"Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 14837 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесі және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерінде:
      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "

7.

Таскөмір; таскөмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері**

2701

300 тонна

8.

Гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір**

2702

300 тонна

      ".
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне берілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      _____________ Қ. Бозымбаев
      2017 жылғы " "__________