Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 23.02.2018 № 11-1-4/66-2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 276-бабына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 шілдедегі № 11-1-2/295 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12026 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесінде:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
21. |
Корея Республикасының Елшілігі | ҚҚС-тың дипломатқа арналған бензин үшін қайтарылуы: айына бір қызметтік көлік үшін 600 литр. |
1. ҚҚС қайтару тек дипломатиялық персоналға жүргізіледі. |
";
2. "Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 11-1-2/314 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12036 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 қыркүйекте жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттер өкілдіктерінің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
"45-1. Португалия Республикасының Елшілігі.";
мынадай мазмұндағы 67-1-тармақпен толықтырылсын:
"67-1. Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығы.";
мынадай мазмұндағы 77-1-тармақпен толықтырылсын:
"77-1. Астана қаласындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесі.";
мынадай мазмұндағы 96-тармақпен толықтырылсын:
"96. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушылар үшін жеңілдіктер мен преференциялар туралы келісімге сәйкес жеңілдіктер мен преференцияларға құқығы бар тұлғалар.".
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет - ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік және бақылау департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Қ. Әбдірахманов |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов _______________
2017 жылғы "___"__________