталған кемшіліктерді жоюға арналған ұсыныстары, оның ішінде:

      ұшу нәтижесіне әсер ететін кемшіліктерді жоюға арналған ұсыныстар;

      ұшу нәтижесіне әсер етпейтін, бірақ ұшу қауіпсіздігіне толығымен кері әсерін тигізетін кемшіліктерді жоюға арналған ұсыныстар беріледі.

      Кіші комиссия төрағасы _____________________________________________________

                                    (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Кіші комиссия мүшелері: ____________________________________________________

                                    (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
11-қосымша

      Ескерту. 11-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Инженерлік-техникалық кіші комиссия құратын жұмыс топтарының негізгі міндеттері мен түрлері

      1. Инженерлік-техникалық кіші комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      авиациялық оқиғаға дейін және одан кейін авиациялық техниканың жағдайын анықтау;

      оны пайдалану сипатын, техникалық қызмет көрсету және жөндеу сапасын зерделеу;

      авиациялық техниканың істен шығу себебін анықтау мақсатында арнайы зерттеулер мен сынақтар жүргізу.

      2. Инженерлік-техникалық кіші комиссия мына жұмыс топтарынан тұрады:

      авиациялық техниканы пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу ережелерінің орындалуын талдау;

      планер және жүйе;

      қуатты қондырғы;

      авиациялық және радиоэлектрондық жабдық.

      Қажеттілігі болған жағдайда инженерлік-техникалық кіші комиссияда басқа да жұмыс топтары құрылуы мүмкін.

      3. Авиациялық техниканы пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу ережесінің орындалуын талдау жөніндегі жұмыс тобы:

      регламенттеу жұмыстарының уақытылы және толық орындалуын, жұмыстардың толықтырып жасалуын, агрегаттардың ауыстырылуын және авиациялық техниканы пайдалану барысында экипаж ескертулерінің жойылуын;

      регламенттің мерзімді және жедел түрде техникалық қызмет көрсету толықтығы мен сапасын, өткен ұшудағы экипаждардың ескертулерін жою сапасын, ақаулықтарды жоюдың әдістері мен тиімділігін (әсіресе олар қайталанған жағдайда, ақаулықтардың қайталану себептерін;

      авиациялық техниканы пайдалану және сақтау жағдайларын;

      осы авиациялық техникаға қызмет көрсететін инженерлік-техникалық құрамның кәсіби дайындығының деңгейін;

      басқарушы инженерлік-техникалық құрамның тарапынан авиациялық техникаға қызмет көрсетілуінің толықтығы мен сапасын;

      құйылатын жанар-жағармай материалдарының саны мен сапасын;

      авиациялық техникаға қызмет көрсету кезінде қолданылатын инструменттің және техникалық құралдардың болуы және олардың жағдайы;

      авиациялық техникаға арналған техникалық құжаттаманы жүргізу сапасын, қажетті басшылық және техникалық құжаттаманың болуы;

      авиациялық техниканы пайдалану барысында анықталған қайталанатын немесе қауіпті ақауларды;

      авиациялық техниканы пайдалану бойынша нормативтік техникалық құжаттаманың жетіспеушілігін анықтайды.

      4. Авиациялық техниканы пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу ережесінің орындалуын талдау жөніндегі жұмыс тобы мыналарды зерделейді және талдайды:

      ұшақтың (тікұшақтың), қозғалтқыштардың және олардың агрегаттарының формулярларын, техникалық құжаттаманы, әуе кемесіне қызмет көрсетуге, жөндеуге және өнеркәсіптік бюллетендер бойынша оны толықтырып жасауға арналған құжаттаманы және авиациялық оқиғаның алдындағы авиациялық техниканың жағдайын куәландыратын өзге де құжаттаманы;

      құжаттамада қамтылған мәліметтердің дұрыстығын;

      өткен ұшулардағы борттық өздігінен жазғыштардың жазбаларын, куәгерлердің жауаптарын;

      осы оқиғаға баламалы авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру бойынша құжаттаманы;

      авиациялық техниканы ұйымдастыру мен қамтамасыз етудің нақты жағдайын, оны пайдалану мен сақтаудың жағдайларын;

      авиациялық техниканы пайдаланатын инженерлік-техникалық құрамның дайындығын ұйымдастыру бойынша материалдар мен құжаттарды.

      5. Жұмыс нәтижесі бойынша жұмыс тобы есеп жасайды, онда мыналар көрініс табады:

      әуе кемесі бойынша мәліметтер;

      техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша мәліметтер;

      дербес жұмыс істеуге дайындау және рұқсат беру кезінде жол берілген барлық бұзушылықтарды көрсете отырып, әуе кемесіне тікелей қызмет көрсететін инженерлік-техникалық қызметшілердің кәсіби дайындығының бағасы;

      авиатехниканы техникалық пайдалану бойынша басшылық құжаттардың талаптарынан барлық анықталған ауытқуларды көрсете отырып, авиатехникаға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету бағасы;

      техникалық қызмет көрсету барысында инженерлік-техникалық қызметшілер жол берген, тергеп-тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер;

      (жөндеу құжаттамасы бойынша) авиациялық техниканы жөндеудің толықтығы мен сапасының бағасы;

      ұшу алдында әуе кемесінің бортында болған жанар-жағармай материалдарының саны мен сапасы;

      егер авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру кезінде әуе кемесінің жүйелері мен агрегаттарының істен шығу мүмкіндігі анықталса, онда осы жүйелер мен агрегаттардың бұдан бұрынғы істен шығуы мен ақаулықтарының тізбесі, оларды жою тәсілдерінің бағаларымен бірге келтіріледі;

      әуе кемесін техникалық пайдалану сапасының жалпы бағасы.

      6. Есепке мына материалдар қоса беріледі:

      соңғы жедел және кезеңдік қызмет көрсетуге арналған жүктеме карталар (1-данасы қосымшаларымен, қалғандары – қосымшасыз);

      әуе кемесіне жанар-жағармай материалдарын құюға арналған талаптар;

      жанар-жағармай материалдарының сынамасын алу актілері;

      жанар-жағармай материалдарының талдаулары (қажеттілігі болған жағдайда арнайы сұйықтықтар мен газдардың);

      әуе кемесінің иесі болып табылатын авиакәсіпорынның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету сапасын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықтама (қажеттілігі болған жағдайда);

      аталған әуе кемесіне қызмет көрсеткен инженерлік-авиациялық қызметтің мамандарының жұмысқа дайындығы мен рұқсаты туралы анықтама;

      инженерлік-авиациялық қызметі мамандарының түсіндірме жазбалары және (қажеттілігі болған жағдайда) оларды сұрау хаттамаларының көшірмелері.

      7. Планер мен жүйелердің, күшті қондырғылардың, авиациялық және радиоэлектрондық жабдықтардың жұмыс топтары оқиғадан кейін орын алуы мүмкін істен шығуларды және олардың себептерін анықтау немесе ерекше жағдайлардың туындауы және дамуы барысында авиациялық техниканың жұмыс қабілеттігін растау мақсатында, әуе кемесінің жағдайын зерделейді.

      Осы топтың жұмысшылары (әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып):

      авиациялық оқиғаның орнын зерделейді, әуе кемесінің кеңістіктегі жағдайын және оның жерге соғылу алдындағы конфигурациясын анықтайды;

      әуе кемесі конструкцияның элементтерін қарайды, конфигурацияның жетіспейтін элементтерін іздейді (қажеттілігі болған жағдайда крок жұмыс тобымен бірлесе отырып);

      оқиға орнының сызбасын (кроктар) нақтылайды;

      конструкция элементтерінің, әуе кемесінің жүйелері мен агрегаттарының жағдайын зерделейді, істен шығуының немесе жұмыс істеу қабілетсіздігінің белгілерін анықтайды;

      авиациялық техниканың объектілеріне мүмкіндік болса орнында зерттеулер мен сынақтар жүргізеді, зертханалық зерттеуге жіберу үшін конструкция элементтерін таңдайды;

      (комиссия төрағасының рұқсатымен) зерттеуге жіберілетін объектілердің құжаттамасын рәсімдейді;

      талдауға арналған жанар-жағармай материалдарының сынамаларын алады, оларды зерттеуге жібереді және алынған нәтижелерді талдайды;

      сипаттамалы ерекшеліктерін көрсете отырып, әуе кемесінің жүйесі мен агрегаттарын сипаттайды және суретке түсіреді;

      объективті бақылау құралдарының жазбаларын шифрлеудің нәтижелерін, экипаж мүшелерінің, көрген адамдар мен куәгерлердің айтқандарын, авиациялық техниканы пайдалану бойынша техникалық құжаттаманы зерделейді;

      қажеттілігі болған жағдайда, экипажды және басқа да куәгерлерден сауал алуға қатысады;

      қажеттілігі болған жағдайда, әуе кемесінің конструкция элементтерінің өздеріне қарап жасалғанын есептейді;

      авиациялық техниканы, оның ішінде баламалы жағдайлар бойынша бұдан бұрын келтірілгендерді де зерттеу нәтижелерін жинақтайды және талдайды;

      борттық өздігінен жазғышты және радиоактивті бергіштерді іздеу және алып тастауды жүргізеді;

      өрттің немесе жарылудың орын алғанын, себептерін және салдарын анықтайды, өрт сөндіру жүйесінің жұмысына баға береді.

      8. Жұмыс топтарының жұмыс нәтижелері бойынша есептен жасалады, оларда мыналар келтіріледі:

      әуе кемелері конструкцияларының элементтері, жүйелері мен агрегаттары жағдайының, олардың істен шығуы немесе жұмыс қабілеттілігінің себептері көрсетілген жан-жақты сипаттамасы;

      авиациялық техниканың бұзылу сипаты мен ретінің сипаттамасы;

      авиациялық техниканың жұмыс қабілетін немесе істен шығу себебін анықтау бойынша оқиға орын алған жерде де зертхана жағдайында да жүргізелетін зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелері;

      өрт белгілерінің сипаттамасы, оның пайда болу орны мен уақыты;

      объективті бақылау құралдарының жазбаларын талдау;

      авиатехниканың жұмыс қабілеттілігін немесе істен шығулардың дәлелдерін келтіре отырып, алынған нәтижелерді талдау.

      Қозғалтқыштардың, маңызды жүйелер мен агрегаттардың, жұмыс режимі, авиациялық оқиға болған сәттегі басқару органдарының, механизация мен шассидің ережесі келтіріледі. Жүйенің істен шығулары болған жағдайда істен шығудың уақыты мен сипаты, олардың өзара әсер етуі мен реті, сондай-ақ істен шығу себептері көрсетіледі.

      9. Есепке мыналар қоса беріледі:

      әуе кемесі конструкциялары элементтерінің фотосуреттері, түсіндірмелерімен бірге;

      авиациялық техниканың агрегаттарын қарау, тергеп-тексеру, бұзып қарау, зерттеу нәтижелері бойынша актілер, хаттамалар;

      авиациялық техниканы зерттеу нәтижелері бойынша есептер.

      10. Авиациялық және радиоэлектрондық жабдықтың жұмыс тобына бұдан басқа мыналар қоса беріледі:

      осы Қосымшаның 1-нысанына сәйкес, борттық өздігінен жазғышты (магнитофонды) анықтауға және алып қоюға арналған актілер;

      әуе кемесінің радиоактивті құрылғыларын анықтауға және тапсыруға арналған акті (белгіленген тәртіпте рәсімделеді).

      11. Инженерлік-техникалық кіші комиссия жұмыс топтары жұмысының нәтижелері бойынша есеп жасайды, онда жұмыс топтарының материалдарын жинақтау және талдау негізінде авиациялық техниканың жұмыс қабілеттілігі туралы, ал істен шығу жағдайлары орын алса, олардың реті, өзара әсер етуі және себептері туралы қорытынды жасайды, сондай-ақ авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің ұйымдастырылуы мен сапасына баға береді.

      12. Инженерлік-техникалық кіші комиссияның есебіне кіші комиссия отырысының хаттамалары, кіші комиссияның құрамына кіретін жұмыс тобының есептері қосымшаларымен бірге, әуе кемесі (қозғалтқыштары) бойынша мәліметтер, сондай-ақ техникалық пайдалану жөніндегі міндетті мәліметтер, оған мыналар кіреді:

      соңғы кезеңдік техникалық қызмет көрсету күні, орны және нысаны;

      қызметті орындайтын ауысымның нөмірі, орындаушылардың, ауысым басшысы мен жұмыстың орындалуын бақылаушы тұлғаның тегі, жүктеме картаның нөмірі;

      соңғы кезеңдік техникалық қызмет көрсеткеннен кейінгі атқарым;

      соңғы жедел техникалық қызмет көрсету күні, орны және нысаны;

      қызметті орындайтын ауысымның нөмірі, орындаушылардың, ауысым басшысы мен жұмыстың орындалуын бақылаушы тұлғаның тегі, жүктеме картаның нөмірі;

      соңғы кезеңдік техникалық қызмет көрсеткеннен кейінгі атқарым;

      соңғы жедел және кезеңдік техникалық қызмет көрсету кезінде жойылған, оқиғаның себебімен байланысты болуы мүмкін істен шығулар мен ақаулықтардың, оларды жою әдістері көрсетілген тізбесі;

      соңғы жылда пайдалану кезінде қайталанатын істен шығулар мен ақаулықтардың, олардың жойылған күні мен жою әдістері көрсетілген тізбесі;

      пайдалану және жөндеу кезінде орындалмаған бюллетендер мен нұсқаулар тізбесі, олардың орындалмау себептері.

  Азаматтық және экперименттік
авиациядағы авиациялық
оқиғалар мен оқыс оқиғаларды
тергеп-тексеру қағидаларына
12-қосымша

      Ескерту. 12-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Борттық өздігінен жазғышты табу және алу
АКТІСІ

      Мына құрамдағы комиссия: ________________________________________________________

                                                (лауазымы, аты-жөні, тегі)

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________ ӘК болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру

      кезінде (үлгісі, нөмірі)

      оқиға болған жерден өздігінен жазғыш құралдың (магнитофонның) контейнерін (конструкция

      элементтерін) тапты ______________________________________________________________.

                                    (өздігінен жазғыштың, магнитофонның үлгісі)

      Құралдың жағдайы (бұзылған жері, зауыт нөмірі, егер болса пломбы нөмірі көрсетіледі)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өздігінен жазғыштың (магнитофонның) контейнері (ақпарат тасығыш) оқиға болған жерден

      алынып, ________________________________________________________________________

      оттискісі бар комиссия мөрімен пломбаланды және

      ____________________________________________________________________ тапсырылды.

      Өздігінен жазғыштың контейнерін Өздігінен жазғыштың контейнерін

      тапсырған:___________________________ қабылдаған:_________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөні, күні) (лауазымы, қолы, тегі, аты-жөні, күні)

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
13-қосымша

      Ескерту. 13-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

      Комиссия отырысында қаралды

      20__жылғы"___" __________

      № ___________ хаттама

Әкімшілік кіші комиссияның
есебі

      __________________________________________________________ұшағымен (тікұшағымен)

      (үлгісі, мемлекеттік есептегі және зауыт нөмірлері, тиесілігі)

      __________________________________________________________________________ болған

                              (оқиғаның болған күні және орны)

      ________________________________________________________________________________

                              (авиациялық оқиғаның түрі)

      1. Кіші комиссия орындаған негізгі жұмыстар

      Қоса берілген есеп құжаттарын көрсете отырып, әкімшілік кіші комиссия орындаған негізгі жұмыстардың толық тізбесі беріледі.

      2. Талдау

      Осы бөлім кіші комиссия есебінің негізгі бөлімі болып табылады және тасымалдауды ұйымдастыру қызметінің, іздестіру және апаттан құтқару қызметінің персоналы жүзеге асырған іс-әрекеттердің дұрыстығы (егер іздестіру және апаттан құтқару жұмыстарының тобы кіші комиссияның құрамына енгізілсе), сондай-ақ авиациялық оқиға кезінде әуе кемесіндегі жолаушылардың аман қалуы туралы қорытындыларды толық дәлелдеуі керек.

      Сипаттама түрінде жасалатын бөлімде мынадай ақпарат қамтылуы тиіс:

      әуе кемесінің бортындағы жолаушылардың, оның ішінде оқиға салдарынан алған зардаптарының ауыртпалығын (оның ішінде өлім қаупін тудыратын, айтарлықтай қауіпті, қаупі шамалы) көрсете отырып, ересектер мен балалардың жалпы саны;

      әуе кемесінің бортындағы жүктің, багаждың және қол жүгінің жалпы саны, олардың авиациялық оқиғадан кейінгі жағдайы;

      коммерциялық жүктің жалпы нақты саны және оның тасымалдау құжаттарына сәйкестігі;

      коммерциялық жүктің саны, оның орналастырылуы мен бекітілуі тиеу және орталықтандыру нормаларына сәйкес болуы;

      әуе кемесінің бортында қауіпті жүктердің болуы және сипаты;

      әуе кемесінің бортында ресімделмеген жолаушылардың болуы;

      тиеу және орталықтандыру нормаларынан ауытқушылықтар, ресімдемеген жолаушылардың немесе қауіпті жүктердің болуы анықталса, осындай жағдай туғызған тасымалдауды ұйымдастыру қызметінің лауазымды тұлғалары толық сипатталады;

      қате іс-әрекеттердің талдануы және себептерінің дәлелденуі;

      қайтыс болу себептерін және алған жарақаттарының сипатын көрсете отырып, ерекше жағдайдың туындау және өрбу барысында, жерге қону сәтінде (жермен соқтығысқан кезде), авиациялық оқиғадан кейін әуе кемесінен көшіру кезінде қайтыс болған және дене жарақаттарын алған (алған жарақаттарының ауыртпалығын көрсете отырып) жолаушылардың саны және олардың азаматтығы;

      жолаушылардың аман қалуына кері әсер еткен немесе жарақат алуына себеп болған әуе кемесі құрылымы ерекшеліктерінің, ұшу жағдайының, құтқару құралдары мен әдістерінің сипаттамасы;

      авиациялық оқиға кезінде зардап шеккен жолаушылардың денсаулық жағдайы, емделуі.

      Егер әкімшілік кіші комиссияның құрамына іздестіру және апаттан құтқару жұмыстарының жұмыс топтары кірсе, онда талдауда қосымша іздестіру және апаттан құтқару қызметтерінің іс-әрекеттері толық сипатталады және барлық анықталған бұзушылықтарды, қателіктер мен кемшіліктерді көрсете отырып, олардың іс-қимылдарының дұрыстығына, іздестіру және апаттан құтқару жұмыстарының тиімділігіне баға беріледі.

      Талдау барысында оны түсінуге және дәлелдеуге қажетті барлық нақты ақпарат беріледі.

      3. Қорытындылар:

      1) қызметтік жолаушылар мен жүкті тасымалдауды ұйымдастыру және орындау бойынша тұлғалар мен экипаж мүшелерінің іс-әрекеттерінің дұрыстығы;

      2) адамдардың жарақаттану немесе мерт болу себептері, олардың аман қалуына әуе кемесі құрылымы ерекшеліктерінің, құтқару құралдары мен әдістерінің, ұшу жағдайының әсер етуі;

      3) іздестіру-құтқару жұмыстарының тиімділігі (егер әкімшілік кіші комиссияның құрамына іздестіру және апаттан құтқару жұмыстарының жұмыс тобы кірсе).

      4. Зерттеу кезінде анықталған басқа да кемшіліктер.

      Қызметтік жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және орындау кезіндегі, ұшу нәтижесіне тікелей әсер етпеген, бірақ ұшу қауіпсіздігіне толығымен кері әсер ететін лауазымды тұлғалар мен экипаж мүшелерінің іс-әрекеттеріндегі барлық кемшіліктер көрсетіледі. Егер әкімшілік кіші комиссияның құрамында іздестіру-құтқару жұмыстарының тобы болса, онда іздестіру және апаттан құтқару қызметтерінің жұмысындағы кемшіліктер көрсетіледі.

      4. Ұсынымдар:

      Әкімшілік кіші комиссияның анықталған кемшіліктерді жоюға арналған ұсыныстары беріледі (орындаушылар мен орындау мерзімдері көрсетілмейді), оның ішінде:

      ұшу нәтижесіне әсер еткен кемшіліктерді жоюға арналған ұсыныстар;

      ұшу нәтижесіне тікелей әсер етпеген, бірақ ұшу қауіпсіздігіне толығымен әсер ететін кемшіліктерді жоюға арналған ұсыныстар.

      Кіші комиссияның төрағасы __________________________________________________

                                    (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Кіші комиссияның мүшелері:_________________________________________________

                                    (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
14-қосымша

      Ескерту. 14-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Әкімшілік кіші комиссияның құратын жұмыс топтарының негізгі міндеттері мн түрлері

      1. Әкімшілік кіші комиссияның негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

      әуе кемесінің бортында болған жолаушылардың мерт болу, жарақаттану және денсаулығына басқа да зақым алу себептерін анықтау;

      әуе кемесінің бортына тиелген коммерциялық жүктің саны мен сипатын белгілеу, олардың дұрыс орналасуын, оралуы мен бекітілуін анықтау, тиеу, орталықтандыру және бекіту нормаларынан ауытқушылықтарды анықтау;

      әуе кемесінің бортында қауіпті жүктердің, тасымалдауға тыйым салынған заттар мен бұйымдардың болуын анықтау, жолаушылармен бірге болған заттарды, багажды және жолаушылардың жеке басын тергеп-тексеру (ішкі істер органдарымен бірлесіп) ережелерін бұзушылықтарды белгілеу;

      авиациялық оқиға кезінде қаза болған жолаушыларды тану (ішкі істер органдарымен бірлесіп);

      зардап шеккендерге және олардың туыстарына көмек көрсету бойынша іс-шаралар өткізу, талап-өтініштерді қанағаттандыру (материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобымен бірлесіп);

      авиациялық оқиғадан келтірілген зиянды белгілеу;

      оқиғаның салдарын жою.

      2. Әкімшілік кіші комиссияға мыналар жатады: жолаушылар жұмыс тобы, пошта-жүк жұмыс тобы, медициналық жұмыс тобы, зардап шеккендер мен олардың туыстарына көмектесетін жұмыс тобы.

      3. Жолаушылар жұмыс тобы келесі функцияларды орындайды:

      әуе кемесінің бортында болған жолаушылардың нақты санын, олардың тасымалдау құжаттамасына сәйкес болуын белгілейді;

      бортта ресімделмеген жолаушылардың болғаны анықталса, бұзушылыққа және қателікке жол берген нақты тұлғаларды белгілейді;

      ішкі істер органдарымен бірлесіп зардап шеккендердің туыстарын іздестіруді ұйымдастырады және оларға болған оқиға жайында хабарлайды;

      ішкі істер органдарымен бірлесіп қаза болған және дене жарақаттарын алған жолаушылар мен басқа тұлғаларды тану;

      әуе кемесінің бортында жолаушылардың орналасу орындарын анықтайды;

      әуе кемесінің бортында коммерциялық тиелімнің дұрыс орналасуын анықтайды;

      жолаушылармен бірге болған заттарды, багажды және жолаушылардың жеке басын тергеп-тексеруден өткізу тәртібін, олардың басшылық құжаттарына сәйкестігін тексереді (ішкі істер органдарымен бірлесіп).

      4. Жұмыстың қорытындысы бойынша жолаушылар жұмыс тобы есеп жасайды және онда мына мәліметтер көрсетіледі:

      оқиға салдарынан алған зардаптарын көрсете отырып, әуе кемесінің бортында болған жолаушылардың, оның ішінде ересектер мен балалардың жалпы саны;

      ресімделмеген жолаушылардың болуы және олардың саны, бортта ресімделмеген жолаушылардың болуына мүмкіндік тудырған нақты лауазымды тұлғалардың бұзушылықтар мен қателіктерге жол беру себептері;

      авиациялық билеттер мен басқа да тасымалдау құжаттарын ресімдеудегі кемшіліктер;

      жолаушылардың өздерімен болған заттарын, багажын және жолаушылардың жеке басын тергеп-тексеру кезіндегі кемшіліктер;

      жалпы коммерциялық жүк тиеу, тергеп-тексеру кезінде анықталған шекті тиеу және орталықтандыру нормаларынан ауытқушылықтар.

      5. Есепке қосымша мына құжаттар беріледі:

      азаматтығын көрсете отырып, әуе кемесінің бортында болған жолаушылардың тізімі;

      авиациялық оқиғаның салдарынан мерт болған және дене жарақаттарын (олардың ауыртпалығын көрсете отырып) алған жолаушылар мен басқа да тұлғалардың тізімі 15-қосымшаның және 16-қосымшаның 4, 5 нысандарына сәйкес ресімделеді;

      жиынтық тиеу ведомосы және орталықтандыру кестесі;

      тиеу сызбасы;

      ресімделмеген жолаушылардың болғаны немесе ресімдеу және тергеп-тексеру ережелерін бұзушылықтар анықталған жағдайда, жолаушыларды тіркеу ведомосы, авиабилеттердің бақылау талондары (қажет болса билеттердің көшірмелері), тергеп-тексеру карталары қоса беріледі;

      ауысым бастығының, тіркеу, құжаттарды ресімдеу, тергеп-тексеру жөніндегі кезекшілердің, орталықтандыру және тиеу жөніндегі диспетчерлердің, багаж тиеушілердің және қажет болса басқа да тұлғалардың түсініктемелері.

      6. Пошта-жүк жөніндегі жұмыс тобы келесі функцияларды орындайды:

      әуе кемесінің бортында болған жүктің, поштаның, багаждың және жолаушылармен бірге болған заттардың нақты санын және олардың тасымалдау құжаттарына сәйкестігін белгілейді;

      пошта, жүк, багаж және жолаушылармен бірге болған заттар орналасқан барлық жерлерді ашып, тексереді, сондай-ақ, бағалы болып табылуына қарамастан поштаның, жүктің, багаждың және жолаушылармен бірге болған заттардың жағдайын, олардың одан әрі пайдалануға және иелеріне қайтарып беруге жарамдылығын анықтайды және тиісті акт жасайды. Ашып және тергеп-тексеру үшін Көлік прокуратурасы және ішкі істер органдары өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен арнайы жұмыс тобы белгіленеді;

      коммерциялық жүкті тиеу орындарында қауіпті және тасымалдауға тыйым салынған заттар мен бұйымдардың болуын анықтайды. Ондай заттар табылған жағдайда лауазымды тұлғалардың бұзушылықтары мен қателіктерін немесе басшылық құжаттардың кемшіліктерін белгілейді;

      оқиға болған жерде коммерциялық жүкті, жолаушылардың жеке заттарын, бағалы бұйымдары мен құжаттарын жинақтайды. ІІМ органдарының қызметкерлерімен бірлесіп оларды қарайды және сақтап қояды;

      ІІМ өкілдерінің қатысуымен 21-қосымшаның 10 нысаны бойынша акті жасай отырып, жарамсыз болған коммерциялық жүктің қалдықтарын жояды.

      7. Пошта-жүк жөніндегі жұмыс тобы жұмысының нәтижесі бойынша есеп жасалады және онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      әуе кемесінің бортында болған жүктің, поштаның, багаждың және жолаушылармен бірге болған заттардың нақты саны;

      авиациялық оқиғадан кейінгі жүктің, поштаның, багаждың және жолаушылармен бірге болған заттардың жалпы жағдайы;

      коммерциялық тиеу орындарында қауіпті және тасымалдауға тыйым салынған заттар мен бұйымдардың болуы;

      әуе кемесінің бортында жүкті, багажды, поштаны және жолаушылармен бірге болған заттарды (массасын көрсете отырып) орналастыратын орынның болуы;

      тергеп-тексеру барысында анықталған, жүкті, поштаны, багажды және жолаушылармен болған заттарды қабылдау, ресімдеу, тергеп-тексеру, орау және әуе кемесінің бортындағы коммерциялық тиеу орындарына орналастыру кезінде жіберілген барлық кемшіліктер мен бұзушылықтар.

      Жұмыс тобының есебіне мына құжаттар қоса беріледі: 19-қосымшаның және 20-қосымшаның 8, 9 нысандары бойынша актілер, пошта-жүк ведомосы, пошта-жүк құжаттамалары, жүктің ерекшелігі туралы анықтама, жүк қызметіндегі жұмыскерлердің түсіндірме жазбалары.

      8. Медициналық жұмыс тобы келесі функцияларды орындайды:

      Көлік прокуратурасы және ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен зардап шеккен, мерт болған адамдарды іздестіру және оларды оқиға болған жерден көшіру жұмыстарын орындайды;

      мерт болу себебін, сондай-ақ, дене жарақаттары мен денсаулығына келген басқа да залалдың себептері мен сипатын анықтау үшін, Көлік прокуратурасы органдарымен бірлесе отырып қайтыс болған жолаушылардың мүрделеріне сот-медициналық және басқа да арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізеді;

      Көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп мерт болғандарды тану жұмыстарын жүргізеді, қажет болса кремация жасау жөнінде ұсыныс жасайды;

      әуе кемесі құрылымының, ұшу жағдайының, құтқару құралдары мен әдістерінің авиациялық оқиға кезінде жолаушылардың тірі қалуына әсерін, алған жарақаттарының сипатын анықтайды;

      мүрделерге жүргізілген сот-медициналық зерттеудің негізінде әуе кемесінің бортында болған жолаушыларды сәйкестендіреді;

      авиациялық оқиғадан зардап шеккен жолаушылардың денсаулық жағдайын, олардың ауруханаға жатқызылған жерлерін, емделу жолын бағалайды;

      авиациялық оқиға болған жерлерге санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырма береді.

      Жұмыс тобының есебіне осы Қосымшаның 5 нысаны бойынша алған жарақаттарының ауыртпалығы мен себептерін көрсете отырып жолаушылардың әуе кемесінің бортында орналасу сызбасы және авиациялық оқиға болған жерлерді жөндеу және санитарлық тазалау кезінде жүргізілген жұмыстардың тізбесі қоса беріледі.

      9. Зардап шеккендерге және олардың туыстарына көмектесетін жұмыс тобы келесі функцияларды орындайды:

      мерт болғандарды жерлеу (кремациялау) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      жолаушылардың мерт болуына қатысты қажетті құжаттарды беруді ұйымдастырады (қайтыс болуы туралы куәлік, қайтыс болуы туралы анықтама және т.б.);

      талап-арыздарды қанағаттандыру және болған оқиғаға қатысты басқа да мәселелерді шешу бойынша зардап шеккендердің туыстарына заңға байланысты консультациялар береді;

      Көлік прокуратурасы органдарының рұқсатымен сақталып тұрған жүкті, поштаны, багажды, жолаушылардың жеке заттарын, бағалы бұйымдары мен құжаттарын (заттардың кімге тиесілі екені анықталғаннан кейін) береді.

      Жұмыс аяқталысымен жұмыс тобыны есеп жасайды және онда өткізілген іс-шаралар мен олардың нәтижелері көрсетіледі.

      Жұмыс тобы өз істерін әкімшілік кіші комиссияның төрағасымен үйлестіреді.

      10. Жолаушылардың мерт болғаны немесе олардың дене жарақаттарын алғаны туралы құжаттар әуе кемесін пайдаланатын азаматтық авиация ұйымының басшысына қол және мөр қою үшін беріледі

      11. Сақталып тұрған жүкті, поштаны, багажды, жолаушылардың жеке заттарын, бағалы бұйымдары мен құжаттарын беру немесе жарамсыз болып қалған коммерциялық жүктердің қалдықтарын жоюды азаматтық авиация ұйымы Көлік прокуратурасы органдарының рұқсатымен ғана тергеп-тексеру жүргізілген базада жүзеге асырады.

      12. Жұмыстардың нәтижелері бойынша әкімшілік кіші комиссия осы Қосымшаға сәйкес есеп жасайды және онда жұмыс топтарының материалы талданады, ұшуды тасымалдауды ұйымдастыру қызметімен қамтамасыз ету сапасы, бұзушылықтардың болуы және себебі туралы қорытындылар жасалады, сондай-ақ тергеп-тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар беріледі.

      13. Әкімшілік кіші комиссияның есебіне әкімшілік кіші комиссияның құрамына кіретін жұмыс топтарының есептері және әкімшілік кіші комиссия мен жұмыс тобы мүшелерінің тізімі қоса беріледі.

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
15-қосымша

      Ескерту. 15-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

      20___жылғы "____"______ ________________________________________________________

                                                (оқиға болған жер)

      ______________________________________________________________________ ауданында

      __________________________________________________________ ұшағымен (тікұшағымен)

                        (үлгісі, таным белгісі)

болған авиациялық оқиға кезінде қайтыс болған жолаушылардың
және басқа да тұлғалардың
ТІЗІМІ

р/с№

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Авиабилет беруге негіз болған құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні

Авиабилеттің нөмірі, берілген жері, әуе кемесінің бортынан алған орны

Қайдан және қай жаққа бағыт алды

Мамандығы, лауазымы, жұмыс орны, кәсіпорынның (мекеменің) мекен-жайы

Тұрғылықты мекен-жайы

Сот-медициналық зерттеу актісіне сәйкес қайтыс болу себебі

      Әкімшілік кіші комиссияның төрағасы _________________________________________

                                                (қолы, тегі, аты-жөні, күні)

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
16-қосымша

      Ескерту. 16-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

      20 ___ жылғы "_____"_______ ______ _______________________________________________

                                                      (оқиға болған жер)

      ____________________________________________________ ұшағымен (тікұшағымен) болған

                        (үлгісі, танылым белгісі)

авиациялық оқиға кезінде
дене жарақаттарын алған жолаушылардың және басқа да тұлғалардың
ТІЗІМІ

р/с№

Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)

Туған жылы

Авиабилеттің нөмірі, берілген жері, борттағы орны

Қайдан және қай жаққа бағыт алды

Мамандығы, лауазымы, жұмыс орны, кәсіпорынның (мекеменің) мекен-жайы

Тұрғылықты мекен-жайы

Дәрігердің диагнозы. Дененің зақымдану дәрежесі (айтарлықтай қауіпті, аса қауіпті емес)

Дене жарақатын алу себебі, көзі

Қандай көмек көрсетілді (ауруханаға, тұрғылықты жеріне және т.б. жіберілді)

      Әкімшілік кіші комиссияның төрағасы _________________________________________

                                                      (қолы, тегі, аты-жөні, күні)

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
17-қосымша

      Ескерту. 17-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Авиациялық оқиға болған жерден табылған құжаттар, құндылықтар және ақша бойынша
АКТІ

      ________________________________________________________________________________

                        (акті жасалған орын)                        (күні)

      Мына құрамдағы комиссия:__________________________________________________

                                                (лауазымы, тегі, аты-жөні)

      ________________________________________________________________________________

      және ІІМ өкілі ___________________________________________________________________

                                          (лауазымы, тегі, аты-жөні)

      ________________________________________________________________________________

                                    (оқиға болған күн)

      ________________________________________________________________________________

                              (әуе кемесінің үлгісі, таным белгісі)

      авиациялық апат болған жерден табылған құжаттар, құндылықтар, ақша бойынша осы актіні жасады.

р/с№

Ораманың жалпы жағдайы

Тиесілігі (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Атауы және жағдайы (сынған, күйген және т.б.)

Құжаттар (сериясы, нөмірі)

Құндылықтар (дана)

Ақша (купюр) құны

1

2

3

4

5

6

      Әкімшілік кіші комиссияның төрағасы _________________________________________

                                                (қолы, тегі, аты-жөні, күні)

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
18-қосымша

      Ескерту. 18-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Жолаушылардың әуе кемесінде орналасу
СХЕМАСЫ

      Авиациялық апатқа ұшыраған әуе кемесінің жинақты сызбасы келтіріледі, сызбада әрбір жолаушының орны, қайтыс болған және дене жарақатын алған жолаушылардың тізімі бойынша нөмірлері беріледі, келесі шартты белгілерге сәйкес әрбір жолаушының алған зардабы көрсетіледі:

      зиян келмеген;

      авиациялық оқиға кезінде дене жарақаттарын алды;

      көшіру барысында дене жарақаттарын алды;

      авиациялық оқиға кезінде қайтыс болды (немесе алған жарақаттарынан қайтыс болды);

      көшіру кезінде қайтыс болды (немесе алған жарақаттарынан қайтыс болды).

      Мысал:

      Жолаушылар тізімі бойынша бос орындар

      нөмірлер


3

3







2

1







0


4




  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
19-қосымша

      Ескерту. 19-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Әуе кемесіне коммерциялық тиеу жағдайы және салмағы туралы
АКТІ

      _________________________                                     _____________________

      (акті жасалған орын)                                                 (күні)

      Мына құрамдағы комиссия:________________________________________________________

                                                (лауазымы, аты-жөні, тегі)

      және ІІМ өкілі____________________________________________________________________

                                                (лауазымы, аты-жөні, тегі)

      ___________________________________________авиациялық апатқа ұшыраған әуе кемесінің

      (оқиға болған орын және күні)

      коммерциялық тиелу жағдайын тексерді және әуе кемесіне коммерциялық тиеу жағдайы

      туралы келесі деректерді белгіледі.

                              Коммерциялық тиеудің жалпы жағдайы

      ________________________________________________________________________________

                  (орын саны, багаждың, қол жүгінің, жүктің, поштаның массасы)

Оқиға болған жерден табылған жолаушылардың жеке заттарының
тізімі

р/с

Заттардың атауы (Түсі, материалы, формасы, көлемі және басқа да белгілері көрсетіледі)

Саны

Салмағы

Қандай жағдайда (қалыпты, кейбір жерлері бүлінген, толығымен бұзылған, жанып кеткен және т.б.)






Жүк


Құжат бойынша

Нақты болғаны


р/с№

Жүк түбіртегініңнөмірлері

Жүктің атауы, алушы

Орын саны

Ораманың атауы

Салмағы, кг.

Жарияланған құндылықтар сомасы

Орын саны

Салмағы, кг

Әр жөнелтілім бойынша жеке әрбір бөлігінің оралу жағдайы (бір бөлігі немесе толығымен бұзылған, жанып кеткен)

Әуе кемесінде орналасқан орны

Пошта


Құжат бойынша

Нақты болғаны


р/с№

Пошта құжатта- масының нөмірлері

Ораманың атауы (қап, сәлемдеме, пакет)

Жеткізу пункті

Орын саны

Салмағы, кг.

Жарияланған құндылықтар сомасы

Орын саны

Салмағы, кг.

Әр орама бойынша жеке-жеке әрбір бөлігінің оралу жағдайы (бір бөлігі немесе толығымен бұзылған, жанып кеткен)

Әуе кемесінде орналасқан орны

Багаж және қол жүгі

р/с№

Құжат бойынша

Нақты болғаны

Багаж түбіртектерінің (билеттің) нөмірлері

Багаж иесінің тегі

Багаж

Жолаушылармен бірге болған заттар
Салмағы,
кг.

Багаж

Жолаушылармен бірге болған заттар
Салмағы,кг.

Әр жөнелтілім бойынша жеке-жеке әрбір бөлігінің оралу жағдайы: жарамды, бүлінген (жартылай, толығымен), сынған, жанып кеткен

Әуе кемесінде орналасқан орны

Орын саны

Салмағы, кг.

Жарияланған құндылық сомасы

Орын саны

Салмағы, кг.


      Әкімшілік кіші комиссияның төрағасы _________________________________________

                                                (қолы, тегі, аты-жөні, күні)

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
20-қосымша

      Ескерту. 20-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Багажды, қол жүгін, пошта мен жүкті ашып қарау және бүлінген жерлерін тергеп-тексеру туралы акті

      _________________________                                           _______________

      (акті жасалған орын)                                                       (күні)

      Біз, төменде қол қойғандар _________________________________________________________

                                                (лауазымы, аты-жөні, тегі)

      ІІМ өкілі_____________________________________________________________ қатысуымен

                              (лауазымы, аты-жөні, тегі)

      ______________________________________________________ авиациялық апатқа ұшыраған

                  (оқиға болған орын, күні)

      ______________________________________ ұшақтың (тікұшақтың) коммерциялық тиелуінің

            (үлгісі, танылым белгісі)

      бүлінген жерлерін ашып қарадық.

      Нәтижесінде мыналар анықталды:

Багаж

Багаж
түбіртегінің (билеттің)
нөмірі

Багаж иесінің тегі

Орау түрі

Ашып қарау кезінде табылған заттардың атауы

Ашып қарау кезінде табылған заттардың жағдайы (қалыпты, бүлінген, жарамсыз болып қалған)

Жолаушылардың өздерімен бірге болған заттары

Иесінің тегі

Орау түрі

Ашып қарау кезінде табылған заттардың атауы

Ашып қарау кезінде табылған заттардың жағдайы (қалыпты, бүлінген, жарамсыз болып қалған)

Пошта

Пошта-жүк құжаттамасының, таңбалану нөмірі

Поштаның тиесілігі

Жөнелту пункті

Жеткізу пункті

Орау түрі

Ашып қарау кезінде табылған заттардың атауы

Ашып қарау кезінде табылған заттардың жағдайы (қалыпты, бүлінген, жарамсыз болып қалған)

Жүк

Жүк құжаттамасының, таңбалану нөмірі

Жүктің тиесілігі

Жөнелту пункті

Жеткізу пункті

Орама түрі

Ашып қарау кезінде табылған заттардың атауы

Ашып қарау кезінде табылған заттардың жағдайы (қалыпты, бүлінген, жарамсыз болып қалған)

      Әкімшілік кіші комиссияның төрағасы _________________________________________

                                                (қолы, тегі, аты-жөні, күні)

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
21-қосымша

      Ескерту. 21-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Коммерциялық тиеу қалдықтарын жою туралы акті

      _____________________                                          __________________

      (акті жасалған орын)                                                 (күні)

      Мына құрамдағы комиссия ________________________________________________________

                                          (лауазымы, тегі, аты-жөні)

      және ІІМ өкілі____________________________________________________________________

                                          (лауазымы, аты-жөні, тегі)

      20____жылы ___________________________________________ авиациялық апатқа ұшыраған

      ____________________________________________________________ ұшақтың (тікұшақтың)

                        (үлгісі, танылым белгісі)

      коммерциялық тиеу қалдықтарын жою туралы осы актіні жасады. Бортта

      болған __________________________________________________________________________

                              (багаж, пошта және қол жүгі)

      ________________________________________________________________________________

                                    (орны, салмағы)

      ____________________________________________________________ бұдан әрі пайдалануға

            (сынған, жанып кеткен, ЖЖМ және т.б. былғанған)

      жарамсыз болғандықтан, олар өртеп жіберілді.

