"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы "Риддер қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 811 қаулысына өзгері

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 204 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 сәуірде № 4476 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 - бабына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3485 тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйекте № 39 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) Риддер қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 811 қаулысын келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18- бабының 2) тармақшасына, 139 – бабының 9 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 31 - бабы 2 тармағына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулы, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Риддер қаласының әкімі Ж. Мұратов

      "Келісілді"
      Риддер қалалық
      мәслихатының хатшысы И. Панченко

      2016 жыл "25" наурыз