Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 27.06.2019 № 140/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 133 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13351 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесінде:
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органының интернет-желісінде (http://stat.gov.kz) жарияланған "Халықты жұмыспен қамту және еңбек ақы төлемі" статистикалық бюллетені бойынша соңғы жыл үшін жобаның іске асырылуының нақты орны үшін "Бағдарламалық қамтамасыз ету инженері" – Зоcp. кәсібі бойынша жалақы мөлшерін анықтаймыз. Әрі қарай соңғы үш жыл үшін инфляцияның орташа мөлшерін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органының тарихи деректері бойынша өткен соңғы үш жыл мәнінің орташа арифметикалық мәні ретінде анықтаймыз – Иcp. Келесі формула (9) бойынша жобаның іске асырылуының орташа жыл санын анықтаймыз:
(9)
мұндағы:
квадратты жақшалар санның бүтін бөлігін:
R – жобаның айлармен берілген іске асырылу мерзімін (осыған дейін осы Әдістеменің 39-тармағы бойынша анықталған) білдіреді.
Іске асырылудың әрбір i жылы үшін орташа айлық кесімді жалақыны Зicp мына қорына (10) бойынша анықтаймыз:
(10)
мұндағы i 1-ден Гср дейін өзгереді.
Бұдан әрі іске асырылудың әрбір жылы үшін сәйкес инженер бағдарламашының 1 адам-айының орташа құнын (11) формула бойынша анықтаймыз:
(11)
мұндағы:
i 1-ден Гср дейін ауысады;
ПСН – орташа айлық жалақының пайызбен алғандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік салығы;
ПНР – орташа айлық жалақының пайызбен алғандағы қосымша үстеме шығындар (жалға алу, іссапар шығындары, кеңсе тауарлары, демалыс шығындары және т.б);
ПРП – орташа айлық жалақының пайызбен алғандағы кезең шығыны (әкімшілік басқару персоналына және маркетингке жұмсалатын шығындар);
ПР – рентабельділік,
ПНДС – қосылған құн салығы.
Әзірлеуші шығынының нормативті коэффициенттерінің мәні (ПНР, ПРП, ПР) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындардың нормативтерінде келтірілген.
Іске асыру жылдары бойынша ақпараттық жүйенің әзірлеу еңбек сыйымдылығын (12) формула бойынша анықтаймыз:
(12)
мұндағы i 1-ден Гср ауысады.
СППО ақпараттық жүйенің қолданбалы бағдарламалық қамтылымды әзірлеуге кететін жұмыс құны (13) формула бойынша анықталады:
(13)
мұндағы:
СИСПЫТ – бағдарламалық қамтылымды сынау құны";
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. АЖ ҚБҚ пайдалануды қолдаудың 1 жылының құнын (17) формула бойынша есептеледі:
(17)
мұндағы:
Cср - персоналды пайдаланумен айналысатын 1 адам-айының құны;
nn - пайдалануды қолдау процесін дайындаумен айналысатын персоналдың нормасы;
nисп - пайдалану сынақтарын жүргізумен айналысатын персоналдың нормасы;
nп.польз - жүйенің пайдаланушыларын қолдаумен айналысатын персоналдың нормасы;
