Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 398/53 шешіміне өзгерісте

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 04 шілдедегі № 47/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 шілдеде № 5177 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 523/70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 16.09.2020 № 523/70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 398/53 шешіміне (2015 жылғы 8 шілдедегі № 1 "Ел Ақпарат" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4545 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      1-тармақтың 9) тармақшасы келесі мазмұнда жазылсын: "9) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Павлодар облысы бойынша филиалының - "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаменті;";

      23-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Әбенов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы З. Мұқашева