"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 510 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 шілдеде № 15309 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 510 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9733 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 22 қазанда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. "Әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланған не сотталғандардың мекемеде болу мүмкіндігін жоққа шығаратын ерекше жағдайлар режимін енгізген жағдайда сотталғандарды басқа мекемелерге ауыстыру Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы А.Х. Базылбековке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов