"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 04 сәуірдегі № 64 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 мамырда № 4536 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 110 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 22.04.2020 № 110 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілері туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 346 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 26 қарашада № 3558 тіркелген, "Уба-Информ" газетінде 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 50 санында жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
       кіріспе сөз келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілері туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 - бабына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі А. Тоқтаров

      Келісілді:

      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы Ә. Баяндинов

      2016 жылғы "17" наурыз