"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті (Ж.З. Жахметова) белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі |
Д. Абаев |
"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі
1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсы;
2) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсы;
3) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсы;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсы;
5) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсы;
6) Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсы;
7) Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-ресурсы;
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурстары (economy.gov.kz, kds.gov.kz, kremzk.gov.kz, kzpp.gov.kz);
9) Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсы;
10) Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының интернет-ресурсы.
2. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілері:
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы;
2) "электрондық үкіметтің" шлюзі;
3) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;
4) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;
5) "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;
6) "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі" ақпараттық жүйесі;
7) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі;
8) "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;
9) "Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі;
10) "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталы" ақпараттық жүйесі;
11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;
12) кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
13) тәуекелдерді селективті бақылау және басқару;
14) сыртқы сауда кеден статистикасының деректеріне қолжетімділікті статистикалау, талдау және ұйымдастыру;
15) голографиялық қорғау элементі бар есептік-бақылау маркасын пайдалана отырып, алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау;
16) акциздік өнімдердің және мұнай өнімдері жеке түрлерінің өндірілуі мен айналымын бақылау (Акциз);
17) интеграциялық деректер қоймасы;
18) "Web-декларант" электрондық декларациялау кешені;
19) қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
20) "АХАЖ" ақпараттық жүйесі;
21) "Жылжитын мүлік тізілімі" ақпараттық жүйесі.
22) "Ұлттық зияткерлік меншік институты" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
23) "e-learning" электрондық оқыту ақпараттық жүйесі;
24) "Салық төлеуші кабинетінің Web-қосымшасы" ақпараттық жүйесі;
25) "Салық есептілігін өңдеу жүйесі" ақпараттық жүйесі;
26) "Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы" ақпараттық жүйесі;
27) "Ықпалдастырылған салықтық ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі;
28) "Деректерді бірыңғай сақтау орны" ақпараттық жүйесі;
29) "Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот" ақпараттық жүйесі;
30) "ҚР Қаржымині МКК Web-порталы" ақпараттық жүйесі;
31) "Салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімі" ақпараттық жүйесі;
32) "Электрондық шот фактуралары" ақпараттық жүйесі;
33) "Жедел басқару орталығы" ақпараттық жүйесі;
34) "Интеграцияланған кедендік тариф" ақпараттық жүйесі;
35) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мобильді офисі" ақпараттық жүйесі.