1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Ә.Досболов |
Облыстық мәслихат хатшысы | Қ.Айтөреев |
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 3/32-VI шешімімен бекітілген |
Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары
1.Жалпы ережелер
1. Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, жою Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.Осы Қағида қоғамдық адамгершілікті сақтау нормаларына және қаңғыбас жануарларға ізгілікпен қарау қағидаттарына негізделеді.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, тасымалдау және уақытша ұстау кезінде қатыгез қарым-қатынас жасауға жол берілмейді.
2. Осы Қағидалар қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін айқындайды, сонымен қатар қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарына (ветеринариялық, санитариялық-гигиеналық, техникалық), сондай-ақ олардың иелері анықталғанша уақытша оқшаулауда ұстау орнына тасымалдауға қойылған талаптарды белгілейді.
3. Қағидалар меншік нысандарына қарамастан иттер мен мысықтарды асырайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) қаңғыбас жануарлар – иесін анықтау мүмкін емес иттер мен мысықтар, иесінен қашып кеткен, иесінсіз және жауапты тұлғаның тарапынан қараусыз қалған жануарлар;
2) ветеринариялық ұйым – облыс аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдары құратын ветеринариялық ұйым (бұдан әрі - Үйым).
2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібі
5. Аулау қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын азайту мақсатында жүзеге асырылады.6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау кестесіне, сонымен қатар азаматтар мен ұйымдардың өтініштеріне сәйкес Ұйым жүзеге асырады.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды іске асыратын мамандарға, осы Қағидаларда белгіленген жағдайларды қоспағанда, ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды иемденуге, оларды сатуға, азаматтарға немесе ұйымдарға беруге жол берілмейді.
7. Қараусыз қалған, оның ішінде, қарғыбауы мен есептік белгісі бар, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда иесінің жетегінсіз жүрген, қоғамдық жерде үш сағаттан артық байлауда тұрған иттер мен мысықтар аулауға жатады.
Қағыбас иттер мен мысықтарды аулауға азаматтардың денсаулығына, олардың мүлкіне, заңды тұлғалардың мүлкіне және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін әдістермен рұқсат етіледі.
8. Қаңғыбас жануарларды аулау қызметін іске асыру кезінде Ұйым мамандарының қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға құқылы екендігін растайтын Ұйыммен берілген куәліктері болуы тиіс.
9. Ұйым қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, тасымалдау, ұйықтату қызметін жүзеге асыру үшін жабдықтармен және құралдармен жабдықталған болуы тиіс.
10. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы егу жасалған, жүйке аурулары және наркологиялық диспансерлерде тіркелмеген тұлғалар жіберіледі.
11. Рұқсат етілген аулау құралдарына: күрмек, пневматикалық қару, жансыздандыратын, арнайы сертификаты бар дәрі-дәрмектер қолдануымен (жануардың салмағына қарай дозалау), тор мен қақпан және аулау кезінде ит пен мысықтың өліміне әкеп соқпайтын өзге де құралдар мен керек-жарақтар жатады.
12. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар уақытша оқшаулау мекеніне жеткізіліп, тиесілігі анықталғанға дейін үш күнтізбелік күн бойына ұсталынады.
3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдауды және жануарлардың өлекселерін жинап орын ауыстыруды ұйымдастыру
13. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдауға арналған автокөлік, арнайы темір торшалармен жабдықталуы, арнайы белгілері және Ұйымның сымтетік нөмірі көрсетілген арнайы автокөлікпен тасымалдануы тиіс.14. Ауланған қаңғыбас жануарларды тасымалдауға арналған автокөлік аулау кезінде зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін ветеринарлық препараттар жиынтығымен және табиғи желдету жүйесімен жабдықталған болуы тиіс.
15. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды өзге де жануарлардың өлекселерімен бірге тасымалдауға жол берілмейді.
16. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау сәтінен бастап автокөлікте сегіз сағаттан артық ұстауға рұқсат етілмейді.
17. Күнделікті жұмыс уақыты біткеннен кейін автокөлікке, темір торлар мен құрал-жабдықтарыға санитариялық тазалау және дезинфекциялық шаралар жүргізіледі.
18. Ауланған иттер мен мысықтарды арнайы пана орындарға тасымалдағаннан кейін әр бір қаңғыбас итпен мен мысықты тұраққа немесе уақытша ұстау бекетіне беру туралы аулау актісі түзіліп қол қойылады.
4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша оқшаулау орнында ұстау тәртібі
19. Ауланған иттер мен мысықтар уақытша оқшаулау орындарына орналастырылады.20. Уақытша оқшаулау орындарында ауланған иттер мен мысықтарды тіркеу, клиникалық тексеру жүргізіледі. Арнайы журналдарға келесі мазмұндағы мәліметтер енгізіледі: жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері, айырым белгілерінің бар болуы.
21. Тіркеу, ұстау, азықтандыру, тексеру, иттер мен мысықтарды жою және де оқшаулау орнын қажетті жабдықтармен Ұйыммен қамтамасыз етіледі.
22. Темір торда 1 (бір) ғана ит немесе 1 (бір) мысық орналастырылуы мүмкін.
23. Ауланған жануарларға қажетті қамқорлық пен азықтандыру жүргізіледі, темір торды күнделікті механикалық тазалау және залалсыздандыру жүргізіледі.
5. Иттер мен мысықтарды қайтару тәртібі
24. Егесі жүгіну кезінде ұсынады: жеке куәлігі, иттер мен мысықтардың ветеринариялық куәлігі, иттер мен мысықтарды ұстауға байланысты шығынды төлеу туралы арызы.6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою тәртібі
25. Иелерінен екі ай ішінде өтініштер түспеген жағдайда ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар жансыздандырылуға жатады.26. Жою туралы шешім комиссиямен қабылданады.
27. Жануарларды жояр алдын дәрілеу тәсілімен, Қазақстан Республикасының заңымен рұқсат етілген дәрі - дәрмектермен жансыздандырылуға жатады.
28. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың өлекселерін жою Ұйымның биотермиялық шұңқырларында және арнайы пеші орнатылған өндірістік базасында жүргізіледі.
29. Аумақ пен жабдықтар ветеринариялық – санитариялық нормалар мен талаптарға сай ұсталуы қажет.
30. Иттер мен мысықтардың өлекселерін (қалдықтарын) тастауға және оларды иелерімен заңдасыз көмуіне рұқсат етілмейді.
Иттер мен мысықтардың өлекселері (қалдықтары) жою үшін Ұйымға берілуі тиіс.