"Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 470 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 тамызда № 15506 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 10 тамызда № 251 (26672) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 14 шілдедегі
№ 470 бұйрығына
қосымша

Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 5-тармағына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес (Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Авиация персоналына куәліктер беру" деген 1-қосымша) әзірленген.

      2. Осы біліктілік талаптары мынадай авиация персоналына талаптарды белгілейді:

      1) ұшу экипажының мүшелері:

      аса жеңіл әуе кемесінің пилоты (планер, мотодельтаплан, автожир, еркін аэростат, дирижабль);

      жеңіл әуе кемесінің пилоты (ұшақ);

      жеке пилот (ұшақ, тікұшақ немесе көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесі);

      коммерциялық авиация пилоты (ұшақ, тікұшақ);

      көпмүшелі экипаждың пилоты (ұшақ);

      желілік пилот (ұшақ, тікұшақ);

      2) пилоттардан басқа ұшу экипажының мүшелері:

      штурман;

      бортинженер (бортмеханик);

      бортрадист;

      3) басқа авиация персоналы:

      әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері (бұдан әрі – ӘҚД);

      әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі маман (бұдан әрі – ӘК ТҚ маманы);

      жеңіл және аса жеңіл авиацияға ӘҚ ТҚ маманы;

      ұшуларды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер/ұшу диспетчері;

      авиация станциясының операторы (теңіз қондырғысында орналасқан).

      3. Әуе кемелерінің экипажы мүшелерінің, ӘК ТҚ жөніндегі маманның, ӘҚД диспетчерінің, ұшуларды қамтамасыз ету жөніндегі маманның және авиация станциясы операторының функцияларын орындауды осы Біліктілік талаптарына жауап беретін және тиісті біліктілік белгілерімен қолданыстағы куәлігі бар адам жүзеге асырады. Осы Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттары, олардың көшірмелері мен жазбалары бар авиация персоналының жеке істері азаматтық авиация ұйымдарында және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда сақталады және авиация персоналы куәлігінің қолданылу әрекеті аяқталған сәттен бастап 5 жыл өткен соң уәкілетті органның мұрағатына заңдамада белгіленген тәртіппен тапсырылады.

      4. Осы Біліктілік талаптарында пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:

      1) авиациялық оқу орталығы (бұдан әрі – АОО) – авиация персоналын және мемлекеттік авиация инспекторларын даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) автожир – ауадан ауыр, ұшу кезінде авторотация режимінде еркін айналатын тірек бұранданың көтеру күшімен қалықтайтын әуе кемесі;

      3) адамның мүмкіндіктері – авиация қызметінің қауіпсіздігіне және тиімділігіне әсер ететін адамның қабілеттері және оның қабілеттерінің шектері;

      4) аспаптар бойынша жер үсті жаттығуының уақыты – уәкілетті орган бекіткен ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғысында пилоттың аспаптар бойынша ұшуды жерде имитациялауды пысықтайтын уақыты;

      5) аспаптар бойынша ұшу уақыты–пилоттың сыртқы бағдарларды пайдаланусыз тек аспаптар бойынша әуе кемесін ұшыру уақыты;

      6) аспаптық уақыт – аспаптар бойынша ұшу уақыты немесе аспаптар бойынша жер үсті жаттығуының уақыты;

      7) азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі – азаматтық АА ұйымы) – азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      8) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – АТҚжЖ) – авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және (немесе) оны жөндеуді жүзеге асыратын және авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

      9) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) әуе кемелерінің түрі – белгіленген негізгі сипаттамалардың негізінде әуе кемелерін саралау:

      ұшақ;

      тікұшақ;

      көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесі;

      авиацияның аса жеңіл әуе кемесі (мотодельтаплан, автожир, планер, еркін аэростат, дирижабль);

      11) әуе кемесі (бұдан әрі – ӘК) – жер бетiнен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын кез келген аппарат;

      12) әуе кемесінің командирі (бұдан әрі – ӘКК) – пайдаланушы немесе жалпы мақсаттағы авиация жағдайында, әуе кемесінің иесі командирдің міндеттерін орындауға және ұшуды қауіпсіз орындауға жауап беруге әуе кемесінің иесі тағайындаған пилот;

      13) борттық электрондық жабдық – әуе кемесінің бортында пайдалануға арналған кез келген электрондық құрылғы, оның электрлік бөлігін қоса алғанда, оның ішінде радио жабдық, ұшуды автоматты басқару жүйесі және аспаптық жабдық;

      14) бір пилотпен ұшулар үшін сертификатталған әуе кемесі – тіркеу мемлекетінің сертификаттау уақытында қабылдаған шешімі бойынша, ұшу экипажының ең аз құрамы, атап айтқанда бір пилот қауіпсіз пайдалана алатын әуе кемесінің типі;

      15) біліктілік белгісі – куәлікте немесе оған қатысы бар құжатта жасалған ерекше жағдайларды, құқықтарды немесе осы куәлікке жататын шектеулерді көрсететін жазба;

      16) біліктілік – алдын ала ұйғарым деңгейінде орындау үшін талап етілетін дағдылардың, білімдердің және міндеттердің үйлесімі;

      17) бақылаудағы ӘКК – ӘКК бақылауымен ӘКК міндеттері мен функцияларын орындайтын екінші пилот. Бақылауда ӘКК ретінде ұшу пилоттың ұшу кітапшасында тіркеледі, нұсқаушының қолымен куәландырылады және ӘКК ретінде жалпы ұшуға есептеледі;

      18) бекітілген бағдарлама бойынша даярлық – бақылаумен және Уағдаласатын мемлекет бекіткен арнайы бағдарлама бойынша жүзеге асырылатын даярлық;

      19) дирижабль – күш қондырғысы әрекетке келтіретін ауадан жеңіл әуе кемесі;

      20) еркін аэростат – ауадан жеңіл, ұшу үшін қабығындағы газдың немесе қоршаған ауаның тығыздығынан аз тығыздықтағы қыздырылған ауаның көтеру күшін пайдаланатын ұшу аппараты;

      21) екінші пилот – ұшу даярлығынан өту мақсатында әуе кемесінің бортындағы пилотты ескермегенде, әуе кемесі командирінің функцияларынан басқа, пилоттың кез келген функциясын орындайтын куәлігі бар пилот;

      22) емтихан қабылдаушы (емтихан тапсыратын немесе аттестатталатын маман) – тиісті біліктілігі бар, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы авиация персоналының куәлігін алу үшін кандидаттарға және оның иелеріне қатысты нақты бағалауды (тексеруді, тестілеуді) жүргізуге уәкілетті және тағайындалған жеке тұлға;

      23) көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесі-ауадан ауыр, тік ұшып көтерілуді, тік қонуды және негізінен осы ұшу режимдерінде көтеру күшін жасау үшін пайдаланылатын қанатты механизациялау қозғалтқышы немесе қозғалтқыш тартымы, сондай-ақ көлденең ұшуды орындау кезінде көтеру күшін жасайтын айналмайтын аэродинамикалық беткі қабаттар қамтамасыз ететін аз жылдамдықта ұшуды орындайтын әуе кемесі;

      24) куәлігінде біліктілік белгісі бар ӘКҚ диспетчері – куәлігі және ол жүзеге асыратын құқықтарға сәйкес қолданыстағы біліктілік белгілері бар ӘКҚ диспетчері;

      25) коммерциялық әуе тасымалы – жолаушыларды, жүктер немесе почта жөнелтілімдерін ақысын төлеу немесе жалдау бойынша тасымалдау үшін әуе кемелерінің ұшуы;

      26) қатерлер факторларын бақылау – қатерлерді табу және қатерлердің зардаптарын азайтатын немесе жоятын және қатерлердің немесе қолайсыз жағдайлардың ықтималдылығын төмендететін қарсы шаралардың көмегімен оларға ден қою процесі;

      27) қателіктерді бақылау – қателіктерді табу және қателіктердің зардаптарын азайтатын немесе жоятын және қателер мен қолайсыз жағдайлардың ықтималдылығын төмендететін қарсы шаралардың көмегімен оларға ден қою процесі;

      28) қателік – АА ұйымының немесе пайдалану персоналының осы мүшесінің ниеттерінен немесе болжамдарынан кері шегінуіне әкелетін эксплуатация персоналы мүшесінің әрекеті немесе әрекетсіздігі;

      29) қатер – эксплуатациялық персонал мүшелерінің құзыреті саласынан тыс болатын, пайдаланудың күрделілігін арттыратын және қауіпсіздіктің рұқсат етілген деңгейін ұстап тұру үшін басқарылуы қажет оқиғалар немесе қателіктер;

      30) медициналық қорытынды – денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығына қойылатын талаптарға оның иесінің сәйкестігін растайтын құжат;

      31) мотодельтаплан – икемді қанаты бар және теңгерулі басқаралатын моторлы аса жеңіл әуе кемесі;

      32) нұсқаушы – өзінің біліктілігіне сәйкес авиация персоналын кәсіби дарялауды және дағдыларын тестілеуді тікелей жүзеге асыратын тұлға;

      33) нұсқаушымен ұшу – тиісті куәлігі бар нұсқаушы пилотпен бірге әуе кемесінің бортында ұшу даярлығынан уақыт ішінде өтетін қандай да бір тұлғаның ұшу уақыты;

      34) өз бетінше ұшу – студент - пилот әуе кемесінің бортында жалғыз адам болып табылатын уақыт;

      35) пайдалану үшін екінші пилот талап етілетін әуе кемесі – типтің сертификатында немесе пайдаланушының сертификатында белгіленгендей, оны пайдалану үшін екінші пилот талап етілетін әуе кемесінің типі;

      36) пилоттың басқаруы – ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқару органдарымен манипуляция жасау;

      37) планер – ауадан ауыр, көтеру күші негізінен осы ұшу жағдайларында қозғалмаған күйінде қалатын үстіңгі беттердегі аэродинамикалық реакциялар есебінен қалыптасатын күш қондырғысы арқылы қозғалысқа келтірілетін әуе кемесі;

      38) тікұшақ – ауадан ауыр, ұшу кезінде негізінен шамамен тікқалыпта болатын осьтердің айналасындағы күш қондырғысы арқылы айналатын бір немесе бірнеше тірек бұрандамен ауа реакциясының есебінен қалықтайтын әуе кемесі;

      39) түн – кешкі азаматтық ымырттың аяқталу және таңертеңгі азаматтық ымырттың басталуы арасындағы уақыт кезеңі;

      40) ұшу уақыты:

      ұшақтар, автожирлер, мотодельтапландар және көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемелері үшін – ұшып көтерілу мақсатында әуе кемелерінің қозғалысы басталған сәттен бастап ұшу аяқталғанға дейін оның тоқтаған сәтіне дейінгі жалпы уақыт;

      тікұшақтар үшін – ұшып көтерілу мақсатында тірек бұрандалар қалақтарының айналуы басталған сәттен бастап ұшу және тірек қалақшалардың айналуы тоқтағаннан кейін тікұшақтың толық тоқтаған сәтіне дейінгі уақыт;

      дирижабльдер үшін – ұшып көтерілу мақсатында дирижабль мачтадан босатылған сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейін дирижабль түпкілікті тоқтаған және мачтаға бекітілген сәтке дейінгі жалпы уақыт;

      планерлер үшін – ұшып көтерілу процесінде планер жер үстімен екпін алуды бастаған сәттен бастап ұшу аяқталғанан кейін планердің тоқтаған сәтіне дейінгі буксирмен немесе буксирсіз ұшудың жалпы уақыты;

      аэростаттар үшін – ұшып көтерілу мақсатында гондола жерден көтерілген сәттен бастап ұшу аяқталғанна кейін ол түпкілікті тоқтаған сәтке дейінгі жалпы уақыт;

      41) ұшу шеберлігі – ұшудың мақсаттарына қол жеткізу үшін білімдерді, дағдыларды және машықтарды пайдалана отырпы, ӘК басқару бойынша ұдайы дұрыс шешімдер қабылдау және жүзеге асыру;

      42) ұшу жоспары – әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына ұсынылатын әуе кемесінің белгіленген ұшуы немесе ұшуының бір бөлігі туралы белгілі бір мәліметтер;

      43) ұшақ – ауадан ауыр, ұшу кезіндегі көтеру күші негізінен осы ұшу жағдайларында қозғалмаған күйінде қалатын үстіңгі беттердегі аэродинамикалық реакциялар есебінен қалыптасатын күш қондырғысы арқылы қозғалысқа келтірілетін әуе кемесі;

      44) ұшу кезіндегі ахуал:

      күрделі – ӘК экипажына елеулі жоғары психофизиологиялық жүктемемен немесе тұрақтылықтың, басқарушылықтың, ұшу сипаттамаларының нашарлауымен немесе ұшудың бір немесе бірнеше параметрлерінің пайдалану шектеулерінен шығуымен сипатталатын, бірақ ұшудың шекті шектеулеріне не есептік жағдайларына қол жеткізуінсіз ерекше ахуал;

      ерекше – туындауы қолайсыз факторлардың әсерімен немесе ұшулардың қауіпсіздік деңгейін төмендетуге әкелетін ұшулардың кез келген сатысындағы олардың үйлесуімен байланысты авиациялық оқиға;

      авариялық – ӘК экипажына елеулі жоғары психофизиологиялық жүктемемен, ұшу сипаттамаларының, тұрақтылықтың, басқарушылықтың нашарлауымен және ұшудың шекті шектеулеріне және есептік жағдайларына жетуге (арттыруға) әкелетін ерекше ахуал;

      45) ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғысы (бұдан әрі - тренажер) – олардың көмегімен жерде ұшу жағдайлары имитацияланатын құрылығылардың үш түрінің кез келгені:

      ұшу тренажері, ол механикалық, электрлік, электрондық және басқарудың басқа да борттық жүйелерінің шынайы функцияларын имитациялауға мүмкіндік беретін белгілі бір әуе кемесі экипажының кабинасын, ұшу экипажының мүшелері үшін әдеттегі жағдайды және ӘК осы типінің ұшу сипаттамаларын дәл елестетуді қамтамасыз етеді;

      рәсімдік тренажер, ол экипаждың кабинасындағы жағдайды шынайы елестетуді қамтамасыз етеді және аспаптардың көрсетулерін, механикалық, электрлік, электрондық және басқа да борттық жүйелерінің қарапайым функцияларын, сондай-ақ белгілі бір сыныптық ӘК ұшу - техникалық сипаттамаларын имитациялайды;

      аспаптар бойынша ұшуға базалық даярлық тренажері, ол тиісті аспаптармен жабдықталған және аспаптар бойынша ӘК ұшу уақытындағы жағдайға ұқсас экипаждың кабинасындағы жағдайды имитациялайды;

      46) ұшу экипажының мүшесі – қызметтік ұшу уақытының ішінде әуе кемесін басқарумен байланысты міндеттер жүктелген авиациялық персоналдың куәлігі бар тұлға.

2-тарау. Аса жеңіл әуе кемесінің пилотына қойылатын біліктілік талаптары (планер, мотодельтаплан, автожир, еркін аэростат, дирижабль)

1-параграф. Мотодельтапланда, автожирде, планерде, еркін аэростатта және дирижабльде аса жеңіл әуе кемесінің пилотына жалпы біліктілік талаптары

      5. Аса жеңіл әуе кемесі - мотодельтапланның, автожирдің, планердің, беркін аэростаттың және дирижабльдің пилоты куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) жасы –17 жастан жоғары;

      2) жеңіл және аса жеңіл авиация класына жарамды медициналық қорытынды;

      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген Ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгі бағдарламаларына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) сәйкес әзірленген 100 сағаттан кем емес көлемде сертификатталған АОО-да теориялық даярлық курсынан өту және мынадай салаларда теориялық білім деңгейін көрсету:

      аса жеңіл әуе кемесінің пилоты куәлігінің иесіне қатысты қағидалар мен ережелер, ұшу қағидалары, тиісті практика және әуе қозғалысына қызмет көрсету қағидалары;

      аса жеңіл әуе кемесі пилотының ұшуларды орындауына қатысты халықаралық әуе заңнамасының және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздері;

      күштік қондырғыларды, жүйелерді және аспаптық жабдықты пайдалану және олардың жұмыс қағидаттары;

      пайдаланудағы шектеулер;

      ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаудан немесе осы ақпаратты қамтитын басқа құжаттан тиісті пайдалану деректері;

      бос аэростаттармен дирижабльдер үшін – пайдаланылатын газдардың физикалық сипаттамалары мен практикалық қолданылуы, газды қондырғыларды, жүйелерді және аспаптық жабдықты пайдалану және олардың жұмыс істеу қағидаттары;

      жүктеменің және массаның таралуының ұшу сипаттамаларына әсері, массаны және орталықтандыруды есептеу;

      ұшып көтерілу, қону және пайдалану құжаттамасында келтірілген басқа да ұшу-техникалық сипаттамаларды пайдалану және практикалық қолдану;

      визуалдық ұшу қағидалары (бұдан әрі - ВҰҚ) бойынша ұшуларды орындау кезінде бағдар бойынша ұшу алдындағы даярлық және ұшуды жоспарлау, ӘҚО ұшу жоспарларын дайындауы және толтыруы, әуе қозғалысына қызмет көрсетудің тиісті қағидалары, орналасқан жері туралы жеткізу тәртібі, биіктікті өлшегішті орнату тәртібі, қарқынды қозғалысты аудандарда ұшуларды орындау;

      орналасқан жері туралы жеткізу, әуе қозғалысы қарқынды аудандарда ұшуларды орындау тәртібі;

      әуе қозғалысын ұйымдастыру;

      қатерлер мен қателіктер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері;

      авиация метеорологиясының негіздерін және метеорологиялық ақпаратты алу және пайдалану, биіктікті өлшеу қағидаларын қолдану, қауіпті метеорологиялық жағдайлар;

      қауіпті метео жағдайларды анықтау әдістері;

      бос аэростат және дирижабль үшін – негізгі метеорологиялық құбылыстар және аэросиноптиктік процестер, аэростат пен дирижабльдік ұшуларды орындауына метеорологиялық элементтердің әсері;

      планер үшін – жоғары көтерілетін және төмен түсетін термикалық және таулық толқынды ағындарда қалықтау жағдайлары, бағдар бойынша қалықтап ұшу және бұлттар тізбегін пайдалану, бағдардың бағытымен сәйкес келмейтін жоғары көтерілетін ағындарды пайдалану, метеожағдайлармен байланысты қауіпті ахуалдар және бұл реттегі пилоттың іс-әрекеттері;

      аэронавигацияның практикалық аспектілері және жолды санау әдістері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;

      аэронавигациялық құжаттаманы, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;

      пайдалану жағдайында қатер және қателіктер факторларын бақылау әдістерін қолдану;

      биіктік өлшегішті орнату тәртібі;

      аэронавигациялық құжаттаманы пайдалану: аэронавигациялық ақпарат жинағы, аэронавигациялық жағдайдағы елеулі өзгерістер, авиациялық кодтар мен қысқартулар;

      тиісті сақтық шаралары және қауіпті метеожағдайларды, ӘК-ден жол ізіндегі турбуленттілікті және ұшу үшін қауіпті басқа да құбылыстарды айналып өту мақсатында алдын ала қабылданатын іс-әрекеттер;

      авариялық жағдайдағы іс-әрекеттер тәртібі және пайдаланылатын сигналдар, әдістер және соқтығысуларды болдырмау шаралары;

      бос аэростат пен дирижабль үшін – газдың сыртқа шығуынан жылдам төмен түсу режимін тану және одан шығу;

      визуалдық метеорологиялық жағдайларда ұшу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары;

      ұшудың негіздері мен қағидаттары;

      байланысты жүргізу қағидалары және ӘКП бойынша ұшуларда қолданылатын фразеология, байланыс істен шыққан кездегі іс-әрекеттер;

      аса жеңіл әуе кемесіне ұшудың алдында және ұшудан кейін техникалық қызмет көрсету рәсімдері, жедел және мерзімдік қызмет көрсету, жөндеу, техникалық құжаттаманы жүргізу;

      авиациялық жанар - жағармай материалдарының, пайдалануда қолданылатын арнайы сұйықтықтар мен газдардың негізгі түрлері;

      4) мынадай салалардағы пайдалану тәжірибесі:

      ӘК жинау және қарауды қоса алғанда ұшу алдындағы даярлық;

      әуе жылдамдығының тиісті шектеулерін, авариялық жағдайдағы іс-әрекеттер тәртібін және пайдаланылатын сигналдарды қоса алғанда, старттың пайдаланылатын әдісі кезінде қолданылатын техникалық тәсілдер мен қағидалар;

      қозғалыс сызбалары бойынша ұшу, соқтығысуларды болдырмау үшін қолданылатын әдістер мен шаралар;

      сыртқы визуалдық бағдарлардың көмегімен планерді басқару;

      ұшу режимдерінің пайдалану диапазонында ұшу;

      бастапқы және дамыған бірігуді тану және одан және бұранда бойынша күрт төмендеуден шығу;

      қалыпты жағдайларда және бүйірлік жел жағдайларында ұшып кету, қонуға кіру және қону;

      визуалдық бағдарлардың және жолды есептеу әдістерінің көмегімен бағдар бойынша ұшу;

      авариялық жағдайдағы іс-әрекеттер тәртібі.

2-параграф. Аса жеңіл әуе кемесі мотодельтаплан пилотының біліктілік белгісін енгузі кезінде қойылатын біліктілік талаптары

      6. "Мотодельтоплан" ӘК түрі туралы біліктілік белгісі бар әуе кемесі пилотының куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) 20 сағаттан кем емес ұшу, оның ішінде:

      10 сағат нұсқаушымен бірге мотодельтапланда, онда дербес ұшуларға даярлық тексерілетін болады, олардың ішінде 3, 15, 30 және 50 метр биіктіктерде кемінде 25 ұшу және дроссельденген қозғалтқышпен 40 қону;

      өте аз әуе жылдамдықтарында ұшу 1 сағат, ауытқудың, қанатты жинауды ескертудің бастапқы және дамыған сатыларында тану және шығару;

      6 сағат дербес ұшу, олардың ішінде кемінде 40 километр (одан әрі - км) қашықтықта бағыттар бойынша кемінде 2 сағат дербес ұшулар;

      2) мотодельтапланның пилоты ретінде мынадай салалардағы пайдалану тәжірибесі:

      мотодельтапланды жинау және қарауды қоса алғанда, ұшу алдындағы даярлық;

      қатерлер мен қателіктер факторларын тану, талдау және бақылау;

      ұшуда ахуалды бағалаудың және жақсы ұшу дағдыларын білудің негізінде, күрделі, ерекше және авариялық жағдайлар туындаған кезде қалыпты ұшуда ұшу қауіпсіздігінің қолайлы деңгейін қамтамасыз ете отырып, дұрыс шешімдер қабылдау;

      әуе жылдамдығының шектеулерін, авариялық жағдайдағы іс-әрекеттер тәртібін сақтау;

      қозғалыс сызбалары бойынша ұшуларды орындау, соқтығысуларды болдырмау үшін қолданылатын әдістер мен шаралар;

      сыртқы визуалдық бағдарлардың көмегімен бағдар бойынша мотодельтапланды басқару;

      ұшу режимдерінің пайдалану диапазонында ұшуларды орындау;

      бастапқы және дамыған ауытқуды тану және одан, қанатты жинаудан және ұшудың басқа да қауіпті режимдерінен шығу;

      ұшудың қауіпті режимдеріне шығуды болдырмау;

      түрлі жағдайларда ұшып көтерілу және қону (бүйір желдері, дроссельденген қозғалтқышпен, шектеулі ұшып көтерілу-қону жолағы);

      визуальдық бағдарлар мен жолды есептеу әдістерінің көмегімен бағдар бойынша ұшуларды орындау;

      авариялық жағдайдағы іс-әрекеттер тәртібі;

      ең төменгі және ең жоғары күрделі әуе жылдамдықтарында ұшу, қанаттың ауытқуын тану және бастапқы және дамыған сатыларынан шығару;

      3) сертификатталған АОО-да тиісті даярлықтан өтіп, авиациялық жұмыстарды орындаудың алдында қосымша кемінде 50 сағат дербес ұшуының болуы.

      7. Аса жеңіл әуе кемесінің пилоты мотодельтапланда ұшуларға рұқсаты бар мотодельтапланға жедел және кезеңдік қызмет көрсетуді орындай отырып, мотодельтапланның кез келген үлгісінде пилоттың функцияларын орындайды.

3-параграф. Аса жеңіл әуе кемесі автожирде пилоттың біліктілік белгілерін енгізу кезінде қойылатын біліктілік талаптары

      8. "Автожир" ӘК түрі туралы біліктілік белгісі бар аса жеңіл әуе кемесі пилотының куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) автожирде ұшу даярлығының барысында кемінде 25 сағат ұшу, оның ішінде:

      15 сағат автожирде нұсқаушымен бірге, онда дербес ұшуларға даярлықты тексеру жүргізілетін болады, олардың ішінде кемінде дроссельденген қозғалтқышпен 10 қону;

      өте аз әуе жылдамдықтарында 1 сағат ұшу, ротор айналымының баяулаудың бастапқы және дамыған сатыларында тану және шығару;

      ұзындығы 100 км кем емес бағдар бойынша ұшып шығу аэродромынан ерекшеленетін басқа аэродромда толық тоқтағанға дейін бір қонумен 2 сағат ұшу;

      6 сағат дербес ұшу, олардың ішінде кемінде 3 сағат бағдарлар бойынша дербес ұшу, оның ішінде 1 ұшу ұзындығы 100 км кем емес бағдар бойынша ұшып шығу аэродромы болып табылмайтын басқа аэродромда толық тоқтағанға дейін бір қонумен ұшу;

      2) мынадай салаларда автожирде жеңіл әуе кемесінің пилоты ретінде пайдалану тәжірибесі:

      автожирді жинауды және қарауды қоса алғанда, ұшу алдындағы даярлық;

      қатерлер мен қателіктерді тану, талдау және бақылау;

      ұшуда ахуалды бағалаудың және жақсы ұшу дағдыларын білудің негізінде, күрделі, ерекше және авариялық жағдайлар туындаған кезде қалыпты ұшуда ұшу қауіпсіздігінің қолайлы деңгейін қамтамасыз ете отырып, дұрыс шешімдер қабылдау;

      әуе жылдамдығының шектеулерін, авариялық жағдайдағы іс-әрекетер тәртібін сақтау;

      қозғалыс сызбалары бойынша ұшуларды орындау, соқтығысуларды болдырмау үшін қолданылатын әдістер мен шаралар;

      сыртқы визуалдық бағдарлардың көмегімен бағдар бойынша ӘК басқару;

      ұшу режимдерінің пайдалану диапазонында ұшуларды орындау;

      бастапқы және дамыған ауытқуды тану және одан, қанатты жинаудан және ұшудың басқа да қауіпті режимдерінен шығу;

      ұшудың қауіпті режимдеріне шығуды болдырмау;

      түрлі жағдайларда ұшып көтерілу және қону (бүйір желдері, дроссельденген қозғалтқышпен, шектеулі ұшып көтерілу-қону жолағы);

      визуальдық бағдарлар мен жолды есептеу әдістерінің көмегімен бағдар бойынша ұшуларды орындау;

      авариялық жағдайдағы іс-әрекеттер тәртібі;

      ең төменгі және ең жоғары күрделі әуе жылдамдықтарында ұшу, ротор айналымының баяулауының бастапқы және дамыған сатыларын тану және шығару;

      9. Автожирде аса жеңіл кеменің пилоты автожирде ұшуларға рұқсаты бар автожирге жедел және кезеңдік қызмет көрсетуді орындай отырып, автожирдің кез келген үлгісінде пилоттың функцияларын орындайды.

4-параграф. Аса жеңіл әуе кемесі планерде пилоттың біліктілік белгілерін енгізу кезінде қойылатын біліктілік талаптары

      10. "Планер" ӘК түрі туралы біліктілік белгісі бар аса жеңіл әуе кемесі пилотының куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) планерде ұшу даярлығында кемінде 15 сағат ұшу, оның ішінде:

      10 сағат планерде нұсқаушымен бірге, онда дербес ұшуларға әзірлікті тексеру жүргізілетін болады;

      планердің пилоты ретінде кемінде 6 сағат ұшу;

      2 сағат дербес ұшу;

      45 старт және қону;

      ұзындығы кемінде 50 км бағдар бойынша 1 дербес ұшу немесе қашықтығы кемінде 100 км бағдар бойынша нұсқаушымен 1 ұшу;

      2) мотопланерлер үшін – қосымша кемінде 6 сағат, ұшу нұсқаушысымен бірге 4 сағатта қоса алғанда, оның ішінде бір ұшу бағдар бойынша және 1 дербес ұшу ұзындығы кемінде 150 км бағдар бойынша басқа аэродромда толық тоқтағанға дейін;

      3) пайдалану тәжірибесі, планерде аса жеңіл әуе кемесінің пилоты ретінде мынадай салаларда:

      қатер мен қателік факторларын тану және бақылау;

      планердің шектеулері шегінде оны басқару;

      барлық маневрлерді біртіндеп және дәл орындау;

      дұрыс шешімдер қабылдау және ұшуда бақылауды білікті жүзеге асыру;

      аэронавигация саласында білімдерді қолдану;

      планерді басқаруды ұдайы ұшудың немесе маневрдің сызбасын табысты орындауды қамтамасыз ететіндей етіп жүзеге асыру;

      11. Планерде аса жеңіл әуе кемесінің пилотында егер пайдаланылатын старт әдісін қолдану тәжірибесі бар болса, кез келген планердің командирінің фукцияларын орындайды.

5-параграф. Жеңіл әуе кемесі бос аэростатта пилоттың біліктілік белгілерін енгізу кезінде қойылатын біліктілік талаптары

      12. "Бос аэростат" ӘК түрі туралы біліктілік белгісі бар аса жеңіл әуе кемесінің пилоты куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) бос аэростаттарда ұшу даярлығының кемінде 16 сағат ұшу, оның ішінде:

      12 сағат нұсқаушымен бірге ұшу;

      10 толықтыру және 20 старт пен қону;

      Ең аз уақыты 30 минуттан кем емес дербес бақыланатын ұшу;

      2) пайдалану тәжірибесі, бос аэростат жеңіл әуе кемесінің пилоты ретінде мынадай салаларда:

      қатер мен қателік факторларын тану және бақылау;

      бос аэростаттың шектеулері шегінде оны басқару;

      барлық маневрлерді біртіндеп және дәл орындау;

      дұрыс шешімдер қабылдау және ұшуда бақылауды білікті жүзеге асыру;

      аэронавигация саласында білімдерді қолдану;

      бос аэростатты басқаруды ұдайы ұшудың немесе маневрдің сызбасын табысты орындауды қамтамасыз ететіндей етіп жүзеге асыру.

      13. Бос аэростатта аса жеңіл әуе кемесінің пилотында егер тиісінше ыстық ауа немесе газ пайдаланылатын аэростаттарда ұшу тәжірибесі бар болса, кез келген бос аэростаттың командирінің фукцияларын жүзеге асырады.

6-параграф. Аса жеңіл әуе кемесі дирижабльде пилоттың біліктілік белгілерін енгізу кезінде қойылатын біліктілік талаптары

      14. "Дирижабль" ӘК түрі туралы біліктілік белгісі бар аса жеңіл әуе кемесінің пилоты куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) дирижабльдерде пилот ретінде кемінде 25 сағат ұшу, оның ішінде:

      Жалпы ұзындығы кемінде 45 км бағдар бойынша ұшуды қоса алғанда, дирижабльде бағдар бойынша 3 сағат жаттығу ұшуы;

      әрбір қонудың алдында аэродром аймағында қозғалыстың белгіленген сызбасы бойынша ұшудың орындауды қоса алғанда, аэродромда толық тоқтағанға дейін 5 ұшып көтерілуді және 5 қонуды орындау;

      аспаптар бойынша 3 сағат ұшу;

      ӘКК бақылауымен ӘКК функциясын орындаушы пилот ретінде 5 сағат ұшу;

      2) пайдалану тәжірибесі, мынадай салаларда:

      қатер мен қателіктер факторларын тану және бақылау;

      дирижабльдердің массасын және орталықтануын есептеуді, қарауды және қызмет көрсетуді қоса алғанда ұшу алдындағы даярлық

      жерүсті бағдарлары бойынша маневрлерді орындау;

      қозғалыс сызбалары бойынша әуеайлақтық қозғалыс және ұшулар, соқтығысуларды болдырмаумен байланысты қағидалар мен сақтық шаралары;

      тиісті шектеулерді қоса алғанда, ұшып көтерілуді орындаудың әдістері мен рәсімдері, авариялық жағдайдағы іс-әрекеттер тәртібі және пайдаланылатын сигналдар;

      сыртқы визуалды бағдарлар бойынша дирижабльді басқару;

      ұшып көтерілу, қонулар және екінші айналымға кету;

      ең жоғары режимде ұшып көтерілу техникасы (кедергілерді ұшып өтуді ескере отырып);

      көлденең жазықтықта 1800 бұрылуды орындауды қоса алғанда, тек аспаптар бойынша ұшу;

      навигация, визуалдық бағдарлардың, жолды есептеудің және радионавигациялық құралдардың көмегімен бағыт бойынша ұшу;

      дирижабль жабдығының істен шығуын имитациялауды қоса алғанда, авариялық жағдайдағы іс-әрекеттер тәртібі (сыртқа ағып кетуді тану);

      байланыс жүргізу тәртібі және фразеология.

3-тарау. Жеңіл әуе кемесінің пилотына біліктілік талаптары (ұшақ)

      15. Ұшақта жеңіл әуе кемесінің пилоты куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) ең төменгі жас - 17 жастан жоғары;

      2) жеңіл және аса жеңіл авиация класына жарамды медициналық қорытынды;

      3) сертификатталған АОО-да кемінде 100 сағат көлемінде Үлгі бағдарламаларға сәйкес әзірленген теориялық даярлық курсынан өту және мына салаларда теориялық білімдерінің деңгейін көрсету:

      жеңіл әуе кемесінің пилоты куәлігінің иесіне қатысты қағидалар мен ережелер, ұшу қағидалары, тиісті практика және әуе қозғалысына қызмет көрсету қағидалары;

      аса жеңіл әуе кемесі пилотының ұшуларды орындауына қатысты халықаралық әуе заңнамасының және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздері;

      күштік қондырғыларды, жүйелерді және аспаптық жабдықты пайдалану және олардың жұмыс қағидаттары;

      пайдаланудағы шектеулер;

      ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаудан немесе осы ақпаратты қамтитын басқа құжаттан тиісті пайдалану деректері;

      жүктеменің және массаның таралуының ұшу сипаттамаларына әсері, массаны және орталықтандыруды есептеу;

      ұшып көтерілу, қону және пайдалану құжаттамасында келтірілген басқа да ұшу-техникалық сипаттамаларды пайдалану және практикалық қолдану;

      ВҰҚ бойынша ұшуларды орындау кезінде бағдар бойынша ұшу алдындағы даярлық және ұшуды жоспарлау, ӘҚО ұшу жоспарларын дайындауы және толтыруы, ӘҚҚ тиісті қағидалары, орналасқан жері туралы жеткізу тәртібі, биіктік өлшегішті орнату тәртібі, қарқынды қозғалысты аудандарда ұшуларды орындау;

      орналасқан жері туралы жеткізу, әуе қозғалысы қарқынды аудандарда ұшуларды орындау тәртібі

      әуе қозғалысын ұйымдастыру;

      қатерлер мен қателіктер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері;

      авиация метеорологиясының негіздерін және метеорологиялық ақпаратты алу және пайдалану, биіктікті өлшеу қағидаларын қолдану, қауіпті метеорологиялық жағдайлар;

      қауіпті метеожағдайларды анықтау әдістері;

      аэронавигацияның практикалық аспектілеріжәнежолдысанау әдістері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;

      аэронавигациялық құжаттаманы, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;

      пайдалану жағдайында қатер және қателіктер факторларын бақылау әдістерін қолдану;

      биіктік өлшегішті орнату тәртібі;

      аэронавигациялық құжаттаманы пайдалану: аэронавигациялық ақпарат жинағы, аэронавигациялық жағдайдағы елеулі өзгерістер, авиациялық кодтар мен қысқартулар;

      тиісті сақтық шаралары және қауіпті метеожағдайларды, ӘК-ден жол ізіндегі турбуленттілікті және ұшу үшін қауіпті басқа да құбылыстарды айналып өту мақсатында алдын ала қабылданатын іс-әрекеттер;

      авариялық жағдайдағы іс-әрекеттер тәртібі және пайдаланылатын сигналдар, әдістер және соқтығысуларды болдырмау шаралары;

      авариялық жағдайдағы іс-әрекеттер тәртібі және пайдаланылатын сигналдар, соқтығыстарды болдырмаудың әдістері мен шаралары;

      визуалдық метеорологиялық жағдайларда ұшу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары;

      ұшудың негіздері мен қағидаттары;

      байланыс істен шыққан кездегі байланысты жүргізу қағидалары және ӘКП бойынша ұшуларда қолданылатын фразеология, байланыс істен шыққан кездегі іс-әрекеттер;

      аса жеңіл әуе кемесіне ұшудың алдында және ұшудан кейін техникалық қызмет көрсету рәсімдері, жедел және мерзімдік қызмет көрсету, жөндеу, техникалық құжаттаманы жүргізу;

      авиациялық жанар-жағармай материалдарының, пайдалануда қолданылатын арнайы сұйықтықтар мен газдардың негізгі түрлері.

      4) ұшақтарда ұшу даярлығының кемінде 40 сағат ұшу, оның ішінде ұшақта нұсқаушымен 25 сағат болу, онда дербес ұшуларға әзірлікке тексеру жүргізілетін болады;

      тиісті аспаптармен жабдықталған ұшақта көлденең беттерде бұрылуды орындауды қоса алғанда, аспаптар бойынша 180º 1,5 сағат;

      өте аз әуе жылдамдықтарында 1,5 сағат ұшу, ауытқудың, штопорға түсуді ескертудің бастапқы және дамыған сатыларында тану және шығару;

      бағдарлар бойынша 2 ұшу, оның ішінде бір ұшу ұзындығы кемінде 270 км бағдар бойынша ұшып көтерілу аэродромы болып табылмайтын 2 түрлі аэродромда толық тоқтағанға дейін қонулармен;

      5) кемінде 10 сағат дербес ұшу, олардың ішінде:

      5 сағат шеңбер бойынша және аймаққа;

      2 ұшу бағдарлар бойынша, оның ішінде 1 (бір) ұшу ұзындығы кемінде 270 км бағдар бойынша ұшу ұшып көтерілу аэродромы болып табылмайтын 2 түрлі аэродромда толық тоқтағанға дейін қонулармен;

      6) пайдалану тәжірибесі, мынадай салаларда:

      қатер мен қателік факторларын тану, талдау және бақылау;

      ӘК сипаттамаларының шектеулері шегінде оны басқару;

      көлденең жазықтықта 1800 бұрылуды орындауды қоса алғанда, аспаптар бойынша ӘК басқару;

      барлық маневрлерді біртіндеп және дәл орындау;

      дұрыс шешімдер қабылдау және ұшуда бақылауды білікті жүзеге асыру;

      аэронавигация саласында білімдерді қолдану;

      ӘК басқаруды ұдайы ұшудың немесе маневрдің сызбасын дәл орындауды қамтамасыз ететіндей етіп жүзеге асыру.

      16. Ұшақта жеңіл әуе кемесінің пилоты жеңіл немесе аса жеңіл ұшақтарда ұшуларға рұқсаты бар жеңіл немесе аса жеңіл ұшаққа жедел қызмет көрсетуді орындай отырып, кез келген жеңіл және аса жеңіл ұшақтың командирі функцияларын жүзеге асырады.

4-тарау. Жеке пилотқа қойылатын біліктілік талаптары

1-параграф. Ұшақтың, тікұшақтың немесе көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесінің жеке пилотына қойылатын жалпы біліктілік талаптары

      17. Ұшақта, тікұшақта немесе көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесінде жеке пилоттың куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) жасы - 17 жастан жоғары;

      2) 2 класты жарамды медициналық қорытынды;

      3) сертификатталған АОО-да кемінде 100 сағат көлемінде Үлгі бағдарламаларға сәйкес әзірленген теориялық курстан өту және мына салаларда теориялық білімдерінің деңгейін көрсету:

      жеке пилот куәлігінің иесіне қатысты қағидалар мен ережелер, ұшу қағидалары, биіктік өлшегішті орнату тәртібі, тиісті практика және әуе қозғалысына қызмет көрсету қағидалары;

      жеке пилоттың ұшуларды орындауына қатысты халықаралық әуе заңнамасының және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздері;

      қозғалтқыштарды, жүйелерді және аспаптық жабдықты пайдалану және олардың жұмыс қағидаттары;

      ӘК тиісті түрінің және қозғалтқыштардың пайдалану шектеулері, ӘК ұшуын пайдалану жөніндегі нұсқаудан немесе осы ақпаратты қамтитын басқа құжаттан тиісті пайдалану деректері;

      тікұшақтар мен көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемелері: трансмиссия (күштік жетек);

      жүктеменің және массаның таралуының ұшу сипаттамаларына әсері, массаны және орталықтандыруды есептеу;

      ұшып көтерілу, қону және басқа да сипаттамаларды пайдалану және практикалық қолдану;

      ВҰҚ бойынша ұшуларды орындау кезінде бағдар бойынша ұшу алдындағы даярлық және ұшуды жоспарлау, ӘҚО ұшу жоспарларын дайындауы және толтыруы, ӘҚҚ тиісті қағидалары, орналасқан жері туралы жеткізу тәртібі, биіктік өлшегішті орнату тәртібі, қарқынды қозғалысты аудандарда ұшуларды орындау;

      қатерлер мен қателіктер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері;

      авиация метеорологиясының негіздерін және метеорологиялық ақпаратты алу және пайдалану, биіктікті өлшеу қағидаларын қолдану, қауіпті метеорологиялық жағдайлар;

      аэронавигацияның практикалық аспектілері және жолды санау әдістері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;

      аэронавигациялық құжаттаманы: аэронавигациялық ақпарат жинағы, аэронавигациялық жағдайдағы елеулі өзгерістер, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;

      пайдалану жағдайында қатер және қателіктер факторларын бақылау әдістерін қолдану;

      биіктік өлшегішті орнату тәртібі;

      қауіпті метеожағдайларды, іздегі турбуленттілікті және ұшу үшін қауіпті басқа да құбылыстарды айналып өту мақсатында алдын ала қабылданатын іс-әрекеттерді қоса алғанда; тиісті сақтық шаралары және авариялық жағдайдағы іс-әрекеттер;

      тікұшақтар жағдайында және егер қолданылатын болса, көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемелері: жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштарда ауытқу, жер резонансі, шегіну қалақшасындағы үзілу, динамикалық бүйір крені және пайдалану кезіндегі басқа қауіпті ахуалдар;

      визуалдық метеорологиялық жағдайларда ұшу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары;

      ұшудың негіздері;

      байланысты жүргізу қағидалары және ӘКП бойынша ұшуларда қолданылатын фразеология, байланыс істен шыққан кездегі іс-әрекеттер;

      4) ӘКК ретінде ұшулар мен маневрлердің тиісті түрін орындау қабілеті, жеке пилоттарға берілетін тиісті құқықтар құзыреті дәрежесімен, сондай-ақ:

      қатер мен қателік факторларын тану және бақылау;

      әуе кемесінің шектеулері шегінде оны басқару;

      барлық маневрлерді біртіндеп және дәл орындау;

      дұрыс шешімдер қабылдау және ұшуда бақылауды білікті жүзеге асыру;

      аэронавигация саласында білімдерді қолдану;

      әуе кемесін басқаруды ұдайы ұшудың немесе маневрдің сызбасын табысты орындауды қамтамасыз ететіндей етіп жүзеге асыру.

      18. Түнгі уақытта немесе аспаптар бойынша ұшуларды жүзеге асыру үшін жеке пилоттың куәлігін алуға кандидат пилот-нұсқаушымен бірге қосарлы басқаруы бар тиісті түрдегі әуе кемесінде ұшып көтерілуді, қонуды және навигацияны қамтитын түнгі уақытта немесе аспаптар бойынша ұшуларды орындау жөніндегі оқытудан өтуі тиіс.

      19. Жеке пилот коммерциялық авиацияда қамтылмаған тиісті түрдегі және типтегі әуе кемесінің командирі немесе екінші пилотының функцияларын, сондай-ақ тиісті біліктілік белгісі болған жағдайда нұсқаушының функцияларын жүзеге асырады.

2-параграф. Ұшақтың жеке пилотына біліктілік талаптары

      20. "Ұшақ" ӘК түрі туралы біліктілік белгісі бар жеке пилот куәлігін алуға кандидатта:

      1) бекітілген бағдарлама бойынша кемінде 45 сағат даярлықтан өту курсының барысында ұшақ пилоты ретінде ұшу, оның ішінде ұшудың кемінде 5 сағаты сертификатталған тренажерде ұшу болып есептеледі, оның ішінде, кем емес:

      қосарлы басқаруы бар ұшақта пилот-нұсқаушымен бірге 25 сағат ұшу, онда дербес ұшуларға әзірлікті тексеру жүргізілетін болады;

      көлденең жазықтықта 1800 бұрылуды қоса алғанда, аспаптар бойынша 3 сағат ұшу;

      сұралатын біліктілік белгісіне сәйкес пилот-нұсқаушының басшылығымен ұшақтарда дербес ұшудың 10 сағаты, бағдар бойынша 5 сағат дербес ұшуды қоса алғанда, бұл ретте ұзындығы кемінде 270 км бағдар бойынша ұшып көтерілу аэродромы болып табылмайтын екі түрлі аэродромда толық тоқтағанға дейін қонумен ұшу;

      2) жеке пилотқа қойылатын талаптардың деңгейінде пайдалану тәжірибесі мынадай салаларда:

      қатер мен қателік факторларын тану және бақылау;

      массаны және орталықтауды қоса алғанда, ұшу алдындағы даярлық, ұшақты қарау және қызмет көрсету;

      қозғалыс сызбалары, соқтығысуларды болдырмау әдістері мен шаралары бойынша әуеайлақтық қозғалыс және ұшулар;

      сыртқы визуалды бағдарлардың көмегімен ұшақты басқару;

      өте төмен әуе жылдамдықтарында ұшу; бастапқы және дамыған ауытқуды тану және одан шығу;

      өте жоғары әуе жылдамдықтарында ұшу және бұрандамен тік төмендеуді белгілеу және одан шығу;

      қалыпты жағдайларда және бүйір желдерінде ұшып көтерілу және қону;

      қысқа екпінмен ұшып көтерілу (қысқартылған ұшу жолағы бар және кедергіден ұшып өту биіктігін ескере отырып);

      шектеулі көлемдегі аэродромға қону;

      тиісті аспаппен жабдықталған тікұшақта көлденең жазықтықта 1800 бұрылуды орындауды қоса алғанда, аспаптар бойынша ұшу;

      визуалдық бағдарларды, жолды есептеу әдістерін және болған жағдайда радионавигациялық құралдарды пайдалана отырып, бағдар бойынша ұшу;

      борттық жабдықтың ақауларын имитациялауды қоса алғанда, авариялық режимде жұмыс істеу;

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығымен бекітілген Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының ережелеріне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6635 болып тіркелген) сәйкес бақыланатын аэродромға ұшу, бақыланатын аэродромнан ұшып көтерілу, бақыланатын аэродромнан ұшып өту.

3-параграф. Тікұшақтың жеке пилотына қойылатын біліктілік талаптары

      21. "Тікұшақ" ӘК түрі туралы біліктілік белгісі бар жеке пилот куәлігін алуға кандидатта:

      1) кемінде 45 сағат тікұшақтарда ұшу даярлығының ұшуы, оның ішінде ұшудың кемінде 5 сағаты сертификатталған тренажерде ұшу болып есептеледі, оның ішінде, кем емес:

      қосарлы басқаруы бар тікұшақта пилот-нұсқаушымен бірге 25 сағат;

      бағдар бойынша 5 сағат дербес ұшуды қоса алғанда пилот-нұсқаушының басшылығымен тікұшақтарда 10 сағат дербес ұшу, бұл ретте екі түрлі пункттерде кемінде 180 км ұзындықтағы бағдар бойынша бір рет ұшу;

      көлденең жазықтықта 1800 бұрылуды орындауды қоса алғанда, аспаптар бойынша ұшу 3 сағат ұшу;

      Пилот-нұсқаушымен 35 сағат ұшу, оларға дербес ұшуларға әзірлікті тексеру жүргізілетін болады.

      2) жеке пилотқа қойылатын талаптар деңгейінде пайдалану тәжірибесі, мынадай салаларда:

      қатер мен қателік факторларын тану және бақылау;

      массаны және орталықтауды есептеуді, тікұшақты қарау және қызмет көрсетуді қоса алғанда, ұшу алдындағы даярлық;

      әуеайлақтық қозғалыс және ұшулар қозғалыс сызбасына, соқтығысуларды болдырмаудың әдістері мен шаралары;

      сыртқы визуалдық бағдарлардың көмегімен тікұшақты басқару;

      жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштарда опырылу режимінен бастапқы кезеңге шығару; қозғалтқыш айналымдарының қалыпты диапозонының шегінде бұранданың аз айналымдары режимінен шығару әдістері;

      жерде маневрлеу және қозғалтқышты сынау; ілініп тұру; ұшып көтерілу және қону –қалыпты жағдайларда, ілеспе желмен және еңіс алаңдардан;

      барынша аз тұтыну тартымымен ұшып көтерілу және қону; ең жоғары

      режимде ұшып көтерілу және қону техникасы;

      көлденең жазықтықта 1800 бұрылуды орындауды қоса алғанда, тек аспаптар бойынша ұшу;

      шектеулі көлемдегі алаңдардан ұшуды жүргізу; жылдам тоқтау;

      визуалдық бағдарлардың, жолды есептеу әдістерінің және олар болған жағдайда радионавигациялық құралдарды пайдалана отырып, ең болмағанда 1 сағаттық ұшуды қоса алғанда, бағдар бойынша ұшу;

      борттық жабдықтың ақауларын имитациялауды қоса алғанда, авариялық жағдайдағы іс-әрекеттер; авторотация режимінде қонуға кіру;

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығымен бекітілген Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының ережелеріне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6635 болып тіркелген) сәйкес бақыланатын аэродромға ұшу, бақыланатын аэродромнан ұшып көтерілу, бақыланатын аэродромнан ұшып өту.

4-параграф. Көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесінің жеке пилотына қойылатын біліктілік талаптары

      22. "Көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесі" ӘК түру туралы біліктілік белгісі бар жеке пилоттың куәлігін алуға кандидат:

      1) көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемелерінде кемінде 40 сағат ұшу, кемінде:

      қосарлы басқарумен көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемелерінде пилот-нұсқаушымен бірге 20 сағат;

      көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемелерінде пилот-нұсқаушының басшылығымен 10 дербес ұшу, бағдар бойынша 5 сағат дербес ұшуды қоса алғанда, ұзындығы кемінде 270 км бағдар бойынша ұшып көтерілу аэродромы болып табылмайтын екі түрлі аэродромда толық тоқтағанға дейін қонумен мұндай ұшуды қоса алғанда;

      2) жеке пилотқа қойылатын талаптардың деңгейінде пайдалану тәжірибесі мынадай салаларда:

      қатер мен қателік факторларын тану және бақылау;

      массаны және орталықтауды қоса алғанда, ұшу алдындағы даярлық, көтеру күшін арттырудың энергетикалық жүйесі бар әуе кемесін қарау және қызмет көрсету;

      қозғалыс сызбалары, соқтығысуларды болдырмау әдістері мен шаралары бойынша әуеайлақтық қозғалыс және ұшулар;

      сыртқы визуалды бағдарлардың көмегімен көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесін басқару;

      жерде маневрлеу және қозғалтқыштарды сынау; ілініп тұру және тоқтаусыз ұшып көтерілуді және биіктікті алуды орындау; ілініп тұру және

      қонуға үздіксіз кіру және қону –қалыпты жағдайларда, ілеспе желмен және еңіс

      алаңдардан;

      барынша аз тұтыну тартымымен ұшып көтерілу және қону; ең жоғары режимде ұшып көтерілу және қону техникасы; шектеулі көлемдердегі алаңдардан ұшударды жүргізу; жылдам тоқтаулар;

      көлденең жазықтықта 1800 бұрылуды орындауды қоса алғанда, тек аспаптар бойынша ұшу;

      жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштарда опырылу режимінен бастапқы кезеңге шығару; қозғалтқыш айналымдарының қалыпты диапозонының шегінде бұранданың аз айналымдары режимінен шығару әдістері;

      визуалдық бағдар бойынша ұшу, жолды есептеу әдістері және олар болған жағдайда радионавигациялық құралдарды пайдалану, ең болмағанда 1 сағат ішінде ұшуды орындауды қоса алғанда;

      көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесі жабдығының істен шығуын имитациялауды қоса алғанда, авариялық жағдайдағы іс-әрекеттер; авторотациялау үшін тартымды қалпына келтіру және бұл қолданылатын орында авторотация режимінде қонуға кіру; бұл қолданылатын орында трансмиссияның және жалғау білегінің істен шығуы;

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығымен бекітілген Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының ережелеріне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6635 болып тіркелген) сәйкес бақыланатын аэродромға ұшу, бақыланатын аэродромнан ұшып көтерілу, бақыланатын аэродромнан ұшып өту.

5-тарау. Коммерциялық авиация пилотына қойылатын біліктілік талаптары (ұшақ, тікұшақ)

1-параграф. Ұшақтың және тікұшақтың коммерциялық авиация пилотына қойылатын жалпы біліктілік талаптары

      23. Ұшақта немесе тікұшақта коммерциялық авиация пилотының куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) жасы –18 жастан жоғары;

      2) 1 класты жарамды медициналық қорытынды;

      3) сертификатталған АОО-да кемінде 750 сағат көлемінде Үлгі бағдарламаларға сәйкес әзірленген теориялық курстан өту және мына салаларда теориялық білімдерінің деңгейін көрсету:

      авиакомпанияның желілік пилоты куәлігінің иесіне қатысты қағидалар мен ережелер;

      аспаптар бойынша ұшу қағидалары (бұдан әрі – АҰҚ) бойынша ұшуға қатысты қағидалар мен ережелер;

      ӘҚО тиісті практикасы және қағидалары;

      ұшуларды орындауға қатысты халықаралық әуе заңнамасының және

      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздері;

      жалпы сипаттамалар және электрлік, гидравликалық жүйелердің шектеулері, үрлеу жүйелері және әуе кемесінің басқа жүйелері; автопилотты және автотұрақтандыруды қоса алғанда, басқару жүйелерін тұрақтандыру;

      жұмыс қағидаттары, әуе кемелері қозғалтқыштарын пайдалану және шектеу қағидалары; қозғалтқыштардың сипаттамаларына атмосфералық жағдайлардың әсері; ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаудан немесе осы ақпаратты қамтитын басқа құжаттан тиісті пайдалану деректері;

      АҰҚ бойынша және аспаптар бойынша метеорологиялық жағдайларда ұшу кезінде әуе кемесін басқару және навигациясы үшін қажетті борттық электрондық жабдықты, электр қондырғылары мен аспаптарды пайдалану, шектеу және пайдалануға жарамдылығы, автопилотты пайдалану және шектеу;

      әуе кемелерінің тиісті түрлерін пайдалану және шектеу қағидалары;

      ұшуда пайдалану нұсқауынан тиісті пайдалану деректеріне сәйкес әуе кемелерінің ұшу-техникалық сипаттамаларына атмосфералық жағдайлардың әсері;

      тиісті әуе кемелерінің жабдығы мен жүйелерін пайдалану және ақаусыздығын тексеру;

      пилотаждық аспаптар, компастар, бұрылыс қателігі және жеделдетудің әсерінен қателік;

      гироскопиялық аспаптар, эксплуатациялық шектеулер және прецессияның әсері, түрлі пилотаждық аспаптар мен электрондық индикаторлар істен шыққан кездегі қағидалар мен іс-әрекеттер тәртібі;

      тиісті әуе кемелерінің планерлеріне, жүйелері мен қозғалтқыштарына техникалық қызмет көрсету қағидалары;

      тікұшақтар үшін, егер қолданылса, көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемелері үшін: трансмиссия (күштік жетек);

      жүктеменің және массаны таратудың ұшу-техникалық сипаттамаларға және әуе кемесінің басқарылу сипаттамасына әсері; массаны және орталықтануды есептеу;

      крейсерлік режимде басқару қағидаларын қоса алғанда, ұшып көтерілу, қону және басқа да сипаттамалардың параметрлерін пайдалану және практикалық қолдану;

      АҰҚ бойынша ұшуға сәйкес келетін ұшу алдындағы даярлық және тексеру;

      Бағдар бойынша ұшу алдындағы даярлық және ұшуды жедел жоспарлау, ӘҚО ұшу жоспарларын дайындауы және толтыруы, әуе қозғалысына қызмет көрсетудің тиісті қағидалары;

      ұшуды жедел жоспарлау; АҰҚ бойынша ұшу жоспарларын даярлау және ӘҚО мақсаттары үшін ұсыну;

      биіктік өлшегішті орнату тәртібі;

      тікұшақтар мен көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемелері

      жағдайында – басқарушылық сипаттамасына сыртқы ілудегі жүктердің әсері;

      қатер мен қателіктер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері;

      қатер мен қателіктер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, аспаптар бойынша әуе кемелерінде ұшуларға қатысты адамның мүмкіндіктері;

      авиациялық метеорологиялық ақпарларды, карталар мен болжамдарды түсіну және қолдану; кодтар мен қысқартулар; ұшу алдында және ұшу уақытында метеорологиялық ақпаратты алу және пайдалану қағидалары, биіктікті өлшеу;

      авиациялық метеорология, оның авиацияға әсерін тұрғысынан тиісті аудандардың климатологиясы, төмен және жоғары қысым аудандарының орын ауыстыруы, фронттардың құрылымы, ұшып көтерілу, бағдар бойынша ұшу және қону жағдайларына әсер ететін ауа райының ерекше құбылыстарының туындауы және сипаттамалары;

      қозғалтқыштар мен планерлердің мұздану себептері, оларды тану және зардаптары, фронттық аймақтардың өту қағидалары, қауіпті метеожағдайлары бар аудандарды айналып өту;

      тікұшақтар мен көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемелері үшін: негізгі бұранданың мұздануының зардаптары;

      тікұшақтар мен көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемелері жағдайында: метеоақпарларды, карталар мен болжамдардың, шапшаң ағындарды қоса алғанда, үлкен биіктіктерде метеорологияны практикалық білу;

      аэронавигациялық карталарды, радионавигациялық құралдарды және аймақтық навигация жүйелерін пайдалануды қоса алғанда практикалық аэронавигация, үлкен ұзындықтағы бағдарлар бойынша ұшуларға қатысты ерекше навигациялық талаптар;

      әуе кемесін басқару және навигация үшін қажетті авиацияның электрондық және аспаптық жабдығын пайдалану, шектеулер және эксплуатациялық сенімділігі;

      ұшып көтерілу, бағдар бойынша ұшу, қонуға кіру және қону кезеңдерінде қолданылатын навигациялық жүйелерді пайдалану, олардың дәлдігі және сенімділігі, радионавигациялық құралдарды тану;

      автономдық навигациялық жүйелер мен сыртқы құралдарға бағдарланған жүйелердің қағидаттары мен сипаттамалары, борттық жабдықтың жұмысы;

      эксплуатациялық жағдайдағы қатер мен қателер факторларын бақылау әдістерін қолдану;

      аэронавигациялық ақпарат жинағы сияқты аэронавигациялық құжаттаманы түсіну және пайдалану, аэронавигациялық жағдайдағы елеулі өзгерістер, авиациялық кодтар мен қысқартулар, ұшып көтерілу, бағдар бойынша ұшу, төмендеу және аспаптар бойынша қонуға кіру карталары;

      сақтық шаралары және авариялық жағдайдағы іс-әрекеттер; қауіпсіздік қағидалары;

      АҰҚ бойынша ұшумен байланысты қауіпсіздік шаралары, кедергілерден ұшып өту өлшем шарттары;

      жүк тасымалдарының және қауіпті жүктерді тасымалдаудың эксплуатациялық қағидалары;

      әуе кемесіне отырғызу және түсіру кезіндегі сақтық шараларын қоса алғанда, қауіпсіздік мәселелері бойынша жолаушыларға нұсқама талаптары және практикасы;

      тікұшақтар және егер қолданылатын болса, көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемелері жағдайында: жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштарда ауытқу, жер резонансі, шегіну қалақшасындағы үзілу, динамикалық бүйір крені және эксплуатация кезіндегі басқа қауіпті ахуалдар; визуалдық метеорологиялық жағдайларда ұшу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары;

      ұшудың негіздері;

      ӘҚО және АҰҚ бойынша әуе кемелерінің ұшулары кезінде қолданылатын байланысты жүргізу қағидалары және фразеология, байланыс істен шыққан кездегі іс-әрекеттер.