k – пайдалану сынақтарын жүргізудей кезіндегі жұмыс қажеттіліктерінің коэффициенті (егер жүйе тәжірибелік пайдалануда болса k=1, егер жүйе өнеркәсіптік пайдалануда болса k=0).";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындар нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті (Ж.З. Жахметова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі |
Д. Абаев |
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындар нормативтері Функционалды бірліктері кесіндісіндегі үдерістер бойынша еңбек сыйымдылығының нормативтері
№ | Үдеріс атауы | Функционалдық өлшем бірлігі | ||||
пайдалану нұсқасы | объект типі | объект типі қасиеттері | объектілер арасындағы өзара іс-әрекет қасиеттері | торап типі | ||
Еңбек сыйымдылығы, адам сағат | ||||||
1 | Бизнес модельдеу | 32,12 | 28,33 | 0,00 | 14,15 | 0,00 |
2 | Талаптарды басқару | 58,03 | 28,04 | 0,00 | 20,32 | 0,00 |
3 | Жобалау | 45,42 | 61,75 | 31,35 | 37,52 | 24,02 |
4 | Іске асыру | 31,57 | 81,51 | 50,72 | 36,11 | 0,00 |
5 | Тестілеу | 88,96 | 0,00 | 0,00 | 0,00 | 0,00 |
6 | Өрістету | 8,69 | 0,00 | 0,00 | 0,00 | 23,74 |
Қолданбалы бағдарламалық қамтылымды әзірлеу және қолдап отыру еңбек сыйымдылығының жеке түзету коэффициенттері
Жеке түзету коэффициенттерінің тобы | Жеке түзету коэффициентінің белгіленуі және факторы | Жеке түзету коэффициентінің сипаттамасы | Мәні |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ішкі факторлар | АЖ пайдалану режимі К1 | Нақты технология немесе бағдарламалық қамтылым жүйесінде қабылданған өңдеу түріне байланысты анықталады. Мынадай мәндерге ие болады: | |
деректерді уақыттың бөліну режимінде өңдеу | 1 | ||
деректерді параллельді өңдеу | 1,04 | ||
деректерді шынайы уақыт режимінде өңдеу | 1,05 | ||
деректердің біріктірілген өңдеуі | 1,07 | ||
АЖ масштабы К2 | Масштаб бір уақытта жұмыс істейтін пайдаланушылар санымен анықталуы мүмкін. Мынадай мәндерге ие болады: | ||
шағын АЖ (ұзаққа созылмайтын өмірлік циклды 10 пайдаланушыға дейін) | 0,95 | ||
орташа АЖ (ұзақ өмірлік циклды ірі жүйеге дейін өсу мүмкіндігімен 11-ден 100 пайдаланушыларға дейін) | 1 | ||
ірі АЖ (101-ден 1000 дейін ұзақ ӨЦ және мұраға алынған жүйелері бар пайдаланушылар) | 1,05 | ||
өте ірі АЖ (1000 астам қолданушылар) | 1,08 | ||
АЖ тұрақтылығы К3 | Оның ішкі эволюциялық аспектілері немесе қолдап отыру үдерісіндегі тұрақтылығына байланысты анықталады. Мынадай мәндерге ие болады: | ||
үнемі өзгерістер енгізу | 1,1 | ||
дискретті өзгерістер енгізу | 1 | ||
ықтималдығы аз өзгерістер енгізу | 0,95 | ||
Рұқсат етілмеген қолжетімдіктен қорғау К4 | Рұқсат етілмеген қолжетімділікті болдырмау немесе айтарлықтай қиындықтар. Мынадай мәндерге ие болады: | ||
күшті | 1,05 | ||
орташа | 1 | ||
әлсіз | 0,98 | ||
Бағдарламаларды және деректерді қорғау (операциялық жүйе деңгейінде, желілік бағдарламалық қамтылым деңгейінде, ДҚБЖ деңгейінде) К5 | күшті | 1,03 | |
