"Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қазаңдағы № 299 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 49 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 наурызда № 3639 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қазандағы № 299 "Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы"" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3408 болып тіркелген, 2015 жылдың 3 қарашасында "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      "2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi" деген тарауында:
      16 тармақта:
      2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) ведомстволық бағынысты әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешендi схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептiк саны жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекiтуiне енгізу үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;";
      мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13)-тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) облыстық мәслихат мақұлдаған халқының есептiк саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгізу үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      8) облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қарамағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң шекараларын белгiлеу немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгiзу үшін облыс әкімдігіне материалдарды дайындау;
      9) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттiк органдарының жұмысына жәрдемдесу;
      10) мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен ақпарат және (немесе) мәлiметтер беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      11) "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызметті көрсету;
      12) "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызметті көрсету;
      13) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру кiредi.".
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Ұ.Сәдібеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      К.Мендебаев