      4) көпмүшелі экипажда өзара іс-қимыл курсынан өту көлемі кемінде 25 сағат теориялық даярлық және кемінде 20 сағат практикалық даярлық;

      5) коммерциялық авиация пилотының құқықтарына сәйкес келетін құзырет дәрежесімен ӘКК ретінде белгіленген рәсімдер мен маневрлерді орындау қабілеті, сондай-ақ мыналарды білуі:

      қатер мен қателік факторларын тану және бақылау;

      ӘК шектеулері шегінде оны басқару;

      барлық маневрлерді біртіндеп және дәл орындау;

      дұрыс шешімдер қабылдау және ұшуда бақылауды және қадағалауды білікті жүзеге асыру;

      аэронавигация саласында білімдерді қолдану;

      ӘК басқаруды ұдайы ұшудың немесе маневрдің сызбасын табысты орындауды қамтамасыз ететіндей етіп жүзеге асыру.

      6) жұмыс істемейтін бір қозғалтқышпен немесе жұмыс істемейін бір қозғалтқышты имитациялаумен тек аспаптар бойынша тиісті түрдегі көпқозғалтқышты әуе кемелерінде ұшуды орындау қабілеті;

      24. Түнгі уақытта немесе аспаптар бойынша ұшуларды жүзеге асыру үшін коммерциялық пилоттың куәлігін алуға кандидат пилот-нұсқаушымен бірге қосарлы басқаруы бар тиісті түрдегі әуе кемесінде ұшып көтерілуді, қонуды және навигацияны қамтитын түнгі уақытта немесе аспаптар бойынша ұшуларды орындау жөніндегі оқытудан өтуі тиіс.

      25. ӘК типі туралы біліктілік мынадай жағдайларда қойылады, егер кандидат:

      1) ӘК тиісті типінде және/немесе тиісті пилотаждық тренажерде тиісті түрдегі бақылаумен мынадай тәжірибені алса:

      ұшудың әдеттегі сызбалары және ұшудың барлық кезеңдеріндегі маневрлер;

      жабдықтың істен шығуы және жұмыс істемей қалуымен байланысты ерекше және авариялық рәсімдер мен маневрлер;

      қажет болуына қарай, қонуға кіруді, екінші айналымға кетуді және қалыпты, ерекше және авариялық жағдайларда, оның ішінде қозғалтқыштың істен шығуын имитациялаумен аспаптар бойынша қонуды қоса алғанда, аспаптар бойныша ұшуларды орындау;

      ұшақ үшін тип туралы біліктілік белгісін беру үшін күрделі кеңістіктік жағдайларды болдырмау және олардан шығу бойынша даярлықтан өтсе;

      экипаждың еңбекке қабілеті жоғалған кездегі іс-әрекеттер тәртібі және пилоттың ұшуы бойынша міндеттерді бөлуді қоса алғанда, экипаждың іс-әрекетін үйлестіру тәртібі; экипаж мүшелерінің өзара іс-қимылы және бақылау карталарын қолдану;

      2) ӘКК немесе екінші пилоттың міндеттеріне жауап беретін әуе кемелерінің тиісті типінде ұшуларды қауіпсіз орындауды қамтамасыз ету үшін талап етілетін дағдылар мен білімдерді көрсетсе, мыналардың талап етілуіне қарай:

      3) ұшақтың пилоты үшін - көрсетті, авиакомпанияның желілік пилоты куәлігінің деңгейінде, білім көлемі осы Біліктілік талаптарының 23-тармағының 3) тармақшасына сәйкес.

      26. Коммерциялық авиация пилоты:

      Ұшақта жеке пилоттың және жеңіл әуе кемесі пилотының;

      коммерциялық әуе тасымалдарымен байланысты емес ұшулар кезінде тиісті түрдегі ӘКК;

      бір пилотпен ұшулар үшін сертификатталған коммерциялық әуе тасымалдары кезінде тиісті түрдегі ӘКК;

      эксплуатациялау үшін екінші пилоттың болуы талап етілетін тиісті түрдегі әуе кемесінде екінші пилоттың функцияларын жүзеге асырады.

2-параграф. Ұшақтың коммерциялық авиацияпилотына қойылатын біліктілік талаптары

      27. "Ұшақ" әуе кемесінің түрі туралы біліктілік белгісі бар коммерциялық пилот куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) ұшақта кемінде 200 сағат ұшу, олардың ішінде ӘҰҚ бойынша 150 сағат және бекітілген бағдарлама бойынша ұшақтың пилоты ретінде даярлықтан өту курсының барысында ӘҰҚ бойынша 50 сағат ұшудан, оның ішінде ұшудың кемінде 10 сағаты тренажерде ұшу болып есептеледі;

      ӘКК ретінде 100 сағат немесе егер кандидат сертификатталған АОО-да бекітілген бағдарлама бойынша ӘКК ретінде 70 сағат оқыту курсынан өтсе, оның ішінде 50 сағатұзақтығы кемінде 540 км бағдар бойынша бір ұшуды қоса алғанда, бағдар бойынша ұшуларды орындап, осы ұшудың барысында ұшып көтерілу аэродромы болып табылмайтын екі түрлі аэродромдарда толық тоқтағанға дейін қонулар орындаумен;

      10 сағат пилот-нұсқаушының басшылығымен қосарлы басқарумен сұрау салынатын типтегі ӘК-де аспаптар бойынша ұшу;

      5 сағат түнгі уақытта ұшу, олардың ішінде кемінде 3 сағат қосарлы басқарумен ұшақта пилот-нұсқаушымен бірге ұшу, ұзақтығы кемінде 50 км бағдар бойынша кемінде 1 сағат ұшуды қоса алғанда, сондай-ақ ӘКК ретінде бес ұшып көтерілуді және бес қонуды орындау;

      2) коммерциялық пилотқа қойылатын талаптардың деңгейінде эксплуатациялық тәжірибе, мынадай салаларда:

      қатер мен қателік факторларын тану және бақылау;

      массаны және орталықтауды есептеуді, тікұшақты қарау және қызмет көрсетуді қоса алғанда, ұшу алдындағы даярлық;

      әуеайлақтық қозғалыс және ұшулар қозғалыс сызбасына, соқтығысуларды болдырмаудың әдістері мен шаралары;

      сыртқы визуалдық бағдарлардың көмегімен ұшақты басқару;

      өте төмен әуе жылдамдықтарында ұшу, штопор болдырмау; бастапқы және дамыған ауытқуды тану және одан шығару;

      бірнеше қозғалтқышы бар ұшақтардың типі мен класының куәліктерін немесе біліктілік белгілерін пилоттарға беру кезінде ассимитриялық тартыммен ұшу;

      өте жоғары әуе жылдамдықтарында ұшу, бұранда бойынша күрт төмендеуді анықтау және шығару;

      қалыпты жағдайларда және бүйірлік желде ұшып көтерілу және қону;

      қысқа екпінмен ұшып көтерілу (қысқартылған ұшу жолағы бар және кедергіден ұшып өту биіктігін ескере отырып);

      көлемі шектеулі әуеайлаққа қону;

      негізгі маневрлер және тек негізгі пилотаждық аспаптардың көмегімен әдеттен тыс бұрыштық жағдайлардан шығу;

      визуалдық бағдарларда, жолды есептеу және радионавигациялық құралдарды пайдалана отырып, бағыт бойынша ұшу; бағытты өзгерту қағидалары;

      борттық жабдықтың істен шығуын имитациялауды қоса алғанда, ерекше және авариялық жағдайлардағы іс-әрекет тәртібі және маневрлер;

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығымен бекітілген Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының ережелеріне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6635 болып тіркелген) сәйкес бақыланатын аэродромға ұшу, бақыланатын аэродромнан ұшып көтерілу, бақыланатын аэродромнан ұшып өту;

      ұшуда эксплуатациялау жөніндегі нұсқауды немесе оған эквивалентті құжатты және АҰҚ бойынша ұшу жоспарын дайындау кезінде әуе қызметіне қызмет көрсету жөніндегі тиісті құжаттарды қоса алғанда, ұшу алдындағы даярлық;

      ұшу алдындағы қарау, бақылау тізбелерін пайдалану, рульді бұру және ұшып көтерілу алдындағы тексерулер;

      ең болмағанда, мыналарды қоса алғанда, қалыпты, ерекше және авариялық жағдайларда АҰҚ бойынша ұшуларды орындау кезіндегі іс-әрекеттер мен маневрлердің тәртібі:

      ұшып көтерілгеннен кейін аспаптар бойынша ұшуға ауысу;

      ұшып көтерілудің және аспаптар бойынша келудің стандарттық сызбалары;

      бағыт бойынша АҰҚ бойынша ұшудың сызбасы;

      күту аймағында ұшу;

      белгіленген минимумдарда аспаптар бойынша қонуға кіру;

      екінші айналымға кету тәртібі;

      аспаптар бойынша қонуға кіруді орындағаннан кейін қону;

      ұшудағы маневрлер және нақты ұшу сипаттамалары.

      28. Бірнеше қозғалтқышы бар әуе кемесінде аспаптар бойынша ұшуларды орындау құқығына біліктілік белгілерін алу кезінде, кандидат пилот-нұсқаушының басшылығымен қосарлы басқаруы бар тиісті түрдегі осындай әуе кемесінде ұшу даярлығынан өтуге тиіс. Пилот-нұсқамашы жұмыс істемейтін бір қозғалтқышы бар немесе бір жұмыс істемейтін қозғалтқышты имитациялаумен аспаптар бойынша тиісті түрдегі әуе кемесін басқару бойынша кандидаттың эксплуатациялық тәжірибе алуын қамтамасыз етеді.

      29. Класы туралы біліктілік белгісі, егер кандидат дағды деңгейін, ол бойынша біліктілік белгісін алу ниеті бар әуе кемесінің класы үшін тиісті куәлігін көрсетсе.

3-параграф. Тікұшақтың коммерциялық авиация пилотына қойылатын біліктілік талаптары

      30. "Тікұшақ" әуе кемесінің түрі туралы біліктілік белгісі бар коммерциялық пилот куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) кемінде 150 сағат ұшу немесе тікұшақтардың пилоты ретінде бекітілген курс бойынша даярлық уақытында 100 сағат ұшқан, оның ішінде ұшудың кемінде 10 сағаты сертификатталған тренажерде ұшу болып есептеледі, оның ішінде кемінде:

      35 сағат ӘКК ретінде;

      10 сағат, ӘКК ретінде бағыт бойынша ұшуды орындай отырып, осы ұшудың барысында екі түрлі пунктте қонуларды орындаумен;

      10 сағат, аспаптар бойынша ұшуларды орындай отырып, олардың ішінде кемінде 5 сағатты аспаптар бойынша жерүсті жаттығуларының уақыты құрауы мүмкін;

      егер осы куәліктің құқықтарын жүзеге асыру көзделеді, онда 5 сағат түнгі уақытта, ұшып көтерілудің 5 сызбасын және ӘКК ретінде қондың 5 сызбасын орындауды қоса алғанда;

      2) коммерциялық авиацияның пилотына қойылатын талаптардың деңгейінде эксплуатациялық тәжірибе, мынадай салаларда:

      қатер мен қателік факторларын тану және бақылау;

      массаны және орталықтауды есептеуді, тікұшақты қарау және қызмет көрсетуді қоса алғанда, ұшу алдындағы даярлық;

      әуеайлақтық қозғалыс және қозғалыс сызбалары бойынша ұшулар, соқтығысуларды болдырмаумен байланысты қағидалар мен шаралар;

      сыртқы визуалдық бағдарлардың көмегімен тікұшақты басқару;

      жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштар жағдайында ауытқу режимінен бастапқы кезеңде шығару, қозғалтқыш айналымының қалыпты диапазоны шегінде негізгі бұранданың аз айналымы режимінен шығару әдістері;

      жерде маневрлеу және қозғалтқышты сынау, ілініп тұру, ұшып көтерілу және қону – қалыпты жағдайларда, ілеспе желмен және еңіс алаңдардан, күрт траекториялар бойынша қонуға кіру;

      барынша аз тұтыну тартымымен ұшып көтерілу және қону; ең жоғары режимде ұшып көтерілу және қону техникасы;

      шектеулі көлемдегі алаңдардан ұшуды жүргізу; жылдам тоқтау;

      жердің әсерінен тыс ілініп тұру, қажет болуына қарай, сыртқы ілінуде жүкпен ұшу;

      үлкен биіктікте ұшу;

      ұшудағы негізгі маневрлер және тек негізгі пилотаждық аспаптарды пайдаланып, әдеттен тыс бұрыштық жағдайлардан шығу;

      визуалдық бағдарлардың, жолды есептеудің және радионавигациялық құралдардың көмегімен бағыт бойынша ұшу, бағытты өзгерту қағидалары;

      борттық жабдықтың ақауларын имитациялауды қоса алғанда, ерекше және авариялық жағдайлардағы іс-әрекет тәртібі, авторотация режимінде қонуға кіру және қону;

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығымен бекітілген Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының ережелеріне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6635 болып тіркелген) сәйкес бақыланатын аэродромға ұшу, бақыланатын аэродромнан ұшып көтерілу, бақыланатын аэродромнан ұшып өту.

6-тарау. Көпмүшелі экипаждың пилотына қойылатын біліктілік талаптары (ұшақ)

      31. Ұшақта көпмүшелі экипаждың пилоты куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) жасы - 18 жастан жоғары;

      2) 1 класты жарамды медициналық қорытынды;

      3) көлемі осы Біліктілік талаптарының 23-тармағының 3) тармақшасына сәйкес теориялық даярлық курсынан өту және теориялық білім деңгейін көрсету;

      4) ИКАО конвенциясына 1-қосымшаның 3-толықтыруында көрсетілген барлық біліктілік блоктары бойынша қосарлы басқаруы бар ұшақтарда даярлығы аспаптар бойынша ұшуларды орындайтын пилот үшін талап етілетін біліктілік блоктарын қоса алғанда, көпмүшелі экипаж пилотының куәлігін беруге талаптарға жауап беретін деңгейде;

      5) ИКАО конвенциясына 1-қосымшаның 3-толықтыруында көрсетілген барлық біліктілік блоктарын орындау үшін қажетті дағдылар, әуе кемесін басқаратын пилот ретінде және әуе кемесін басқармайтын пилот ретінде, құрамында екі пилоттан кем емес экипажбен ВҰҚ және АКҰ бойынша ұшуларды орындау үшін сертификатталған газды турбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтарда екінші пилоттың функцияларын орындау үшін талап етілетін деңгейде, сондай-ақ мыналарды білуі:

      қатер мен қателік факторларын тану және бақылау;

      ұшақты басқаруды ұшу немесе маневр сызбаларын табысты орындауды қамтамасыз ететіндей етіп ұдайы негізде оның шектеулері шегінде қолмен басқаруды біртіндеп және дәл жүзеге асыру;

      ұшудың кезеңіне сәйкес келетін режимде ұшақты басқару және автоматтандырудың белсенді режимінде болу;

      ұшудың барлық кезеңдерінде қалыпты, ерекше және авариялық жағдайлардағы іс-әрекеттер тәртібін дәл орындау;

      ұшу экипажының басқа мүшелерімен пәрменді қарым-қатынасты ұстап тұру және экипаж мүшелері еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда рәсімдерді тиімді орындау қабілетін көрсету және пилоттың ұшуы бойынша міндеттерді бөлуді қоса алғанда, экипаж мүшелерінің іс-әрекетін үйлестіруді қамтамасыз ету, экипаж мүшелерінің ынтымақтастығы, штаттық эксплуатациялық рәсімдерді сақтау және бақылау карталарын пайдалану.

      6) кемінде 240 сағат ұшты, бекітілген курс бойынша, пилоттаушы ретінде және шынайы ұшуларды орындау кезінде және тренажерде бақылаушы пилот ретінде;

      7) шынайы жағдайлардағы ұшу тәжірибесі осы Біліктілік талаптарының 20-тармағында көрсетілген, ИКАО конвенциясына 1-қосымшаның 3-толықтыруының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәжірибеге барлық талаптарды сақтауды, күрделі кеңістіктік жағдайларды болдырмау және олардан шығу бойынша даярлықты, түнгі уақыттағы ұшуларды және газды турбиналық қозғалтқышы бар, құрамында кемінде екі пилот бар экипаждың тек аспаптар бойынша ұшуларды орындауына арналған сертификатталған ұшақта немесе ұшу жағдайларын имитациялайтын тренажерде ұшуларды қамтиды, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшаның 3-толықтыруында белгіленген тиісті біліктілік деңгейін алу үшін қажетті тәжірибе.