орташа | 1 | ||
әлсіз | 0,97 | ||
операцияны бақылау ізі К6 | Жүйедегі рұқсатсыз өзгерістерді тіркеу мүмкіндігі: | ||
жоқ | 1 | ||
таңдамалы қадағалау | 1,08 | ||
толық қадағалау | 1,13 | ||
Жұмыс істемеуін болдырмау К7 | Жүйенің кейбір уақыт аралығында жұмысқа қабілетті жай-күйін үздіксіз сақтау қасиеті. Мынадай мәндерге ие болады: | ||
жоғары | 1,15 | ||
орташа | 1 | ||
төмен | 0,92 | ||
Қайта қалпына келуі К8 | Бас тартудан кейін жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтірудің орташа уақыты | ||
Мынадай мәндерге ие болады: | |||
жоғары | 1,12 | ||
орташа | 1 | ||
төмен | 0,98 | ||
өңдеу ұзақтығы (жауап беру уақыты) К9 | Жүйенің кіру әсерлеріне тез реакциясы. Мынадай мәндерге ие болады: | ||
тез | 1,21 | ||
орташа | 1 | ||
жай | 0,92 | ||
АЖ әзірлеудің бастапқы тілі К10 | АЖ әзірлеу кезінде қолданылатын бастапқы тіл түріне байланысты анықталады. Мынадай мәндерге ие болады: | ||
дәстүрлі (Кобол, Фортран және т.б.) | 1,08 | ||
рәсімдік (Си немесе эквивалентті) | 1,09 | ||
функционалды (Лисп немесе эквивалентті) | 1,07 | ||
объектіге бағытталған (Си++ немесе эквивалентті) | 1 | ||
Орта факторы | Пайдаланушы сыныбы К11 | Белгілі бір пайдаланушылар класының шеберлік деңгейіне немесе сипаттамасына байланысты анықталады. Пайдаланушы қарастырылатын жүйеге қатысты сыртқы болып табылатын жүйе бола алады. Мынадай мәндерге ие болады | |
бастапқы | 1,12 | ||
орташа | 1,07 | ||
маман (сарапшы) | 1 | ||
кездейсоқ | 1,14 | ||
басқа АЖ (БҚ) | 1,06 | ||
техникалық құралдар | 1,09 | ||
Орталық өңдеу құралына қойылатын талаптар (процессорға) К12 | Процессордың тактілі жиілігіне (процессор жылдамдығы) қойылатын талаптарымен анықталады. Мынадай мәндерге ие болады: | ||
жоғары | 0,99 | ||
орташа | 1 | ||
Жедел (негізгі) жадыға қойылатын талаптар К13 | АЖ жедел жадыға қойылатын талаптармен (көлемі, тез әрекет етуі) сәйкестендірілуі тиіс. Мынадай мәндерге ие болады: | ||
үлкен | 1 | ||
кіші | 1,04 | ||
Сыртқы жадыға талаптар К14 | АЖ сыртқы жадыға қойылатын талаптармен (көлемі, тез әрекет етуі) сәйкестендірілуі тиіс. Мынадай мәндерге ие болады: | ||
үлкен | 1 | ||
кіші | 1,01 | ||
Жергілікті есептеу желісіне қойылатын талаптар К15 | АЖ ЖЕЖ қойылатын талаптармен (өткізу қабілеті, желідегі ақпаратты қорғау) сәйкестендірілуі тиіс. Мынадай мәндерге ие болады: | ||
жоғары талаптар | 1 | ||
орташа талаптар | 1,02 | ||
АЖ сыншылдығы К16 | Бағалаудың нақты әдістемесін ескере отырып, өнімнің толықтық деңгейіне байланысты анықталады. Мынадай мәндерге ие болады: | ||
адам өмірі | 1,18 | ||
ұлттық қауіпсіздік | 1,16 | ||
әлеуметтік берекетсіздік және үрей | 1,13 | ||
ұйымдастырушылық қауіпсіздік | 1 | ||
Дайындығы К17 | Қолда бар ҚБҚ түріне байланысты анықталады. Мынадай мәндерге ие болады: | ||
дайын күйде болуы (альтернативті өнімдер бар) | 0,99 | ||
