"Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 412 бұйрығына өзгерісте

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 251 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 тамызда № 15436 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 412 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 14223 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін белгілейді.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Табиғи монополия салаларына жататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады.

      Егер біртекті тауарлардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәніндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы Қағидалардың 51-54-тармақтарында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Конкурстық комиссия төрағасының орынбасары ретінде ұйым басшысының орынбасары, ал штаттық кестеде ұйым басшысы орынбасарының лауазымы болмаған жағдайда функционалдық міндеттемелерге сәйкес ұйымның бірінші басшысының міндеттемелері жүктелетін тұлға болып табылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша интернет-ресурсында конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

      Конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда органның және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарда конкурс туралы хабарландыру орналастырылады.

      Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні конкурстық хабарлама орналасқан күннен бастап кемінде күнтізбелік жеті және он бес күннен аспауы қажет.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Конверттерді ашу хаттамасы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және конверттер ашылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылады.

      Конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда конверттерді ашу хаттамасы органның интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.";

      мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:

      "39-1. Жинаған балл және ұсынған міндеттемелерді орындау шарттары тең болған кезде сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында, оның ішінде тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлері бойынша мол жұмыс тәжірибесі бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады. Бірнеше әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрынырақ келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Конкурс өткізілмеді деп танылғанда конкурсты ұйымдастырушы күнтізбелік жеті күн ішінде конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсты қайта өткізу туралы хабарландыруды жариялайды.

      Конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда конкурс туралы хабарландыру органның интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарда орналастырылады.

      Қайта өткізілген конкурс 43-тармақта көрсетілген жағдайларда өткізілмеді деп танылғанда конкурсты ұйымдастырушы қызмет көрсететін өнім берушіні немесе тауарларды жеткізушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 51-54-тармақтарында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Шарт тиісті қаржы жылына міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және шартты орындау кезінде қаржы жылы шегінде өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін ұзартылады, бірақ екі реттен артық ұзартылмайды.

      Көрсетілетін қызметтер мен тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілгенде қолданыстағы шартқа қосымша келісім жасалады.

      Шарт бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

      Өнім беруші таңдауының негізі болып табылатын сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда, шартта көрсетілген тауарлар мен қызметтердің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі жағдайында жасалған шартқа тапсырыс берушінің бюджетіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда өзгерістерді енгізуге рұқсат беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 50-1 тармақпен толықтырылсын:

      "50-1. Шарт бойынша тауарларды берудің, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмайды, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Конкурс қорытындыларын шығарғанға дейінгі, бірақ қаржы жылының кемінде үш айдан аспайтын кезеңге немесе қайта өткізілген конкурс өткізілмеді деп танылғанда қажеттілікке сәйкес қызметтерді көрсету немесе тауарларды жеткізу қажет болғанда конкурсты ұйымдастырушы қызмет көрсететін өнім берушіні немесе тауарларды жеткізушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      Аталған шешім қабылданған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы қызметтер көрсету немесе тауарларды жеткізу бойынша қызметтер көрсететін немесе тауарларды жеткізетін өнім берушіге сұрату жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 55-1, 55-2 және 55-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "55-1. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап:

      1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алған;

      2) конкурс қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған (көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды);

      3) шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайларда үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім беруші енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзіне қайтарады.

      55-2. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:

      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған немесе екінші орын алған әлеуетті өнім беруші тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін жеткізу туралы шарт жасасудан жалтарған;

      2) конкурс жеңімпазы не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда соманы енгізбесе конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.

      55-3. Осы Қағидалардың 55-2-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне аударылады.";

      мынадай мазмұндағы 59, 60-тармақтарымен толықтырылсын:

      "59. Конкурсты ұйымдастырушы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерін жеткізушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарт орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

      "60. Әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның, сарапшының әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдерін егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына не сот тәртібінде шағым жасауға құқылы.";

      қағидаларға 2-қосымшада Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама:

      Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшада:

      реттік нөмері 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аумағында кәсіпкер ретінде тіркелуінің бар болуы

0 балл
 

2 балл

      ";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе: 1-тармақ бойынша конкурстың мәні жөнінде тәжірибе бұған дейін жасасқан шарттармен расталады, 5-тармақ бойынша жабдықтарға құқық белгілеуші құжаттарды ұсыну қажет.";

      Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшада:

      реттік нөмері 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында кәсіпкер ретінде тіркелуінің бар болуы

0 балл
 

2 балл

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Е.Е. Ерсайынов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      ________________ Е. Біртанов

      2017 жылғы 3 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      _______________ Т. Дүйсенова

      2017 жылғы 11 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 18 маусым