Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 29-2 "2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 5-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 шілдеде № 4493 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 ақпандағы № 9-17 шешімімен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері мынадай лауазымдық құрамда тағайындалсын:».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов