Жаңақала ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 335 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 желтоқсанда № 4633 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 297 "Жаңақала ауданы бойынша 2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4213 тіркелген, 2016 жылғы 30 қаңтардағы және 2016 жылғы 6 ақпандағы "Жаңарған өңір" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысы (А. Карменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары А. Шүкірғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Л.Хайретдинов