Бірлескен бұйрықтың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2017 жылғы 3 ақпандағы № 28 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 52 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 14846 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау әдiстемесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 27 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 172 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 13366 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
______________ Д. Абаев
 

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агентігінің төрағасы
______________ Қ. Қожамжаров