      32. Бір пилотты ұшақта аспаптар бойынша ұшуға құқық туралы біліктілік белгісі иесінің құқықтарын жүзеге асыру кезінде, көпмүшелі экипаждың пилоты тек аспаптар бойынша бір пилотты ұшуларды орындау кезіндегі ӘКК функцияларын орындау қабілетін көрсетеді және аспаптар бойынша ұшу құқығы туралы біліктілік белгісін енгізу кезінде қойылатын талаптарға жауап береді.

      33. Бір пилотты ұшақта ұшуларды орындау үшін коммерциялық авиация пилотының функцияларын жүзеге асырудан бұрын, көпмүшелі экипаждың куәлігі бар пилот:

      ӘКК ретінде ұшақтарда 70 сағат немесе ӘКК ретінде кемінде 10 сағат және ӘКК ретінде қосымша ұшудың талап етілетін сағаттарын бақылауда ұшу;

      ӘКК ретінде 20 сағат ұшу, бағыт бойынша ұшуларды орындау, оның ішінде кемінде 10 сағат ӘКК ретінде және 10 сағат ӘКК ретінде бақылаумен, оның ішінде ұзындығы кемінде 540 км бағыт бойынша ұшу, оның барысында екі аэродромда толық тоқтағанға дейін қонулар орындалады;

      ұшақтың тиісті түріне қатысты коммерциялық пилоттың куәлігін беру кезінде қойылатын басқа талаптарға өзінің сәйкестігін қамтамасыз етуі қажет.

      34. Ұшақтың көпмүшелі экипажының пилоты:

      ұшақтың жеке пилотына талаптарды сақтаған жағдайда ұшақтың жеке пилотының;

      көпмүшелі экипаждың құрамында аспаптар бойынша ұшуға құқық туралы біліктілік белгісі бар пилоттың;

      эксплуатациялау үшін екінші пилоттың болуыталап етілетін ұшақта ұшуларды орындау кезінде екінші пилоттың функцияларын жүзеге асырады.

7-тарау. Желілік пилотқа біліктілік талаптары

1-параграф. Ұшақтың және тікұшақтың желілік пилотына жалпы біліктілік талаптары

      35. Ұшаққа немесе тікұшаққа желілік пилоттың куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) жасы - 21 жастан жоғары;

      2) 1 класты жарамды медициналық қорытынды;

      3) осы Біліктілік талаптарының 23-тармағының 3) тармақшасына сәйкестеориялық даярлық курсынан өту және теориялық білім деңгейін көрсету;

      4) тікұшақ үшін–эксплуатациялау екінші пилоттың болуын талап ететін тиісті түрдегі ӘКК ретінде келесі рәсімдер мен маневрлерді орындау қабілетін көрсетті, ұшақ үшін – бірнеше қозғалтқышы бар ұшақтың командирі ретінде әрекеттер мен маневрлерді орындау қабілетін көрсетті:

      ұшудың эксплуатациялық жоспарын дайындауды қоса алғанда ұшу алдындағы даярлық және ӘҚО ұшу жоспарын ұсыну;

      ұшудың барлық кезеңдерінде ұшулар мен маневрлердің әдеттегі сызбалары;

      ерекше және авариялық жағдайлардағы іс-әрекеттер тәртібі және қозғалтқыштар, жүйелер және планер сияқты жабдықтың істен шығуы мен ақауларына байланысты маневрлер;

      экипаж мүшелерінің еңбекке қабілеті жоғалған жағдайлардағы іс-әрекеттер тәртібі және пилоттың ұшуы, экипаж мүшелерінің іс-әрекетін үйлестіру бойынша міндеттерді бөлуді қоса алғанда, экипаждағы өзара іс-қимыл және бақылау карталарын пайдалану.

      5) құқықтарға сәйкес желілік пилотқа берілетін құзыреттің дәрежесімен рәсімдер мен маневрлерді орындау қабілеті, сондай-ақ мыналарды білу:

      қатер мен қателік факторларын тану және бақылау;

      ұшақты қолмен басқаруды ұшу немесе маневр сызбаларын табысты орындауды қамтамасыз ететіндей етіп ұдайы негізде оның шектеулері шегінде біртіндеп және дәл жүзеге асыру;

      ұшудың кезеңіне сәйкес келетін автоматтандыру режимінде ұшақты басқару және автоматтандырудың белсенді режимінің курсында болу;

      ұшудың барлық кезеңдерінде қалыпты, ерекше және авариялық жағдайлардағы іс-әрекеттер тәртібін дәл орындау;

      өлшенген шешімдер қабылдау процесін қоса алғанда, дұрыс шешімдер қабылдау және білікті жүзеге асыру және әуе жағдайы туралы хабардар болу;

      ұшу экипажының басқа мүшелерімен пәрменді қарым-қатынасты ұстап тұру және экипаж мүшелері еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда рәсімдерді тиімді орындау қабілетін көрсету және пилоттың ұшуы бойынша міндеттерді бөлуді қоса алғанда, экипаж мүшелерінің іс-әрекетін үйлестіруді қамтамасыз ету;

      экипаж мүшелерінің іс-әрекетін үйлестіру, штаттық эксплуатациялық рәсімдерді сақтау және бақылау карталарын пайдалану.

      36. Желілік пилот:

      жеке пилоттың және коммерциялық авиацияның тиісті түрдегі әуе кемесі пилотының, ұшақ және көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесі үшін куәлікке қатысты – аспаптар бойынша ұшуға құқық туралы біліктілік белгісі бойынша құқықтың және коммерциялық әуе тасымалдары кезінде тиісті түрдегі ӘКК функцияларын орындайды және бір пилоттан көп ұшуларға арналған сертификатталған кез келген ӘК функцияларын жүзеге асырады.

2-параграф. Ұшақтың желілік пилотына қойылатын біліктілік талаптары

      37. "Ұшақ" біліктілік белгісі бар желілік пилоттың куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) ұшақтың пилоты ретінде кемінде 1500 сағат ұшу, жалпы ұшуға енгізілетін сертификатталған тренажерде ұшу уақыты 100 сағаттан аспайды, олардың ішінде кемінде 25 сағатты рәсімдік тренажерде немесе аспаптар бойынша ұшуларға базалық даярлауға арналған тренажерде ұшу құрауы мүмкін;

      500 сағат ӘКК ретінде бақылаумен немесе 250 сағат не ӘКК ретінде, не осы уақыттың кемінде 70 сағаты ӘКК ретінде, ал ұшудың қажетті қосымша уақыты бақылаумен ӘКК ретінде;

      200 сағат, бағыт бойынша ұшуларды орындау, оның ішінде кемінде 100 сағат бақылаумен ӘКК ретінде;

      75 сағат, аспаптар бойынша ұшуларды орындау, олардың ішінде аспаптар бойынша жерүсті жаттығуларының уақыты 30 сағаттан аспайды;

      100 сағат, ӘКК немесе екінші пилот ретінде түнде ұшуларды орындау;

      2) қосарлы басқаруы бар ұшақта ұшу даярлығынан және ұшақтың коммерциялық авиация пилотына немесе көпмүшелі экипаждың пилотына арналған талаптарға сәйкес аспаптар бойынша ұшуларға рұқсат туралы біліктілік белгісі.

3-параграф. Тікұшақтың желілік пилотына біліктілік талаптары

      38. "Тікұшақ" біліктілік белгісі бар желілік пилоттың куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) тікұшақтың пилоты ретінде кемінде1000 сағат ұшу, жалпы ұшуға енгізілетін сертификатталған тренажерде ұшу уақыты 100 сағаттан аспайды, олардың ішінде кемінде 25 сағатты рәсімдік тренажерде немесе аспаптар бойынша ұшуларға базалық даярлауға арналған тренажерде ұшу құрауы мүмкін;

      250 сағат ӘКК ретінде немесе 70 сағаты ӘКК ретінде және ұшудың қажетті қосымша уақыты бақылаумен ӘКК ретінде;

      200 сағат бағыт бойынша, оның ішінде кемінде 100 сағат бақылаумен ӘКК ретінде;

      30 сағат аспаптар бойынша, олардың ішінде кемінде 10 сағат аспаптар бойынша тренажерлік даярлық;

      50 сағат ӘКК немесе екінші пилот ретінде түнде.

      2) тікұшақтың коммерциялық авиация пилотына талаптарға сәйкес ұшу даярлығынан өту.

8-тарау. Штурманға біліктілік талаптары

      39. Штурманның куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) жасы –18 жастан жоғары;

      2) 2 класты жарамды медициналық қорытынды;

      3) сертификатталған АОО-да кемінде 500 сағат көлемінде немесе 170 сағаттан кем емес (тәжірибесі болған жағдайда). Үлгі бағдарламаларға сәйкес әзірленген теориялық даярлық курсынан өту және мына салаларда теориялық білімдерінің деңгейін көрсету:

      штурман куәлігінің иесіне қатысты қағидалар мен ережелер; тиісті практика және әуе қозғалысына қызмет көрсету қағидалары;

      ұшуларды орындауға қатысты бөлігінде халықаралық әуе заңнамасының және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздері;

      әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларына жүктеменің және массаның таралуының әсері;

      крейсерлік режимде басқару қағидаларын қоса алғанда, ұшып көтерілу-қону және басқа сипаттамаларды пайдалану;

      бағдар бойынша ұшу алдындағы даярлық және ұшуды жоспарлау, ВҰҚ мақсаттары үшін ұшу жоспарларын дайындау және ұсыну, әуе қозғалысына қызмет көрсетудің тиісті қағидалары, биіктік өлшегішті орнату тәртібі;

      қатерлер мен қателіктер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, штурманға қатысты адамның мүмкіндіктері;

      авиациялық метеорологиялық ақпарларды, карталар мен болжамдарды түсіну және қолдану; кодтар мен қысқартулар; ұшу алдында және ұшу уақытында метеорологиялық ақпаратты алу және пайдалану қағидалары, биіктікті өлшеу;

      авиациялық метеорология, оның авиацияға әсерін тұрғысынан тиісті аудандардың климатологиясы, төмен және жоғары қысым аудандарының орын ауыстыруы, фронттардың құрылымы, ұшып көтерілу, бағдар бойынша ұшу және қону жағдайларына әсер ететін ауа райының ерекше құбылыстарының туындауы және сипаттамалары;

      жолды есептеу әдістері, изобариялық беткі қабаттарда ұшу және астронавигация қағидалары, аэронавигациялық карталарды, радионавигациялық құралдарды және аймақтық навигация жүйелерін пайдалану, үлкен ұзындықтағы бағдарлар бойынша ұшуларға қатысты ерекше навигациялық талаптар;

      әуе кемесін навигациялау үшін қажетті авиацияның электрондық және аспаптық жабдығын пайдалану, шектеулер және эксплуатациялық сенімділігі;

      ұшып көтерілу, бағдар бойынша ұшу, қонуға кіру кезеңдерінде қолданылатын навигациялық жүйелерді пайдалану, олардың дәлдігі және сенімділігі, радионавигациялық құралдарды тану;

      автономдық жүйелер мен сыртқы құралдарға бағдарланған жүйелердің қағидаттары мен сипаттамалары және оларды пайдалану; борттық жабдықтың жұмысы;

      аспан әлемі, аспандағы жарықтардың қозғалысын қоса алғанда, ұшу кезінде әуе кемесінің орналасқан орнын анықтау мақсатында оларды таңдау және тану; сектанттарды таралау; навигациялық құжаттаманы толтыру;

      аэронавигацияда пайдаланылатын анықтамалар, өлшем бірліктері және формулалар;

      аэронавигациялық ақпарат жинағы сияқты аэронавигациялық құжаттаманы түсіну және пайдалану, аэронавигациялық жағдайдағы елеулі өзгерістер, авиациялық кодтар, қысқартулар және ұшып көтерілу, бағдар бойынша ұшу, төмендеу және аспаптар бойынша қонуға кіру карталары;

      ұшудың негіздері;

      байланыс жүргізу қағидалары және фразеология;

      4) құқықтарына сәйкес келетін штурманға ұсынылған құзырет дәрежесімен ӘК штурманының міндеттерді орындау қабілеті, сондай-ақ мыналарды білуі:

      қатер мен қателік факторларын тану және бақылау;

      дұрыс шешімдер қабылдау және ұшуда қадағалауды білікті жүзеге асыру;

      аэронавигация саласында білімдерді қолдану;

      біртұтас экипаж мүшесінің барлық міндеттерін орындау;

      ұшу экипажының басқа мүшелерімен пәрменді қарым-қатынасты жүзеге асыру.

      5) кемінде 200 сағат ұшу, бағыт бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелерінде штурманның функцияларын орындай отырып, кемінде 30 сағат түнгі уақытта ұшуды қоса алғанда.

      6) ұшудағы ӘК орналасқан орнын қанағаттанарлық анықтау және осы ақпаратты мынадай түрде әуе кемесін навигациялауды жүзеге асыру үшін пайдалану қабілеті:

      түнде – астрономиялық бақылау әдісімен кемінде 25 рет;

      күндіз – автономдық навигациялық жүйелерді және сыртқы құралдарға бағдарланған навигациялық жүйелерді пайдаланумен үйлестірілген астрономиялық бақылау әдісімен кемінде 25 рет.

      40. Штурман әуе кемесінің кез келген типінде функцияларды жүзеге асырады, радиотелефон байланысын жүзеге асыру кезінде штурман радиотелефон байланысында пайдаланылатын тілде сөйлеу қабілетін көрсетуі тиіс.

9-тарау. Бортинженерге (бортмеханикке) қойылатын біліктілік талаптары

      41. Бортинженердің (бортмеханиктің) куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) жасы – 18 жастан жоғары;

      2) 2 класты жарамды медициналық қорытынды;

      3) сертификатталған АОО-да кемінде 200 сағат көлемінде Үлгі бағдарламаларға сәйкес әзірленген теориялық даярлық курсынан өту және мына салаларда теориялық білімдерінің деңгейін көрсету:

      бортинженер куәлігінің иесіне қатысты қағидалар мен ережелер; бортинженердің міндеттері бөлігінде азаматтық әуе кемелерін эксплуатациялауды реттейтін қағидалар мен ережелер;

      қозғалтқыштардың, газды турбиндік және/немесе поршеньді қозғалтқыштардың құрылымының негізгі қағидаттары, отынның сипаттамасы, отынды беруді реттеуді қоса алғанда, отын жүйелері, жағармай материалдары және майлау жүйелері, форсаждық камералар және бүрку жүйелері, тұтану және қозғалтқышты іске қосу жүйелерінің мақсаты және жұмыс қағидаттары;

      әуе кемелері қозғалтқыштарының жұмыс қағидаттары, эксплуатациялау қағидалары және шектеулері; қозғалтқыштардың сипаттамаларына атмосфералық жағдайлардың әсері;

      планерлер, басқару органдары, конструкциялар, доңғалақ шассилері, тежегіштер мен сырғанауға қарсы құрылғылар, материалдардың коррозиясы және шаршауы бойынша ресурс; конструкцияның бүлінулері мен ақауларын табу;

      мұздануға қарсы және су жұқтырмайтын жүйелер;

      ауаны үрлеу және баптау жүйелері, оттегі жүйелері;

      гидравликалық және пневматикалық жүйелер;

      электротехника негіздері, тұрақты және ауыспалы токтың электр жүйелері, әуе кемелерінің электр өткізгіштік жүйелері, металлизация және экрандау;

      аспаптық жабдықтың, компастардың, автопилоттардың, байланыс радиожабдығының, радионавигациялық және радиолокациялық құралдардың, ұшуды басқару жүйелерінің, дисплейлердің және авиацияның электрондық жабдықтың жұмыс істеу қағидаттары;

      тиісті әуе кемелерінің шектеулері;

      өрт сигнализациясы жүйесі және өртке қарсы жүйелер;

      тиісті әуе кемелерінің жабдығы мен жүйелерін пайдалану және ақаусыздығын тексеру;

      жүктеменің және массаны таратудың ұшу-техникалық сипаттамаларға және әуе кемесінің басқарылу сипаттамасына әсері; массаны және орталықтануды есептеу;

      крейсерлік режимде басқару қағидаларын қоса алғанда, ұшу-техникалық сипаттамалар туралы деректерді пайдалану және практикалық қолдану;

      метеорологияның эксплуатациялық аспектілері;

      навигация негіздері, автономдық жүйелердің жұмыс қағидаты және эксплуатациялау;

      қатерлер мен қателіктер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, бортинженерге қатысты адамның мүмкіндіктері;

      техникалық қызмет көрсету қағидаттары, ұшу жарамдылығын ұстап тұру қағидалары, дефектация, ұшу алдындағы қарау, отын құю және сыртқы қорек көздерін қолдану кезіндегі сақтық шаралары; орнатылған жабдық және кабинаның жүйесі;

      қалыпты, ерекше және авариялық жағдайлардағы іс-әрекеттер тәртібі;

      жүк тасымалдарының және қауіпті жүктерді тасымалдаудың эксплуатациялық қағидалары;

      аэродинамика негіздері;

      байланысты жүргізу қағидалары және фразеология.

      4) бортинженер (бортмеханик) – нұсқаушының бақылауымен бортинженердің (бортмеханиктің) міндеттерін орындау кезінде жинақталған эксплуатациялық жұмыс тәжірибесі, мынадай салаларда:

      ұшу алдындағы қарау;

      отын құю қағидалары, отынды жұмсауды реттеу;

      техникалық қызмет көрсету бойынша құжаттарды тексеру;

      ұшудың барлық кезеңдерінде экипаждың кабинасындағы әдеттегі іс-әрекеттер;

      экипаж мүшелерінің іс-әрекетін үйлестіру және экипаж мүшелері еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайдағы іс-әрекеттер тәртібі;

      дефектация;

      борттық жүйелердің жұмыс істеуіндегі ауытқуларды тану;

      ерекше және баламалы (резервтік) рәсімдерді қолдану;

      авариялық жағдайды тану;

      авариялық жағдайда іс-әрекеттердің тиісті тәртібін қолдану;

      5) бортинженердің (бортмеханиктің) құқықтарына сәйкес келетін құзырет деңгейімен әуе кемесінің бортинженері (бортмеханигі) ретінде міндеттер мен қағидаларды орындау қабілеті, сондай-ақ:

      қатер мен қателік факторларын тану және бақылау;

      әуе кемесінің сипаттамалары мен шектеулерін есепке алып, борттық жүйелерді пайдалану;

      дұрыс шешімдер қабылдау және ұшуда қадағалауды білікті жүзеге асыру;

      аэронавигация саласында білімдерді қолдану;

      біртұтас экипаж мүшесінің барлық міндеттерін табысты нәтижелерге кепілдік беретіндей етіп орындау;

      ұшу экипажының басқа мүшелерімен пәрменді қарым-қатынасты жүзеге асыру.

      42. Бортинженер (бортмеханик) ӘК осы типтерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын білімдер мен машықтардың деңгейін көрсеткен ӘК кез келген типтерінде функцияларды жүзеге асырады.

