"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 тамызда № 15479 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      1 "Ауыл шаруашылығы" кіші функциясында:

      мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 004, 007, 014, 016, 017, 018, 019, 020, 021, 024, 028, 029, 030 және 031 бюджеттік бағдарламаларымен қоса 737 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:

      "737 Облыстың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы

      001 Жергілікте деңгейде ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

      002 Тұқым шаруашылығын қолдау

      003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

      004 Ауыл шаруашылығының ақпараттық-маркетингтік жүйесін дамыту

      007 Ақпараттық жүйелер құру

      014 Ауыл шаруашылығы таурларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау

      016 Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз ету

      017 Қазақстандық мақта талшығының және шитті мақта сапасын сараптау

      018 Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру

      019 Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер

      020 Басым дақылдарды өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуды субсидиялау

      021 Малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдарды, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұстау және жөндеу

      024 Малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдарды, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салу және реконструкциялау

      028 Уақытша сақтау пунктына ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызметтер

      029 Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс- шаралар

      030 Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді орталықтандырып сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру

      031 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты орталықтандырып сатып алу және оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдау (жеткізу)";

      мынадай мазмұндағы 013 және 015 кіші бюджеттік бағдарламаларымен қоса 037 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "037 Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру

      013 Республикалық бюджеттен берілген кредиттер есебінен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      мынадай мазмұндағы 038, 041, 045, 046, 047 және 048 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "038 Жануарлар ауруларының диагностикасы, профилактикасы, жануарларды емдеу, өңдеу үшін қолданылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы атрибуттарды және бұйымдарды сатып алу, сақтау және тасымалдау

      041 Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату

      045 Тұқымдық және көшет отырғызылатын материалдың сорттық және себу сапаларын анықтау

      046 Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алу және тіркеу

      047 Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау

      048 Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру";

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламаларымен қоса 050 және 051 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

      "050 Инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      051 Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      мынадай мазмұндағы 053 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "053 Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау";

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламаларымен қоса 054, 055 және 056 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

      "054 Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      055 Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      056 Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуды кредиттеу, сондай-ақ лизинг беру кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      мынадай мазмұндағы 057, 058, 059, 060, 061, 067, 100, 102, 103, 106, 107, 108, 109, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 121, 122, 123, 124, 125 және 126 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "057 Мал шаруашылығы саласында терең қайта өңдеуден өткізілетін өнімдерді өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсайтын өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау

      058 Өсімдік шаруашылығы саласында терең қайта өңдеуден өткізілетін өнімдерді өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсайтын өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау

      059 Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау

      060 Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағадарламасы шеңберінде микрокредиттерді ішінара кепілдендіру

      061 Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағадарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау

      067 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      103 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      113 Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысалы трансферттер

      114 Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері

      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау

      116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      117 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      119 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізу

      121 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      122 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізу

      124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу

      125 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      126 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттер";

      2 "Су шаруашылығы" кіші функциясында:

      мынадай мазмұндағы 068 және 069 бюджеттік бағдарламасымен қоса 737 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:

      "737 Облыстың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы

      068 Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

      069 Ерекше авариялы су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру";

      4 "Балық шаруашылығы" кіші функциясында:

      мынадай мазмұндағы 034 бюджеттік бағдарламасымен қоса 737 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:

      "737 Облыстың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы

      034 Тауарлық балық өсіру өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау";

      9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер" кіші функциясында:

      мынадай мазмұндағы 022 бюджеттік бағдарламасымен қоса 737 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:

      "737 Облыстың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы

      022 Агроөнеркәсiптiк кешен өнiмiнің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыру";

      мынадай мазмұндағы 013 және 015 бюджеттік кіші бағдарламаларымен қоса 025 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "025 Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер

      013 Республикалық бюджеттен берілген кредиттер есебінен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      мынадай мазмұндағы 035 және 040 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

      "035 Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру

      040 Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау үшін, қызметкелердің жеке қорғану заттарың, аспаптарды, құралдарды, техниканы, жабдықтарды және инвентарды орталықтандырып сатып алу";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      3 "Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау" кіші функциясында:

      472 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011, 015 және 032 бюджеттік кіші бағдарламаларымен қоса 026 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "026 "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауын;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрі
Б. Сұлтанов