"2016-2018 жылдарға арналған Зайсан ауданының бюджеті туралы" Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 41-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы N 3-5/1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 маусымда N 4568 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 9-4 шешімімен

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 267 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9505 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 29 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті (С.В. Пономарев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                  Қ. Қасымов