      Комиссия мүшелері: ________________________________________________________

                                          (қолы, тегі, аты-жөні)

      ІІМ өкілі: _________________________________________________________________

                                          (қолы, тегі аты-жөні)

Багаж және қол жүгі

р/с

Құжаттар бойынша

Нақты болғаны



Багаж түбіртегінің (билеттің) нөмірі

Багаж иесінің тегі

Багаж

Жолау шымен болған заттар,
массасы , кг.

Багаж

Жолау шымен болған заттар, массасы, кг.

Әр жөнелтілім бойынша жеке әрбір бөлігінің оралу жағдайы: қалыпты, бүлінген (жартылай, толығымен), сынған, жанып кеткен

Әуе кемесінде орналасқан орны

Орын саны

Массасы, кг.

Жарияланған құндылық сомасы

Орын саны

Салмағы, кг.


  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
22-қосымша

      Ескерту. 22-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Авиациялық оқиға болған жердегі жұмыстарды тоқтату туралы акті

      ________________________                         _______________________

      (акті жасалған орын)                                     (күні)

      __________________________________________________________ ұшағымен (тікұшағымен)

                        (үлгісі, танылым белгісі)

      болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның авиациялық оқиға болған

      жердегі жұмыстарды тоқтату туралы шешіміне сәйкес, кіші комиссия

      мүшелері________________________________________________________________________

                                    (кіші комиссия мүшелері, аты-жөні)

      Көлік прокуратурасы қызметкерлері

      ________________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________қатысуымен

                        (лауазымы, тегі, аты-жөні көрсетіледі)

      авиациялық оқиға болған жерді қарап шығып және ұшақтың (тікұшақтың) сынықтары

      жиыстырылғанын, құрылыстар мен ғимараттардың бұзылулары жойылғанын, жергілікті

      жердің санитарлық өңдеуден өткенін белгіледі.

      ________________________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөні)

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
23-қосымша

      Ескерту. 23-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

      Орындаушы кәсіпорынның
басшысы
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
______________
(қолы)
"__"_________ 20 жыл

Зерттеу нәтижелері бойынша есеп

      _______________________________________________________________________ зерттеледі

            (зерттелетін объектінің толық атауы көрсетіледі)

      1. Зерттеу объектісі

      (жақшада зерттеу объектісі туралы мәліметтің келтірілуіне негіз болатын құжаттың

      атауы, құжаттың шығыс нөмірі және күні келтіріледі)

      ________________________________________________________________________________

      Бөлімде мына мәліметтер келтіріледі:

      зерттеу объектісінің атауы, қайда келіп түсті, ұшақ (тікұшақ) үлгісі;

      зауыт нөмірі, дайындаған зауыт және авиатехниканы дайындау күні;

      айдалану ұзақтығы (жалпы жұмыс істеуі, соңғы жөндеуден кейін жұмыс істеуі,

      регламенттеу жұмыстарын орындағаннан кейін жұмыс істеуі).

      Мақсатқа лайықты болған жағдайда зерттеу басталған кездегі объектінің суреті

      ұсынылады.

      2. Істен шығу, бұзушылық анықталған жағдайлар

      (жақшада істен шығу жағдайлары туралы мәліметтердің келтірілуіне негіз болатын

      құжаттың атауы, құжаттың шығыс нөмірі және күні келтіріледі)

      __________________________________________________________________________

      Бөлімде істен шығу жағдайлары мен салдары туралы негізгі мәліметтер келтіріледі:

      істен шығу күні;

      істен шығу сипаты, орны және орын алған немесе анықталған жағдайлар

      (бұзушылықтар);

      істен шығу салдары;

      объекті зерттеуге жіберілгенге дейін тергеп-тексеру барысында қандай алдын алу

      жұмыстары жүргізілді және нәтижелері.

      Бұған дейін орын алған осындай істен шығулар саны туралы деректер келтіріледі

      немесе мұндай жағдайдың болмағаны немесе олар туралы мәліметтердің келіп түспегені

      көрсетіледі.

      3. Зерттеу мақсаты

      (жақшада зерттеу мақсаты қойылған құжаттың атауы, шығыс нөмірі және күні келтіріледі)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Бөлімде келіп түскен құжаттамада баяндалған зерттеу мақсаты көрсетіледі. Егер келіп

      түскен құжаттамада зерттеу мақсаты белгіленбеген болса, оны бас бөлім бастығы анықтайды.

      4. Зерттеу нәтижелері

      Аталған бөлімде жүйелі түрде толығымен объектіні зерттеу жүргізу барысында

      орындалатын негізгі жұмыстардың нәтижелері баяндалады.

      Мысалы:

      бұзбайтын әдістермен бақылауды есепке алғанда, объектінің сыртқы жағдайын

      толығымен және оның бөліктерін талдау;

      агрегаттарды, құралдарды немесе объекті бөлшектерін зерттеу;

      геометриялық өлшемдердің өзгеруі;

      материалдардың физика-механикалық қасиеттерін бақылау талдау және зерттеу;

      беріктігіне арналған есеп, статистикалық деректерді талдау және т.б.

      5. Зерттеу материалдарын талдау (қорытынды)

      Аталған зерттеу бойынша материалдар көлемі жеткілікті болған кезде орындалады.

      6. Қорытынды

      Зерттеу бойынша қорытынды зерттеудің мақсатындағы мәселелерге сай болуы тиіс.

      Қорытынды нақты, бір мәнді және қосымша түсіндіруді талап етпейтін бөлек тармақтар

      нысанында жасалды.

      7. Ұсыныстар

      Ұшу қауіпсіздігін сөзсіз қамтамасыз ету мақсатында бөлімде істен шығулардың алдын

      алу және конструкцияларды жөндеу бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдарға

      қойылатын талаптар мен ұсыныстар баяндалады.

      Пайдаланушы және жөндеу жүргізетін азаматтық авиация кәсіпорындарына берілетін

      ұсыныстар нақты және олардың іске асырылу мүмкіндігі ескерілуі тиіс. Конструкторлық

      бюроларға, өнеркәсіптіккәсіпорындарға (ұйымдарға) берілетін ұсыныстар техникалық

      талаптар түрінде жазылуы тиіс.

      Ұсыныстар тікелей қорытынды мен тұжырымда келтірілген жұмыстардың негізгі

      нәтижелеріне негізделуі тиіс.

      8. Есепті тарату

      Қорытынды жіберілетін ұйымдар мен кәсіпорындар тізбектеледі. Тізбені себептерді,

      жағдайларды және соңғы істен шығуды есепке ала отырып, орындаушы-ұйым анықтайды.

      Қолдар ___________________________

      Ескертпе:

      1. Зерттеу объектісіне мыналар жатады: құрылым бөлшегі, торабы, элементі, ақпаратты

      немесе істен шығудың бастапқы себебін қамтитын онымен функционалды түрде байланысқан

      элементпен бірге агрегат немесе бұйым.

      Құрылымның әрбір бөлшегінің, элементінің, агрегаттың немесе бұйымның атауы,

      қосалқы бөлшегі мен анықталған орны көрсетілген биркасы болуы қажет.

      2. Зерттеуге жіберілген объектілерді бөлшектеп, жууға және консервациялауға

      болмайды. Оларда контровка мен пломба сақталуы тиіс. Бұзу кезінде туындаған барлық

      бұзылулар туралы техникалық тапсырмаға қоса берілетін анықтамада көрсетілуі тиіс.

      3. Егер қабаттасқан немесе объектімен функционалды түрде байланысқан элементтерді

      зерттеуге жіберуге болмайтын болса, онда техникалық тапсырмаға өзара жағдайлар туралы

      толық түсінік қалыптастыруға және істен шығудың туындау және өрбу ерекшелігіне талдау

      жасауға мүмкіндік беретін суреттер, өлшемдер, сызбалар мен сипаттамалар қоса беріледі.

      4. Сынықтарды, өзгерістерді және басқа да бұзылуларды анықталған күйінде сақтау

      үшін барлық шараларды қолдану қажет. Сондай-ақ объекті қуысында немесе сүзгілерде

      анықталған тозған бөлшектер, жоңқа немесе басқа да заттарды сақтау қажет.

      5. Техникалық тапсырмаға қоса берілетін анықтамада істен шығу немесе ақаудың

      анықталуы, ерекшеліктер, әуе кемесі және объекті туралы деректер, олардың жөнделуі және

      техникалық қызмет көрсетілуі, жұмыс істеуі және арнайы жұмыстары, істен шығуының

      немесе ақауының болжалды себебі, оның ішінде өнеркәсіп және жөндеу зауыттары өкілдерінің

      пікірі баяндалады.

      6. Зерттеуге жіберуге дайындалған объектілер тасымалдау барысында зақымданбауы,

      қоршаған ортаның әсеріне түспеуі және басқалай өзгермеуі үшін ыдысқа жинақталуы тиіс.

      Ыдыста және көлік құжаттамасында объектілер жіберілетін мекен жай жабыстырылып

      және үлкен әріптермен "ЗЕРТТЕУГЕ" деген сөз жазылуы тиіс.

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
24-қосымша

      Ескерту. 24-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

      Бекітемін
____________________
(лауазымы)
____________________
(тегі, аты-жөні)
20 жылғы "___"_______

Азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті есеп

      ________________________________________________________________________________

                              (авиациялық оқиғаның түрі)

      ________________________________________________________________________________

                                    ұшақ (тікұшақ)

      ________________________________________________________________________________

      (үлгісі, мемлекеттік тіркеу айқындауыш белгісі және қосалқы құралдары)

      ________________________________________________________________________________

                              авиациялық оқиға орын алған күн және орын

                                    Жалпы мәлімет

      Бөлім авиациялық оқиға жағдайларын қысқаша баяндаудан басталады.

      Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруді жүргізетін өкілетті органның атауы, тергеп-

      тексеру бойынша комиссия құрамы, тергеп-тексеруге қатысатын уәкілетті өкіл (өкілдер).

      Авиациялық оқиға туралы хабарлама жіберілген мекен-жайлар көрсетіледі.

      Тергеп-тексеруді ___________________________________________ ___________ № __

                        (комиссияны тағайындаған лауазымды тұлға)      (күні)

      бұйрығымен тағайындалған мына құрамдағы комиссия:

      Төраға____________________________________________________________________

                        (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Төраға орынбасары _________________________________________________________

                              (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Комиссия мүшелері_________________________________________________________

                              (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      жүргізді.

      Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:

      басталуы____________________

                  (күні)

      аяқталуы__________________

            (есепті бекіту күні)

      Тергеп-тексеруге

      ________________________________________________________________________________

      (министрліктерді, мемлекеттік комитеттерді, ведомстволарды,

      ________________________________________________________________________________

      мекемелерді, кәсіпорындарды, ұйымдарды тізбектеу)

      өкілдері қатысты

      алдын ала тергеп-тексеруді_________________________________________________________

                                    (құқық қорғау органының атауы)

      жүргізді.

      1. Нақты ақпарат

      1. Ұшу тарихы

      Төмендегі ақпаратты қамтитын қысқаша сипаттама келтіріледі:

      оқиға болған күн, әуе кемесінің үлгісі, мемлекеттік тіркеу белгісі, әуе кемесінің және экипаждың (авиакомпанияның) қосымша құралдары;

      орындалатын тапсырма, рейс нөмірі, ұшу бағыты, борттағы адам саны, олардың азаматтығы, коммерциялық тиеу сипаты, оның сандық және сапалық сипаттамасы;

      ұшып шыққан соңғы әуежай, ұшып шыққан уақыт (жергілікті немесе UTC бойынша), қонуы тиіс пункт;

      оқиға орын алған ұшу кезеңі, уақыты (жергілікті немесе UTC бойынша, күн, түн), метеожағдайлар (қарапайым, қиын);

      ұшуға дайындалу, ұшудың және авиациялық оқиға жағдайының сипаттамасы;

      тез анықталатын географиялық пунктіге қатысты оқиға орны (ені, ұзындығы), оның теңіз деңгейіндегі биіктігі, жердің қысқаша сипаттамасы.

      2. Дене жарақаты

      Төмендегі бланк толтырылады (сандармен). 

Дене жарақаты

Экипаж

Жолаушылар

Басқа тұлғалар

Қаза болғандар




Елеулі




Елеусіз/ жоқ




      Әрбір себеп бойынша саны көрсетіле отырып, борттағы адамдардың қаза болу себептері туралы деректер келтіріледі.

      3. Әуе кемесінің зақымдануы

      Авиациялық оқиға кезінде әуе кемесіне келтірілген зақымның қысқаша сипаттамасы келтіріледі (қираған, маңызды зақымданған, маңызды емес зақымданған, зақымданбаған).

      4. Басқа да бұзылулар

      Әуе кемесінен басқа объектілерге келтірілген залалдардың қысқаша сипаттамасы келтіріледі.

      5. Жеке құрам туралы мәлімет

      Экипаж туралы деректер.

