"Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 70 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 сәуірде № 14979 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.04.2020 № 158 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық актілер жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ____________ Д. Абаев

      2017 жылғы 28 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 27 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 17 ақпандағы
№ 70 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 cәуірдегі
№ 198 бұйрығына
12-қосымша

"Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында қарастырылған жағдайлар және негіздер бойынша бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы не бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тарту жөніндегі дәлелді шешімі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияда: 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз.

      Құжаттарды қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация бөлімінін таңдауы бойынша, "электронды" кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, "Электронды үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық кезекті "брондауға" болады;

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;

      2) бала асырап алу жөніндегі агенттіктің сенім білдірген адамға берген нотариатта куәландырылған сенімхаты.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттар мәліметтерін, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру басын растайтын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 жұмыс күні ішінде дайын нәтижені көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:

      1) 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі нормаларының сақталмауы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы, портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Жеке немесе заңды тұлғаның арызында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорациясының қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорациясының басшысына жіберіледі.

      Қызметті берушінің кеңсесінде немесе мемлекеттік корпорацияда қолма-қол, сонымен бірге пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы өтініш білдіргенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Портал арқылы өтініштерді жолдау кезінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші тарапынан шығымдарды өңдеу барысында (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарастыру немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отыратын ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі, портал арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінсе, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды тұрғылықты жеріне бара отырып мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.bala-kkk.kz интернет-ресурсында;

      3) Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

      4) egov.kz. порталында орналасқан.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  "Бала асырап алу жөніндегі
агенттікті аккредиттеу мерзімін
ұзарту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау
комитетінің төрағасы
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
  болған жағдайда)
бала асырап алу жөніндегі
агенттіктің cенім білдірген
адамы
____________________________
(байланыс телефондарын
көрсете отырып, қысқартусыз толық агенттіктің атауы,
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Өтініш

      Сізден бала асырап алу жөніндегі агенттікті

      ________________________________________________________________________________

      (агенттіктің және ол орналасқан мемлекеттің атауы)

      аккредиттеу мерзімін ұзарту мәселесін қарастыруды сұраймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      "___" _______ 20__ жыл            ______________________________

      сенім білдірілген адамның қолы

  "Бала асырап алу жөніндегі
агенттікті аккредиттеу мерзімін
ұзарту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан

      Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, "Азаматтарға арналған

      үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

      филиалының № __ бөлімі

      _______________________________________________________________________________

      (мекенжайды көрсету)

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттар

      топтамасының толық болмауына байланысты

      _______________________________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

      мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _________________________________________________________________;

      2) _________________________________________________________________;

      3) ....

      Осы қолхат әр тарапқа біреуден екі данада жасалды.

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      (Мемлекеттік корпорациясының қызметкері)                  __________________

      (қолы)

      Орындаушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _______________________________

      Телефоны ______________________________________________________________

      Қабылдаушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ______________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      "____" _____________ 20__ жыл