"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшылар

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 сәуірде № 15081 болып тіркелді

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 350 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 тамызда № 14151 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу қағидаларында:

      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің, басқармалардың, бөлімдердің жұмыскерлері үшін жергілікті әскери басқару органдарындағы азаматтық қызметші (білікті жұмысшыларды қоспағанда) және әскери қызметшілер лауазымдарындағы (жұмысшылар мамандықтарына ұқсас лауазымдарды қоспағанда) барлық жұмыс кезеңі есептеледі;".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментінің бастығы:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын;

      3) бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Ә.Б. Сқақовқа жүктелсін.

      4. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов