Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 16-2 "Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу т

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 3-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 мамырда № 4442 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 43-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 28.02.2020 № 43-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 16-2 "Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3419 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы "Жайық таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
      2 - тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;
      24 - тармақ алынып тасталсын.
      2. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы (Т.Горбунова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы С.Дошанова
      Мәслихат хатшысы С.Сиражев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс-Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
__________ М.Тоқжанов
19.05.2016 ж.