      Экипаждың әрбір мүшесі туралы төмендегідей мәліметтер келтіріледі:

      лауазымы;

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      туған күні;

      жалпы және арнайы білімі (оқу орындарының атаулары және оларды тәмамдаған жылдар);

      метеоминимум (әуе кемелерінің командирлері үшін);

      жалпы ұшу, аталған үлгідегі, аталған лауазымда ұшу, аталған жұмыс түрі бойынша ұшу (авиациялық жұмыстар үшін);

      бұған дейін орын алған авиациялық оқиға және оқыс оқиғалар (егер бұған дейін орын алған болса қашан және қандай себеппен болғанын көрсету);

      куәліктің нөмірі, берілген күні және әрекет ету мерзімі;

      міндетті тексерістерден өтуі;

      жұмыс уақыты туралы ақпарат (ұшқан және жалпы жұмыс уақыты); экипаждың кәсіби дайындығының қысқаша бағасы.

      Жерде қызмет ету және әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметтерінің персоналы туралы деректер (авиациялық оқиға осы қызметтердің дұрыс әрекет етпеуіне байланысты орын алған жағдайларда ғана келтіріледі):

      лауазымы;

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      туған күні;

      жалпы және арнайы білімі (оқу орындарының атауы және оларды тәмәмдаған жылдары);

      аталған лауазымдағы жұмыс уақыты, арнайы дайындық, біліктілігі.

      Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің персоналы туралы, бұдан басқа төмендегілер көрсетіледі: өткен шақта әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша бұзушылықтардың болуы, кезекшілікке кірісер алдында медициналық бақылаудан және нұсқамадан өтуі, теориялық білімі мен практикалық дағдысын соңғы тергеп-тексеру.

      6. Әуе кемесі туралы мәліметтер

      үлгісі, мемлекеттік тіркеу айқындауыш белгілері;

      зауыт нөмірі, дайындаған зауыт және шығарылған күні;

      ұшуға дайындығы туралы қысқаша мәлімет (пайдалануға және тіркеуге дайындығы туралы куәліктің болуы және оның әрекет ету мерзімі);

      ресурс: бірінші жөндеуге дейін берілген кепілдеме, жөндеу аралығында;

      пайдаланылғаннан бастап ұшу, неше рет қонғаны;

      жүргізілген жөндеу саны, жөндеу зауыты соңғы жөндеу жүргізілген күн, соңғы жөндеуден кейінгі ұшу және қону саны;

      соңғы мерзімдік және жедел қызмет көрсету түрлері;

      жанар-жағар май материалдарының мөлшері және үлгісі, олардың кондициялығы;

      әуе кемесінің салмағы және орталықтандырылуы, олардың рұқсат етілген шектерде болуы туралы мәліметтер;

      экипаждың авиатехниканы соңғы ұшуға дайындығы және оның жұмысы бойынша ескертулерінің болуы (немесе болмауы), авиациялық оқиғаға қандай да бір қатысы болатын болса ұшуға дейінгі және ұшу уақытындағы кез-келген бұзушылықтардың болуы;

      Егер оқиға қозғалтқыштың жұмыс істеуіне байланысты болатын болса, осы қозғалтқыштар бойынша мыналар қарастырылады:

      зауыт нөмірі, дайындаған зауыт және шығарылған күні;

      ресурс: бірінші жөндеуге дейін берілген кепілдеме, жөндеу аралығында;

      пайдаланылғаннан бастап жұмыс істеуі, соңғы жөндеуден кейін жұмыс істеуі, жүргізілген жөндеулер саны, жөндеу жүргізетін зауыт, соңғы жөндеу жүргізілген күн;

      әуе кемесінің техникалық пайдаланылуының белгіленген талаптарға сәйкес келуінің қысқаша бағасы, техникалық сипаттамалары туралы мәлімет.

      7. Метеорологиялық ақпарат

      Авиациялық оқиға орын алған орында болатын болжамды және нақты ауа райы келтіріледі: авиациялық оқиға кезіндегі табиғи жарық жағдайлары, көлденең және тік жағы, жауын-шашынның болуы, желдің бағыты және жылдамдығы, ауа температурасы, шөп өсетін жер, ауа ылғалдығы, атмосфералық қысым, қауіпті метеоқұбылыстардың болуы, ҰҚЖ арналған ілініс коэффициенті. Қажет болған жағдайда, сондай-ақ, негізгі және қосалқы әуеайлақтарға арналған ұшу бағыты бойынша болжамды және нақты ауа райы көрсетіледі, синоптикалық жағдай талдауы ұсынылады.

      Ұшудың метеоқамтамасыз етілуін қысқаша бағалау, экипажда метеоақпараттың болуы.

      8. Ұшудың радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары

      Табель бойынша жабдықталуы, жарамдылығы, пайдаланылуы. Бас тартатын немесе Ұшудың радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын дұрыс пайдаланбау жағдайлары да орын алады.

      9. Байланыс құралдары

      Авиациялық байланыс құралдары туралы ақпарат, олардың жұмысқа қабілеттілігінің бағасы.

      10. Әуеайлақ туралы деректер (егер авиациялық оқиға оның шегінде орын алатын болса)

      Жағдайы, жабын түрі, көлбеу беті, ҰҚЖ, тежеудің бос аймақтарының, кедеогілерден бос жолақтарының, бос аймақтарының ұзындығы және ені (егер оқиға оның шегінен шығуымен байланысты болса), кедергілердің әуеайлақ ауданында орналасуы, жарық сигнал жабдықтары және т.б. (егер оқиға әуеайлақ аймағында алдын ала төмендеуімен немесе кедергімен соқтығысуымен байланысты болса). 

      11. Борттық өздігінен жазғыш құралдар

      Әуе кемесіне орнатылған өздігінен жазғыш құралдардың үлгілері, анықталғаннан кейінгі жағдай және олар арқылы алынған деректер.

      12. Әуе кемесі элементтерінің жағдайы және олардың оқиға орнында орналасуы туралы мәліметтер

      Оқиға орны және құрылым элементтері шашылуының сипаттамасы туралы жалпы мәліметтер.

      Бұл бөлімге оқиға орнының сызбасы және оның сипаттамасы қосылуы мүмкін.

      13. Медициналық мәліметтер және патологиялық-анатомиялық зерттеулердің қысқаша нәтижелері

      Жүргізілген зерттеулер мен анықталған тиісті деректер нәтижелерінің қысқаша сипаттамасы.

      14. Авиациялық оқиға кезінде жолаушылардың, экипаж мүшелерінің және басқа да тұлғалардың аман қалуы туралы деректер

      Экипаж, жолаушылар мен басқа тұлғалардың орналасқан орындары және олар алған дене жарақаты туралы қысқаша сипаттама.

      Тергеп-тексерудің техникалық аспектілері үшін маңызы бар келесі медициналық ақпарат келтіріледі:

      әуе кемесінің бортындағы тұлғаларға әсер ететін күштер мен ауыстырып тиеулер;

      кедергіге тап болған сәттегі әуе кемесінің жағдайы;

      дене жарақатының креслолар құрылымдарының ерекшеліктеріне, әуе кемесі құрылымы элементтерінің бұзылуына, түтінді тыныстаумен, қайта герметизациялаумен байланысты болуы.

      15. Апаттан құтқару және өрт сөндіру командаларының әрекеттері 

      Авиациялық оқиға болған орын анықталған, апаттан құтқару командасының және оның құрамының келу, борттағы тұлғаларды әуе кемесінен эвакуациялау уақыты туралы деректер келтіріледі. Өрттің пайда болу себептері мен сипаты, оны жою уақыты, апаттан құтқару жұмыстарының және өрт сөндіру жүйелерінің тиімділігі көрсетіледі.

      16. Сынау және зерттеу

      Сынау және зерттеу нәтижелерінің қысқаша сипаттамасы келтіріледі.

      17. Оқиғаға қатысы бар ұйымдар мен әкімшілік қызмет туралы ақпарат

      Әуе кемесін пайдалануға қатысы бар ұйымдар мен олардың әкімшілік қызметі туралы тиісті ақпарат келтіріледі.

      Ұйымдарға, мысалы әуе кемесін пайдаланушы және оның иесі, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары, әуеайлақтарды пайдалану қызметтері, метеоқызметтер және т.б., сондай-ақ регламенттейтін өкілетті органдар жатады.

      Ақпарат экономикалық мәртебе, құрылымдар, функциялар, ресурстар, әкімшілік қызметтер және ұйымдардың нормативтік құжаттары туралы мәліметтерді қамтуы мүмкін.

      18. Қосымша ақпарат

      Оқиға себептері туралы қорытынды негіздемесі үшін қажетті және есептің бұған дейінгі бөлімдерінде айтылмаған барлық нақты ақпарат келтіріледі. Қажет болған жағдайда тергеп-тексерудің басқа да материалдарына нақты сілтемелер жасалады.

      2. Талдау

      Аталған бөлім комиссия қорытынды есебінің негізгі бөлімі болып табылады және толығымен оқиға себептері туралы қорытындылар мен комиссия ұсыныстарына негізделуі тиіс.

      Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:

      олардың арасындағы себептік тергеп-тексерулік байланыстарды аша отырып, ерекше жағдайдың туындауы және өрбуі барысында орын алған оқиғаның хронологиялық сипаты;

      мұндай ауытқушылықтардың ұшулар нәтижесіне әсер ету дәрежесін анықтап және жою бойынша профилактикалық іс-шараларды әзірлеу қажеттілігін негіздей отырып, тергеп-тексеру барысында лауазымды тұлғалардың әрекеттерінен, авиатехниканың жұмысынан, жобалау, дайындау және пайдалану нормаларынан анықталған барлық ауытқушылықтардың мен ұшулар дайындығы және оларды қамтамасыз ету, басшылық құжаттары және т.б. кемшіліктерінің талдауы;

      ерекше жағдайдың туындауына және өрбуіне, ұшу нәтижесіне әсер еткен ауытқушылықтардың туындау себептерінің талдауы және негіздемесі.

      Талдауда сондай-ақ ұшу нәтижесіне немесе авиациялық оқиға салдарына жағымды әсер еткен факторлар келтірілуі тиіс.

      Талдауды түсініп, оған негізделу үшін қажетті барлық нақты ақпарат тікелей мәтінге немесе Қорытынды есепке қосымша ретінде беріледі. Қажет болған жағдайда тергеп-тексерудің басқа материалдарына нақты сілтемелер жасалады.

      3. Қорытынды

      Ерікті түрде толтырылатын нысанда авиациядағы оқиға себебінің (себептері) тұжырымдамалары келтіріледі. Тұжырымдамада ерекше жағдайлардың туындауына және өрбуіне әкеліп соққан барлық ауытқушылықтар қарастырылуы тиіс.

      Себептер тұжырымдамаларынан кейін себептердің жинақталған топтары мен ұшу нәтижесіне әсер еткен факторлар келтіріледі.

      Оқиға себептерінің тұжырымдамасынан кейін жинақталған себептер тобы мен "Қауіпсіздік" МАСУ пайдалану бойынша басшылыққа сәйкес ұшулар нәтижесіне әсер еткен бөлек себептер, олардың туындауының хронологиялық тәртібі бойынша беріледі.

      4. Тергеп-тексеру барысында анықталған кемшіліктер

      Ұшулар нәтижесіне тікелей әсер етпеген, алайда толығымен ұшулар қауіпсіздігіне кері әсерін тигізген, тергеп-тексеру барысында экипаж, ҰҚҚ органының және ұшуды ұамтамасыз ету қызметтері персоналының дайындығы мен әрекетіндегі, жобалауда, әзірлеуде және авиациялық техниканы техникалық пайдалануда анықталған барлық кемшіліктер мен бұзушылықтар, басшылық құжаттардың кемшіліктері көрсетіледі.

      5. Қауіпсіздікті арттыру бойынша ұсыныстар

      Бөлімде тергеп-тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар (орындаушылар мен орындау мерзімдері көрсетілмейді) келтіріледі. Бөлім екі бөліктен тұрады:

      Ерекше оқиғалардың орын алуына, өрбуіне және ұшулар нәтижесіне әсер еткен кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар.

      Ерекше оқиғалардың орын алуына, өрбуіне және ұшулар нәтижесіне әсер етпейтін, алайда толығымен ұшулар қауіпсіздігіне әсер ететін кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар.

      Комиссия төрағасы ________________________(қолы)

      Комиссия мүшелері________________________(қолы)

      Есептің жеке бөліктерін ресімдеу қажет болмаған жағдайда, бөліктерде тек толтырылмау себебі ғана көрсетіледі.

      Тергеп-тексерудің қорытынды есепке авиациядағы оқиға тергеп-тексеруінің материалдары қоса беріледі.

      Материалдар авиациядағы оқиға туралы іске төмендегідей тәртіппен орналастырылады:

      Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру туралы қорытынды есеп.

      Тергеп-тексеру материалдары:

      тергеп-тексеру бойынша комиссия тағайындау туралы бұйрық;

      комиссия отырысарының хаттамалары;

      кіші комиссияның және олардың жұмыс топтарының қосымшалары бар есептері;

      кіші комиссияның құрамына енбейтін жұмыс топтарының қосымшалары бар есептері;

      тергеп-тексеру комиссиясының тиісті тапсырмаларының қосымшалары бар арнайы зерттеулердің және сараптамалық қорытындылар нәтижелері.

  Азаматтық және эксперименттік
авиацияда деректерді ұсыну
және авиациялық оқиғалар мен
оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
25-қосымша

Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді міндетті түрде ұсыну жүйесі арқылы хабарлауға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тергеп-тексеруіне жататын авиациялық оқиғалардың санаты

      Ескерту. 25-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Деректерді міндетті түрде ұсыну жүйесі арқылы хабарлауға және тергеп-тексеруге жататын елеулі оқыс оқиғаларға мынадай санаттағы оқиғалар жатады:

      1. Соқтығысуды немесе қауіпті жағдайды болдырмау үшін жалтару маневрін орындау немесе жалтару жөнінде орынды әрекеттерді жасау талап етілетін қауіпті жақындасулары.

      2. Авиациялық апаттар ретінде жіктелмеген қақтығыстар.

      3. Жарамды ӘК жерге соғылуын болдырмауға мүмкіндік берген жағдай. Жердегі кедергілердің (діңгек, құбыр, антенна, электр беру желілері, ағаштар, рельефтің жергілікті көтерілуі және т.б.) ӘК конструкциясының кез келген элементімен жанасуы сияқты.

      4. Жабық немесе бос емес ҰҚЖ, РД* немесе немесе соған арналмаған ҰҚЖ тоқтатылған ұшып көтерілулер.

      5. Жабық немесе бос емес ҰҚЖ, РД* немесе соған арналмаған ҰҚЖ ұшып көтерулер.

      6. Жабық немесе бос емес ҰҚЖ, РД* немесе соған арналмаған ҰҚЖ қону немесе қонуды орындауға әрекет жасау.

      Ескертпе: *Тікұшақтардың рұқсат етілген ұшуларын қоспағанда.

      7. Авиациялық оқиға ретінде жіктелмеген, нәтижесінде тек қаптамасы ғана зақымданған шасси тіреуінің жиналуы немесе жиналған шассилермен қону, әуе кемесін шамалы жөндеуден немесе жамау орнатқаннан кейін толық қалпына келтіру үшін келесі одан да ауқымды жөндеу орнына ұшу орындауға қауіпсіз шығаруға болған жағдайда.

      8. Қону кезінде қанат ұшымен, қозғалтқыштың гондоласымен немесе әуе кемесінің кез келген басқа бөлігімен жанасу, бұл авиациялық оқиға ретінде жіктелмеген жағдайларда.

      9. Ұшып көтерілу немесе биіктіктің бастапқы учаскесіне көтерілуі кезінде екпін алу барысында қажетті сипаттамаларға әуе кемесінің қол жеткізу қабілетсіздігі.

      10. Экипаж кабинасында, жолаушылар салонында, жүк қоятын бөліктерде өрттің шығуы немесе қозғалтқыштың өртенуі және түтін пайда болған жағдайлар, тіпті мұндай өрттер өрт сөндіргіштердің көмегімен сөндірілсе де.

      11. Ұшу экипаж мүшелерінің апаттық оттегін пайдалану қажет болған жағдайлар.

      12. Авиациялық оқиға ретінде жіктелмеген газқұбырлы қозғалтқыштардың локализацияланбаған істен шығуларын қосқанда, әуе кемесінің конструкциясының бұзылу немесе қозғалтқыштың бұзылу жағдайлары. Олар:

      әуе кемесінің одан әрі зақымдануына әкеп соқпайтын қозғалтқыш капотын (желдеткішін немесе негізгі контурын) немесе реверсивті құрылғы элементтерін жоғалту;

      компрессордың немесе турбина қалақшалары немесе қозғалтқыштың басқа да ішкі элементтері қозғалтқыштың түтін шығаратын түтігі арқылы шығаруға қатысты оқиғалар;

      конструкцияның немесе жүйелердің басқа элементтерінің қатты зақымдануына алып келмейтін радиолокатор ағыстатқышының бүлінуі немесе жоғалуы, ұшу кезінде есіктердің, люктердің, сатылардың, капоттардың немесе ағыстатқыштардың жұлынуы немесе ашылуы;

      конфигурациядан ауытқу тізіміне (CDL) сәйкес ұшып шығуға рұқсат берілетін жалғасқанатшаның, қанат алдының немесе көтеру күшін арттыратын басқа құрылғылардың, қанат шеттерінің және тағы басқаның қиралуы немесе жоғалуы;

      басқарудың аэродинамикалық үстіңгі беті, пилондар және қозғалтқыштар жоғалтылмай ілмектері тораптарының бұзылуы немесе ажыратылуы;

      тірек немесе рульдік бұрандалар элементтерінің, тірек немесе рульдік бұранда төлкесінің, редуктордың (тікұшақтарға арналған) бүлінуі және зақымдануы;

      трансмиссияның (тікұшақтарға арналған) бүлінуі немесе ажыратылуы;

      сыртқы аспаның үзілуі немесе жүкті өздігінен түсуі;

      нәтижесінде конструкция беріктігі бұзылатын, техникалық немесе ұшу сипаттамалары нашарлайтын басқа да жағдайлар.

      13. ӘК пайдалануға елеулі әсер ететін бір немесе бірнеше борт жүйелерінің бірнеше рет істен шығуы.

      14. Ұшу кезінде ұшу экипажы мүшелерінің жұмысқа қабілеттілігін жоғалту жағдайлары:

      бір ұшқышпен (сыртқы ұшқышты қоса алғанда) ұшақтарда ұшуға қатысты немесе

      қолда бар экипаждың жұмыс жүктемесінің едәуір ұлғаюына байланысты ұшу қауіпсіздігі әлсіреген бірнеше ұшқыштармен ұшуға қатысты.

      15. Отынның жеткіліксіз мөлшері, отынның толық өндірілуі, отынның жеткіліксіз жеткізілуі немесе борттағы отынды толық көлемде пайдалану мүмкін болмауы сияқты апатты жағдайды пилоттың хабарлауын талап ететін отын мөлшері немесе отынның таралуына қатысты жағдай.

      16. Маңыздылық салдары бойынша А санатына жатқызылған ҰҚЖ рұқсат етілмеген шығулар (Салдарының маңыздылығын жіктеуге қатысты ақпарат ҰҚЖ рұқсат берілмеген кіруді болдырмау бойынша нұсқаулықта көрсетілген, Doc. 9870).

      17. Ұшу немесе қону кезіндегі оқыс-оқиғалар. Олар:

      әуе кемесінің ҰҚЖ шекарасынан тыс отыру немесе әуе кемесінің жүріс және екпін алу кезінде ҰҚЖ шекарасынан тыс шығу;

      қанатының, бұранда қалағының және т.б. жермен жанасуы;

      тоқтатылған рульдерімен ұшып көтерілу.

      18. Жүйелердің істен шығуы (қуаттың немесе тартудың жоғалуын қоса алғанда), қауіпті метеоқұбылыстарының аймағына түсуі, рұқсат етілген шектеулерден шамадан тыс шығуы немесе немесе ӘК басқаруда қиыншылықтар туындататын басқа жағдайлар. Олар:

      рульдеу беттерінің қажетті бұрышқа ауытқуының мүмкін еместігі;

      рульдеу беттерінің бір немесе одан артық секцияларының флюгирлеуі немесе өздігінен ауытқуы;

      басқару өткізгішінің бұзылуы немесе ажыратылуы;

      басқару органдарынан рульдеу беттеріне берілетін байланыстың өзгермеуі, өздігінен немесе қате өзгеруі;

      шектеуді енгізбеу немесе биіктік рулінің немесе бағыттау рулінің ауытқу бұрыштарындағы толық диапазонның қалпына келтірілмеуі. Басқарушылық ықпалға ӘК қалыпты әсерлесуінің бұзылуы;

      стабилизаторының ауытқуының, өздігінен ауытқуының, флюгирлеуінің мүмкін болмауы;

      ауытқу бұрыштары диапазондарының немесе қанат пен стабилизатор ауысу механизациясы жылдамдығының рұқсат етілмеген өзгеруі;

      алдыңғы қанатшалардың, жалғасқанатшалардың, интерцепторлардың, көтеру күшін бәсеңдеткіштердің (спойлердің) секциялары арасындағы рұқсат етілмеген сәйкес келмеуі;

      әуе кемесін басқаруда қиыншылықтар туындатқан кеңістік бағдарын жоғалтуы (эшелондау ережесiн бұзылуына және т.б. әкелген);

      бір және одан да көп құрылғы арқылы ұшудың салыстырмалы биіктігін, ұшудың аспаптық немесе ақиқаттық жылдамдығының анықталмауы;

      әуе кемесін басқаруда қиыншылықтар туындатқан қанат (алдыңғы қанатшалар, қанат сырты, көтерме күшін бәсеңдеткіш (спойлер), интерцептерлер, қалқан) механизациясының қате шығарылуы немесе жинастырылуы.

      19. Ұшуды және навигацияны басқаруға міндетті болып табылатын резервтеу жүйесінде бір жүйеден артық істен шығулары. Олар:

      үш және одан көп авиагоризонты бар ӘК екі және одан көп авиагоризонттың істен шығуы;

      екі және одан да көп гидрожүйесі бар ӘК екі және одан да көп авиажүйенің істен шығуы.

      20. Сыртқы аспа арқылы тасымалданатын жүкті, немесе әуе кемесінің сыртқы жағынан тасымалданатын басқа жүкті абайсыз немесе апаттық шара ретінде әдейі түсіру.

      21. Жеңіл және аса жеңіл ұшақтардың, сондай-ақ тікұшақтардың биіктен таңдалған алаңға қонғанын есептемегенде ӘК әуеайлақтан тыс шерде мәжбүрлі қонуы.

      Тексерілетін оқыс-оқиғаларға мыналар жатады:

      1) тікұшақтың минимумнан нашар ауа райына тап болғанда қонатынын есептемегенде жеңіл және аса жеңіл ұшақтардың, сондай-ақ тікұшақтардың әуайлақтан (қону алаңы) тыс жерде қону;

      2) көтерілу, қону және ұшу кезінде метеоминимумды бұзу;

      3) әуе кемесінің немесе қозғалтқыштың, қозғалтқыштардың бірдей істен шығуын қоса алғанда, зақымдануы нәтижесінде консрукция беріктілігінің бұзылмауы, техникалық және ұшу сипаттамаларының нашарламауы. Олар:

      ӘК конструкциясы элементтерінің зақымдануына, қозғалтқыштың істен шығуына немесе жүйелерінің біреуінің істемеуіне әкелетін ұшу кезінде ӘК атмосфералық электртогының разрядымен зақымдануы;

      шассидің амортизациялық тіректері, тіреуіштері, арбашықтары элементтерінің қирауы;

      ӘК конструкциясының бұзылуына немесе қозғалтқыштың бұзылуына (істен шығуына) әкелетін авиадөңгелектердің кез келген санының бұзылуы жатады;

      4) ӘК жүйелерінің істен шығуы. Олар:

      ұшу кезінде қозғалтқыштың сөндірілуіне әкелетін қозғалтқыш жұмысының берілген параметрлерінің өзгеруі (өзгермеуі) немесе ескертетін сигнализацияның қосылуы;

      ұшу кезінде жанармайдың төгілуі;

      негізгі жүйеден бір не одан да көп шасси тіректерінің шығарылмауы. Бір не одан да көп шасси тіректерінің жиналмауы. Шасси тіректерінің өздігінен шығарылуы немесе жиналуы. Шасси бағандарының жабылмауы немесе өздігінен ашылуы;

      басқару желілерінің арасындағы байланыстың бұзылуы (екі желілі ӘК мен тікұшақ үшін);

      бір және одан да көп навигациялық жүйенің істен шығуы немесе қосылмауы;

      жермен қауіпті жақындасу жүйесінің іске қосылмауы;

      ӘК пилоттар кабинасында түтіннің, жану иісінің, сұйықтардың булануының, улы заттар иісінің пайда болуы.

      өрт сөндіру жүйесінің немесе өрт, түтін немесе жоғары температура туралы дабылдаманың жалған түрде іске қосылуы. ӘК пилоттар кабинасында түтіннің, күйік исінің, сұйықтық буларының, зиянды заттардың пайда болуы;

      5) ұшуды орындауды және әуе кеңістігін пайдалануды реттейтін жетекші құжаттардың талаптарын бұзу. Олар:

      ӘҚК органдарының өтінімдері мен рұқсатынсыз жүзеге асырылатын ӘК ұшулары;

      ұшуға мұз қатқан ӘК шығару;

      қозғалтқыштың тапсырмада қарастырылмаған жағдайда сөнуі;

      6) қатты қону.

      Ескертпе: тиісті әуе кемесінің пайдалануына рұқсат етілген минимум құрылғы тізіміне (Minimum Equipment List - MEL) кіретін ӘК жүйелерінің, аспаптары мен құрылғыларының істен шығуы және ақаулығы авиациялық оқыс оқиғаларға жатпайды.

  Азаматтық және эксперименттік
авиацияда деректерді ұсыну
және авиациялық оқиғалар мен
оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
26-қосымша

Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді міндетті түрде ұсыну жүйесі арқылы хабарлауға және Азаматтық және эксперименттік авиациядағы пайдаланушылар (азаматтық авиация ұйымдары) тергеп-тексеретін авиациялық оқыс оқиғалар санаттары

      Ескерту. 26-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Ұшу кезінде радиобайланыстың жоғалуы.

      2. Маңыздылық салдары бойынша B, C, D санатына жатқызылған ҰҚЖ рұқсат етілмеген шығулар. (Салдарының маңыздылығын жіктеуге қатысты ақпарат ҰҚЖ рұқсат берілмеген кіруді болдырмау бойынша нұсқаулықта көрсетілген, Doc. 9870).

      3. Ұшу кезінде шығыс багындағы отынның ең аз қалдығы туралы дабыл қағу.

      4. Экипаж мүшелерінің ұшу алдындағы демалысты немесе жұмыс уақыты нормаларын бұза отырып ұшуды орындау. Алкогольдік немесе есірткілік мас күйінің қалдық құбылыстары бар немесе экипаж мүшелері ұшу барысында алкогольдік ішімдіктерді және/немесе есірткіні пайдалану кезінде ұшуды орындау.

      5. Екінші айналымға немесе қосалқы әуеайлаққа кетуге әкелген ӘК ұшуын қамтамасыз ету кезінде жерүсті радиожарық техникалық жабдықтардың істен шығуы.

      6. Нәтижесінде конструкцияның беріктігі бұзылмаса, техникалық немесе ұшу сипаттамалары нашарламаса қозғалтқыштардың оқшауланған істен шығуын қоса алғанда әуе кемесінің немесе қозғалтқыштың зақымдануы. Олар:

      шасси тіректерінің бірінде жарты және одан да көп авиашиның бұзылуы;

      планердің, қозғалтқыш элементтерінің зақымдануына немесе оның жұмыс режимінің бұзылуына алып келетін ұшу кезінде құстармен немесе басқа да объектілермен соқтығысу;

      кішігірім жөндеуді қажет етететін ӘК конструкциясы элементтерінің зақымдауына немесе қозғалтқыштардың оқшауланған істен шығуына әкелген ӘК бұршақтан зақымдалуы;

      әуе винті қалақтарының жөндеу үшін белгіленген рұқсатнамалардан тыс бүлінуі, әуе винтінің төлке сүңгуірінің немесе жылыту жапсырмаларының бұзылуы (әуе бұрандалары бар ұшақтар үшін).

      7. ӘК жүйелерінің істен шығуы. Олар:

      қозғалтқыштың, ККҚ немесе олардың агрегаттарының оқшауланған істен шығуы;

      қозғалтқышты отынмен қоректендірудің бұзылуы;

      әуе кемесін басқаруда қиындықтар туғызбайтын экипаж кабинасының әйнегін тазарту жүйесінің істен шығуы;

      шассидің алдыңғы тіреуі доңғалақтарын басқару жүйесінің істен шығуы;

      экипажға отын жұмсалымын немесе оның қалдығын анықтау мүмкіндігін бермейтін, отын жұмсалымын немесе оның мөлшерін өлшеу жүйесінің істен шығуы;

      қауіпті ауа райында ұшу жағдайларында радиолокатордың істен шығуы;

      ҰПБ көзделген жойылмайтын шаралармен жеке бактардан отынның өндірілмеуі, оның біркелкі өндірілмеуі немесе бактарға таратылуы;

      тартқыш реверсінің қосылмауы, өшірілмеуі, өздігінен қосылуы немесе өшірілуі;

      күштердің рұқсат етілмеген ұлғаюы (азаюы), басқару органдарында қайта орнын толтыру;

      гидро күшейту мүмкіндігінің болмауы (рульдік беттерді безбустерлі басқаруға көшу), басқару органдарында күштерді треммирлеу мүмкіндігінің болмауы;

      ПОС бас тартылған немесе өшірілмеген ӘК мұздану жағдайында ұшуға шектеулермен ӘК мұздану жағдайында ұшу;

      қауіпті режимдер сигнал беруінің жалған іске қосылуы;

      шасси тіреуінің қалпы сигнал беруінің іске қосылмауы немесе жалған іске қосылуы;

      негізгі тежеу жүйесінің істен шығуы. Дөңгелектердің өз еркімен тежелуі немесе тежелмеуі;

      қанат механизациясын жерде шығармау, жинамау, флюгирлеу, өздігінен шығару немесе жинау (қанатшалар, жабын, көтеру күшін сөндіргіштер (спойлерлерді), интерцепторлар, қалқаншалар);

      стабилизатордың немесе қанат механизациясының қалпы сигнал беруінің және (немесе) индикациясының іске қосылмауы немесе жалған іске қосылуы;

      бір аспап арқылы салыстырмалы ұшу биіктігін, ұшудың аспаптық немесе шынайы жылдамдығын анықтаудың мүмкін болмауы;

      бір немесе екі авиакөкжиегі бар ӘК бір авиакөкжиегінің істен шығуы; бақылау жүйесінің істен шығуын қоса бір авиакөкжиектің істен шығуы; сигнал пайда болмаған (немесе егер сигнал беру көзделмеген) кез келген авиакөкжиек санының істен шығуы; жалған сигналдарды бере отырып, авиакөкжиекті бақылау жүйесінің істен шығуы;

      бір және одан да көп берілген ұшу параметрлерін (биіктік-жылдамдық өлшемдерін, артық жүктемені, жантаюды, тангажды, шабуылды, сырғуды, траекториялық параметрлерін) қабылдамауға әкелетін ұшуды автоматты басқару жүйесінің істен шығуы немесе өздігінен ажыратылуы;

      гидрожүйенің герметикасыздануы. Бір немесе одан да көп герметикасыздандырусыз гидрожүйелердің қысымының түсуі;

      эшелонды ауыстыру қажеттілігіне әкеп соқтыратын ыстық ауаның магистраль арқылы шығуы, гермокабина ішінде ауа температурасының өзгеруі, гермокабина ішіне ауаны беру азаюы, гермокабина қысымының төмендеуі немесе аса үрленуі;

      электрмен жабдықтау жүйелерінің бір және одан көп таратқыш құрылғыларынан тұрақты және (немесе) айнымалы токпен қуаттандыру сипаттамаларын бұзу, тұрақты немесе айнымалы токпен авариялық қоректенуіне көшу;

      тану жүйесінің немесе қауіпті жақындасу сигнализация жүйесінің іске қосылмауы.

      8. Ұшуды орындау және әуе кеңістігін пайдалануды реттейтін басшылық құжаттардың талаптарын бұзу. Олар:

      биіктік, әуеайлақ аймағынан шығу, төмендеу немесе қонуға бет алу үшін белгіленген ережелері мен сызбаларын бұзу;

      диспетчердің келісімінсіз белгіленген ұшу биіктігін өзгерту;

      ӘК ұшып кеткеннен кейін ӘҚҚ органдарының келісімінсіз ұшу жоспары мен бағытын өзгерту;

      белгіленген тік немесе бүйірлік эшелондау аралықты бұзу;

      рұқсат етілген нормадан артық қашықтыққа, сондай-ақ ЖӘЖ шегінен тыс ӘҚҚ маршрутының осінен ауытқу;

      ЖӘЖ трассалары (маршруттары) бойынша ұшып-көтерілу, қону немесе ұшу кезінде ауа-райы минимумын бұзу;

      мұзбен жабылған ӘК ұшу (ПОС-пен қорғалған бетте, сондай-ақ қозғалтқышқа түсуі мүмкін қар мен мұз түсу кезінде ӘК басқа да беттерінде түсірілмейтін мұз болған жағдайда);

      ұшу жоспарын өзгертуді талап ететін ұшу және қону пункттерінде ӘК бортына дауылдық ескертулерді немесе ұшу маршруты бойынша ауа райы жағдайы туралы ақпарат беру тәртібі мен мерзімін бұзу;

      жоспарланбаған (белгіленбеген) әуеайлаққа (қону алаңына) отыру;

      дайын болмаған ҰҚЖ ӘК қабылдау және шығару;

      техникалық қызмет көрсету аяқталмаған ӘК-ні ұшуға шығару;

      жарамды деп есептелмейтін ӘК-нің ұшып шығуы;

      кондицияланбаған ЖЖМ ӘК-ге құю;

      ӘК үлгідегі тиісті ҰПБ-да белгіленген ұшу үшін рұқсат етілген тізбеге кірмейтін істен шығулар болған жағдайда ӘК-нің ұшып шығуы;

      ҰПН белгілеген ӘК жүктеу немесе ортаға дәл келтіру нормаларын бұзу, ортаға дәл келтірудің бұзылуына әкеп соқтырған ұшуда жүктің ығысуы;

      ҰПБ талаптарына сәйкес келмейтін конфигурациямен ӘК ұшып шығуы, ұшуы немесе қонуы;

      ҰПН-да айтылған шектеу сыртынан шығу (жылдамдық, қайта тиеу, шабуыл және жантаю бұрыштары бойынша, күштік қондырғылардың жұмыс режимдері, бұранданың айналымының құлдырауы және т.б. бойынша);

      ӘК пайдаланушыларының әуе қозғалысына қызмет көрсету органының нұсқауларын орындамауы ұшу қауіпсіздігіне айқын қауіп төнген және авиациялық оқиғаның алдын алған жағдайларды қоспағанда.

      9. Авиациялық персоналдың қате әрекеттері. Олар:

      тұрақтандырғыштың қате ауытқуы;

      экипаждың шассидің алдыңғы тіреуі доңғалақтарының басқару жүйесін іске қоспауы;

      шассиді қате шығару немесе жинау;

      әуе кемесін басқаруда қиындық тудырмаған қанат механизациясын (қанат алдын, жабынды, көтеру күшін сөндіргіштерін (спойлерді), интерцепторларды, қалқаншаларды) қате шығару немесе жинау;

      ұшудың бір және одан да көп берілген параметрлерінің (биіктік-жылдамдық өлшемдерінің, артық жүктеменің, жантаюдың, тангаждың, шабуылдың, сырғудың, траекториялық параметрлердің) ауытқуына алып келетін курс арналарының, жантаюдың, тангаждың немесе ұшуды автоматты басқару жүйесінің тартқыш автоматының қате сөнуі;

      тартқыш реверсінің қате қосулуы немесе өшірілуі;

      ӘК ҰҚЖ-ның, РЖ, рульдеу немесе тіркеп сүйреу кезінде перрон шегінен шығуы (ұшу мен қонудан басқа);

      ӘК жер бетіндегі объектілермен (адамдармен, жануарлармен, көлік құралдарымен немесе БӨ, перрондағы жер кедергілерімен) соқтығысуы немесе соқтығысу қаупі.

      Ескертпе: тиісті әуе кемесінің пайдалануына рұқсат етілген минимум құрылғы тізіміне (Minimum Equipment List - MEL) кіретін ӘК жүйелерінің, аспаптары мен құрылғыларының істен шығуы және ақаулығы оқыс оқиғаларға жатпайды.

  Азаматтық және
эксперименттік авиацияда
деректерді ұсыну және
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
27-қосымша

      Ескерту. 27-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

      Бекітемін
_____________________
(лауазымы)
(тегі, аты-жөні)
20___жылғы"__"______

Азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша есеп

      ________________________________________________________________________________

      (ӘК үлгісі, мемлекеттік тіркеу таным белгісі)

      _________________________________________________________________ ______________

                        (есеп жасалған орын) күні)

      _________________________________________________________________ ______________

            (комиссияны тағайындаған тұлғаның лауазымы)                        (күні)

      № ___ бұйрығымен тағайындалған мына құрамдағы комиссия:

      Төраға____________________________________________________________________

                                    (лауазымы, тегі, аты-жөні)

      Комиссия мүшелері_________________________________________________________

                                    (лауазымы, тегі, аты-жөні)

      _____ бастап __________ қоса алған аралықта___________________________________

                                                            (күні, орны)

      орын алған ________________________________________________________________

      үлгісі, мемлекеттік тіркеу таным белгісі және қосалқы құралдары)

      _______________________ ұшақпен (тікұшақпен) болған оқыс оқиғаға тергеп-тексеру

      жүргізді.

      1. Мән-жайлар

      Ерікті түрде толтырылатын нысанда төмендегі ақпарат баяндалады:

      оқиға күні, тапсырманы орындаған әуе кемесінің және экипаждың қосалқы бөлшектері, рейс нөмірі, ұшу бағыты, борттағы жолаушылардың саны;

      ұшып шыққан пункт, ұшқан уақыты, қонуға белгіленген пункті;

      оқиға орын алған ұшу кезеңі, оқиға уақыты (жергілікті немесе UTC), тәулік уақыты (күн, түн), метеожағдайлар (қарапайым, қиын);

      тез анықталатын географиялық пунктіге қатысты оқиға орны, оның теңіз деңгейіндегі биіктігі, орынның қысқаша сипаттамасы, топырақтың сипаты;

      нақты болғаны;

      оқиғаның адамдар мен әуе кемесіне келтірілетін салдары (жолаушылар санынан дене жарақатын алғандар саны, оның ішінде ересектер және балалар, экипаж мүшелері бөлек), сондай-ақ ауырлығының дәрежесі, әуе кемесінің апатынан зардап шеккендерді және басқа тұлғаларды эвакуациялау кезінде алынған жарақаттарды көрсету, әуе кемесінің бұзылу дәрежесі.

      Басқа қажетті деректер оқиға жағдайына қарай келтіріледі.

      2. Нақты ақпарат

      2.1. Экипаж туралы деректер

      Экипаж туралы деректер төмендегі мәліметтерді қамтиды: лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, жасы, біліктілік класы, білімі (оқу орнының атауы және оны тәмәмдаған жыл), метеоминимум (әуе кемесінің командирі үшін);

      жалпы ұшуы, аталған үлгіде ұшуы, аталған лауазымда ұшуы, авиациялық жұмыстардың аталған түрі бойынша ұшуы;

      бұрын авиациялық оқиға немесе осыған ұқсас оқыс оқиғалар орын алған ба.

      Экипаждың кәсіби дайындығына қысқаша сипаттама беріледі.

      2.2. Жерде қызмет көрсететін қызметтердің персоналы туралы деректер (егер оқиға бұл қызметтердің дұрыс әрекет етпеуіне байланысты болса)

      Жерде қызмет көрсететін қызметтердің персоналы туралы деректерде: лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, жасы, білімі (оқу орнының атауы және оны тәмамдаған жыл), аталған лауазым бойынша еңбек өтілі, арнайы дайындығы, біліктілігі көрсетіледі.

      Әуе қозғалысын басқару қызметінің персоналы туралы деректе, сонымен қатар бұған дейінгі әуе қозғалысын басқару саласындағы бұзушылықтардың болуы, медициналық бақылаудан және кезекшілікке түсер алдында нұсқамадан өтуі, соңғы рет теориялық білімі мен практикалық дағдысының тексерілуі.

      Жерде қызмет көрсететін қызмет персоналының кәсіби дайындығының деңгейіне баға беріледі. Персонал жіберген қателер мен бұзушылықтар көрсетіледі.

      2.3. Әуе кемесі туралы деректер

      Мыналар көрсетіледі:

      үлгісі, мемлекеттік тіркеу және танылым белгілері;

      зауыт нөмірі, дайындаған зауыт және шығарылған күні;

      ұшуға дайындығы туралы қысқаша мәлімет (пайдалануға және тіркеуге дайындығы туралы куәліктің болуы және оның әрекет ету мерзімі);

      ресурс: бірінші жөндеуге дейін берілген кепілдеме, жөндеу аралығында;

      пайдаланылғаннан бастап ұшу, неше рет қонғаны;

      жүргізілген жөндеу саны, жөндеу зауыты соңғы жөндеу жүргізілген күн, соңғы жөндеуден кейінгі ұшу және қону саны;

      соңғы мерзімдік және жедел техникалық қызмет көрсету күні және түрі;

      әуе кемесінің салмағы және орталықтандырылуы, олардың рұқсат етілген шектерде болуы туралы мәліметтер;

      экипаждың авиатехниканы соңғы ұшуға дайындығы және оның жұмысы бойынша ескертулерінің болуы (немесе болмауы).

