Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 3-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12788 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрық тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – орта білім беру ұйымдары) ақылы және тегін негізде оқитындарға тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді немесе тауарларды сатып алу тәртібін белгілейді.";
64-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Шарт бөлінген қаражат шегінде тиісті қаржы жылында міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жасалады және шарт мерзімі аяқталғаннан кейін өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда екі реттен көп емес ұзартылады.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Көрсетілетін қызметті жеткізуші беруші жалдау шартын алғаннан кейін білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті көрсеткенге дейін объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.";
75-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 69, 70, 71, 72-тармақтарының ұқсастығы бойынша жүзеге асырылады.";
77- тармақ алынып тасталсын;
78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"78. Білім беру ұйымдарының медициналық пунктінің медицина қызметкері асхана қызметкерлерінің медициналық тексеруден уақытылы өтуін бақылайды.";
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Орта білім беру ұйымдарында ата-аналар комитеті өкілдерінің, мектеп әкімшілігінің, білім беру ұйымдарының медициналық пунктінің медицина қызметкерінің және басқа адамдардың қатысуымен тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылады. Орта білім беру ұйымының басшысы комиссия төрағасы болып табылады.";
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшада:
Орта білім беру білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырмада:
жетінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"Өнім беруші білім беру ұйымының Санитарлық қағидалармен бекітілген нысан бойнша дайын өнімнің сапасына (бракераж) бақылау журналын жүргізуге жағдайды қамтамасыз етеді.";
жиырма төртінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтің әлеуетті өнім берушісінің өтінімдері, егер:
1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
2) егер әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары және (немесе) аталған әлеуетті өнім берушінің өкілі өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
3) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;
4) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болса қабылданбайды.";
жиырма тоғызыншы бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарлардың әлеуетті өнім берушісінің өтінімдері, егер:
1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
2) егер әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары және (немесе) аталған әлеуетті өнім берушінің өкілі өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
3) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;
4) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болса қабылданбайды.";
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшада:
"
11. | Тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа және ферма қожалығы, жылыжай, бақша шаруашылығы және басқалары) (кемінде 2 балл) |
Жоқ |
Бар |
"
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
11. | Тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа және ферма қожалығы, жылыжай және басқалары) (кемінде 2 балл) |
Жоқ |
Бар |
";
"
18. | Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында тіркелуінің бар болуы |
Жоқ |
Бар |
"
реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
18. | Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында, астанада тіркелуінің бар болуы |
Жоқ |
Бар |
";
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшада:
"
6. | Тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа және ферма қожалығы, жылыжай, бақша шаруашылығы және басқалары) (кемінде 2 балл) |
Жоқ |
Бар |
"
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа және ферма қожалығы, жылыжай және басқалары) (кемінде 2 балл) |
Жоқ |
Бар |
";
"
9. | Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында тіркелуінің бар болуы |
Жоқ |
Бар |
"
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. | Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында, астанада тіркелуінің бар болуы |
Жоқ |
Бар |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1. Осы Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік мекемелердің (бұдан әрі – ММ), мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың (бұдан әрі – МКҚК), шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі – ШЖҚМК) ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алудың тәртібін белгілейді.";
48-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Шарт бөлінген қаражат шегінде тиісті қаржы жылында міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жасалады және шарт мерзімі аяқталғаннан кейін өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда екі реттен көп емес ұзартылады.";
57-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 51, 52, 53, 54-тармақтарының ұқсастығы бойынша жүзеге асырылады.";
Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшада:
Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырмада:
бесінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарларды жеткізуші әлеуетті өнім берушінің өтінімдері, егер:
1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
2) егер әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары және (немесе) аталған әлеуетті өнім берушінің өкілі өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
3) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;
4) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болса қабылданбайды.";
Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшада:
"
6. | Тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа және ферма қожалығы, жылыжай, бақша шаруашылығы және басқалары) (кемінде 2 балл) |
Жоқ |
Бар |
"
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа және ферма қожалығы, жылыжай және басқалары) (кемінде 2 балл) |
Жоқ |
Бар |
";
"
9. | Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында тіркелуінің бар болуы |
Жоқ |
Бар |
"
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. | Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында, астанада тіркелуінің бар болуы |
Жоқ |
Бар |
";
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларына 6-қосымшада:
5-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін.
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы |
Б. Асылова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
____________________Е. Біртанов
2017 жылғы 27 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________________Б. Сұлтанов
2017 жылғы 28 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 28 ақпан