"Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақс

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 114 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 шілдеде № 4601 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 172 қаулысымен

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 Заңының 27 бабына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меркі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 тамыздағы "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 510 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2010 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 қыркүйекте "Меркі тынысы-Меркенский вестник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Рысқұлбековке жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Көпбосынов