      Егер оқиға қозғалтқыштың жұмыс істеуіне байланысты болатын болса, осы қозғалтқыштар бойынша мыналар қарастырылады:

      зауыт нөмірі, дайындаған зауыт және шығарылған күні;

      ресурс: бірінші жөндеуге дейін берілген кепілдеме, жөндеу аралығында;

      пайдаланылғаннан бастап жұмыс істеуі, соңғы жөндеуден кейін жұмыс істеуі, жүргізілген жөндеулер саны, жөндеу жүргізетін зауыт, соңғы жөндеу жүргізілген күн;

      Әуе кемесін техникалық пайдаланудың белгіленген талаптарға сәйкес келуінің қысқаша бағасы, техникалық сипаттамалар туралы мәлімет келтіріледі.

      Егер агрегаттың істен шығуына байланысты болса, осы агрегат бойынша деректер келтіріледі.

      2.4. Метеорологиялық ақпарат

      Оқиға орнындағы нақты және болжанып отырған ауа райы келтіріледі, метеоақпараттың бортқа берілуі. Оқиға қолайсыз метеожағдайларға байланысты орын алған болса, авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеру барысында қажетті барлық метеорологиялық деректер келтіріледі.

      Ұшудың метеоқамтамасыз етілуіне қысқаша баға беріледі.

      2.5. Байланыс, навигация, отырғызу және әуе қозғалысын басқару құралдары туралы деректер (егер оқиға онымен байланысты болса)

      Табель бойынша жабдықталуы, жарамдылығы, пайдаланылуы. Істен шығу немесе навигация, отырғызу және әуе қозғалысын басқару құралдарының дұрыс қолданылмау жағдайлары белгіленеді. Ұшудың радио-жарық-техникамен қамтамасыз етілуіне қысқаша баға беріледі.

      2.6. Әуеайлақ туралы деректер

      Егер оқиға әуе кемесінің ұшу-қону жолағы шегінен ауып кетуімен немесе дұрыс қонбауымен байланысты болса, жабынның жағдайы, түрі, ұшу-қону жолағының көлбеу жағы, ұзындығы және ені, оның элементтері көрсетіледі.

      Егер оқиға мерзімінен бұрын төмендеуімен немесе соқтығысуымен, немесе әуеайлақ аумағында кедергілерге тап болу қаупімен байланысты болса, әуеайлақ аумағындағы кедергінің орналасуы, жарық сигнал жабдығының үлгісі мен жағдайы және т.б. келтіріледі.

      2.7. Апаттан құтқару және өрттен құтқару командаларының іс-әрекеттері (егер оқиға әуе кемесінің мәжбүрлі қонуымен, өртпен байланысты болса)

      Оқиға орнының анықталған, апаттан құтқару командасының келу уақыты туралы деректер келтіріледі. Өрттің себебі мен сипаты, оны жою уақыты, кірістірілген өрт сөндіру техникасының саны, апаттан құтқару жұмыстарының тиімділігі көрсетіледі. Термикалық күйік алғандардың саны көрсетіледі (экипаж мүшелері, жолаушылар, апаттан құтқару жұмыстарына қатысқан тұлғалар).

      2.8. Жарақат алған жолаушылар мен экипаж мүшелері туралы деректер

      Денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығы көрсетіле отырып, оқиға кезінде зардап шеккендердің әрқайсысының диагнозы келтіріледі.

      2.9. Комиссия жүргізген жұмыстар

      Авиатехниканы тергеп-тексеру, сынау, қарау және жанар-жағар май материалдары талдауының нәтижелері көрсетіледі. Борттық тіркеуіштерінің жазбалары бойынша ұшу ақпаратының талдауы беріледі.

      Оқиға себептері туралы қорытындының негіздемесі үшін қажетті және есептің бұған дейінгі бөлімдерде қарастырылмаған барлық нақты ақпарат беріледі. Қажет болған жағдайда тергеп-тексерудің басқа да материалдарына нақты сілтемелер жасалады.

      Әуе қозғалысын басқару қызметінің персоналы туралы сонымен қатар мыналар келтіріледі: бұған дейін әуе қозғалысын басқару саласында бұзушылықтың орын алуы, кезекшілікке түсер алдында медициналық тексерістен және нұсқамадан өту, соңғы теориялық білім және практикалық дағды тексерісінен өту.

      Жерде қызмет көрсететін қызметтер персоналының кәсіби дайындығы деңгейіне баға беріледі. Персонал жіберген қателіктер мен бұзушылықтар көрсетіледі.

      3.Талдау

      Аталған бөлім комиссия есебінің негізгі бөлімі болып табылады және толығымен оқиға себептері туралы қорытындылар мен комиссия ұсыныстарына негізделуі тиіс.

      Бөлім мыналарды қамтуы тиіс:

      олардың арасындағы себептік тергеп-тексерулік байланыстарды аша отырып, ерекше жағдайдың туындауы және өрбуі барысында орын алған оқиғаның хронологиялық сипаты;

      мұндай ауытқушылықтардың ұшулар нәтижесіне әсер ету дәрежесін анықтап және жою бойынша профилактикалық іс-шараларды әзірлеу қажеттілігін негіздей отырып, тергеп-тексеру барысында лауазымды тұлғалардың әрекеттерінен, авиатехниканың жұмысынан, жобалау, дайындау және пайдалану нормаларынан анықталған барлық ауытқушылықтардың мен ұшулар дайындығы және оларды қамтамасыз ету, басшылық құжаттары және т.б. кемшіліктерінің талдауы;

      ерекше жағдайдың туындауына және өрбуіне, ұшу нәтижесіне әсер еткен ауытқушылықтардың туындау себептерінің талдауы және негіздемесі.

      Талдауда сондай-ақ ұшу нәтижесіне немесе авиациядағы оқиға салдарына жақсы әсер еткен факторлар келтірілуі тиіс.

      Талдау түсінігі мен негізі үшін қажетті барлық қажетті нақты ақпарат бөлім мәтініне енгізіледі. Қажет болған жағдайда тергеп-тексерудің басқа да материалдарына сілтеме жасалады.

      4. Қорытынды

      Ерікті түрде толтырылатын нысанда авиациядағы оқиға себебінің (себептері) тұжырымдамалары келтіріледі. Тұжырымдамада ерекше жағдайлардың туындауына және өрбуіне әкеліп соққан барлық ауытқушылықтар қарастырылуы тиіс.

      Себептер тұжырымдамаларынан кейін себептердің жинақталған топтары мен ұшу нәтижесіне әсер еткен факторлар келтіріледі.

      5.Тергеп-тексеру кезінде анықталған кемшіліктер

      Ұшулар нәтижесіне тікелей әсер етпеген, алайда толығымен ұшулар қауіпсіздігіне кері әсерін тигізген, тергеп-тексеру барысында экипаж, ұшуларды қамтамасыз ету және басқару қызметтері персоналының дайындығы мен әрекетіндегі, жобалауда, әзірлеуде және авиациялық техниканы техникалық пайдалануда анықталған барлық кемшіліктер мен бұзушылықтар, басшылық құжаттардың кемшіліктері көрсетіледі.

      6. Ұсынымдар

      Бөлімде тергеп-тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған (орындаушылар мен орындау мерзімдері көрсетілмейді) ұсынымдар келтіріледі. Бөлім екі бөліктен тұрады:

      ерекше жағдайдың орын алуына, өрбуіне және ұшу нәтижесіне әсер еткен кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсынымдар;

      ерекше жағдайдың орын алуына, өрбуіне және ұшу нәтижесіне әсер етпеген, алайда толығымен ұшулар қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетін кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсынымдар.

      Комиссия төрағасы_________________________________________________________

                                          (қолы, тегі, аты-жөні)

      Комиссия мүшелері_________________________________________________________

                                          (қолы, тегі, аты-жөні)

      Тергеп-тексеру есебіне оқиғаны тергеп-тексеру материалдары қоса беріледі.

  Азаматтық және эксперименттік
авиацияда деректерді ұсыну
және авиациялық оқиғалар мен
оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
28-қосымша

      Ескерту. Қағида 28-қосымшамен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.04.2023 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Оқиға туралы есеп беру

Оқиға күні


Уақыт

Жергілікті

UTC

Орын

ӘК өндірушісі және ӘК түрі

Тіркеу белгілері UP


Пайдаланушы




AOC нөмірі

Саны

өлім




байыпты




оңай






экипаж




экипаж


жолаушылар


экипаж


жолаушылар

      Пайдалану бөлшектері басқа (көрсету)

Рейс нөмірі/ шақыру хаттары


Биіктігі


Пайдаланылатын ҰҚЖ


Жөнелту пункті


Баратын жер


Баяндаманың ең жақын тармағы (БЖТ)


БЖТ қашықтығы және мойынтіректері

NM


ҚҰҚ АҰҚ ВМЖ

ПМУ


Ұшу түрі


Кесте бойынша немесе кестеден тыс


Ішкі немесе \ халықаралық


ETOPS



А-дан А-ға жолаушы


А-дан А-ға жолаушы


Тек жүк



Ауыл шаруашылығы


Басқа авиациялық жұмыстар


Корпоративтік



Екі адамдық жаттығу


Бір адамдық жаттығу


Бақылау-сынау немесе жүксіз / ұшу (positioning)



Жеке


Парашютшілерді лақтыру


Медициналық



Басқа (көрсеткіш)








Автотұрақта


Такси


Ұшу



Жинақ


Мұздату (тікұшақтар үшін)


Эшелонмен ұшу



Шеңберде ұшу


Әуе акробатикасы


Күту аймағында ұшу



Төмендеу


Тәсіл


Қону


Влияние на полет


Жоқ


Ұшу кейінге қалдырылды / тоқтатылды


Үзілген ұшу



Ұшуды орындай алмау


Шұғыл төмендеу


Апаттық қону



Екінші айналымға күтім жасау


Стандартты емес кіру


Ауытқу



Қайтару


Қозғалтқышты өшіру


Басқарудың / ұшу-техникалық сипаттамалардың айтарлықтай нашарлауы



Жалтару әрекеттері (avoiding action)


Рұқсат етілген қону массасынан асып қону


Стандартты емес қону



ҰҚЖ шегінен тыс домалау


Басқа (көрсету)


      Оқиғаның сипаттамасы

ӘКК Т.А.Ә.

Куәлік нөмірі

Соңғы 90 күндегі рейд


Осы типтегі рейд

Жалпы рейд

Соңғы тексеру

ППП

БӘД орындалды (тексерушінің Т.А.Ә.)


Тексеру күні

Тексерушінің сәйкестендіру нөмірі

      Оқиға түрі

Оқиға/ оқыс оқиға


Объектімен соқтығысу


Құрылғының/ жүйенің істен шығуы


Басқаруды жоғалту



Қозғалтқыш қуатын жоғалту


ӘК зақымдануы


Планердің зақымдануы



Өрт/ жарылыс / түтін


Жанармай/ басқа сұйықтықтармен байланысты оқиға


Ұшу экипажы мүшесінің ауруы/ ұшу экипажының мүшесі өзінің қызметтік міндеттерін орындау



Адамның жарақаты


Апаттық жабдықтың істен шығуы


ӘК қалдыру



Жолаушыға / жүкке байланысты оқиға


Ескерту / апаттық жүйелерді дұрыс іске қосу


Ескерту / апаттық жүйелерді жалған іске қосу



Жеделдік күйін жариялау


Басқа (көрсету)



Ауадағы оқиға

Әуе кеңістігінің сәйкестендіру нөмірі



Соқтығысу қаупі


Бойлық эшелондау аралығын сақтамау


Рұқсат етілмеген биіктік сабағы



Әуе кеңістігінде рұқсат етілмеген ұшу


Басқа рұқсаттарды бұзу


Ұшқыштың ұшуды жоспарлаудағы қиындықтары



Рұқсат/ нұсқау кемшілігі


Ұшу ақпаратының жетіспеушілігі


Басқа (көрсету)



Ескерту ССОС


COC (RA)ұсыныстары


Ақпарат CON (TA)


Құрылғының істен шығуы

Аспаптардың сәйкестендіру нөмірі

Атауы құрылғы түрі



Бас тарту


Қолдану аймағы / қамту жеткіліксіз


Орнатудағы қиындықтар



Шамадан тыс күнә/ ауытқу


Жалған қашықтық көрсеткіштері


Анықтаудағы қиындықтар



Көрсеткіштерді оқудағы қиындықтар


Кедергі


Басқа (көрсету)

Әуеайлақтағы оқиға


Физикалық беттің болмауы


Таңбалаудың болмауы


Тірі табиғат өкілдерінің кіруі



Физикалық жойылу


Жабдықты қосу/ пайдалану қиындықтары


Анықтаудағы қиындық



Адамдарды қорғаудың жетіспеушілігі


Басқа (көрсету)



Қауіпті жүктер

Ағып кету/ төгілу


Түтін / газ / өрт


Қате / декларацияланбаған


Басқа (көрсету)



Құстармен соқтығысу қаупі


Соқтығысу


Соқтығысу қаупі түрлері



Өлшемі


Шағын


Орташа


Үлкен


Соққылардың саны


1


2-10


11-100


100


Байқалғандар саны


1


2-10


11-100


100


ӘК ақауы / Техникалық мәліметтер

Негізгі компонент / қатысатын жүйелер


АТА коды


Ақаулы бөлік


Өндіруші


Үлгі


Нөмір бөлігі


Сериялық нөмір


TTIS

Сағат


TSO циклдары

Сағат


TSO циклдары


Сағат

циклдар

Ақау анықталды



Жоспардан тыс


Жоспарлы қызмет көрсету өндіруші хабардар


Иә


Жоқ

Техникалық қызмет көрсету ұйымы


Client ID


Ph


ӘК зақымдану дәрежесі


Жойылды


Елеулі


Елеулі емес


Басқа (көрсету)


ӘК жағдайы


Есептен шығарылған


Жөндеуде


Белгісіз


Басқа (көрсету)


Оқиғаның техникалық сипаттамасы




Қол қоюшы туралы мәліметтер

Аты


Client ID


Ph


Күні


Қосымшалар


Кроктар


Есеп


Фотосуреттер


Басқа (көрсету)