БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркелген, 2015 жылы 6 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарашпыларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және сараптама жұмыстары мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларға аттестаттау жүргізу тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Аттестаттау сарапшылардың кәсіби дайындық деңгейі мен құзыреттілігін, сәулет, қала құрылысы мен құрылыс және қоршаған ортаны қорғау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен гигиеналық нормативтер саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескеріп, жаңа талаптарды зерттеу мақсатында жүргізіледі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
1) қала құрылысы;
2) жобалау алдындағы құжаттама;
3) сәулет;
4) конструкциялық бөлігі;
5) инженерлік желілер және жүйелер (инженерлік желілер және жүйелердің түрлері бойынша);
6) технологиялық бөлігі (объектінің мақсатына байланысты);
7) жобаның арнайы бөлігі;
8) экологиялық бөлімі;
9) санитариялық-эпидемиологиялық бейіні.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Аттестаттауға:
1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін – қала құрылысы, жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдері бойынша жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдерін әзірлеу және (немесе) сараптау бойынша бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
2) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
3) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес тәжірибесі бар адамдар;
4) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес тәжірибесі бар адамдар;
5) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
6) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
7) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж өндірісінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
8) сәулет бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
9) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
10) сәулет бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және жобалау қызметінде кемінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
11) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және жобалау қызметінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
12) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және есеп пен конструкциялау мамандығы бойынша жобалау қызметінің үш жылдан кем емес немесе осы бағытта бес жылдан кем емес сарапшы жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
13) экологиялық бөлімі бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін – қала құрылысы, жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімі бойынша жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың экологиялық бөлімін сараптау бес жылдан кем емес немесе жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімі бойынша әзірлеу және (немесе) сараптау жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
14) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін – санитариялық-эпидемиологиялық бейіні бойынша жоғарғы медициналық білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың бөліміне сәйкес сараптама бойынша жұмыс тәжірибесі бес жылдан кем емес бар адамдар.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Аттестаттаудан өту үшін өтініш берушілер мынадай құжаттарды жібереді:
1) жергілікті атқарушы органға:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат – өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;
кәсіптік жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, тиісті құжаттардың көшірмелері);
еңбек кітапшасының көшірмесі.
Өтініш беруші еңбек кітапшасын дәйекті себептер бойынша ұсынбаған жағдайда, ол еңбек қызметін растайтын мынадай құжаттардың бірін тапсырады:
жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау және оны тоқтату негіздері туралы белгісі бар еңбек шарты;
жұмыс берушінің еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын актілерінен үзінді;
жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен немесе нотариалды расталған қызметтік тізім (жұмыс, қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтердің тізбесі);
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
көшірмелерін ұсынған жағдайда, салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады немесе болмаған жағдайда құжаттарды нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады;
2) "электрондық үкімет" веб-порталына: www.egov.kz:
өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
кәсіптік жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, тиісті құжаттардың көшірмелері – құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде электрондық сұрауға қоса тіркеледі);
еңбек кітапшасының көшірмесі (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде электрондық сұрауға қоса тіркеледі).";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Құжаттарды жинақтау нәтижесі бойынша жергілікті уәкілетті орган аттестаттаудан өтуге өтініш берген адамдардың тізімін қалыптастырады және тестілеуге жіберілген өтініш берушілердің тестілеу кестесін жасайды, бұл ретте құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігі 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады. Аттестаттау өткізу мерзімі жергілікті уәкілетті органға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш жасаған кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде.".
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________ Д. Абаев
2017 жылғы "___" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
________________ Е. Біртанов
2017 жылғы "___" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
________________ Л.Актаева
2017 жылғы "___" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
________________ Қ. Бозымбаев
2017 жылғы "___" __________