10-тарау. Бортрадиске біліктілік талаптары

      43. Бортрадистің куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) жасы –18 жастан жоғары;

      2) 2 класты жарамды медициналық қорытынды;

      3) сертификатталған АОО-да кемінде 100 сағат көлемінде Үлгі бағдарламаларға сәйкес әзірленген теориялық даярлық курсынан өту және мына салаларда теориялық білімдерінің деңгейін көрсету:

      бортрадист куәлігінің иесіне қатысты қағидалар мен ережелер;

      ұшуларды орындауға және техникалық қызмет көрсетуге қатысты бөлігінде халықаралық әуе заңнамасының және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздері;

      радиожабдық және оны эксплуатациялау;

      ӘК электр жабдығы және оны эксплуатациялау;

      ұшу ақпаратын жинау құралдарының, олар шешетін міндеттердің мақсаты, эксплуатациялау қағидалары;

      ӘК авариялық-құтқару жарағының мақсаты, эксплуатациялау қағидалары;

      негізгі метеорологиялық элементтер, құбылыстар және олармен байланысты эксплуатациялық аспектілер;

      ұшу үшін қауіпті метеорологиялық құбылыстар, ауа райының ерекше жағдайлары және олармен байланысты эксплуатациялық аспектілер;

      метеорологиялық кодтармен және болжамдармен практикалық жұмыс;

      қатерлер мен қателіктер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, бортрадиске қатысты адамның мүмкіндіктері;

      байланысты жүргізу қағидалары және фразеология;

      телеграф әліппесі, Морзе әліппесінің сигналдарын естіп қабылдау;

      телеграфтық кілтті қолдану және хат-хабарларды беру.

      4) ӘК-де бортрадист ретінде кемінде 100 сағат ұшу, оған ұшудың шынайы жағдайларын имитациялайтын ұшу тренажерінде алынған кемінде 50 сағат ұшу кіреді.

      44. Бортрадист осы Біліктілік талаптарында көрсетілген білімдер мен машықтарды көрсеткен ӘК кез келген типтерінде функцияларды жүзеге асырады.

11-тарау. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманға біліктілік талаптары

      45. ӘК ТҚК жөніндегі маманның куәлігін алуға кандидатқа мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) жасы – 18 жастан жоғары;

      2) кәсіби функцияларын орындауға денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығына медициналық комиссиядан өту;

      3) уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында оқу арқылы, үлгі бағдарламаларда ұсынылған модульдер түрінде теориялық және практикалық элементтерді қамтитын бастапқы даярлық курстарынан өту немесе уәкілетті органда немесе сертификатталған оқу орталығында емтихан арқылы теориялық білімдерінің деңгейін көрсетіп өз бетінше, сондай-ақ сертификатталған АОО-да оқу кезінде аттестаттаушы маманның (бағалаушының), кемінде 200 сағат көлемінде Үлгі бағдарламаларға сәйкес әзірленген даярлық курсынан өту және мына салаларда теориялық білімдерінің деңгейін көрсету:

      ӘК техникалық қызмет көрсету, ӘК ұшу жарамдылығын ұстап тұру, ӘК ТҚК тартылған персоналды оқыту, ӘК ТКҚ жөніндегі мамандарға куәліктер беру, ұзарту және оларға біліктілік белгілерін (10RK модулі) бөлігінде әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы және халықаралық авиация заңнамасы;

      математика негіздері, өлшем бірліктері, ӘК ТҚК қатысы бар физика мен химияның іргелі қағидаттары және теориялық негіздері;

      материалдың сипаттамасы және ӘК жобалау кезінде оларды қолдану, ӘК конструкцияларын жобалау және жүйелерінің жұмыс істеу қағидаттарын қоса алғанда, жинау әдістері, қозғалтқыштар және олармен байланысты жүйелер, механикалық, гидравликалық, электрлік және электрондық қорек көздері; ӘК аспаптық жабдығы және индикация жүйелері, ӘК басқару жүйелері және навигациялық және байланыс жабдығының борттық жүйелері;

      орындалуы ӘК ұшу жарамдылығын ұстап тұру үшін қажет жұмыстар, ӘК конструкцияларын, оның компоненттері мен жүйелерін ТҚК және АТЖ бойынша тиісті нұсқауларда көзделген әдістемелерге және осы жағдайда ұшу жарамдылығының қолданылатын стандарттарына сәйкес, күрделі жөндеудің, ағымдық жөндеудің, тексерудің, ауыстырудың, модификациялаудың немесе ақауларын жоюдың әдістері мен рәсімдерін қоса алғанда;

      қатерлер мен қателіктер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, ӘК ТҚК қатысты адамның мүмкіндіктері (9 модуль);

      4) Үлгі бағдарламаларда ұсынылған базалық дағдылар бағдарламасына сәйкес ӘК ТҚК тәжірибесі, куәлік алуға кандидатта осы тармақтың 5) және 6) тармақтарының анықтамасына кірмейтін орта білім (мектеп) немесе кез келген білім не кәсіби даярлық болған кезде:

      "А", "B1.2", "B1.4" санаттары үшін – эксплуатациядағы ӘК ТҚК 3 жыл практикалық тәжірибесі;

      "B2" санаты және "B1.1" және "B1.3" кіші санаттары үшін - эксплуатациядағы ӘК ТҚК 5 жыл практикалық тәжірибесі;

      5) Үлгі бағдарламаларда ұсынылған базалық дағдылар бағдарламасына сәйкес ӘК ТҚК базалық тәжірибесі куәлік алуға кандидатта уәкілетті органның маманды техникалық мамандықта тәжірибелі қызметкер ретінде қарауға мүмкіндік беретін жоғары немесе орта техникалық білім болған кезде:

      "А" және "B3" санат және "B1.2", "В1.4" кіші санаттары үшін – эксплуатациядағы ӘК ТҚК 2 жыл практикалық тәжірибесі;

      "B2" санаты және "B1.1", "В1.3" кіші санаттары үшін – эксплуатациядағы ӘК ТҚК 3 жыл практикалық тәжірибесі;

      6) сертификатталған авиациялық оқу орталығында "А", "В1" және "В2" санаттарының ӘК ТҚК жөніндегі мамандардың бағдарламалар бойынша кандидат бастапқы даярлық алған кезде үлгі бағдарламаларда ұсынылған базалық дағдылар бағдарламасы бойынша алынған ӘК ТҚК базалық тәжірибе:

      "А" санаты, "B1.2", "B1.4" кіші санаттары үшін – эксплуатациядағы ӘК ТҚК 1 жыл практикалық тәжірибесі;

      "B2" санаты және "B1.1" және "B1.3" кіші санаттары үшін - эксплуатациядағы ӘК ТҚК 2 жыл практикалық тәжірибесі.

      7) куәлікке қосымшада белгілер алуға кандидатқа (XV тармақ) көпқозғалтқышты ӘК үшін "С" санаты, ол бұл санатты "B1.1", "B1.3" немесе "B2" біліктілік белгілері арқылы - "B1.1", "B1.3" немесе "B2" санатының сертификатталатын персоналының артықшылықтарын пайдалана отырып, тәжірибесі кемінде 3 жыл немесе осы кіші санаттарда/санаттарда немесе олардың комбинацияларында қолдаушы персонал алады;

      8) куәлікке қосымшада белгілер алуға кандидатқа (XV тармақ) көпқозғалтқышты ӘК үшін "С" санаты, ол бұл санатты жоғары техникалық білім арқылы алады – ТҚК және АТЖ ұйымында ӘК ТҚК тікелей байланысты міндеттер бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі, базалық (кезеңдік) ӘК ТҚК байланысты ортада міндеттерді бақылау жөніндегі жұмыстың 6 айын қоса алғанда;

      9) "Rating" деген XII бағанға "С" санатының бірінші белгісін алу үшін ӘК сұрау салынатын типінің осы тармақтың 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мамандардың кез келгені үшін – талап етілген типтік ӘК типіне оқыту курсы бойынша теориялық элементтің өтуі, әрбір келесі белгі үшін – үлгі бағдарламаға сәйкес ӘК типі бойынша жалпы танысу курсынына өту;

      10) куәлікке қосымшада "С" санаты бойынша белгі алуға кандидатқа (XV тармақ) көп қозғалтқыштылардан өзге ӘК үшін, ол бұл санатты "B1.2" немесе "B1.4" біліктілік белгілері арқылы - "В1.2" немесе "В1.4" санатының сертификатталатын персоналының немесе осы кіші санаттарда немесе олардың комбинацияларында қолдаушы персоналдың артықшылықтарын пайдалана отырып, кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;

      11) куәлікке қосымшада "С" санатының белгісін алатын мамандар үшін (XV тармақ) жоғары техникалық білім арқылы – базалық (кезеңдік) ӘК ТҚК байланысты ортада 12 айды қоса алғанда, ТҚК және АТЖ жөніндегі ұйымда кемінде 3 жыл тәжірибесі;

      12) базалық (кезеңдік) ӘК ТҚК бақылау ӘК ТҚК жоспарлау, сапаға кепілдік беру, ӘК ТҚК бойынша жазбаларды жүргізу және сақтау/ұшу жарамдылығын ұстап тұру, қосалқы бөлшектерді мақұлдауды, техникалық сервис бөлімінде/техникалық бөлімде жұмысты бақылау бойынша ТҚК және АТЖ ұйымының бөлімшелерінде маманның міндеттерді орындауын қамтиды.

      46. ТҚ және ӘК маманының куәлігіне белгіні алғашқы алу кезінде өтініш беруші үміттенген санаттар/кіші санаттар бойынша ӘК ӘК ҚК 1 жылдан кем емес тәжірибесі талап етіледі (бірінші рейтингті алу кезінде).

      ӘК ҚК бойынша маманның куәлігіне санаттар/кіші санаттарының кейінгі толықтырулары үшін ӘК ҚК қосымша соңғы тәжірибесі бір жылдан аспауы тиіс, бірақ үш айдан кем емес (екінші және одан кейінгі рейтингтерді алу кезінде). Талап етілетін тәжірибе ӘК ҚК бойынша маман үміт еткен қолданыстағы санаттар/кіші санаттар арасындағы айырмашылықтарға байланысты болуы тиіс. Ондай қосымша тәжірибе ӘК ҚК бойынша маман куәлігінің сұрау салынатын жаңа санаттар кіші санаттары үшін негізгісі болуы тиіс.

      47. Соңғы тәжірибе ретінде талап етілген 12 айдың ішінен 6 айдан кем емес кезеңінде қаралады, ол ӘК ҚК бойынша маманның куәлігіне өтінішті беру күніне дейін 12 айдың ішінде жинақталады. Соңғы тәжірибенің қалдығы өтінішті беру күніне дейін 7 айдың ішінде жинақталады. Қалған негізгі тәжірибе өтінішті беру күніне дейін 10 жылдың ішінде жинақталады.

      48. ӘК ҚК тәжірибе бойынша қойылған талаптарға қарамастан, мемлекеттік және эксперименттік авиацияда алынған тәжірибе талап етілетінге баламасы болып табылатын осындай ӘК ҚК болған жағдайда қаралуға жатады.

      49. "А" санаты үшін ӘК ҚК қосымша тәжірибе 6 айдан кем емес, "В1" және "В2" санаттары үшін - кемінде 12 ай болуы тиіс.

      50. ӘК ҚК бойынша маман қозғалтқышты, қосалқы агрегаттарды, аспаптарды және немесе жабдық бірліктерін санкцияланған жөндеуден, модификациялаудан немесе монтаждаудан кейін әуе кемені немесе оның бөлшектерін пайдалануға жарамдылығын куәландырады және қарап- тексеруден, техникалық қызмет көрсетуден және немесе кезеңдік қызмет көрсетуден кейін пайдалануға рұқсат алуға қол қояды және мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) мыналарға қатысты:

      оның куәлігінде не жалпы түріне өзінің қажеттілігі бойынша көрсетілген әуе кемелер үшін; немесе

      оның куәлігінде не жалпы түріне өзінің қажеттілігі бойынша көрсетілген планерлер, қозғалтқыштар, борттық жүйелер немесе элементтер үшін;

      және/немесе

      оның куәлігінде көрсетілген әуе кемелер үшін не жалпы түріне өзінің қажеттілігі бойынша көрсетілген борттық электрондық жүйелер немесе элементтер үшін;

      2) ӘК ҚК бойынша маман белгілі бір әуе кемесіне тхникалық қызмет көрсету және ұшу жарамдылығына қатысты барлық қажетті ақпарат белгісімен болған жағдайда, онда ӘК ҚК бойынша маман қызмет көрсету немесе планер, қозғалтқыш, борттық жүйелер немесе оның элементі, борттық электрондық жүйелер немесе оның элементі туралы куәлікке қол қояды, пайдалануға жарамдылығын ӘК ҚК бойынша маман куәландырады;

      3) ӘК ТҚ жөніндегі маман 24 айдың алдындағы 6 ай ішінде куәліктің иеленушісі ретінде оған берілген құқықтарға сәйкес ӘК немесе құрауыштарын қарау, қызмет көрсету немесе техникалық пайдалану бойынша тәжірибесі бар болған немесе осы Біліктілік талаптарға сәйкес тиісті құқықтарды берумен оған куәлікті беру шартын сақтаған жағдайда.

      6 айдың тәжірибесін есепке алу кезінде 180 жазбаға немесе 100 күнге теңестіріледі, оны маман жеке журналда тіркейді. Маман техникалық көрсету туралы куәлікті беру құқығын дәлелдеу үшін сомадағы талап етілетін цифрды құрайтын ӘК ұқсас үлгілері назарға алынады.

12-тарау. Ұшуды қамтамасыз ету/ұшу бойынша диспетчер қызметкеріне қойылатын біліктілік талаптары

      51. Ұшуды қамтамасыз ету/ұшу бойынша диспетчер қызметкері куәлігін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) жасы –21 жастан үлкен;

      2) 3 сыныптағы қолданыстағы медициналық қорытындысы;

      3) 500 сағаттан немесе 150 сағаттан кем емес (тәжірибесі болған жағдайда) көлемде сертификатталған АОО Үлгілік бағдарламаларға сәйкес әзірленген теориялық дайындық курсынан өту және теориялық білім деңгейін көрсету, мынадай салаларда:

      ӘК техникалық қызмет көрсету, ӘК ұшу жарамдылығын күтіп-ұстау, ӘК ҚК бойынша мамандардың куәліктерін беру, ұзарту және олардың біліктілік белгілеріне енгізу бөлігінде әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасы және халықаралық авиациялық заңнамасы;

      диспетчердің ұшуын/ұшуларын қамтамасыз ету бойынша қызметкер куәлігінің иеленушісіне, әуе қозғалысына қызмет көрсету қағидалары мен рәсімдеріне, ұшақтардың күш қондырғылары жұмысының қағидаттарына, жүйелерге және аспаптық жабдықтарға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;

      ӘК пайдаланушылық шектеулері және күш қондырғылары;

      әуе кемесінің барынша аз жабдығының тізбесі;

      ӘК ұшу-техникалық сипаттамасына салмағын тиеу және тарату әсері, салмағын есептеу және орталықтандыру бойынша;

      ұшуды жедел жоспарлау; отынның шығысын есептеу бойынша және отын бойынша ұшу ұзақтығы; қосалқы әуежайды таңдау, бағыт бойынша крейсерлік ұшуды, ұлғайтылған ұзақтығына ұшуларды басқару рәсімі;

      әуе қозғалысын ұйымдастыру үшін ұшу жоспарын дайындау және ұсыну;

      компьютерлердің көмегімен жоспарлау жүйесінің негізгі қағидаттары;

      диспетчердің міндеттеріне қолданылатын адамның мүмкіндіктері;

      авиациялық метеорология, төмен және жоғары қысым салаларының орын ауысуы, фронттардың құрылымы, туындауы және бағыт бойынша ұшып көтерілу, ұшу және қону жағдайларына әсер ететін ауа райының ерекше құбылыстарының сипаттамасы;

      авиациялық метеорологиялық жиынтықтарды, карталар мен болжамдарды, кодтар мен қысқартуларды, метеорологиялық ақпаратты алу мен пайдалану қағидаларын қолдану бойынша;

      аэронавигация қағидаттары, аспаптар бойынша ұшуды орындау қағидалары;

      аэронавигациялық құжаттаманы пайдалану;

      қарапайым және қауіпті жүктерді тасымалдаудың пайдаланушылық рәсімдері;

      авариялық оқиғалар мен инциденттерге қатысты рәсімдер, авариялық жағдайдағы ұшу қағидалары;

      азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілерімен байланысты рәсімдер және ӘК қатысты диверсиялармен;

      әуе кемесінің тиісті түріне қатысты ұшу қағидаттарын;

      әуе кемелерімен және тиісті жер үсті станцияларымен байланысты жүргізу қағидалары;

      нақты есептеулерді жүргізу және күн сайынғы синоптикалық карталар және ауа райы жиынтықтары бойынша ауа райына талдау жүргізу, әуе трассасының нақты аудандарында ауа райы жағдайлары туралы нұсқама жүргізу, мақсатты әуежайларда және қосалқы әуежайларда әуе тасымалдарын жүзеге асыру кезінде ауа райын болжау;

      осы учаскеге ұшудың оңтайлы траекториясын айқындау және ұшу жоспарларын дайындау;

      қолайсыз метеорологиялық жағдайларында ұшу кезінде жедел бақылау жүргізу және ұшу экипажына көмек көрсету;

      4) бір немесе бірнеше (кез келген үйлесімде) функцияларды орындау бойынша 2 жылдан кем емес тәжірибенің бар болуы, егер кез келген үйлесімде жұмыс кезеңіндегі тәжірибе төмендегі кез келген лауазымдарында 1 жылдан кем еместі құраса:

      коммерциялық әуе тасымалдарында жұмылдырылған әуе кемесінің ұшу экипажының мүшесі; немесе

      коммерциялық әуе тасымалдарында жұмылдырылған ӘК ұшуын қамтамасыз ететін ұйымдарда метеорологты; немесе

      коммерциялық әуе тасымалдарында жұмылдырылған ӘК ұшуын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердің немесе ұшуды жүргізу қызметінің әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері немесе техникалық басшысы; немесе

      әуе тасымалдарын жүзеге асыру кезінде ӘК ұшуын қызмет көрсетуде көмек көрсететін қызметкер ретінде 1 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы; немесе

      бекітілген бағдарлама бойынша дайындық курсынан өту және өтінішті беру алдында тікелей 6 ай ішінде кемінде 90 жұмыс күні ұшуларды қамтамасыз ету бойынша қызметкердің бақылауында пысықтау.

      5) мыналарға қабілеттілігі бар:

      күн сайынғы синоптикалық карталар сериялары және ауа айы жиынтықтары негізінде ауа райын талдаудың нақты және қолайлы пайдаланушылық көз қарастарын жүргізу;

      әуе трассасының нақты аудандарында болатын ауа райы жағдайлары туралы нұсқаманың негізделген пайдаланушылық көзқарастарын жүргізуді қамтамасыз ету; мақсатты әуежайларға және қосалқы әуежайларға аса назар аудара отырып көлік авиациясы үшін ауа райын болжау;

      осы учаскеге ұшудың оңтайлы траекториясын айқындау және ұшу жоспарларын қолмен және/немесе компьютердің көмегімен толтырылған нақты дайындау;

      ұшуды қамтамасыз ету бойынша қызметкер куәлігінің иеленушісі міндеттеріне сәйкес қолайсыз метеорологиялық жағдайларында ұшу кезінде жедел бақылауды қамтамасыз ету және көмектің барлық түрін көрсету;

      қауіп және қателіктер факторларын тану және бақылау.

      52. Диспетчердің ұшуын/ұшуларын қамтамасыз ету бойынша қызметкер қызметті жүзеге асыруға қажетті білімі бар өңірде диспетчердің ұшуын/ұшуларын қамтамасыз ету бойынша қызметкердің функцияларын жүзеге асырады.

13-тарау. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчеріне қойылатын біліктілік талаптар

      53. ӘҚҚ диспетчері куәлігінің алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) жасы - 21 жастан үлкен;

      2) 3 сыныптағы қолданыстағы медициналық қорытындысы;

      3) сертификатталған АОО Үлгілік бағдарламаларға сәйкес әзірленген теориялық дайындық курсынан өту және теориялық білім деңгейін көрсету, мынадай салаларда:

      әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, оның ішінде ӘҚҚ диспетчерінің біліктілік белгілері иеленушісінің құқықтарына, міндеттеріне және жауапкершілігіне қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы, қағидалар мен ережесі;

      ӘҚҚ қолданылатын жабдықты пайдалану және шектеу қағидаттары, сөз байланысы, ақпаратты тіркеу, деректерді беру, радионавигациялық құралдар, бақылау және радиолокациялық жүйелер, автоматты тәуелді бақылаулар, ұшу жоспарларын өңдеу, дисплей (пайдаланушының интерфейсі), жедел деректер және пайдалану шарттары туралы деректер;

      ұшу қағидаттары, ӘК, ӘҚҚ қатысы бар ӘК күш қондырғылары мен жүйелердің, сипаттамалардың пайдалану және жұмыс істеу қағидаттары;

      қауіп және қателіктер факторларын бақылау, сондай-ақ топтың жұмысын оңтайландыру бойынша дайындаудың қағидаттарын қоса алғанда адамның мүмкіндіктері;

      авиациялық метеорология, метеорологиялық құжаттаманы және ақпаратты қолдану және түсіндіру, ұшулардың орындалуына және олардың қауіпсіздігіне әсер ететін ауа райының ерекше құбылыстарының туындауы және сипаттамасы, барометрлік биіктікті өлшеу қағидаттары;

      аэронавигация қағидаттары, навигациялық жүйелер мен көзге көрінетін құралдарды шектеу мен нақты қағидаттары;

      ӘҚҚ, байланыс, радиотелофон және фразеологиямен алмасу (штаттық, штаттық емес және авариялық), тиісті авиациялық құжаттаманы пайдалану рәсімдері, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің практикалық әдістері;

      54. ӘҚҚ диспетчері куәлігінің алушы үміткер мынадай салаларда білім деңгейін көрсетті:

      1) әуеайлақ диспетчерінің біліктілік белгілері үшін:

      әуе айлақтың бас жоспары, физикалық сипаттамалары;

      әуе кеңiстiгiнiң құрылымы;

      қолданылатын қағидалар, рәсімдер және ақпарат көздерi;

      аэронавигациялық құралдар;

      әуе қозғалысын басқару жабдығы және оларды қолдану;

      жергiлiктi жер бедерi және жердегi сипатты бағдарлар;

      әуе қозғалысының сипатты ерекшелiктерi;

      ерекше ауа райы құбылыстары;

      авариялық жағдайдағы және iздестiру-құтқару операцияларындағы iс-қимылдар жоспары;

      2) жақындаудың рәсімдік бақылау диспетчерінің немесе ӘҚҚ ауданының рәсімдік бақылау диспетчерінің біліктілік белгісі үшін:

      әуе кеңiстiгiнiң құрылымы;

      қолданылатын қағидалар, рәсімдер және ақпарат көздерi;

      аэронавигациялық құралдар;

      әуе қозғалысын басқару жабдығы және оларды қолдану;

      жергiлiктi жер бедерi және жердегi сипатты бағдарлар;

      әуе қозғалысының және қозғалыс ағынының сипатты ерекшелiктерi;

      ерекше ауа райы құбылыстары;

      авариялық жағдайдағы және iздестiру-құтқару операцияларындағы iс-қимылдар жоспары;

      3) қадағалау құралдарын пайдалана отырып, ӘҚҚ ауданының бақылау диспетчері, қадағалау құралдарын пайдалана отырып жақындаудың бақылау диспетчерінің біліктілік белгісі үшін:

      әуе кеңiстiгiнiң құрылымы;

      қолданылатын қағидалар, рәсімдер және ақпарат көздерi;

      аэронавигациялық құралдар;

      әуе қозғалысын басқару жабдығы және оларды қолдану;

      жергiлiктi жер бедерi және жердегi сипатты бағдарлар;

      әуе қозғалысының және қозғалыс ағынының сипатты ерекшелiктерi;

      ерекше ауа райы құбылыстары;

      авариялық жағдайдағы және iздестiру-құтқару операцияларындағы iс-қимылдар жоспары;

      ӘҚҚ қадағалаудың тиісті жүйелерін және олармен байланысты жабдықты пайдалану және шектеу қағидатттары;

      жердің үстінен ұшудың тиісті биіктігін ұстап қалу қағидаларын қоса алғанда, қажет болғанда қадағалаудың негізінде ӘҚҚ қызмет көрсетуді ұсыну рәсімдері;

      4) ӘҚҚ аттестатталған нұсқаушының (диспетчердің) басшылығымен сәтті қамтамасыз етті:

      әуеайлақ диспетчерінің біліктілік белгісіне қатысты кемінде 140 сағат ішінде рульдеу диспетчерлік пунктінде немесе кемінде 280 сағат ішінде старттық диспетчерлік пунктінде немесе кемінде 430 сағат ішінде мұнара диспетчерлік пунктінде әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді жүзеге асыру;

      жақындаудың рәсімдік бақылау диспетчерінің біліктілік белгісіне қатысты 280 сағаттан кем емес сағат ішінде жақындау диспетчерлік пунктінде әуе қозғалысының рәсімдік бақылауын жүзеге асыру;

      қадағалау құралдарын пайдалана отырып жақындауды бақылау диспетчерінің біліктілік белгісіне қатысты кемінде 350 сағат ішінде жақындау диспетчерлік пунктінде немесе шеңбер диспетчерлік пунктінде жақындаудың әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді жүзеге асыру;

      жақындаудың рәсімдік бақылау диспетчерінің біліктілік белгілерін бір уақытта алумен қадағалау құралдарын пайдалана отырып жақындауды бақылау диспетчерінің біліктілік белгісіне қатысты кемінде 430 сағат ішінде жақындау диспетчерлік пунктінде немесе шеңбер диспетчерлік пунктінде жақындаудың әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді және рәсімдік бақылауды жүзеге асыру;

      ӘҚҚ ауданының рәсімдік бақылау диспетчерінің біліктілік белгісіне қатысты кемінде 280 сағат ішінде аудандық диспетчерлік пунктіндегі/аудандық диспетчерлік орталығындағы жұмыс орнында рәсімдік бақылауды жүзеге асыру;

      ӘҚҚ ауданын бақылау диспетчерінің біліктілік белгісіне қатысты кемінде 380 сағат ішінде аудандық диспетчерлік пунктіндегі/аудандық диспетчерлік орталығындағы жұмыс орнында қадағалау жүйелерін пайдалана отырып әуе қозғалысына аудандық диспетчерлік қызмет көрсетуді жүзеге асыру;

      ӘҚҚ ауданының рәсімдік бақылау диспетчерінің біліктілік белгілерін бір уақытта алумен қадағалау құралдарын пайдалана отырып ӘҚҚ ауданын бақылау диспетчерінің біліктілік белгісіне қатысты кемінде 460 сағат ішінде аудандық диспетчерлік пунктіндегі/аудандық диспетчерлік орталығындағы жұмыс орнында қадағалау жүйелерін және пайдалана отырып әуе қозғалысына аудандық диспетчерлік қызмет көрсетуді және рәсімдік бақылауды жүзеге асыру;

      жергілікті диспетчерлік пунктте біліктілік белгісіне (рұқсатына) қатысты кемінде 280 сағат ішінде бар радиотехникалық құралдарды пайдалана отырып жергілікті әуе желілерінде әуе қозғалысына аудандық диспетчерлік қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

      55. Біліктілік белгілер мынадай диспетчерлік пункттерге сәйкес келеді:

      1) әуеайлақ диспетчерінің біліктілігі рульдеу диспетчерлік пунктінде және/немесе старттық диспетчерлік пунктінде және/немесе мұнара диспетчерлік пунктінде өзіндік жұмысқа рұқсаты бар адамдары үшін беріледі;

      2) жақындаудың рәсімдік бақылау диспетчерінің және байқау құралдарын пайдалана отырып жақындаудың бақылау диспетчерінің біліктілігі жақындау диспетчерлік пунктінде өзіндік жұмысқа рұқсаты бар адамдары үшін және/немесе басқа да диспетчерлік пункттерінде өзіндік жұмысқа рұқсаты бар адамдары үшін беріледі (диспетчерлік пункттерді біріктіру кезінде);

      3) байқау құралдарын пайдалана отырып ӘҚҚ ауданының рәсімдік бақылау диспетчерінің және ӘҚҚ ауданының бақылау диспетчерінің біліктілігі аудандық диспетчерлік пунктіндегі/аудандық диспетчерлік орталығындағы және/немесе жергілікті диспетчерлік пунктіндегі жұмыс орнында рұқсаты бар адамдары үшін беріледі.

      56. Бірнеше біліктілік белгілерді бір уақытта алған кезде әрбір біліктілік белгісіне қатысты талаптар қолданылады.

      57. ӘҚҚ нұсқаушының арнайы біліктілік белгісін (рұқсатын) алу үшін

      үміткерге мыналар талап етіледі:

      ӘҚҚ жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      сертификатталған АОО арнайы дайындықтан өту;

      кемінде 8 сағат ішінде аттестатталған нұсқаушының басшылығымен сұрау салынатын біліктілік белгісіне қатысты функцияларды жүзеге асыру.

      58. Ұшу басшысының (ауысымның аға диспетчері) арнайы біліктілік белгісін (рұқсатын) алу үшін үміткерге мыналар талап етіледі:

      ӘҚҚ жұмыс өтілі кемінде 3 жыл – ауысымның аға диспетчері үшін, алты жылдан кем емес – ұшу басшысы үшін;

      сертификатталған АОО арнайы дайындықтан өту;

      бақылау жүзеге асырылатын диспетчерлік пункттің ең болмаса бірінде рұқсат;

      кемінде 180 сағат ішінде аттестатталған нұсқаушының басшылығымен (ұшу басшысының/ауысымның аға диспетчерінің) сұрау салынатын біліктілік белгісіне қатысты функцияларды жүзеге асыру.

      59. Халықаралық ұшуға диспетчерлік қызмет көрсетумен байланысты біліктілікті алуға үміткер радиотелефон байланысында пайдаланылатын авиациялық ағылшыл тілінде сөйлеуі тиіс және оны жұмысшы деңгейінен төмен емес деңгейде түсінуі тиіс (ИКАО бойынша 4 деңгей).

      60. ӘҚҚ диспетчері (диспетчерлік пунктінде рұқсаты бар) 6 ай ішінде кемінде 24 сағат ішінде осы біліктілік белгісімен көзделген әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша функцияларды жүзеге асырады.

      61. Егер ӘҚҚ диспетчері 6 ай ішінде біліктілік белгісімен көзделген функцияларды жүзеге асырмаса, біліктілік белгісі күшін жояды.

      62. ӘҚҚ диспетчері куәлікке енгізілген бір немесе бірнеше төменде көрсетілген біліктілік белгілермен (рұқсаттармен) мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      әуеайлақ диспетчерінің біліктілік белгісі берілген куәлік иеленушісі аттестатталған бойынша сол әуеайлақта әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді немесе қамтамасыз етуді бақылайды;

      жақындаудың рәсімдік бақылау диспетчерінің біліктілік белгісі жақындаудың диспетчерлік қызмет көрсетілуін қамтамасыз ететін диспетчерлік органның заңдық құзырында болатын әуе кеңістігі немесе осы әуе кеңістігінің бөлігі шегінде берілген куәлік иеленушісі аттестатталған бойынша әуеайлақта немесе әуеайлақтарда жақындаудың диспетчерлік қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді немесе қамтамасыз етуді бақылайды;

      байқау құралдарын пайдалана отырып жақындаудың бақылау диспетчерінің біліктілік белгісі жақындаудың диспетчерлік қызмет көрсетілуін қамтамасыз ететін диспетчерлік органның заңдық құзырында болатын әуе кеңістігі немесе осы әуе кеңістігінің бөлігі шегінде берілген куәлік иеленушісі аттестатталған бойынша әуеайлақта немесе әуеайлақтарда ӘҚҚ байқаудың тиісті жүйелерін пайдалана отырып жақындаудың диспетчерлік қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді және немесе қамтамасыз етуді бақылайды;

      ӘҚҚ ауданының рәсімдік бақылау диспетчерінің біліктілік белгісі берілген куәлік иеленушісі аттестатталған бойынша диспетчерлік аудан немесе осы диспетчерлік аудан бөлігі шегінде аудандық диспетчерлік қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді және немесе қамтамасыз етуді бақылайды;

      байқау құралдарын пайдалана отырып ӘҚҚ ауданының бақылау диспетчерінің біліктілік белгісі берілген куәлік иеленушісі аттестатталған бойынша әуе кеңістігі немесе осы әуе кеңістігінің бөлігі шегінде ӘҚҚ байқаудың тиісті жүйелерін пайдалана отырып ӘҚҚ ауданының диспетчерлік қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді және/немесе қамтамасыз етуді бақылайды.

14-тарау. Авиациялық станция операторына қойылатын біліктілік талаптар (теңіз қондырғысында орналасқан)

      63. Авиациялық станция операторы куәлігінің алушы үміткерге (теңіз қондырғысында орналасқан) мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) жасы –18 жастан үлкен;

      2) техникалық білімі бар;

      3) сертификатталған АОО Үлгілік бағдарламаларға сәйкес әзірленген теориялық дайындық курсынан өту және теориялық білім деңгейін көрсету, мынадай салаларда:

      радиотелефон байланыс, фразеология, электр байланыс желісінің рәсімдері;

      теңіз қондырғысында жұмыстардың орындалуын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы және нормативтік актілер;

      әуе қозғалысына қызмет көрсету;

      авиациялық станция операторына қолданылатын қағидалар мен ережелер;

      ұшу қағидалары және әуе навигациясының негіздері;

      авиациялық метеорологияның негізгі теориялық мәселелері және авицияның метеоқамтамасыз етілуін регламенттейтін құжаттардың негізгі ережелері;

      радионавигациялық жабдық жұмысының негіздері мен қағидаттары;

      радионавигациялық жабдықтың және авиациялық электр байланыс құралдарының тактика техникалық сипаттамалары;

      авиациялық станцияда электр байланыс жабдығын пайдалану және шектеу қағидаттары;

      қызмет көрсетілетін ӘК негізгі деректері және тактика техникалық сипаттамалары;

      4) жұмыс тәжірибесі:

      12 айлық кезеңнің ішінде бекітілген бағдарлама бойынша дайындық курсын сәтті аяқтады, өтінішті тікелей берген және 2 айдан кем емес авиациялық станцияның аттестатталған операторының басшылығымен сәтті пысықтады; немесе

      өтінішті берудің тікелей алдын алатын 12 айдың ішінен 6 айдан кем емес авиациялық станцияның аттестатталған операторының басшылығымен сәтті пысықтады;

      5) өзінің құзыреттілігін көрсетті:

      пайдаланылатын электр байланыс жабдығын пайдалануда;

      радиотелефондық хабарламаларды сапалы және нақты беру мен қабылдауда.

15-тарау. "Нұсқаушы" біліктілік белгісін алу үшін ұшу персоналына қойылатын жалпы біліктілік талаптары

      64. Нұсқаушылар мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) ӘК пилот-нұсқаушысы;

      2) ӘК үлгісінің нұсқаушысы;

      3) ӘК сыныбы бойынша нұсқаушысы;

      4) аспаптар бойынша ұшуға рұқсат үшін нұсқаушы;

      5) пилотаждық жаттығу құрылғылары бойынша нұсқаушы;

      6) көп мүшелі ӘК экипажы мүшелерінің өзара іс-қимылы бойынша нұсқаушы;

      7) кешендік ұшу дайындығы бойынша нұсқаушы.

      65. "Нұсқаушы" біліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) жасы - 18 жастан үлкен;

      2) Жеңіл және асажеңiл ӘК куәлігін алуға дайындықты қоспағанда ӘК түріне сәйкес коммерциялық авиация пилотының куәлігін алу кезінде ұсынылатын білім мен тәжірибеге қойылатын талаптарға жауап береді, мұндай жағдайда үміткер жеңіл және асажеңiл ӘК тиісті түрінің пилотының куәлігін алу кезінде ұсынылатын білім мен тәжірибеге қойылатын талаптарға жауап береді;

      3) сертификатталған АОО Үлгілік бағдарламаларға сәйкес әзірленген теориялық дайындық курсынан өту және теориялық білім деңгейін көрсету, мынадай салаларда:

      теориялық және практикалық оқыту әдістемесі;

      жер үстіндегі дайындық жүзеге асырылатын пәндер бойынша студенттердің, оқушылар мен тыңдаушылардың үлгерімділігін бағалау бойынша;

      материалды игеру процесі;

      тиімді оқыту элементтері;

      студенттердің, оқушылардың немесе тыңдаушылардың білім деңгейін бағалау және тексеру бойынша, оқыту теориялары;

      дайындық бағдарламаларын әзірлеу бойынша;

      сабақты жоспарлау;

      аудиторлық оқыту әдістемелері;

      қажет болған жағдайда жаттығу құрылғыларын қоса алғанда оқу құралдарын пайдалану бойынша;

      студенттердің, оқушылардың және тыңдаушылардың қателіктеріне талдау және түзету жүргізу бойынша;

      қауіптер мен қателіктер факторларының бақылау қағидаттарын қоса алғанда ұшу дайындығына қолданылатын адамның мүмкіндіктері;

      ӘК жүйелер мен бас тартулардың істен шығу имитациясына байланысты қауіптер;

      4) тағайындалған пилот-нұсқаушының басшылығымен үміткер:

      операцияларды таныстыруды, практикалық оқыту әдістерін, курсанттардың едәуір көп таралған қателіктерін табу және түзетуді қоса алғанда ұшу дайындығын жүргізу әдістемесі бойынша оқу курсынан өтті;

      ұшу дайындығын жүргізуге ниетті ол практикада маневрлеу мен ұшу схемаларын орындаудың әдістемесін қолданды.

      5) тиісті жағдайларда ұшу алдындағы нұсқаманы, ұшуды талдауды және жер үсті дайындығын қоса алғанда, пилот-нұсқаушының функцияларын жүзеге асыруды көздейтіндер бойынша ӘК түрлерінде және сыныптарында ұшу дайындығын жүргізуге ниетті ол сол салаларда оқыту қабілеттілігін көрсетті;

      6) куәлікте көрсетілген ӘК түріне сәйкес бекітілген бағдарлама бойынша дайындығы бар;

      7) ұшу-әдістемелік дағдыларға ие:

      тыңдаушыны даярлау процесінде қауіптер мен қателіктер факторларын тану, талдау және бақылау;

      оның сипаттамаларының шектеулері шегінде әуе кемесін басқару және ұшу қауіпсіздігінің қолайлы деңгейінде тыңдаушыны әдістемелік сауатты оқыту;

      барлық маневрлерді баяу және нақты орындау және оларды тыңдаушыға епті көрсете білу;

      ұшуда уақтылы шешімдерді қабылдау және бақылауды білікті жүзеге асыру;

      оқушылардың қателіктерін талдау және түзету;

      тыңдаушыға ұшу схемасын немесе маневрді нақты орындау мен көрсетуді қамтамасыз ететіндіктен әуе кемесін басқару;

      оқыту кезінде қауіптер мен қателіктер факторларын тану және бақылау;

      оның сипаттамасының шектеулері шегінде әуе кемесін басқару;

      барлық маневрлерді баяу және нақты орындау және тыңдаушыға әуе кемесінің ұшуын басқару кезінде қозғалыстарды үйлестіруді әдістемелік дұрыс түсіндіру;

      аэронавигация (ұшақты жүргізу) саласында білімді қолдану және оларды тыңдаушыға жеткізу;

      тыңдаушыны әдістемелік сапалы және қауіпсіз оқыту.

