Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.01.2020 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11176 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – балық шаруашылығын дамытуды қоспағанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
3) мақта иесi – меншiк құқығында шиттi мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға;
4) мақта талшығы сапасына сараптама жасау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындаған сараптамалық ұйым;
5) мақта талшығының сапасына сараптама жасау – сынаманы iрiктеп алумен сынақтан өткiзудi, мақта талшығының сапасы туралы куәлiктi рәсiмдеудi қамтитын мақта талшығы сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi;
6) шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алушылар – шитті мақта мен мақта талшығының иелері;
7) шитті мақта сапасына сараптама жасау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіппен шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру құқығына аккредиттелген шитті мақта сапасының сараптамасы бойынша сынақ зертханасы (орталық);
8) шиттi мақтаның сапасына сараптама жасау – сынаманы iрiктеп алу мен сынақтан өткiзудi, шиттi мақтаның сапасы туралы куәлікті рәсiмдеудi қамтитын шиттi мақта сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi.";
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Шитті мақта сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің және мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің Мемлекеттік корпорацияға:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақтаның сапасы туралы берілген куәліктер немесе мақта талшығы сапасының паспорттары бойынша жиынтық актіні қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтер үшін субсидиялар алуға өтінім беруі.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Бөлім жыл сайын жиырмасыншы мамырға дейін аудан (қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында субсидиялар алуға құжаттарды қабылдау мерзімін көрсетіп, Мемлекеттік корпорацияның субсидиялау бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастағаны, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерден осы Қағидалардың 9-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес өтінім мен құжаттарды қабылдайды және оларды Бөлімге Комиссияның қарауына қолма-қол ұсынады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Оңтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы тиісті жиынтық ведомості бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне қағаз жеткізгіште берген кезде екі данада төлем шоттары тізілімін және төлем шотын ұсынады, ал төлем шотын "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша өткізген кезде төлем шоттары тізілімі ұсынылмайды.
Оңтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы бір мезгілде осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінімнің қарастырылу нәтижелері туралы хабарламаны Мемлекеттік корпорацияға береді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Оңтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына берілген субсидиялар туралы жиынтық ақпаратты бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша он бесінші шілдеден кешіктірмей, ал жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірмей береді.
Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына берілген субсидиялар туралы жиынтық ақпарат Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында осы Қағдиларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың он бесінші қаңтарынан кешіктірмей орналастырылады.";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 6-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
___________ Д. Абаев
2017 жылғы 25 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 20 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 1 маусым
___________ кезеңіндегі шитті мақта мен мақта талшығы сапасының
сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтер үшін субсидиялар алуға арналған
өтінім
____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(құрылтай құжаты)
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы)
атынан басшысы _________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))
___________ мақта сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтер үшін
субсидиялар төлеуді сұрайды.
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтер
ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыным
туралы хабардармын.
Басшы ____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))
Бас бухгалтер ______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))
Мөр (бар болса) орны
"___" __________ 20___ жыл
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы: ________________ _____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса))
Мөр (бар болса) орны
"_____" _______________ 20__ жыл
Өтiнiм 20 __ жылғы "___"__________________________ қарауға қабылданды.
________________________________ облысы ______________________________ауданының
ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы ____________ ________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса))
Мөр (бар болса) орны
Субсидия алуға өтінімді қарастыру нәтижелері туралы
20 ___ жылғы "___" _______________№_____ хабарлама
Көрсетілетін қызметті алушы ______________________________________________________
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)/
немесе сенімхат бойынша оның өкілі)
Жүгінудің мақсаты _______________________________________________________________
(субсидияланатын бағыт)
Өтініш берген күні 20 ___ жылғы "_____" ________________________
Комиссияның шешімі:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
__________________________ облысы __________________ ауданының (қаласының)
ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)/
немесе сенімхат бойынша оның өкілі)
___________________ "___" _____________ 20___жыл
(қолы, күні)