Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 қаңтарда № 14716 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ -113 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 28.09.2021 № 2043 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 6) тармақша, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабы 1) тармақшасы, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 04.07.2019 № 1170 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан қосымшаға сәйкес мөлшерде белгіленсін.

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" әкімдіктің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 748 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4557 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдедегі № 52 "Семей таңы", 2016 жылғы 1 шілдедегі № 52 "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. В. Шароваға жүктелсін.

      4. Осы әкімдік қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов

  Қала әкімдігінің
2017 жылғы " 18 " қаңтар
87 қаулысына қосымша

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері

Тізімдік саны бар ұйымдар Квота мөлшері (%)

елуден жүз адамға дейін

2

жүз бірден екі жүз елу адамға дейін

3

екі жүз елу бірден артық адам

4