"Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 58 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 1 ақпанда № 14757 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.02.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13411 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемеде:

      Көрсетілген Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есеп осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, сондай-ақ осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
Т. Сүлейменов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 4 қаңтардағы
№1 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Стратегиялық даму жоспарына,
мемлекеттік және үкіметтік
бағдарламаларға, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларына
және аумақтарды дамыту бағдарламаларына
ониторинг жүргізу жөніндегі әдістемеге
3-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есеп

      __________________________________________________________________
(Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)

      ________________________ жылдарға арналған,

      (жоспарлы кезең)

      __________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген бұйрықтың атауы)

      20____жылғы "___"_____________№ ______ бұйрығымен бекітілген

      Есеп беру кезеңі:______________________

1. Тәуекелдерді басқаруды талдау

Ықтимал тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралардың іс жүзінде орындалуы

Ескертпе
(орындалуы/орындалмауы туралы ақпарат)

1

2

3

4

1 - стратегиялық бағыт

1.1 - мақсат





n-стратегиялық бағыт

...

2. Мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу

Нысаналы индикатордың атауы

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Ескертпе
(орындалуы/орындалмауы
туралы ақпарат)

Жоспар

Факт

1

2

3

4

5

6

1 - стратегиялық бағыт

1.1 - мақсат

1-нысаналы индикатор






n-нысаналы индикатор






n-стратегиялық бағыт

...

3. Талдамалық жазба

Мемлекеттік органның бірінші басшысы

______________________________қолы
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      Ескертпе: мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есеп мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есепті толтыру бойынша түсіндірулерге сәйкес осы форматқа қосымшаға сәйкес толтырылады.

  Мемлекеттік органның
стратегиялық жоспарының іске
асырылуы туралы есептің
нысанына қосымша

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есепті толтыру бойынша түсіндірулер

      Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есеп мынадай тәртіппен толтырылады:

      1. "(әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)" деген жолда стратегиялық жоспарды әзірлеуші мемлекеттік органның толық атауы көрсетіледі.

      2. "(жоспарлы кезең)" деген жолда стратегиялық жоспар әзірленген жоспарлы бесжылдық кезеңдегі есепті жыл көрсетіледі.

      3. "(мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген бұйрықтың атауы)" деген жолда мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген бұйрықтың деректемелері (нөмірі мен күні) көрсетіледі.

      4. "Есеп кезеңі" деген жолда есепті кезең (есепті жыл) көрсетіледі.

      5. "Тәуекелдерді басқаруды талдау" деген 1-бөлім:

      1) "Стратегиялық бағыт" деген жолдарда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттар көрсетіледі;

      2) "Мақсат" деген жолдарда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған мақсаттар көрсетіледі;

      3) 1-бағанда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында көзделген тәуекелдердің атауы көрсетіледі;

      4) 2-бағанда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында жоспарланған тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар көрсетіледі;

      5) 3-бағанда тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралардың іс жүзінде орындалуы жөніндегі ақпарат келтіріледі;

      6) 4-бағанда тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралардың орындалуы немесе орындалмауы туралы ақпарат келтіріледі.

      6. "Мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу" деген 2-бөлім:

      1) "Стратегиялық бағыт" деген жолдарда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттар көрсетіледі;

      2) "Мақсат" деген жолдарда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған мақсаттар көрсетіледі;

      3) бірінші бағанда мемлекеттік органның мақсаттары мен стратегиялық бағыттары бөлінісінде мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарынан алынған нысаналы индикатордың атауы келтіріледі;

      4) екінші бағанда іс жүзінде қол жеткізілген нысаналы индикаторлардың (статистикалық деректер, есептеу формулалары және тағы басқа) анықтығын растайтын ақпарат көзі көрсетіледі;

      5) үшінші бағанда нысаналы индикаторлардың өлшем бірліктері көрсетіледі;

      6) төртінші бағанда есепті кезеңдегі нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәні көрсетіледі;

      7) бесінші бағанда есепті кезеңдегі нысаналы индикаторлардың нақты мәндері көрсетіледі;

      8) алтыншы бағанда нысаналы индикаторлардың орындалуы немесе орындалмауы туралы ақпарат келтіріледі.

      7. Іске асыру туралы есепте талдамалық жазба қамтылады.

      8. Іске асыру туралы есептің талдамалық жазбасында:

      проблемалардың шешілуі мен мақсаттарға қол жеткізілу дәрежесі, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы ақпарат (бұл ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылы есепке енгізіледі);

      нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға ықпалы туралы ақпарат;

      игілік алушылардың қанағаттанушылық (болған жағдайда) деңгейі, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда ұсынылған мемлекеттік қызметтердің нақты көлемінің деңгейі туралы ақпарат;

      жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдамалық іс-шаралар туралы мәліметтер;

      тұжырымдар мен ұсыныстар, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі жөніндегі, қолданыстағы заңнаманы өзгерту туралы және басқа ұсыныстар қамтылады.