жалпыға қолжетімді (танымал әдістеме) | 1 | ||
тапсырыс берілген (тапсырыс берушінің айрықша әдістемесі) | 1,11 | ||
патенттелген (әзірлеушінің әдістемесі) | 1,09 | ||
Деректер факторы | Деректерді беру К18 | Деректер элементтеріне, түріне және құрылымына байланысты анықталады. Мынадай мәндерге ие болады: | |
реляциялық | 1 | ||
индекстелетін (иерархиялық) | 1 | ||
желілік | 1,08 | ||
объектілік | 1,09 | ||
форматталған файл | 0,95 |
Функционалды өлшемі
Пайдалану нұсқаларының саны | Объектілер типінің саны | Объектілер типі қасиеттерінің саны | Объектілер типі арасындағы өзара іс-әрекеттер саны | Тораптар саны | |
SIZE | С | E | T | I | N |
Әзірлеушінің шығындарының нормативтік коэффициенттерінің мәні
№ № | Көрсеткіштің атауы | Белгіленуі | Норматив |
1 | Қосымша үстеме шығындар (жалға алу, іссапарлар, кеңсе тауарлары, демалыс шығындары және т.б.) | ПНР | 71,5 % |
2 | Кезең шығындары (әкімшілік басқару персонал және маркетинг шығындары) | ПРП | 48 % |
3 | Рентабельдік | ПР | 25 % |
4 | Еңбек сыйымдылығының икемділік коэффициенті | L | 0,75 |
5 | ҚБҚ қолдап отыру еңбек сыйымдылығының коэффициенті | N | 15 % |
Әзірлеу мерзімінің еңбек сыйымдылығына тәуелділігі
№ | ҚБҚ әзірлеу мерзімі | Еңбек сыйымдылығы (адам-ай) |
1 | 1 ай | 5 – 30 |
2 | 2 ай | 10 – 80 |
3 | 3 ай | 17 – 140 |
4 | 4 ай | 26 – 210 |
5 | 5 ай | 37 – 280 |
6 | 6 ай | 50 – 340 |
7 | 7 ай | 65 – 400 |
8 | 8 ай | 80 – 450 |
9 | 9 ай | 100 – 500 |
10 | 10 ай | 120 – 550 |
11 | 11 ай | 140 – 610 |
12 | 12 ай | 160 – 670 |
13 | 13 ай | 180 – 720 |
14 | 14 ай | 200 – 770 |
15 | 15 ай | 230 – 820 |
16 | 16 ай | 260 – 870 |
17 | 17 ай | 290 – 930 |
18 | 18 ай | 330 – 990 |
19 | 19 ай | 370 – 1040 |
20 | 20 ай | 420 – 1090 |
21 | 21 ай | 470 – 1150 |
22 | 22 ай | 530 – 1200 |
23 | 23 ай | 600 – 1250 |
24 | 24 ай | 670 – 1300 |
25 | 25 ай | 750 – 1350 |
26 | 26 ай | 830 – 1400 |
27 | 27 ай | 900 – 1450 |
28 | 28 ай | 970 – 1500 |
29 | 29 ай | 1150 – 1550 |
30 | 30 ай | 1230 – 1600 |
31 | 31 ай | 1310 – 1660 |
32 | 32 ай | 1390 – 1720 |
33 | 33 ай | 1470 – 1780 |
34 | 34 ай | 1520 – 1840 |
35 | 35 ай | 1570 – 1900 |
36 | 36 ай | 1620 – 1960 |
37 | 37 ай | 1680 – 2020 |
38 | Әр кейінгі ай үшін | 40 адам-ай қосылады |
Пайдалануды қолдау үдерісінде жұмыс істейтін персоналдың нормасы
Қолдау үдерісімен қамтылған пайдаланушылар саны | Пайдалануды қолдау үдерісін дайындаумен айналысатын персоналдың нормасы, адам/ай | Пайдалану сынақтарын жүргізетін персоналдың нормасы, адам/ай | Пайдаланушыларды қолдаумен айналысатын персоналдың нормасы, адам/ай | |
есепке алынатын ақпараттық жүйелер үшін | аналитикалық ақпараттық жүйелер үшін | |||
1-50 | 1 | 6 | 12 | 60 |
51-100 | 24 | 120 | ||
101-200 | 36 | 180 | ||
201-400 | 48 | 240 | ||
Әрбір қосымша 100 пайдаланушы | + 12 | +60 |