      66. Нұсқаушының біліктілік белгісінің қолданылу мерзімі уәкілетті органның шешімі бойынша анықталады, бірақ 3 жылдан аспайды.

      67. Пилот мыналар бар болғанда ӘК және/немесе жаттығу құрылғысында пилот-нұсқаушының функцияларын жүзеге асырады:

      осы Біліктілік талаптарға сәйкес берілген "нұсқаушы" біліктілік белгісімен (тиісті санаттағы) пилоттың, штурманның немесе борт инженерінің (борт механиктің) куәлігі;

      осы Біліктілік талаптарға сәйкес тиісті біліктілік белгілермен жаттығу құрылғысы нұсқаушының сертификаты (куәлігі).

1-параграф. Пилот-нұсқаушының біліктілік белгілерін енгізу кезінде қойылатын біліктілік талаптар

      68. "Ұшқыш" пилот-нұсқаушының біліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) Ұшып көтерілуі кемінде 200 сағат, олардың ішінде 150 сағат КВС ретінде;

      2) ӘК түріне сәйкес коммерциялы авиацияда пилоттарды дайындау үшін нұсқаушы ретінде ұшып көтерілуі 200 сағатты қоса алғанда, ӘК осы түрінде ұшып көтерілуі кемінде 500 сағат;

      3) пилоттың қоланыстағы куәлігінің болуы;

      4) ұшу нұсқаушысының курсына түсу алдында ұшу тексерісінің алдын алатын 6 ай ішінде поршеньді күш қондырғысымен бір қозғалтқышы бар ұшақта ұшып көтерілуі 5 сағаттан кем емес;

      5) ұшу нұсқаушыларының курстарынан өту:

      ұшуды оқыту әдістемесі 50 сағат;

      теориялық оқыту әдістемесі бойынша 25 сағат;

      ӘК тиісті үлгісіндегі ұшуды пайдаланудың бейінді пәндері бойынша 10 сағат;

      бір пилотты ӘК ұшу-әдістемелік дайындықтың кемінде 15 сағатты қамтиды.

      69. "Тікұшақ" пилот-нұсқаушының біліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) тікұшақта ұшып көтерілуі кемінде 250 сағат, олардың ішінде тікұшақтың командирі ретінде кемінде 100 сағат;

      2) коммерциялы тікұшақ пилотының куәлігі болуы;

      3) ұшу нұсқаушысының курсына түсу алдында ұшу тексерісінің алдын алатын 6 ай ішінде бір қозғалтқышы бар тікұшақта ұшып көтерілуі кемінде 5 сағат;

      4) тікұшақтың ұшу нұсқаушыларының курстарынан өту:

      ұшуды оқыту әдістемесі 50 сағат;

      теориялық оқыту әдістемесі бойынша 25 сағат;

      ӘК тиісті үлгісіндегі ұшуды пайдаланудың бейінді пәндері бойынша 10 сағат;

      бір пилотты ӘК ұшу-әдістемелік дайындықтың кемінде 15 сағатты қамтиды.

      70. "Мотодельтаплан" немесе "автожир" пилот-нұсқаушының біліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) КВС ретінде 100 сағаттан кем емес;

      2) "Мотодельтаплан" немесе "автожир" пилот-нұсқаушының курстарынан өту:

      ұшуды оқыту әдістемесі 50 сағат;

      теориялық оқыту әдістемесі бойынша 25 сағат;

      ӘК тиісті үлгісіндегі ұшуды пайдаланудың бейінді пәндері бойынша 10 сағат;

      ұшу-әдістемелік дайындықтың кемінде 10 сағатты қамтиды.

      71. "Планер" пилот-нұсқаушының біліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) КВС ретінде ұшып көтерілуі кемінде 100 сағат және 200 ұшу (іске қосу);

      2) планер ұшу нұсқаушыларының курстарынан өту:

      ұшуды оқыту әдістемесі 50 сағат;

      теориялық оқыту әдістемесі бойынша 25 сағат;

      ӘК тиісті үлгісіндегі ұшуды пайдаланудың бейінді пәндері бойынша 10 сағат;

      ұшу-әдістемелік дайындықтың кемінде 10 сағатты қамтиды.

      72. "Бос аэростат" пилот-нұсқаушының біліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) КВС ретінде кемінде 75 сағат;

      2) "Бос аэростатұшу нұсқаушыларының курстарынан өту;

      ұшуды оқыту әдістемесі 50 сағат;

      теориялықоқыту әдістемесі бойынша 25сағат;

      ӘК тиісті үлгісіндегі ұшуды пайдаланудың бейінді пәндері бойынша 10 сағат;

      ұшу-әдістемелік дайындықтың кемінде 10сағатты қамтиды.

      73. "Дирижабль" пилот-нұсқаушының біліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) КВС ретінде кемінде 100 сағат;

      2) "Дирижабль" ұшу нұсқаушыларының курстарынан өту:

      ұшуды оқыту әдістемесі 50 сағат;

      теориялық оқыту әдістемесі бойынша 25 сағат;

      ӘК тиісті үлгісіндегі ұшуды пайдаланудың бейінді пәндері бойынша 10 сағат;

      ұшу-әдістемелік дайындықтың кемінде 10 сағатты қамтиды.

2-параграф. ӘК үлгісі бойынша нұсқаушының біліктілік белгісін енгізу кезінде қойылатын біліктілік талаптар

      74. Бір мүшелі ұшақ немесе көп мүшелі ұшақтың үлгісі бойынша нұсқаушының біліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) коммерциялы ұшақ пилотының, көп мүшелі ұшақ экипажының немесе желілік ұшақ пилотының куәлігінің бар болуы;

      2) бір мүшелі ӘК нұсқаушысы үшін - бір мүшелі ұшақта ұшып көтерілуі кемінде 500 сағат, оның ішінде осы үлгідегі КВС ретінде кемінде 30 сағат немесе нұсқаушының біліктілік белгісі және аспаптық рейтингісі бар;

      3) көп мүшелі ӘК нұсқаушысы үшін - көп мүшелі ұшақта ұшып көтерілуі кемінде 1500 сағат, оның ішінде осы үлгідегі КВС ретінде бағыт бойынша 30 учаске, олардың ішінде ұшу жаттығу құрылғысында өтінімде болжанған 12 ай ішінде орындалған 15 астам емес ұшуға рұқсат етіледі;

      4) сұрау салынатын ӘК үлгісі бойынша нұсқаушыларды дайындау курсынан өту (кәсіби деңгейін қолдау кезінде нұсқаушыларды дайындау бойынша өткен курс есептелінеді).

      75. Тікұшақ үлгісі бойынша нұсқаушының біліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) коммерциялы тікұшақ пилотының немесе желілік тікұшақ пилотының куәлігінің бар болуы;

      1) бір пилотпен бір қозғалтқышы бар тікұшақтарда ұшып көтерілу 250 с;

      2) бір пилотпен көп қозғалтқышы бар тікұшақтарда ұшып көтерілу 500 с;

      3) бір пилотпен көп мүшелі экипажы бар тікұшақтарда кемінде 350 сағатты қоса алғанда көп мүшелі экипажы бар тікұшақтарда ұшып көтерілу 1000 сағат немесе бір пилотпен көп қозғалтқышы бар тікұшақтар үшін – көп мүшелі экипажы бар тікұшақтарда кемінде 100 сағат;

      4) ӘК үлгісі бойынша нұсқаушыларды дайындау курстарынан өту (кәсіби деңгейін қолдау кезінде нұсқаушыларды дайындау бойынша өткен курс есептелінеді).

3-параграф. Ұшақ сыныбы бойынша нұсқаушының біліктілік белгісін енгізу кезінде қойылатын біліктілік талаптар

      76. Ұшақ сыныбы бойынша нұсқаушының біліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) бір қозғалтқышы бар ұшақтарда - ұшып көтерілу пилот ретінде кемінде 300 сағат, олардың ішінде нақты үлгідегі немесе сыныбындағы ұшақтың КВС ретінде ұшып көтерілу кемінде 30 сағат;

      2) көп қозғалтқышы бар ұшақтарда - ұшып көтерілу пилот ретінде кемінде 500 сағат, олардың ішінде нақты үлгідегі немесе сыныбындағы ұшақтың КВС ретінде ұшып көтерілу кемінде 30 сағат;

      3) ӘК үлгісі бойынша нұсқаушылардың курстарынан өту (ұшу нұсқаушыны дайындау бойынша өткен курс есептелінеді):

      ұшуды оқыту әдістемесі 50 сағат;

      теориялық оқыту әдістемесі бойынша 25 сағат;

      ӘК тиісті үлгісіндегі ұшуды пайдаланудың бейінді пәндері бойынша 10 сағат;

      бір қозғалтқышы бар ұшақта ұшу дайындығына 3 сағат немесе екі қозғалтқышы бар ұшақта 5 сағатты қамтиды.

      77. Ұшақтардың сыныбы бойынша нұсқаушы күрделі, жедел, жоғары ұшу сипаттамалары бар ұшақтарды қоспағанда, бір пилотпен пилотталатын бір немесе екі қозғалтқышы бар ұшақтарда ұшуға рұқсатты алу, ұзарту және жаңарту үшін ұшу дайындығын жүргізеді.

4-параграф. Аспап бойынша ұшуға рұқсат алу үшін нұсқаушының біліктілік белгісін енгізу кезінде қойылатын біліктілік талаптар

      78. Аспап бойынша ұшуға рұқсат алу үшін нұсқаушыныңбіліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) аспап бойынша ұшып көтерілуі кемінде 500 сағат, олардың ішінде ұшақтың аспаптық біліктілігінің нұсқаушысы үшін ұшақта ұшып көтерілу 400 сағат;

      2) аспап бойынша ұшып көтерілуі кемінде 500 сағат, олардың ішінде тікұшақтың аспаптық біліктілігінің нұсқаушысы үшін тікұшақта ұшып көтерілу 250 сағат;

      3) аспаптық біліктілігінің нұсқаушыларының курстарынан өту:

      ұшуды оқыту әдістемесі кемінде 50 сағат, ұшу нұсқаушысының біліктілігі бар үміткерге толығымен есептеледі;

      теориялықоқыту әдістемесі (оқыту және зерделеу) кемінде 25 сағат, ұшу нұсқаушысының біліктілігі бар үміткерге толығымен есептеледі;

      ӘК тиісті үлгісіндегі ұшуды пайдаланудың бейінді пәндері бойынша білімді қайталау кемінде 10 сағат, ұшу нұсқаушысының біліктілігі бар үміткерге толығымен есептеледі;

      4) оқу ұшулары ӘК, ұшу жаттығу құрылғысында немесе рәсімдік жаттығу құрылғысында ұшып көтерілу кемінде 10 сағат, ұшу нұсқаушысы үшін оқу ұшуларының көлемі кемінде 5 сағатты қамтиды.

      79. Аспап бойынша ұшуға рұқсат алу үшін нұсқаушы әуе кемелерінің тиісті түрлерінде/санаттарында ұшуға рұқсатты алу, ұзарту және жаңарту үшін өтініш берушілерді дайындауды жүргізеді.

5-параграф. Пилотаждық жаттығу құрылғылары бойынша нұсқаушының біліктілік белгісін енгізу кезінде қойылатын біліктілік талаптар

      80. Пилотаждық жаттығу құрылғылары бойынша нұсқаушының біліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) коммерциялық ұшақ пилотының, көп мүшелі ұшақ экипажының немесе ӘК нақты ұшақ түрінің желілік пилотының куәлігінің бар болуы немесе болғаны;

      2) аспаптық рейтингісі біліктілік белгісінің бар болуы немесе болғаны;

      3) аспаптық біліктілік нұсқаушысының оқу курсын сәтті аяқтаған;

      4) 12 ай ішінде ұшу жаттығу құрылғысында ӘК тиісті үлгісі бойынша біліктілік тексерісінен өткен;

      5) көп мүшесі бар экипажбен ұшақтар үшін жаттығу құрылғысы нұсқаушысының біліктілік белгісін алу үшін мыналар қажет:

      көп мүшелі экипажы бар ұшақтардың немесе көтергіш күшін ұлғайту жүйесі бар ӘК пилоты ретінде ұшу уақыты кемінде 1500 сағат;

      пилот немесе байқаушы ретінде, 12 ай ішінде;

      тиісті үлгідегі ӘК бортында бағыт бойынша 3 сектор; немесе

      білікті ұшу экипажымен жүргізілген тиісті үлгідегі ӘК жаттығу құрылғысында ұшу дайындығының 2 сызықтық-бағдарланған сессиясы.

      Осы жаттығу құрылғысының сессиялары 2 әртүрлі әуеайлақтар арасында 2 сағат бойынша 2 бағытты, сондай-ақ тиісті ұшу алдындағы нұсқама және ұшудан кейінгі іріктеуді қамтиды;

      6) бір пилотпен жоғары ұшу сипаттамасы бар ұшақтар үшін жаттығу құрылғысы нұсқаушысының біліктілік белгісін алу үшін мыналар қажет:

      тиісті үлгідегі ӘК ретінде ұшу уақыты кемінде 500 сағат;

      нұсқаушы рейтингісі бар ұшақтың нұсқаушысы біліктілігінің болуы немесе болғаны;

      7) тікұшақтар үшін жаттығу құрылғысы нұсқаушысының біліктілік белгісін алу үшін мыналар қажет:

      тиісті үлгідегі тікұшақтың бортында 12 ай ішінде пилот ретінде немесе байқаушы ретінде ұшу 1 сағат; және

      көп мүшелі экипажы бар тікұшақтар үшін тікұшақтарда пилот ретінде ұшу ұшып көтерілу кемінде 1000 сағат, оның ішінде көп мүшелі экипажы бар тікұшақтар үшін тікұшақтарда пилот ретінде ұшу ұшып көтерілу кемінде 350 сағат;

      бір пилоты бар көп қозғалтқышты тікұшақтар үшін пилот ретінде 500 сағаттан, оның ішінде КВС ретінде кемінде 100 сағат;

      бір пилоты бар бір қозғалтқышты тікұшақтар үшін тікұшақ пилоты ретінде кемінде 250 сағат:

      8) жаттығу құрылғысы нұсқаушысының біліктілік белгісін атап айтқанда базалық дайындығы бар жаттығу құрылғысында алу үшін практикалық дайындықтан өтуі және осы мақсаттарда уәкілетті орган белгілеген білікті нұсқаушының бақылауымен 3 сағаттан кем емес көлемде тексеруден өтуі қажет.

6-параграф. Көп мүшелі әуе кемесінің экипажы мүшелерінің өзара іс-қимылы бойынша нұсқаушының біліктілік белгісін енгізу кезінде қойылатын біліктілік талаптар

      81. Көп мүшелі әуе кемесінің экипажы мүшелерінің өзара іс-қимылы бойынша нұсқаушының біліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) коммерциялы немесе сызықты пилот куәлігінің болуы және болғаны;

      2) ұшақтар мен дирижабльдер үшін көп мүшелі ӘК пилоты ретінде ұшып көтерілу кемінде 1500 сағат, тікұшақтар үшін - кемінде 1000 сағат;

      3) көп мүшелі экипажды үйлестіру бойынша нұсқаушылар үшін бекітілген курс шеңберінде рәсімдік жаттығу құрылғысында немесе ұшу жаттығу құрылғысында оқыту:

      ұшуды оқыту әдістемесі – 25 сағат (ұшу нұсқаушыны, ӘК үлгісіндегі нұсқаушыны, ӘК сыныбындағы нұсқаушыны, аспаптық рейтингінің нұсқаушысын, жаттығу құрылғысының нұсқаушысын дайындау бойынша өткен курс есептелінеді);

      теориялық оқыту әдістемесі (оқыту және зерделеу) – 25 сағат ұшу нұсқаушыны, ӘК үлгісіндегі нұсқаушыны, ӘК сыныбындағы нұсқаушыны, аспаптық рейтингінің нұсқаушысын, жаттығу құрылғысының нұсқаушысын дайындау бойынша өткен курс есептелінеді);

      пайдаланылатын жаттығу құрылғысын зерделеу бойынша техникалық оқу;

      ӘК үлгісіндегі нұсқаушыны, жаттығу құрылғысының нұсқаушысын немесе көп мүшелі экипажды үйлестіру бойынша нұсқаушыны осы мақсаттарда уәкілетті орган белгілеген бақылауымен және талаптарды орындай отырып тиісті жаттығу құрылғысында барлық курстың шеңберінде көп мүшелі экипажды үйлестіру бойынша практикалық дайындық/нұсқама 3 с кем емес.

7-параграф. Кешенді ұшу дайындығын жүргізу бойынша нұсқаушының біліктілік белгісін енгізу кезінде қойылатын біліктілік талаптар

      82. Кешенді ұшу дайындығын жүргізу бойынша нұсқаушының біліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) тиісті курстардың талаптарына жауап беретін нұсқаушы біліктілігін көрсете отырып қолданыстағы пилоттың куәлігі алдыңғы 3 жыл ішінде;

      2) осы мақсаттарда уәкілетті органбелгілеген бақылауымен және талаптарды орындай отырып кешенді ұшу дайындығын жүргізу бойынша нұсқаушының функцияларымен байланысты пилотаждық жаттығу құрылғысында ұшу дайындығы 3 сағаттан кем емес немесе егер кешенді ұшу дайындығын жүргізу бойынша нұсқаушы оқытуды тек аспаптар бойынша ұшудың оқу стендінде жүргізуге ниетті болғанда, оған нұсқаушының осы мақсаттарда уәкілетті орган белгілеген бақылауымен және талаптарды орындай отырып 3 сағаттан кем емес ұшу дайындығын жүргізу қажет;

      3) 12 ай ішінде өтінім берудің алдында қолданыстағы сыныпқа сәйкес немесе болжанатын оқытуға сәйкес үлгіде ұшу дайындығын тексеруден өту, ол оқытуды тек аспаптар бойынша ұшудың оқу стендінде жүргізуге ниетті болғанда, оған 12 ай ішінде өтінім берудің алдында ұшу дайындығын жүргізу қажет;

      4) кешенді ұшу дайындығын жүргізу бойынша нұсқаушының біліктілік белгісін (рейтингісін) ұзарту үшін ізденушіге соңғы 12 ай ішінде пилотаждық жаттығу құрылғысында 3 сағаттан кем емес оқытуды жүргізу, сондай-ақ пилотаждық жаттығу құрылғысында әуе кемесінің тиісті үлгісі немесе сыныбы үшін кәсіби жарамдылықты тексеруді орындау қажет.

      83. Үлгінің біліктілік белгісін (рейтингісін) алу үшін оқытатын нұсқаушыға мыналар талап етіледі:

      1) осы елде тіркелген әуе кемесі бойынша оқытуды жүргізу үшін басқа елдің талаптарына сәйкес, ИКАО сәйкес берілген куәлік және біліктілік белгілер (рейтингілер);

      2) үлгінің біліктілік белгісінің (рейтингісінің) нұсқаушысы ретінде ұқсас жаттығу құрылғыларында 100 сағат ұшып көтерілу немесе оқытуды орындау;

      3) рұқсаттың жарамдылық мерзімі уәкілетті органның қарау бойынша айқындалады, бірақ 3 жылдан аспайды;

      4) рұқсат мыналармен шектеледі:

      оқыту қандай да бір нұсқаушы біліктілік белгісін (рейтингісін) беру үшін жүзеге асырылмайды;

      оқуға тілді білетін курсанттар жіберіледі, онда оқыту жүргізіледі;

      көп мүшелі экипаждың экипаж мүшелерімен өзара іс-қимылы бойынша нұсқаушыны оқытпайды.